Тест (сынақ) жүргізу – педагогикалық процестің зерттеу сипаттамасын объективті өлшеуге мүмкіншілік беретін, қатаң бақылау жағдайында жүргізілетін барлық сынақтан өтушілерге бірдей мақсатты зерттеу. Ерекшелігі: дәлдігі, түсініктілігі, қарапайымдылығы.
Педагогикалық құжаттармен танысуәдісін қолдана отырып, оқушының жеке ісі, дәрігерлік карта, күнделік, жиналыс не отырыс хаттамалары және сол секілді мектептің әртүрлі жазба жұмыстарымен танысу арқылы зерттеуші оқу-тәрбие, білім игеру процесін ұйымдастыру практикасында нақты қалыптасқан объективті жағдайлар жөніндегі ақпараттармен қаруланады.
Оқушылардың жазбаша, шығармашылық, графикалық жұмыстарын тексеру– оқушылар орындаған жазба, графикалық, шығармашылық және бақылау жұмыстары; балалардың суреттері, сызбалары, жасалған қосалқы бөлшектер, кейбір пән дәптерлерін тексеру. Мұндай жұмыстар оқушылардың дара қабілеттерінен дерек береді, олардың қандай да бір саладағы ептілік және дағды жетістіктерінің деңгейін көрсетеді.
Мәліметтерді өңдеу әдістері:математикалық; статистикалық. Бұл әдістер түрлі педагогикалық құбылыстардың өзара сандық байланыстарын, олардың өлшемін, сапалық ерекшеліктерін айқындау үшін қолданылады. Педагогикалық зерттеулерді математикалық әдістерді қолдану эксперименттік зерттеулердің сандық деректеріне статистикалық өңдеу үшін графикалық және таблицалық өңдеу әдістері қажет
Практикаға нәтижені ендіру әдістері. Эксперимент – бұл арнайы ұйымдастырылып, алдын-ала зерттеу мақсаты белгіленген мұғалім мен оқушылардың педагогикалық іс-әрекеті.
Эксперимент түрлері: табиғи (қалыпты оқу-тәрбие процесі жағдайында); зертханалық – қандай да әдістің тиімділігін тексеру үшін жасанды жағдайлар түзу (экспериментке алынған балалар тобы өз алдына бөлектенеді).
Эксперимент келесі кезеңмен өткізіледі:
- теориялық: проблема қою, зерттеу мақсатын, нысанын анықтау, міндеттер мен гипотеза белгілеу;
- әдістемелік: зерттеу әдістемесі мен оның оның жоспарын айқындау; бағдарлама түзіп, алынған нәтижелерді өңдеу әдістерін нақтылау; - эксперимент жұмысы: бірнеше тәжірибелік зерттеу әрекеттерін орындау (бақылау, тәжірибені басқару және зерттеушілердің жауап әрекеттерін бағалау);
- талдау: сандық және сапалық сарапқа салу; алынған деректерге түсініктеме беру; қорытынды жасап, практикалық ұсыныстар енгізу.
Педагогика саласындағы зерттеулер – бұл білім заңдылықтары, оның құрылымы мен тетіктері, мазмұны, принциптері мен технологиясы жөніндегі жаңа мәліметтерді алуға бағытталған ғылыми ізденіс процесі және оның нәтижесі. Педагогикалық зерттеулердің міндеті – деректер мен құбылыстарды түсіндіру және оларды алдын ала болжау. Зерттеу педагогикалық зерттеулер сапасын танытушы негізгі көрсеткіштерді қамтиды: зерттелуге тиіс проблема, тақырып, зерттеудің өзектілігі, нысаны, пәні, мақсат- міндеттері, болжамы, қорғалуы тиіс идеялар, жаңалығы, теориялық және практикалық маңыздылығы. Тақырыптың өзектілігі. Тақырыптың өзектілігін ашу үшін практика жүзінде сұрақтарды және тақырыпты жеке дәлелдеп түсіндіру қажет: тақырыптың практикалық даму тенденциясын талдау және оның керектігіне мұқтаждығын айқындау; практикада және теорияда қолдануын анықтау. Зерттеу тақырыбы шешімі қалытқысыз табылуы қажет, өте күрделі де қоғамдық маңызға ие болған проблемалармен ұштасқан әлеуметтік тапсырыс, нақты тақырыптың негіздеме дәйегін талап етеді. Ғылыми жаңалық тиегі аяқталған зерттеулердің сапасын бағалау үшін қолданылады. Болжам – бұл шынайылылығы әлі дәлелденуі қажет теориялық негізі бар болжамдар жиынтығы, ғылымға сүйеніп жасалған, алдын-ала айтылған ой. Эксперимент өткізер алдында белгілі бір педагогикалық әдіс-тәсілдің тиімділігі туралы ғылыми болжам айтылады. Гипотезаны құру – ғылыми шығармашылық дамуының заңдылықты кезеңі. Ғылыми түсінік пен эксперимент арасында қарам-қайшылықтан туындайды.
Тақырып бойынша білімді тексеру мен бақылауға арналған тапсырмалар 1. Педагогикалық зерттеулер. Педагогикалық зерттеудің әдіснамасы.
2. Педагогикалық зерттеу әдісінің мақсаты, міндеті.
3. Педагогикалық зерттеудің түрлері: іргелі (фундаменталды), қолданбалы зерттеулер.
4. Педагогикалық зерттеу әдістеріне сипаттама.
5. Теориялық зерттеу әдістері.
6. Эмпирикалық зерттеу әдістерінің түрлері.
7. «Педагогикалық аксиология», «педагогикалық неология» «педагогикалық праксиология» ұғымдарының мәні.
8. Білім беру құндылығының мәні. Қазіргі кездегі басты құндылықтар.