№5 (125), мамыр 023 жыл №1 бөлім Сейтказиев Руслан Умиргазиевич



Pdf көрінісі
бет51/55
Дата21.10.2023
өлшемі2,53 Mb.
#120383
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55
Байланысты:
№1 Қазақстан ұстазы

№5 (125), мамыр 2023 жыл
53
№1 бөлім
дүбәралық кезеңнің басығана болса азды көпті 50 
жылдың шамасында дүбәралықтың аның шарықтау 
шегі келетінін ешкім ойламаған еді. 1917ж Ақпан 
және Қазан төңкерістерінің нәтижесінде патшалық 
билік әлсіреп одан кейін мүлде құлағаннан кейін билік 
басына Ленин бастаған большивиктер келіп мүлде 
дінсіз саясатты бастаған еді. Дінсіздердің жүргізген 
саясаты Құдайсыз мемлекет құрды. Халықтың барлық 
өкілдеріне жаратушы күш жоқдеп асыра сөйлеген 
большивиктердің аппараты расыменде дінсіз 
ұрпақты дүниеге әкелді коммунизммен большивизм 
саясатының бастапқы күштері Ресейдің ішкі және 
сыртқы аймақтарында дінсіздендіру саясатын қатаң 
жүргізді Шіркеулер қиратылып діни қызметкерлер 
атылды, діни әдебитеттің барлығы өртеліп қасиетті 
сөздердің қасиетінен айырмақшы болды.
Бұл озбыр саясаттың лебі қазақ даласынада келді. 
Большивиктердің билік басына келген алғашқы 
кезеңдерінде олар өздерінің саяси жақтастарының 
санын арттыру мақсатында исламға қатты 
шектеулер қоймаған оның орнына олар ислам мен 
барша мұсылмандарды қолдайтындарын хабарлап 
дәріптеумен айналысты алайда XX ғасырдың 20-
30 жылдарында молдаларды құдалау, мешіттерді 
жабу саясаты қарқын алды. Исламдық шартты 
ұстанатындар екіге бөлінде. Біріншілері ресми 
көрсетілген діни бірлестіктер мен мешіттер олардың 
мақсаты большивиктер мен НКВД адамдарымен 
белсенді қарым-қатынаста болуы және исламды 
шекаралармен баяндау. Ал екіншілері болса ресми 
емес діни ұйымдар мен бірлестіктер оларды діннің 
нағыз бұзылмаған күйінде баяндап дәріптеумен 
айналысты. Бұндай саясат 1988 жылға дейін созылды 
тоталитарлық комунистердің шексіз билігі өз ішінен 
құрығанша жүргізіліп отырды. Ақыр соңында 1991 
жылы КСРО құлағаннан кейін 15 республика өзінің 
даму жолдарымен кетті. Барлық елдер өздерінің 
КСРО-ға дейінгі тарихы мен мәдениетін қайтару 
саясатын бастап кетті оның ішінде діни саясатта 
болған еді. 
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЗАЙЫРЛЫ МЕМЛЕКЕТ 
САЯСАТЫ ЖӘНЕ ДІНИ ЕРКІНДІК: 1991 жылы 
өзінің тәуелсіздігін алған Қазақстан өзін зайырлы 
мемлекетдеп жариялады. Оған қоса Қазақстанның 
ішкі саясаты зайырлы мемлекет моделінде құрылды. 
Ол дегеніміз адамның түріне, тіліне немесе дініне 
қарай бөліп жаруды болдырмау. Қазақтар байырғы 
кезеңнен бастап исламның Сунниттік бағытын, 
Ханафилік мектебінің ілімін ұстанып келе жатыр. 
Кәзіргі таңда халқымыздың 70 % исламды дәріптеп 
жүр. Тәуелсіздігін алған Қазақстанға басқада 
мұсылман елдері өзінің қолдауларын көрестіп 
отырды. Олардың бір қарапайым мысалы Мысыр мен 
Қазақстан арасындағы жылы қарым-қатынастардың 
арқасында құрылған Нұр
-
Мүбәрәк университеті 
Қазақстан мешіттеріне арнап имамдарды оқытып 
халық арасында Алла сөзін жеткізумен айналысып 
жүр. 
Қазақстанның ішкі саясатындағы ұстанған діни 
еркіндік саясатының екі жақты бет келбеті бар. 
Біріншіден Қазақстанның ішіндегі діни алауыздықты 
болдырмау оның арқасында елдің ішкі саясатында 
тыныштық пен татулықты қамтаммасыз ету болса 
екінші жағынан Қазақстанда түрлі діни ағымдардың 
санының артуы байқалуда, олардың біздің елге 
келуінің басты мақсаты неде олар болашақта 
Қазақстанның тәуелсіздігі мен тұтастығына қауіп 
төндірмима деген сұрақ ойға келеді. Бұндай белгілер 
әсіресе ислами келбеттегі радикалды ұйымдардың 
ұялары болып табылуы әбден мүмкін. Ол өзінің ал
-
дында мемлекетіміздің ішінде діни білімсіздіктің 
кесірінен адасып жүрген адамдардың санын өсіреді 
бүның ең қауіпті жағы енді өсіп келе жатқан 
жастардың басқа бағытта тәрбиеленіп нағыз ислами 
қағидатының бұрмаланған түрін дәріптеп кетуі әбден 
мүмкін. 
Таяу Шығыста болып жатқан оқиғаларда 
қазақстандықтардың белсенді қатысуы шейх, халиф 
аттарын жамылған теріс пиғылды адамдардың 
қолдарында тез маннипуляцияға ұшырағандар сол 
теріс пиғылды адамдардың ойлап тапқан «джихад» 
саясатының қолында қару ретінде қолданылуда. Діни 
білімсіздік Қазақстанның териториялық тұтастығына 
және ел тыныштығына қәуіп төндіретін факторлардың 
бірі болып табылады. Халқымызды «іштен шыққан 
жау жаман» деген нақыл сөзі осы жағдайда дәл келіп 
тұр. Діни білімсіздік жеке адамныңғана емес сонымен 
қатар мемлекеттті деңгейдегі проблемалардың бірі. 
Діни сауатсыздықтың кесірінен радикалды көз 
қарастар ұстанатын діни топтардың құрамына қазақ 
жастарының кіріп кетуі, материалдық жағынан оларға 
қолдау көрсетуі, отбасылық жан-жалдар және т.с.с 
оқиғалар кәзіргі таңда қазақ отбасыларында орын 
алып жатыр. Бұндай теріс пиғылды зауалға барлық 
халық болып, барлық мемлекет болып қарсы шығу 
біздің Қазақстан Республикасының азаматы ретінде 
парызымыз болып табылады. Бұл қарсылықтың астары 
қару алып қарсыластықты білдімейді ол дегеніміз 
бауырларымызбен, қарындастарымыздың өміріне 
барша мұқияттылықпен қарау, діни қызығушылығына 
мән беру, және ресми заңдастырылған Қазақстанның 
мүфтиаты сайлаған имамдардың іліміне жүгіну болып 
табылады. 
ҚЫРЫТЫНДЫ
Жоғарыда 
айтылған 
әңгіменің 
барлығын 
қорытындылай келсек. Қазақстанның болашағына 
әсер ететін факторлардың бірі ол діни саясат. 
Мемлекеттің қарқынды және қалыпты дамуы үшін 
елдің ішіндегі барлық проблемалардың шешілуі, сол 
кездеғана отанымыз жоғары сатылардан көрінетін 
болады. Қазақстанның дамуы процестеріне кедергі 
келтіретін факторлар жетіп-жатыр олардың біріне 
жататындары діни білімсіздік. Қарапайым халық оның 
ішінде жастарымыз, соларды ізгі діни қағидаттарға 
үйрете білсек, ақиқат пен өітірікті ажырата білуді 
үйретсек болашақта Қазақстан халқы жарқын өмір 
сүредідеп сенемін. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет