Қазақстан ұстазы 46
базасы тұрақсыз. Компанияға адам тіркеуден басқа
жол қалмайды. Бірақ өзіңнен кейін кірген адамның
несиеге, я қарызға алған тауары сатылмай қалса, мен
ақша тапқанмен менен кейінгілер құрдымға кететінін
түсіну керек. Біреудің көз жасына қалудан қорықтым.
– Алданғаныңызды қай кезде түсіндіңіз?
– Тәлімгерім жұмыс іздеп келген адамдар тре
-
нингке қатыспай тұрып «сетевой» деп айтуға
тыйым салатын. Ақша салу керегін кірген адам
психологиялық тұрғыдан дайын болды-ау деген
кезде айтуды талап етті. Содан күдіктене бастадым.
Базарда қағаз таратып жүргенде сатушы апай қызын
жұмысқа алуымды өтінді. Апайдың суық күнде
самса сатып отырғанына қарап, жаным ашып кетті.
Жұмысқа шақыра тұра оның қызының бізге келгенін
қаламадым. Сол кезде алданғанымды түсіндім.
– Содан желілік маркетингпен айналысуды
доғардыңыз ба?
– Әкелі құрбыларыммен кеңестім. Олар бірден
алданғанымды түсініп, шығарып алуға барын сал
-
ды. Тәлімгеріме жұмыстан шығатынымды айтқанда,
ол үзілді-кесілді қарсы болды. Өзінің тәлімгерін,
одан басқа да тәлімгерлерді шақырып, барлығы мені
алып қалуға тырысты. Тіпті, бірі «Сіз қазір шығып
кетсеңіз бір жылдан кейін басыңызда несиеден басқа
ештеңе болмайды. Бізде қалғанда жағдайыңыз жақсы
болар еді. Мен, міндетті түрде, бір жылдан соң сізге
хабарласып, жағдайыңызды сұраймын» деді. Мен
сонда да көнбей, жұмыстан шығып кеттім.
– Бір жылдан кейін хабарласты ма?
– Ол мені ұмытып кететін шығар деп ойлағам.
Алайда ол хабарласып, жағдайымды сұрады. Мен
қарыздарымнан құтылып, сату бөлімінде жетекші
деңгейіне дейін жеткенімді айттым.
– Қарапайым адам қаржы пирамидасын қандай
белгілерге қарап тани алады?
– Олар көбіне бизнес орталықтарында отырады
әрі адамның көптігінен ол жерде абыр-сабыр болып
жатады. Классикалық киімде жүріп, бір-бірін тек аты-
жөнімен атайды. Жоғарыда айтқан жарнама бойынша
барғанда тренинг, лекцияларға қатыстыра бастаса
күдіктену керек. «Алтын квадрат», «бинарлы жүйе»,
«бес жұлдызды арыстан», «бриллиант директор»
сынды ұғымдарды естісеңіз бірден қашыңыз.