34-тапсырма:
Сұраққа жауап беріп мәтінді жалғастыр.
- Туған жер дегеніміз не?
- Туған жеріміздің табиғаты қандай?
- Біз табиғатты қалай қорғауымыз керек?
- «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» дегенді қалай түсінесің?
35-тапсырма
Берілген сөздерді алфавит ретімен жаз.
А) Семей, Астана, Қарағанды, Өскемен.
Ә) Әсем, Сырым, Райгүл, Айбек
Б) Қалам, дәптер, өшіргіш, сызғыш
А) __________________________________________
Ә) __________________________________________
Б) __________________________________________
36-тапсырма
Ө лең жолдарынан қатаң дауыссыз дыбыстарды тап.
Олардың неліктен қатаң дыбыс екенін дәлелде.
37-тапсырма:
Берілген екі сурет бойынша екі бөлек әңгіме құра. Құраған әңгімелеріңде қандай ұқсастық және қандай айырмашылық болды, ол неге байланысты?
-----------------------------------------------------------------------------------
-----------------------------------------------------------------------------------
38-тапсырма:
Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қой.
…ор, …иклон, …ертеж, тұ…ы, Гау...ар, … адиша, жи…аз, …оккей, қа….арман, пла…, …емпион, бор…, …ётка, кон...ерт, стан....ия, ....ифр, ...абар.
39-тапсырма
Жұмбақты оқып, шешуін тап.
Қорада емес сарайда,
Аспанда емес тоғайда.
Отында жоқ кйеде,
Жылқыда жоқ, түйеде.
Қырда емес, сайда бар,
Құнанда жоқ, тайда бар.
Бұл жұмбақты шешетін
Тапқыр бала қайда бар?
Қай әріп? ........
40-тапсырма
Берілген өлең жолдарынан ілік септігінің жалғауын тап.
Көзімнің қарасы,
Көңілімнің сарасы.
Бітпейді іштегі
Ғашықтың жарасы.
41-тапсырма:
Көп нүктенің орнына н, ң әріптерін қойып, көшіріп жаз.
Адамны..., ананы..., қошақаны..., алақанны..., ауылды..., сананы..., жаманны..., түнні..., қолымны..., сезімі..., атаны..., баламны..., оқушымсы..., перзентімні..., балапаны..., арманымны....
Достарыңызбен бөлісу: |