«Құндылық» ұғымының мазмұнынан Н.М.Анисимов, М.С.Каган, В.А.Ядов және т.б. зерттеді. Педагогикалық құндылықты жеке тұлғаның дамуына, рухани қалыптасуындағы оқыту мен тәрбиеге байланысты қарастырамыз: оқушыны оқыту мен тәрбиелеудегі мақсат пен нәтиженің идеалы; білім, қабілет пен дағдылар, оқу-тәрбие процесінде мақсатқа жетудің негізі; еңбектегі, адамгершіліктегі, саясаттағы тәрбиенің жеке басындағы қасиеті; дүниетаным мен сендіру жеке тұлғаның мінез-құлқына байланысты болады.
Аксиология ұғымы грек тілінен «ахіс» – құндылық және «logos» – «ілім» деген мағынаны береді.Аксиология ғылымы құндылықтардың табиғатынан, орны мен мәнін, олардың байланыстар жайлы мәселелерге жауап береді.
Педагогика әдіснамасының деңгейлері. Ғалымдар педагогиканың әдіснамасын 4 деңгейде қарастырады: І деңгей – гносеологиялық: педагогикалық құбылыстар мен процестерді талдауға қатысты жалпы ғылымилық бағыттылықты қарастырады;
ІІ деңгей – дүниетанымдық: қоғамдық құбылыс негізінде баланың білім алуда, тәрбиеленуде, оқуда, педагогикалық іс-әрекетте жеке тұлға ретінде қалыптасып дамуы факторларын қарастырады;
ІІІ деңгей – ғылыми-мазмұндық: педагогика ғылымының заңдылықтарын негіздеу және адамды тәрбиелеу, оқытудың теориясы мен әдістемесін қарастырады;
ІV деңгей – логикалық-гносеологиялық: педагогиканың пәні мен объектісін, оның негізгі ұғымдарын қарастырады, педагогикалық теория мен практика арасындағы ара қатынасты анықтайды, педагогика ғылымының басқа ғылымдармен байланысын қарастырып, іргелі және қолданбалы зерттеулерді жүргізіп, педагогиканың дамуына болжау жасай алады.
Ғылыми-педагогикалық зерттеудің әдістері мен оларды жіктеудің белгілі бір өлшемдері. Жіктеу (классификация) – зерттелген пәннің зерттеушіге қажетті белгілері бойынша топтарға бөлу.
Педагогикалық зерттеудің әдістері үш топқа бөлінеді: теориялық, эмпирикалық, әдіснамалық зерттеу әдістері.
Теориялық зерттеу әдістері әдебиет көздерін зерттеу немесе ақпараттарды талдауда көбірек қолданылады.
Кітапдерек (библиография) түзу зерттелетін мәселеге байланысты іріктеліп алынған деректік әдебиеттер тізімі болып табылады. Онда:
- реферат жазу – жалпы тақырып бойынша бір не бірнеше ғылыми еңбектің қысқартылып берілген мазмұны;
- конспектілеу – жұмыстың маңызды идеялары мен тұжырымдарына байланысты жан-жақты материалдарды мұқият қамтыған жазбалар;
- аннотациялау – кітап пен мақаланың жалпы мазмұнынан қысқаша ақпар жазу;
- сілтеме (цитата) беру – әдеби деректе келтірілген ой, пікір не санды өзгертпестен мәтінге ендіре жазу.