№5 (125), мамыр 023 жыл №1 бөлім Сейтказиев Руслан Умиргазиевич



Pdf көрінісі
бет52/55
Дата21.10.2023
өлшемі2,53 Mb.
#120383
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55
Байланысты:
№1 Қазақстан ұстазы

Қазақстан ұстазы
54
«6В01601»- тарих, 4 курс студенті
Хаубуллин Саидин Досмухаммедұлы
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА 
ҚАРҚЫНДЫ ДАМУ КЕПІЛІ
2017 жылдың 12 сәуір айында Елбасымыздың 
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы 
жарық көрді. Қазақстан халқы аталған мақаладағы 
Елбасы идеясы мен алға қойған мақсаттарын, 
бағыт – бағдарын жаңашылдық жаршысы ретінде 
қабылдап, алға асқарлы мақсаттар қоя бастады. Ел 
Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: 
рухани жаңғыру» атты мақаласы бірнеше бөлімдерді 
қамтиды. Кіріспе бөлімде еліміздің жаңа тарихи 
кезеңге аяқ басқандығын және Қазақстанның үшінші 
жаңғыруы басталғанын жолдауда жариялады. Осы 
негізде саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды 
қолға алу ісіне тоқталды. Мемлекет мақсатының 
айқындығын және әлемдік даму деңгейіндегі 30 
елдің қатарына қосылу мәселесін баса айтты. Мұндай 
деңгейге жету үшін үздіксіз даму қажет екендігін жас 
ұрпаққа жеткізді. Рухани жаңғыруға жол тәуелсіздік 
алған жылдардан бастап салынғандығына баса на
-
зар аударта отырып: «Біз Тәуелсіздік кезеңінде бұл 
бағытта бірнеше ауқымды іс атқардық. 2004 жылы 
«Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қазақстан 
аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер мен ны
-
сандарды жаңғырттық. 2013 жылы «Халық – тарих 
толқынында» бағдарламасы арқылы әлемнің ең белді 
архивтерінен төл тарихымызға қатысты құжаттарды 
жүйелі түрде жинап, зерттедік» [1]- дей келе, Елба
-
сы осы тұғыр аясында келелі рухани жаңғыруға қол 
жеткізу мәселесінің бірнеше бағдарын тараушаларда 
ұсынды. 
Ұлт болып тұтастықта болашаққа қадам басудағы 
рухани қазынаның орнын Елбасы айқындап берді. 
Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» 
Мақаласында жалпы болашақтағы еліміздің рухани 
бағдарын жоспарлы екі үлкен бағытпен қарастырған. 
Бірінші тарау «ХХІ ғасырдағы ұлттық сана ту
-
ралы» деп аталады. Онда «...Әлемде бағыты әлі 
бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап 
өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен 
дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын 
қағидалардан арыл масақ, көш басындағы елдермен 
тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру 
үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына 
икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын 
бойға сіңіруіміз керек», - деген ұлағатты ұстанымды 
алға қойған.
Елбасы заман сынынан сүрінбей өткен озық 
дәстүрлерді табысты жаңғыртудың маңызды 
алғышарттарына айналдыра білу қажеттігін және 
жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала 
алмаса, ол адасуға бастайтындығын насихаттаған. 
Н.Ә.Назарбаев тұтас қоғамның және әрбір қазақ-
стан дықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытын 
атап өтті. Атап айтсақ бірінші бағыт «Бәсекеге 
қабілеттілік». Елбасы «Бәсекеге қабілеттілік дегеніміз 
– ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, 
я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние 
ұсы на алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, соны-
мен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапа
-
лы еңбек ресурстары болуы мүмкін.
Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи 
байлығымен емес, адамдарының бәсекеге қабілетімен 
айқындалады» деп атап өте келе, әрбір қазақстандық, 
сол арқылы ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге 
ие болуы керектігін және ол үшін ком пьютерлік 
сауаттылық, шет тілдерін білу, мә дени ашықтық 
сияқты факторлар тұтас ұлттың алға басуына сөзсіз 
қажетті алғышарттар екендігін алға қойды.
Осы орайда «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде 
білім беру», «Мәдени және конфессияаралық 
келісім» сияқты бағдарламалар қабылданды. Бұл 
бағдарламалар ұлтымызды рухани жаңғыртуға баста
-
ма екендігін атап өтті. Екінші бағыт «Прагматизм» 
деп аталады. Елбасы «Прагматизм – өзіңнің ұлттық 
және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пай
-
даланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, 
ысырапшылдық пен астамшылдыққа, даңғойлық пен 
кердеңдікке жол бермеу деген сөз. Қазіргі қоғамда 
шынайы мәдениеттің белгісі – орынсыз сән-салтанат 
емес. Керісінше, ұстамдылық, қанағатшылдық пен 
қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайда
-
лану көргенділікті көрсетеді» деп анықтама берген. 
Осы ұстанымды бастама ретінде алып, халқымыз 
ғасырлар бойы туған жердің табиғатын көздің 
қарашығындай сақтап, оның байлығын үнемді 
әрі орынды жұмсайтын теңдесі жоқ экологиялық 
өмір салтын ұстанып келгендігін жастарға өнеге 
ретінде жеткізу ұрпақ алдындағы орындалуы тиіс 
іс-шаралар деп түйіндеген. Нақты мақсатқа жетуге, 
білім алуға, салауатты өмір салтын ұстануға, кәсіби 
тұрғыдан жетілуге басымдық бере отырып, осы жол
-
да әр нәрсені ұтымды пайдалану – мінез-құлықтың 
прагматизміне қол жеткізуді негіздейді. Реализм мен 
прагматизм онжылдықтардың ұраны болуы шарт де
-
ген. Батыста, ірі державаларда болып жатқан сайлау 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет