5-7 сыныптарға арналған "Оқушылардың оқу сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмалар жинағы"


Берілген сызба бойынша сөйлем құра



бет6/6
Дата19.04.2023
өлшемі362,44 Kb.
#84256
1   2   3   4   5   6
Берілген сызба бойынша сөйлем құра.
________ __________ __________ .
__________ __________ __________ ?
__________ __________ __________!
42-тапсырма:
Берілген сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдыр.
1. Біз баққа бардық.
2. Сәуле үшінші сыныпта оқиды.
3. М.Әуезов 1897 жылы туған.
4. Абай – ұлы ақын.
5. Ыбырай Алтынсарин балаларға арнап оқулық жазды.
_____________________________________________
_____________________________________________
_____________________________________________
43-тапсырма:
Сәйкестендіру тесті

1. Кім?

1.Сәкен, Ертіс, Байшұбар

2. Кімдер?

2. Домбыра, гүл

3. Не?

3. Оқушы , ана

4. Нелер?

4. Әндер, құстар

5. Жалқы есім түрі

5. Оқушылар, аналар

6.Жалпы есім түрі:

6. Қобыз, ән, құс

44-тапсырма:
Суретке қарап, әңгіме құрап, сөйлемдегі зат есімдердің астын сыз.

45-тапсырма:
Қайсысы зат есім, қайсысы етістік?
Жақын қалды көмбе,
Бұл жерге оны көмбе!
Тапсырма
Сәйкестендіру тесті
1. Қандай? 1. таза
2. Қай? 2. ақылды
3. Негізгі сын есім: 3. қара
4. Туынды сын есім: 4. ойлы

46-тапсырма
Өлеңді оқып, сан есімдердің астын сыз.
Он саусақ
Жалғыз саусақ тіпте де,
Ұстай алмас жіпті де.
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті.
Үш саусағым орамды,
Жүгіртеді қаламды.
Өнерлі екен он саусақ,
Қала салсақ, жол салсақ.
2. Өлеңді қара сөзге айналдыр.
47-тапсырма
Сәйкестендіру тесті

1. Қанша? Неше?

1. Жиырма сегіз

2. Нешінші?

2. Екеу, жетеу.

3. Нешеу?

3. Жеті, он бір.

4. Дара сан есім:

4. Он, алты.

5. Күрделі сан есім:

5. Бесінші, алтыншы.

6. Есептік:

6. Бірінші, оныншы

7. Реттік:

7. Бір, екі, үш

48-тапсырма
Сан есімге байланысты мақал-мәтел жаз.
1 ____________________________________________
2 ____________________________________________
3 ____________________________________________
49-тапсырма
Лексикалық ойын.
Көп нүктенің орнына сан есімді қойсаң мақал толық шығады.
Білімді............... жығады, білекті............... жығады.
............ауыз сөздің тобықтай түйіні.
50-тапсырма
Орны ауысқан сөздерден сөйлем құрап жаз.
1. Айжан, бара жатты, Мәрия, мен, фермаға.
2. Олардың, ұша жөнелді, бір, үйрек, алдынан.
3. Ұшқан, жерге, олар, үйрек, келді.
4. Ұяда, жатыр, жері, жұмыртқа.
5. Олар, алмады, жұмыртқаны.
Етістіктерді тап. Олардың түбірін, қосымшасын тауып, мағыналық түріне ажырат.
51-тапсырма
Мақалдарды түсініп оқып, болымсыз етістіктерді тап.
Өсер жастың алдын кеспе,
Өсер ағаштың басын кеспе.
52-тапсырма
Сәйкестендіру тесті

1. Не істеді?

1. сапа

2. Қайтті?

2. оқып отыр

3. Неғылды?

3. айт,бар

4. Негізгі етістік

4. барма, жүрме.

5. Туынды етістік

5. оқы, кел.

6. Дара

6. оқыды

7. Күрделі етісітік

7. кісінеді.

8. Болымды етістік

8. ұшты

9. Болымсыз етістік

9. қаз

53-тапсырма
Мағынасы қарама-қарсы сөздерді жаз.
Жылы ____________  Биік___________________
Ақ ________________ Үлкен__________________
Жуан _____________  Ойық__________________
54-тапсырма
Жай сөйлемдерді жайылма сөйлемге айналдыр.
Оқушы келді. Жаңбыр жауды. Жел тұрды. Күн суытты.
55-тапсырма
Көп нүктенің орнына тиісті сөзді жазыңдар.
1. Мирас … .
2. Анасы жұмысқа …
3. Балалар… жүр екен.
4. Назира … келді.
Керекті сөздер: келді, кетті, ойнап, мектептен.
56-тапсырма
Мақал- мәтелдің соңын тап.
1. Әрбір ғалым – хаким емес, әрбір хаким -…………....................
2. Досы жоқпен сырлас, досы көппен .…………………................
3. Шәкіртсіз ғалым-……………………………................................

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет