Қазақстан ұстазы
44
«6В01601»- тарих, 4 курс студенті
Құдайберген Азамат Жақыпбекұлы
Q-NET НЕМЕСЕ КҮЙІНЕДІ СЕТЕВОЙ МАРКЕТИНГТІҢ БЕТПЕРДІСІ
Қаржы мониторинг агенттігінің мәліметінше,
өткен жылы 29 қаржы пирамидасы жойы
-
лып, алаяқтық схемаларды жарнамалайтын 13 000
интернет сілтеме мен аккаунт бұғатталған. Құзырлы
органдардың күресіне қарамастан, алаяқтар адам
-
дарды құрығына түсірудің сантүрлі жолын ойлап
табуға шебер. Төменде пирамидаға алданып, желілік
маркетингтің манипуляциясына түсіп, қарызға батқан
кейіпкерлердің оқиғасы баяндалады. Кейіпкерлердің
өтініші бойынша олардың есімдері мақалада аталмай
-
ды.
«Көлігімді сатып пирамидаға кірдім»
«Студенттердің
көпшілігі
жол-пұл
табу
мақсатында кафе-ресторандарда официант болып
жұмыс істейтіні белгілі. Карантин уақытында жұмыс
орындар жабылып, жағдай қиындап кетті. Бірақ каран
-
тин аяқталғанда бір досымыз көлігін жаңалап, өзі де
өзгеріп кеткенін байқадық. Бұрындары көптің арасы
-
нан көзге түсе бермейтін ол долларлап ақша ұстайтын,
тек классикалық киім киетін әдет шығарды. Оған
қызыққан мен жұмысында орын болса шақыруын
өтіндім. Ол сөзге келместен бірден жұмысына апар
-
ды. Бара салысымен өз тәлімгерімен таныстырып,
жұмыс тәртібін түсіндірді. Тұрмыстық жағдайыммен
танысқан тәлімгер осыған дейінгі адамдардың жеткен
жетістігін көрсетіп, тынбай жұмыс жасаған жағдайда,
бір айда жаңа көлік алуға болатынынын айтты.
Кабинеттерде жаңа көлік алған, шетелге шыққан
№5 (125), мамыр 2023 жыл
45
№1 бөлім
адамдардың суреттері ілініп тұратын. Кіріс кіру үшін
кез-келген бизнеске инвестиция құю керегіне түрлі
дәлелдер келтіріп, үлкен қаржы әкелетін бұл жұмысқа
қанша құя алатынымды сұрады. Жұмысқа кіру үшін
бес түрлі картаның біреуін сатып алуым керек екен,
карта құны 1 миллион теңгеден бастап, 5 миллион
теңгеге дейін өсе береді. Бұл карталар әріптестерімнің
арасындағы дәрежем мен алатын табысымның пайы
-
зына әсер ететінін айтты. Өзім қатарлы жігіттердің
жарқырап жүргенін көрсеткен ол жұмыс істеу менің
де қолымнан келетініне сендірді. Ақшаның астында
қалатыныма сенімді болған мен қолымдағының бәрін
беруге даяр едім. Сондықтан сол күні астымдағы
көлігімді сатып, «жұмысқа орналастым». Апта сай
-
ын бізге жетістікке жеткен адамдар келіп, лекция
өткізіп тұратын. Жұмыс алға баспай жатқан күннің
өзінде лекторлар бізге үнемі мотивация беріп отырды.
Тәлімгерлер көруге тапсыратын видеолар арқылы да
біз көп ақша шығаратынымызға сенімді едік.
– Сіздер қандай жұмыс істедіңіздер?
– Біз әртүрлі сайттарға, әлеуметтік желілерге
жарнама беріп, адамдарды жұмысқа шақырдық.
Алғашында жарнама ақшасын компанияның өзі
төлеп жүрді. Жұмыс іздеушілер іскерлік кезде
-
суге келгенде классикалық үлгіде киініп, күтіп
алатынбыз. Тәлімгерлер бізге жұмыс іздеушімен
сөйлесу жолдарын үйретті. Келген адамды сендіру
үшін онымен қандай қашықтықта отырып сөйлесу
керектігіне дейін түсіндіретін. Өзімізге сенімді
сөйлеуді, сұхбаттасушыны көлденең отырғызып,
көзіне тіке қарауды талап етті. «Өзіңнен кейін кірген
адам сенен кейінгі жоғары жалақыны алатындықтан,
бірінші өз таныстарыңды, туыстарыңды кіргіз.
Қомақты қаражат бөтен біреудің қалтасында
кеткенше, өз таныстарыңды жарылқа» дейтін.
Сондықтан өз таныстарымызды шақырып, бір
ауылдағы 15-20 ға жуық жігіт түгел пирамидаға кіріп
кеттік. Олар артымнан адам тіркеген сайын және
өзімнен кейінгілер де адам әкелген сайын табысым
артатынына сендірді. Біз осы жүйемен адамдарды
компанияға кіргізіп, ақша құйғызумен айналыстық.
Бір ауылдан келген бізді екі топқа бөліп, арамызда
бәсекелестік пен алауыздық өрши түсті. Бұл –
компанияға үлкен табыс әкелгеніне сенімдімін.
– Алданғаныңызды қай кезде түсіндіңіз?
– Ол жерде жүріп алданғаныңды түсіну қиын.
Тәлімгерлер мен лекторлар үнемі сендіріп отырады.
Басқаларды алдап жатқан кезде өзім де алданғанымды
түсіндім. Себебі біз айтатын айлық мөлшерін ең
жоғарыда отырған адамнан басқа ешкім алып
көрмеген. Жағдайы онсыз да қиын адамдар алдыма
келгенде ар-ұятым мазалай бастады. Үйдегілер
қасымда жүрген достарымның жұмысқа кірем деп
несиеге батқанын естіп, әрі менің көліксіз жүргеніме
қатты күмәнданды. Ақыры жұмысымды тексеріп, пи
-
рамидадан шығарып алды. Бірақ пирамидаға салған
ақшамның бір теңгесін де шығара алмадым.
«Желілік маркетингке кірем деп екі несие алдым»
«Ақылы бөлімде оқыдым. Сондықтан қосымша
табыс көзін іздеуге тура келді. Инстагамнан
«админстратор көмекшісі» деген вакансияның
жарнамасын көріп, хабарласып, айтқан жерге бардым.
Мені классикалық киімдегі, бір-бірін аты-жөнімен
ғана атайтын бір топ адам қарсы алып, жұмыс
барысын түсіндірді. Компания тауар сатумен және
тауар сататын адамдарды жинаумен айналысатынын
айтты. Уәде етілген жоғары жалақы, таза жер, ыңғайлы
жұмыс кестесі мені қызықтыра түсті. Мен барған күні
саланың үздігі тренинг өткізіп жатыр екен. Тренинг
кезінде сатушыдан бөлек бір әйел осы компания
дәрілерінің арқасында анасы қатерлі ісіктен айығып
кеткенін айтып, алғысын білдірді. Ол барлығымызды
осы өнімдерді сатып алуға, сатуға үгіттеді. Ал лектор
бес жұлдыз деңгейіне көтерілгенде компания үй, одан
төмендерге көлік, шетелге жолдама сыйлайтынын
айтып, мені одан әрі қызықтыра түсті. Шыққан соң
мені жұмысқа шақырған адам өзін менің тәлімгерім
атап, ары қарай бірге жұмыс жасауға шақырды. Алайда
ол үшін мен компанияның тауарларын сатып алуым
керек екен. Тауарлардың жалпы құны шамамен 500
мың теңгеден басталады. Қолымда ондай ақша жоқ.
Несие алайын десем, жасым 21-ге толмаған. Несие
берілмейтінін айтқанымда, бөліп төлеу арқылы айфон
сатып алсам, телефонды қайта сатып, ақша жасауға
көмектесетінін айтты. Солай банктен екі телефон
сатып алып, ала салысымен Атакентте бардық.
Тәлімгерімнің таныстары ол жерде де бар екен, олар
бірден екі телефонды сатып алып, ақшасын қолыма
ұстатты, ал мен ол ақшаны жұмысқа апардым. Бұның
барлығы тез болғаны соншалық, менің ойлануға да
уақытым болмады.
– Ары қарай не істедіңіз?
– Келесі күні тауар сатумен және жұмысқа адам
шақырумен айналыстым. Тауар сату тренингтегідей
оңай болмай шықты. Адамдардың көпшілігі
дәрігердің тағайындауынсыз дәрі-дәрмек қабылдай
бермейтінін және витамин керек емесін айтумен
болды. Компания маған басқа жұмыс жасауға тыйым
салды, қолымдағы бар ақшамен сайттарға жарнама
беріп, қағазға шығарған жарнамаларымды базарда та
-
раттым. Мен тәлімгерлердің бітпес мотивациясының,
тренингтерінің арқасында иллюзияға сенумен
болдым.
– Қандай жарнама бердіңіздер?
–
Кеңсеге
офис-менеджер,
админстратор
көмекшісі, ресепшионист керек. Жалақы 200 мыңнан
жоғары» деп жарнама беретінбіз. Расында да айына
бір рет ресепшнде отырып, келушілерді тәлімгерлерге
бөліп отырамыз. Админстратор көмекшісі дегені
тәлімгерге көмектесу. Ал офис-менеджер ретінде
клиенттерге хабарласып, тауар сатамыз не жұмысқа
шақырумыз керек. Бір қарағанда бәрі дұрыс сияқты.
Әрі тренингтер жиі болғандықтан, гипноздалғандай
болып жүрдім. Әрине желілік компаниялар арасында
адал жұмыс істейтіндер бар. Бірақ олардың тауарлары
қатты қымбат емес, әрі ә дегенде қомақты қаражат
салуды сұрамайды. Егер қомақты қаражатқа тауар
сатып алып, оны сата алатыныңызға сенімді
болсаңыз, желілік маркетингпен пайда табуға болады.
Бірақ тауар алушы өте сирек болғандықтан, клиент
|