5- тақырып: Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері мен әдістері Жоспары


Анализ – жан жақты зерттеу мақсатында бүтін бір затты құрамдас бөліктерге бөлу. 91 Синтез



бет5/7
Дата27.02.2023
өлшемі112,73 Kb.
#70046
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Педагогика -5

Анализ – жан жақты зерттеу мақсатында бүтін бір затты құрамдас бөліктерге бөлу. 91
Синтез – заттың құрамдас бөліктерін біртұтас затқа біріктіру.
Абстракциялау – зерттеліп отырған сол істің қажетсіз емес қасиеттері мен қарым-қатынастарынан зеттеуге керек қасиеттері мен қарым-қатынастарын бөліп алу.
Талдап қорыту – көптеген бірыңғай заттар мен құбылыстардың жалпы, бірдей белгілерін анықтау.
Жекелеп бөлу – бір затты немесе құбылысты зерттеп, талдау үшін зерттеушіге қажетті бір қасиетін бөліп алу процесі.
Индукция – жеке қорытулар негізінде жалпы тұжырым жасауға мүмкіндік беретін талқылау әдісі.
Дедукция – жалпы тұжырымнан жеке тұжырым жасап алуға мүмкіндік беретін талқылау әдісі.
Модельдеу– модель жасау мен зерттеу әдісі. Артықшылығы – ақпаратты тұтас көрсету. Модельдеу синтетикалық принципке негізделеді: тұтас жүйені бөліп көрсету және оның қызмет етуін зерттейді.
Математикалық әдістер заттық, белгілік әдістер, сауалнама, эксперимент жолымен алынған деректемелерді өңдеу үшін, сондай-ақ зерттеліп жатқан құбылыстар арасындағы сандық тәуелділіктерді анықтау мақсатында қолданылып, эксперимент нәтижесін бағалауға, қортындылар сенімділігін арттыруға, теориялық тұжырымдарды негіздеуге көмектеседі. Математикалық әдістер арасында педагогикада ең көп қолданысқа келетіндері: тіркеу, ранжирлеу, өлшемге түсіру.
Статистикалық әдіспен қолға түскен көрсеткіштердің орташа сандық шамасы айқындалады: арифметикалық орта – салыстырып бақылау және эксперименттік топтардың жазба жұмыстарында жіберілген қателердің орташа мәні; медиана – тізімдердің орта тұсындағы көрсеткіш (топта он екі оқушы болса, бағаның өсу дәрежесімен өрнектелген тізімде алтыншысының бағасы - медиана; таралу дәрежесі – дисперсия немесе орташа квадраттың ауытқуы, баламалар коэффиценті және т.б.
Жалпылау – объектілердің жалпы белгілері мен қасиеттерін анықтауға мүмкіндік беретін ойлау әдісі.
Салыстыру – таным әдісінің көп қолданылатын түрі. «Барлығы салыстыруда танылады» деп бекер айтылмаған. Салыстыру көріністер мен пәндердің ұқсастықтарын анықтауға көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет