5, 10, 11 «Бекітемін» «Келісілді» «Қаралды»


«Алгебра және анализ бастамалары» пәнінен оқу бағдарламасы



бет5/14
Дата13.04.2022
өлшемі112,34 Kb.
#30871
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
«Алгебра және анализ бастамалары» пәнінен оқу бағдарламасы

(жаратылыстану-математикалық бағыт)

1. Түсінік хат

1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

2. Алгебра және анализ бастамаларын игеру оқушылардың ой-өрісін, логикалық пайымдау, дәлелдеулер жүргізу, практикалық есептерді шығару барысында математикалық білімдерін қолдану біліктігін дамытуға бағытталған.

3. Бағдарламаны жүзеге асыру жұмыстың белсенді түрлерін көбейтуді, оқушыларды коммуникативтік, зерттеу және практикалық қызметке араластыруды, ақпараттық технологияларды қолдануды көздейді.

4. Оқыту мақсаты: алгебра және анализ бастамаларының базистік негізін игеру, олардың математикалық тілді меңгеру, математикалық шығармашылыққа деген қызығушылығын, математикалық интуициясын және математикалық қабілеттерін дамыту; өз тағдырына жайбарақат қарамайтын тұлғаны және тұлғаның қызметтің түрлеріне құндылықпен қарауын тәрбиелеу.

5. Оқытудың міндеттері:



  1. тұлғаның интеллектуалдық қасиеттерін дамытуға бағытталған алгебра және анализ бастамаларының базистік негізін сапалы игеруін қамтамасыз ету;

  2. ақиқат болмысты тану әдісі мен суреттеу формасы ретінде математика туралы, математиканың әдістері мен идеялары туралы түсініктерін қалыптастыру;

  3. жалпыадамзаттық мәдениеттің бөлігі ретінде математика туралы, қазіргі қоғам мен өркениет тарихында математиканың маңыздылығы туралы түсініктерін дамыту; оқушылардың математика ғылымының түрлі даму кезеңдеріне ғалымдардың қосқан үлестері туралы түсініктер арқылы жалпы дүниетанымдарын кеңейту; математиканың қолданылуы бойынша оқушылардың түсініктерін кеңейту;

  4. математикадан есептерді шығарудың жаңа жолдарын игеру; қазіргі кезеңге сәйкес аралас пәндерді игеруде қажетті математикалық білімдерді меңгеру; күнделікті өмірде қолдану; практикалық қызметте математикалық білімдерін қолдану біліктігін дамыту.

  5. қазіргі қоғамда, жалпы әлеуметтік бағдар және практикалық мәселелері шешуде әр адамға қажетті ойлаудың сапасын қалыптастыру; оқушының ой-өрісін, логикалық ойлауын, әрбір оқушының шығармашылық қабілеттерін, пәнге деген қызығушылығын дамыту;

  6. әлеуметтік ұтқырлықты, өзіндік шешімді қабылдау мүмкіндігін қамтамасыз ететін тұлғалық қасиеттерін тәрбиелеу; өзіндік жұмыс, өздігінен білім алу қабілетін, топта жұмыс істеу және жеке тапсырмаларды орындаудағы өзіндік бағалау дағдыларын дамыту; оқушыларға берілген тақырып бойынша өздігінен есептер құрастыру және оларды шығаруға, сабақтарға презентациялар дайындауға мүмкіндік беру; келіп түскен ақпараттар ағынында бағдарлау білігін дамыту;

  7. тұлғаның даму факторы (басқаларды тыңдау және түсіну, өзін таныту, компромисс табу, топ ішінде қарым-қатынас жасау, келісімге келу, топта жұмыс жасау, өзінің және жолдастырының жұмыстарын бағалай білу) ретінде оқушыларды ойын, коммуникативтік, практикалық және зерттеу қызметіне қатыстыру;

  8. жаратылыстану-математикалық циклдің пәндерін әрі қарай игеруге жағдай жасау; игерілген ұғымдар, қасиеттер, ережелер, алгоритмдерді және т.б., алынған нәтижелер мен қолданбалы сипаттағы есептер мен аралас пәндер есептерін шығаруда математикалық әдістерді қажет жағдайда анықтамалықтар, калькулятор мен компьютерді қолдану біліктігін қалыптастыру.

6. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарға арналған оқу бағдарламасының құрылымдық компоненттері түсінік хат, оқу пәнінің базалық мазмұны, оқушылардың деңгейіне қойылатын талаптардан тұрады.

7. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-сыныптың алгебра және анализ бастамалары пәнінің базалық мазмұны «Функция, оның қасиеттері және графигі», «Тригонометриялық функциялар», «Тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктер», «Туынды», «Туындыны қолдану», «Комбинаторика және Ньютон биномы» тараулары бойынша теориялық материалдардан тұрады. Сонымен қатар базалық мазмұнға оқу жылының басында 7-9-сыныптардағы алгебра курсын және соңында 10-сыныптағы алгебра және анализ бастамалары курсын қайталау кіреді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет