5-7 сыныптарға арналған "Оқушылардың оқу сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмалар жинағы"


Оқушылардың оқу сауаттылығын дамытуға



бет2/6
Дата19.04.2023
өлшемі362,44 Kb.
#84256
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Оқушылардың оқу сауаттылығын арттыруға арналған тапсырмалар жинағы

Оқушылардың оқу сауаттылығын дамытуға
арналған тапсырмалар
5 сынып

1-тапсырма :
Сөйлемдерді дұрыс құрастыр.
1. Өсіп, ағаштар, тұр, алдында, сынып, терезелерінің.
2. Ойнап, мектеп, жүр, алдында, балалар, футбол.
3. Мектептің, кең, біздің, таза, ауласы, алды, және.
2-тапсырма:
2. Сәйкестендіру тесті

Аударамыз, жазамыз, жаттаймыз

дене шынықтыру

Секіреміз, жүгіреміз, жаттығу жасаймыз

қазақ тілі.

Тамақтанамыз, ас ішеміз

акт залы

Неше түрлі кітаптар бар, оларды алып оқимыз

асхана

Концерт, әр түрлі жиындар болады

кітапхана

3-тапсырма
Өлеңдегі етістіктерді тауып, аудар.
Кезекші
Дайындаймын картаны,
Сүртем, тақта, партаны.
Гүлдерге су құямын,
Қоқыс болса жиямын.
Кезекшімін мен енді,
Тазартамын еденді.
Терезе, есік жуамын,
Шаң-тозаңды қуамын.

4-тапсырма:
Криптограмманы толтыр.

М

Білім ордасы (......)

Е

Берілген тапсырманы орындамай келсең, алатын бағаң (...)

К

Қабат, қабат қаттама, ақылың болса, аттама (.....)

Т

Палау, ет, бауырсақ, салма бір сөзбен қалай аталады (....)

Е

Қандай жанр ерте, ерте, ертеде, - деп басталады (......)

П

мектеп жиһазы (.....)

5-тапсырма:
Берілген сөздермен 5-6 сөйлем құрап жаз.
Жаңа, ақылды, таза, оқу, қалың, мейірімді, аударма, үш қабатты, үш тілді, ұқыпты, кең, жарық, қызық, құрметтеу, асхана, ұнайды,кабинет.
6-тапсырма:
Мақал –мәтелдерді толықтыр.
Ер елінде
................
Кісі елінде сұлтан болғанша
................................................
Туған жердің күні де ыстық
...........................
Отансыз адам
...............................
Елінен безген ер оңбас
......................................
Туған жердей жер болмас
...........................................
7-тапсырма:
Мәтінмен жұмыс.
Менің туып-өскен жерім – Қазақстан.
Қазақстанның байлығы көп. Елімізідң табиғаты өте сұлу. Биік асқар тау, мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер бар. Осы жерде біздің ата-бабаларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып-өскен.
Қазақстанның жері кең-байтақ. Біз өз Отанымызды сүйеміз.
ІІІ деңгей. Қандай жалғау жалғанып тұрғанын анықта. Ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз, Отанымызды, табиғаты, байлығы, жері.
ІІ деңгей. Осы сөздермен сөз тіркестерін құра.
І деңгей. Өзің тұратын жеріңнің табиғатын суретте.
8-тапсырма:
Қазақстан Республикасының Елтаңбасын суретте, авторы кім?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет