2
SMS ақпарат
ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ – ЖАСТАРҒА ЖОЛ
2014
жылдың 18 желтоқсанында С.Торайғыров атындағы Павлодар
мемлекеттік университетінде жастар ортасында діни сауат-
тылықты жетілдіру және діни экстримизмнің идеологиясына қарсы
әрекет мәселелерін көтерген семинар-кеңестің кеңейтілген отыры-
сы өтті. Семинар отырысында «Білім+» жобасы бойынша материал-
дар жинағының тұсауы кесілді.
Шараға С.Торайғыров атын-
дағы ПМУ этносаралық жəне
конфессияаралық
үрдістерді
зерттеудің аймақтық ғылыми-
практикалық орталығы мұрын-
дық болды.
Аталмыш жинақтың алғы сөзін-
де Қазақастан Республиксы Дін
істері агенттігі Төрағасының ке-
ңесшісі, филология ғылымдары-
ның кандидаты Айнұр Əбдірəсіл-
қызы «Білім+» жобасын жүзеге
асуына белсенді атсалысып, жо-
баға қанат бітірген С.Торайғыров
атындағы ПМУ ректоры, э.ғ.д.,
профессор Серік Өмірбаевтың
қызметіне оң баға берді. «Тəжі-
рибелі басшы, білікті ғалым Серік
Мəуленұлы Өмірбаев басқара-
тын С.Торайғыров атындағы Пав-
лодар мемлекеттік университеті
студенттер арасындағы дінта-
нулық сауаттылықты жетілдіру
мəселелеріне жан-жақты көңіл
бөліп, тиімді де əсерлі шаралар-
ды жүзеге асыруымен ерекше-
ленуде. Бұл орайда университет
жанынан құрылған этносаралық
жəне конфессияаралық үрдіс-
терді зерттеудің аймақтық ғылы-
ми-практикалық
орталығының
үлесі зор», – деп орталықтың ат-
қарған қыруар жұмысына да тоқ-
талып өтті Айнұр Əбдірəсілқызы.
Сонымен қатар, Павлодар об-
лысы Дін істері басқармасының
басшысы Ержан Рахимжанов-
тың атынан «Білім+» ақпарттық-
ағартушылық жобасын жүзеге
асыруына, діни сауаттылықты
жетілдіру мəселелеріне жан-жақ-
ты көңіл бөліп, жастардың діни
санасын, рухани бағдарларын қа-
лыптастыруға үлес қосқаны үшін
С.Торайғыров атындағы ПМУ
ректоры, э.ғ.д., профессор Серік
Өмірбаевқа алғыс хат табыс етті.
«Білім+» жобасының авторы,
яғни құрастырушысы əрі үйлесті-
рушісі С.Торайғыров атындағы
ПМУ этносаралық жəне конфес-
сияаралық үрдістерді зерттеудің
аймақтық ғылыми-практикалық
орталығы. Орталықтың басшысы
Нұржамал Тышқанованың ай-
туынша жоба ерекшілігі ата-баба
дəстүрі мен дінінен, отанға деген
патриоттық рухынан, рухани-
адамгершілік құндылықтарынан
тамырлаған тағылымды насихат-
тауға бағытталған шараларды
оқытушылар, магистранттар мен
студенттер болып бірлесе оты-
рып жасайтындығында болып
отыр. «Бүгінде аталмыш жоба
С.Торайғыров атындағы ПМУ
студенттерінен өзге де ел жас-
тарының діни сауаттылығын ашу
жолында табысты да жемісті қыз-
мет етіп келеді. «Білім+» жоба-
сының нəтижесі Павлодар мем-
лекеттік университетінің əрбір
факультеттерінде «Бірлігіміз жа-
расқан!» ұранымен «Білім+» атты
ақпараттық-ағартушылық топтар
құрылып, студенттер мен магист-
ранттар арасында діни сауатты-
лық деңгейін арттыру жұмыстары
жүзеге асуда», – деді Нұржамал
Сағадатқызы.
Бұл жоба жастарға діни сала-
да болып жатқан тенденциялар
жөнінде ақпарат беріп, деструк-
тивтік жəне тоталитарлық бағыт-
тағы дəстүрлі емес ағымдардың
енуінің алдын алу, деструктивтік
діни ағымдар мен идеялардың
əсер етуіне ақпарттық-пара-
саттық иммунитеттің қалыпта-
суы сынды мақсаты толығымен
орындады деуге əбден болады.
«Білім+» жобасы бойынша
материалдар жинағының жарық
көруіне С.Торайғыров атындағы
ПМУ этносаралық жəне конфес-
сияаралық үрдістерді зерттеудің
аймақтық ғылыми-практикалық
орталығы мұрындық болды.
Семинар барысында Этноса-
ралық жəне конфессияаралық
үрдістерді зерттеудің АҒПО ма-
мандары қазақ, орыс тілдерінде
дайындаған «Білу қажет» атты
ақпартты бүктемелері студент-
терге таратылды. Бүктемені
дайындаған орталық маманы
Айнаш Шаймерден жəне С.То-
райғыров атындағы ПМУ гумани-
тарлық-педагогикалық факуль-
тет студенті Əділет Мейірманов.
Бұл іс-шара деканат, құрылым-
дық бөлімше қызметкерлеріне,
факультеттердің
ақпараттық-
ағартушылық топтардың, сту-
денттік ұйымдардың мүшелеріне
жастар ортасына деструктивтік
бағыттағы дəстүрлі емес мұсыл-
мандық ағымдар идеологиясы-
ның енуіне қарсы əрекет жəне
лаңкестікке қарсы негіздерді
түсіндіру мəселесі бойынша ақ-
параттық-кеңестік қызмет, əдіс-
темелік көмек көрсету мақсатын-
да өткізіледі.
Семинар жұмысына факультет
декандары, декандардың орын-
басарлары,
кафедралардың
меңгерушілері,
эдвайзерлер,
магистранттар мен студенттер,
діни сауаттылықты жетілдіру
бойынша ақпараттық-ағартушы-
лық топтардың мүшелері, сту-
денттік өзін-өзу басқару жастар
ұйымдарының басшылары жəне
мүшелері, сондай-ақ, Павлодар
облысы дін істері басқармасы
«Конфессияаралық қарым-қаты-
настарды талдау жəне дамыту
орталығы» коммуналдық мем-
лекеттік мекемесінің ақпараттық-
түсіндіру жұмыстары жөніндегі
бөлім басшысы Заида Асанбае-
ва, теолог, исламтанушы, Павло-
дар қаласы «Ақ мешіт» мешітінің
имамы Жолдас Бертымұратов
қатысты.
Іс-шараның бағдарламасында
онлайн-тəртіпте Ақтөбе облысы
Дін істері басқармасы «Аңсар»
орталығының
теологтарымен
тағылымды əңгіме орнады. Се-
минарға қатысушылар наза-
рына теолог Асқар Сабдиннің
«Құран жəне қазіргі кезеңдегі
ханафиттік мазхаб мектебінің
шариғат негіздері» жəне теолог
Төлеген Талдыбаевтың «Дест-
руктивтік бағыттағы дəстүрлі
емес мұсылмандық ағымдардың
идеологтарының тарту түрлері
мен əдістері жəне жастар ауди-
ториясымен жұмыс жасау ерек-
шелігі» тақырыбын арқау еткен
кеңестері ұсынылды.
Жəне де, қатысушыларға
жастар ортасында діни экстре-
мизмді насихаттауға қарсылық-
тың қазіргі түрлері мен əдістері
туралы жəне радикалды идеоло-
гияның ықпалына түскен əдеп-
термен жеке жұмыстың ерек-
шелігі жөніндегі теологтардың
кеңестері берілді.
Павлодар облысы Ішкі істер
департаменті экстремимзге қар-
сы күрес бөлімі басшысының
м.а. Жанат Слямов жиналған-
дарға діни экстремизмнің идео-
логиясына қарсы əрекет мəсе-
лесінде ҚР заңнамалық жəне
нормативтік-құқықтық базасын-
дағы өзгерістер мен толықты-
рулармен таныстырды. Этноса-
ралық жəне конфессияаралық
үрдістерді зерттеудің АҒПО ди-
ректоры Нұржамал Тышкано-
ваның өз сөзінде Қазақстан
Республикасындағы діни экст-
ремизм мен терроризмге қарсы
іс-қимыл жөніндегі 2013 – 2017
жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасында белгіленген
міндеттер контекстінде ақпарат-
тық-ағартушылық жұмыстардың
ерекшелігі туралы ақпарат берді.
Ал шара соңында «Білім+» жо-
басын жүзеге асыруға атсалыс-
қан белсенділер марапатталды.
Мұнымен қоса, семинар-кеңес
жұмысы жастар ортасына діни
экстремизм мен лаңкестік идео-
логиясының енуіне қарсы əрекет
бойынша жұмысты жетілдіруге,
студенттердің діни ақпаратты-
лық дəрежесін арттыруға бағыт-
талған ұсыныстарды дайындау-
мен қортыланды.
Жанар ЕЛЕШОВА
ЖАСТАР АЙНАСЫ
ЕУРАЗИЯЛЫҚ ОДАҚ –
ЕУРАЗИЯЛЫҚ ТАҢДАУ
2014
жылдың 19-20 желтоқсан күндері Павлодар қаласында «Еуразиялық
таңдау» I халықаралық форумы өтті. Форум жұмысы «Еуразиялық таң-
дау» халықаралық пікірталас клубы, «Павлодар облысы Қазақстан жаста-
рының конгресі» қоғамдық қоры және «ASIA-PV GROUP» компаниялар тобы-
ның ұйымдастыруымен жүзеге асты.
Форумға Қазақстан, Ресей,
Қырғызстан, Молдова, Армения,
Украина, Əзербайжан мемлекет-
терінің өкілдері қатысты.
Форумның басты мақсаты –
Еуразия елдерінің сарапшылық
жəне медиялық қоғамдастықта-
ры, ғылыми жəне іскери топтар
арасындағы диалогты ұйым-
дастыру арқылы еуразиялық
ықпалдастықтың ең өзекті мə-
селелеріне бірлескен конструк-
тивті тəсілдеме жасау. Сонымен
қатар, Еуразия елдерінің жас
мамандары үшін Еуразиялық
экономикалық одақтың нақты
жəне əлеуетті артықшылықта-
рын анықтау болатын.
Алғаш рет өткен форумда:
жетекші саяси қайраткерлер,
профилді мемлекеттік инсти-
туттардың өкілдері, жетекші
сарапшылар жəне қоғамдық
бірлестіктер өкілдері, жастар
ұйымдарының өкілдері, БАҚ,
діни бірлестіктер, үкіметтік емес
ұйымдар, жастар бірлестіктері,
ғылым жəне білім саласы, биз-
нес өкілдері қатысты.
Павлодар облысы əкімінің
орынбасары Арын Өрсариев
бүгінгі күні Қазақстанның еура-
зиялық ықпалдастық қадамының
маңыздылығын атап өтті. «Сырт-
қы кедендік шекараны қалыптас-
тыру мақсатында 1995 жылы Еу-
рАзЭО құру арқылы Еуразиялық
ықпалдастыққа алғашқы қадам
жасалды. Екініші кезең – ке-
дендік одақ құру. Үшінші кезең –
Еуразиялық экономикалық одақ-
ты құру. Енді міне келер жылдың
1 қаңтарынан бастап Еуразия-
лық экономикалық одақ өз жұмы-
сын бастайды. Ол экономикалық
жəне геосаяси құбылыстардың
орталығына айналмақ», – деді
Арын Өрсариев.
Павлодар облысы жастар сая-
саты мəселелері жөніндегі бас-
қармармасының Жастар баста-
маларын дамыту орталығына
өзге мемлекеттердің депутатта-
ры іс-сапармен атбасын бұрды.
Олар жастардың мəселелерін
қарастыратын орталықтың жұ-
мыс бағдарына оң баға берді.
Ал «Жастар бастамаларын
дамыту орталығына» келген
Ресей Федерациясының сая-
саткері, дупутат Вади́м Денгин
бүгінгі жастардың мəселелері-
не былайша баға берді: «Жас-
тар өздерін өзі жасау керек деп
есептеймін. Біріншіден жастар
мемлекеттен барлық жағдайды
талап еткеннен бұрын, өздері
еліне пайдасын тигізулері ту-
ралы ойланғаны абзал. Бүгінде
адамдардың 60 пайызы оқыған
мамандықтары бойынша жұмыс
істемейді. Сол себепті, жастар-
ға айтарым мамандық таңдауда
мұқият болған жөн», – деді ре-
сейлік саясаткер.
Пленарлық отырыста тарап-
тар өз ойларын ортаға салды.
Сондай-ақ, Еуразиялық эконо-
микалық одақтың медиялық бей-
несінің мазмұндық толтырылы-
мы мен ілгері өрлеуін талқылап,
осы орайда бірлескен ұсыныс-
тар құрастырды. Қатысушылар
еуразиялық кеңістіктің келешегі
мен мəселелерін қарастырып,
еуразиялық аймақтағы жастар-
дың рөлі жөнінде пікірталас ала-
ңын ұйымдастырды.
Назгүл РАБИЛОВА
3
Тәу етер тәуелсіздік
ТӘУЕЛСІЗДІК
ТУЫ
ЖЕЛБІРЕП...
Жаңа ғана қазағымның
таңы атты,
Елі үшін алу мақсат –
алғыс, сауапты.
Əр отбасы, əрбір қазақ,
əр адам,
Тəуелсіздігін сақтау
үшін жауапты.
Тəуелсіздікке қол жеткізу
азаттық жолында құрбан бол-
ған, азап шегіп, қасірет тартқан
аға-апаларымыздың арқасында
бүгінгі жас ұрпақ біздер бақытты
ғұмыр кешудеміз. Ата-бабала-
рымыз қанын төгіп, жанын беріп
аңсап кеткен Тəуелсіздікке біз
қол жеткіздік. Еліміз көптеген
жетістіктерге жетіп, əлемге та-
нылып отыр. Осының бəрі тату-
тəтті өмір сүріп жатқан халық-
тың жəне еліне тынбай еңбек
етіп жүрген Елбасымыздың
арқасы. Мұны Елбасы-
мыз Нұрсұлтан Əбішұлы
Назарбаевтың жан-жақты
білімділігі, кемел ойы,
кемеңгер ата-бабала-
рымыздан тамыр жай-
ған
парасаттылығы,
салиқалы
саясатының
нəтижесі деп білу керек. Əр
жыл ел дамуына ерекше орын
алатын бағыттарға арналып, та-
рихымыз таразыланды, бірлігіміз
бекіп, мəдениетіміз өсіп, денсау-
лық саласы нығайып келеді. Осы-
ның бəрі – тұңғыш рет əлемдік
дəрежеге көтерілген мемлекеттің
түтінін түзу шығарып, іргесін бекі-
тудегі алдыңғы толқын ағалар-
дың 23 жыл уақыт ішінде атқар-
ған жұмыстары. Ендігі жерде сол
алдыңғы толқыннан үйренетін,
үлгісін, тəлімін алатын, қанатты
ісін жалғастыратын дəстүр біздің
еншімізге де тигелі отыр. Сол
жақсы үрдісті жалғастыру біз үшін
перзенттік қарыз да парыз болып
саналады. Осы арқылы кейінгі-
ге біз де із қалдыруға тиістіміз.
Ол үшін жастықтың жалыны-
мен, бойдағы күш-қуат, қарым-
қабілетпен, ойдағы ұшқынмен
Отан – Ананың тірегі болуымыз
қажет. Оның үстіне, Нұрсұлтан
Əбішұлы Назарбаев айтқандай,
ХХІ ғасыр – білім, ғылым, бəсе-
ке ғасыры болмақ. Оған төтеп
беру үшін рухтың мықтылығы,
ұжданның күштілігі, елге, жерге
деген адалдық керек. Əрбір аза-
мат өзінің мемлекетінің өткеніне,
бүгініне жəне ертеңіне тікелей
қатысын сезініп, Отан тағдыры
үшін өзіне жеке жауапкершілік
жүктелетінін терең білгені жөн
деп ойлаймын. Еліміздің бүгінгі
тамаша өмірін мақтан ете оты-
рып, сан-саналы өміріміздің нəрі-
халықтың ынтымағында, бірлігін-
де, бейбіт өмірінде деп түсінемін.
Біздің еліміз – қазақ халқы жəне
жүздеген ұлт пен ұлыс өкілдерінің
ынтымағы жарасып отырған мем-
лекет. Елімізде өзге мемлекеттер
қызыға қарайтын береке, тыныш-
тықтың болуы – өзара достық
қатынастың жемісі. Барша қазақ
жұртын тəуелсіздік күнімен құт-
тықтаймын! Аспан түстес көк туы-
мыз бейбітшілік көгінде желбіреп,
Əнұранымыз асқақтата шырқала
берсін! Бақытымыздың бастауы –
кемел еліміз Қазақстан жасай
берсін!
Замира СОЛТАНОВА,
ЖУР- 201 тобының студенті
>
Қартайған Ертістің ағымына ілескен та-
рихтың толқыны бізді тәуелсіздігіміздің
23 жылдық мерекесіне де жеткізді. Жылдан
жылға тарихтың ағымы әлемдегі құбылыс-
тардың әсерімен ұдайы күшейіп келеді,
тарихи үрдіс пен өзгерістердің қарқыны
анық байқалады. Жаһанданудың әсерімен
жанталасқа түскен еліміз үшін құны жет-
пес Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында
еліміздің осы тәуелсіздік үшін өткен
тарихи жолына, қазақ халқының жа-
дындағы оның құндылығы мен маңы-
зына ой өрбіту қажет.
Тəуелсіздік – қазақ халқы үшін қатар-
дағы түсінік емес, бұл қазақ халқының
тарихи болмысындағы аңсаған арманы.
Тəуелсіздік – барша халқымыздың күрес
пен еңбек, ілім-білім мен өнерінің шабы-
тына қамшы басқан үміті. Бұған дəлел –
азаттық үшін шаттанған ата-бабамыздың
жолы.
Сонау сақ-ғұн заманында ата-бабалары-
мыз тəуелсіздік жолында алпауыт Парсы
мен Хань империяларына қарсы тұрды.
Ғұндардың қаһары мен қуатының күштілігі
сонша бүкіл Аспанасты елін біріктірген
Цинь императоры Шихуан-ди оларға қар-
сы Ұлы қытай қорғанын салды.
Көшпелі ата-бабамыз өз өркениеті мен
мəдениетінің болмысын сақтап қалып, өз
мемлекеттілігін қалыптастырды. Мемле-
кеттілік – қазақ халқы үшін 1991 жылы ал-
ғаш туындаған жаңалық емес, осы жылы
біз өзіміздің мемлекеттігімізді жаңғырттық,
қайта тəуелсіз ел болдық. Қазақ мемле-
кеттілігінің тарихи тамыры тереңде жатыр.
Ежелгі ғұн заманында Орда институты қа-
лыптасып, көшпелі қоғамның специфика-
лық мемлекеттілігінің формасына айнал-
ды.
Көптеген Еуропаның халықтары əлі қа-
лыптаспай жатқанда, біздің тікелей ата-ба-
баларымыз – түріктер 551 жылы тəуелсіздік
жолында көрші жатқан жужандардың бо-
дандығынан құтылып, Қара теңіз бен Ко-
рей теңізіне дейін Еуразияның ұлан-ғайыр
далаларын алып жатқан ұлы империяның
негізін қалады. Түркі заманында ерекше
көшпелі əлемнің мемлекеттілік нышаны-
на айналған – қағанат жүйесі қалыптасып,
көрші жатқан моңғол мен угор халықта-
рының мемлекеттілік институтының негізі
болды. Бұған дəлел – Хазар, Авар қағанат-
тары. Ұлы жаулаушы Шыңғысханның өзі
қаған атанған.
Көшпелі əлемнің екі алпауыты – түркі
мен моңғол халықтарының тарихының са-
бақтастығы анық. Шыңғысхан мен оның
ұрпақтары құрған империя тек моңғол хал-
қы үшін туған орда болған емес, бұл им-
перия – бүкіл көшпелі əлем үстемдігінің
символы. Ата-бабаларымыз Шыңғыс хан-
ның мұрасын, оның ұрпақтары – төрелерді
ерекше қадірлеп, өзіндей көрген. Қазақ
халқы моңғол ұлыстарын, Алтын Орданы
бөтен, жаулаушы халықтың емес, өз мем-
лекеттілігі деп таныған. Қазақ хандығының
негізін қалаған Жəнібек пен Керейдің өз-
дері Шыңғыстың ұрпақтары еді.
Қазақ хандығының дəуірі – қазақтың ұлт-
тық егемендігі мен тəуелсіздігінің шарық-
таған шыңы. «Қасым ханның қасқа жолы»,
«Есім ханның ескі жолы», Тəуке ханның
«Жеті Жарғысы» – тайға таңба басқандай
қазақ мемлекеттігінің нышандары, қазақ
тəуелсіздігінің айқын айғағы. Жəнібек пен
Керей, Қасым мен Хақназар, Тəуекел мен
Есім хандардың жетекшілігімен халқы-
мыз 300 жылдық тəуелсіз хандық дəуірін-
де өмір сүрді. Осы дəуірді халқымыз
«қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған»
бейбітшілік пен азаттық дəуірі деп еске
түсіреді. Алайда, халқымыздың бейбіт
өмірі тəуелсіздік үшін күреске түскен сын-
дармен қатар жүрді. Тəуелсіздік жолында
қазақ халқы қайталанбас ерліктің үлгілерін
көрсетті. Мысалы, Ресей деректеріне сү-
йенсек, 1643 жылы 600 адамнан тұрған
Жəңгір хан басқарған қазақ жасағы 50 мың
жоңғар жасағына қарсы тұрған. Бұл атақ-
ты 300 спарталық жауынгерлердің ерлігіне
тең қазақ тарихындағы үлгі.
ХVIII-ші ғасырдағы қазақ тарихы ел тағ-
дыры үшін шешуші сəттерге толы, қай-
ғылы да қасіретті кезең. Бұл қазақтың өз
мемлекеттігі мен тəуелсіздігі үшін күрес-
те жанталасқа түсіп, «найзаның ұшына,
білектің күшіне» жүгінген қиын-қыстаулы
тарих беттері. Тəуке ханның өлімінен соң
басталған ішкі саяси бытыраңқылық қазақ
халқының басына төнген сыртқы қауіппен
қосталды. Жан-жақтан: солтүстік пен ба-
тыстан – Ресей мемлекетінің, оның қолас-
тындағы башқұрт, қалмақтардың, шығыс-
тан – жоңғарлардың, оңтүстіктен – Орта
Азия хандықтарының саяси қысым жаса-
ды. Қалыптасқан саяси жағдай мен ішкі
алауыздық қазақ халқының тарихында өш-
пестей із қалдырған Ақтабан-шұбырынды
қасіретіне əкелді.
Зар-заман шығармашылығындағы дəуір
сипатын ашатын халық мұңының жолда-
рын келтіретін болсақ:
Бақ дегенім сорға айналды,
Тақ дегенім көрге айналды,
Көкірегіме шер байланды, толайым
Жер дегенім кебенек пе,
Ел дегенім ебелек пе,
Ер дегенім көбелек пе, ағайын
Атамекен – алып тозақ,
Мойыныңды қамыт қажап,
Мойыдың-ау, ғарып қазақ, аһ ұрып.
Найзағайлы намыс қайда,
Қайта бізбен табыспай ма,
Ата жаумен алыспай ма, ақырып –
деген өлең жолдары заманның бүкіл кел-
бетін, халықтың мұң-сырын ашады.
Дəл осы тарихи кезеңде қазақ халқына
құрып кету қаупі төнді. Ел басына ауыр күн
туды. Сол кездің өзінде халқының болаша-
ғы үшін бүкіл күш-жігерін салатын суырыла
сөйлейтін шешендер, топты бастар көсем-
дер, ту ұстайтын батырлар, елді ерлікке
шақыратын жыршылардың бастауымен
тəуелсіздікті сақтап қалдық. Халқымыз
тəуелсіздігі мен болашағы үшін Бұланты
мен Аңырақай шайқастарында ұлы жеңіс-
терге қол жеткізіп, құрып кетуден аман қал-
ды.
Ресейдің отаршылдығы мен Кеңестік
дəуірлерде халқымыз тəуелсіздік жолын-
дағы 300 жылдық ұлы күресі мен қажырлы
еңбегінің арқасында бүгінгі тəуелсіздікке
қол жеткіздік. Тек кейінгі екі ғасырдың ішін-
де халқымыздың өз бостандығы жолында
Ресей империясы мен басқа да отаршы-
ларға қарсы екі жүзден астам ұлт-азаттық
көтерілістерге шыққаны – халқымыздың
тəуелсіздікке ұмтылысының айғағы. Тари-
хымыздағы Сырым мен Исатайдың, Кене-
сары мен Жаңқожаның ұлт-азаттық күрес-
тері,