№ 4 (888) наурыз-сәуір 2013 жыл
17
МахаМбетке арнау
Ақжайықтың Нарын құмында дүниеге
келіп, елім, жерім деп еміренген қолбасшы
батыр, қ аһарман ақ ын Ма хамбет
Өтемісұлының 210 жылдығы кең көлемде
тойлануда. Осыған орай, М.Өтемісов
атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік
университетінің филология факультеті
студенттерінің арасында «Менің атым-
Махамбет» деп аталатын поэзия кеші
оздырылды.
Махамбет өлеңін мәнерлеп жатқа
айту, белгілі ақындардың Махамбетке ар-
науын оқу бөлімдерінен тұрған байқауға
қызығушылықпен қатысқан студенттер
ұлттық киімдермен шығып, өлеңдерді
нақышына келтіріп, мәнерлеп оқыды.
Байқау нәтижесінде өзіндік ерекшелігімен
көзге түскен қатысушылар - Лесов Наурызбек
Әспенұлы жүлделі 1орынды иеленді. Шаттық
Орынбаева, Ағиса Рақымғалиева 2 орынды
қанжығасына байласа, Алтынбек Шайхиев,
Жанайдар Болатбекұлы, Мейірбек Жампозов
3 орынды місе тұтты.
«Алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай
шабатын»- демекші, оза шауып бәйге алған
Лесов Наурызбек Әспенұлы Махамбет
бабамыздың топырағында дүниеге келіпті.
Жас ізбасар батырларға өмірде сүрінбей,
жамандыққа ілінбей, оза шаба беріңіздер
дейміз.
Өз тілшіміз
МАХАМБЕТ ӨТЕМІСҰЛЫНА - 210 жыл
Филолог
Тіл – татулық тірегі
№2(12), наурыз-сәуір 2013 жыл
Долгожданный вечер
Сергея Есенина
На филологическом факультете прошел
вечер, посвященный великому русскому,
советскому поэту Сергею Есенину.
Жизнь и творчество поэта были представ-
лены зрителям стихотворениями Есенина,
показаны видеоматериалы о его жизни,
фотографии. Вечер взволновал зрителей так,
словно они вместе с Есениным пережили его
страдания, потери и любовь.
На вечере были приглашены ученики 21-ой
городской школы. Они были очарованы и еще
долго беседовали с первокурсниками не только
о творчестве поэта, но и о том, как учатся наши
студенты, как поступить в университет имени
Махамбета Утемисова. Студенты первого кур-
са за чашкой чая с удовольствием отвечали
на вопросы абитуриентов. Именно благодаря
подобным вечерам налаживаются взаимоотно-
шения между студентами и школьниками.
Особое впечатление на зрителей произ-
вело чтение поэмы «Черный человек», испол-
ненное Ләззат Шыңғалиевой. Бурными апло-
дисментами была награждена Анна Криуля
за стихотворение «Письмо к женщине». Но и
другие студенты смогли порадовать зрителей
творчеством Есенина. Особая благодарность
была выражена студентке 1 курса Анне Криуля
за подготовку материала к вечеру.
Поэт Сергей Есенин - человек с очень
интересной судьбой. Его жизнь полна интриг,
страстей, боли и разочарования. И все это
смогли передать студенты филологического
факультета под руководством старшего пре-
подавателя Р.Э.Винник.
Альбина Давлетова, гр. 03107
«қозы көрпеш пен Баян сұлу»
«әулие валентинге» төтеп бере ала ма?
15 сәуір - Қозы Көрпеш-Баян сұлу күні
Ғашық жүрек сүйгені үшін бола алмайды жазалы
Адам азса ғашықтықтың жоқтығынан азады
Ғашық жыры - тіршіліктің көкейкесті өлеңі.
Ешбір геометриямен
Өлшенбейтін көлемі
Бұл сезімнің ұшан-теңіз адамзатқа берері
Ғашық болу келсе кімнің қолынан,
Әлем соған сенеді
Құлай сүю - ерлікпен тең себебі! -деп Мұхтар Шаханов айтқандай, ғашықтық пен махаббат - екі
адамның арасындағы ең әдемі, ең тәтті ұлы сезім. Қазақтың дархан даласы қандай кең болса,
оның махаббаты да сондай шексіз. Ләйлім-Мәжнүн, Еңлік-Кебек, Қозы мен Баян, Төлеген мен
Жібектің махаббаты - осының бір дәлелі.
әбден әлсіреуінен де болуы мүмкін. Мәселен,
қат ты т ұмау тиіп ауырсаң, антибиотик
қабылдамай сауығып кетпейсің ғой. Сол секілді
мәдениетімізге сіңіп, жастардың санасын улап
үлгерген «аурудан» да айығу үшін соған қарсы
тұра аларлық, тіпті одан да күштірек ұлттық
қорғаныш қабілеті керек. Яғни, ұлттық рухани-
мәдени мақтаныштарымызды насихаттауымыз
қажет. Әрине, бұл қазақ халқында қорғаныш
қабілеті жоқ дегенді білдірмейді, Жастарымыз
жаппай католиктердің Валентинін өзіне пір
тұтып, 14-ақпанды мереке етіп тойлағандықтан,
Республикалық жастар қозғалысы ақылдаса
келе, 2006 жылы 15-сәуір «Қозы мен Баян»
ғашықтар мейрамы деп белгіледі. Расында да
қазақи «Ғашықтар күнінің» болғаны қуанышты,
дегенмен, бұл мейрамның тойлануы әлі төмен
дәрежеде.
Қалай десек те, ел болып етек-жеңімізді жиып
отырған тұста, тәуелсіз елдің ұландарымыз деп
марқайып жүрген жастар «кірме мәдениеттің»
жетегінде кетпесі үшін ұлттық мәдениетімізді
насихаттайық. Сондықтан ұлттардың өз
кескін-келбетін сақтап қалуы тікелей сол
ұлттың рухының тәуелсіздігіне, діңгегінің
мықтылығына байланысты. Валентиннің
«әулие» екендігіне имандай сенген жас жігітті
немесе талдырмаш қызды өз ұлтының уызына
қанған, мұсылмандық сеніміне берік, отбасы
тәрбиесін көрген деп қалай айта аламыз...?
Демек, бір бармағын бүгіп алып, «достық сая-
сат» жүргізгісі келіп отырғандардың шылауын-
да кетпес үшін шындап ойлануымыз қажет.
Біз осы әңгімемізді әрі қарай жалғастыру
барысында жастар арасына сауал етіп тастап
көрдік, «
Сіз үшін ғашықтар күні 14-ақпан ба,
әлде ...»
Әйгерім Қауен, филология факультетінің
2 курс студенті:
Жастар арасында кеңінен сөз таластыра-
тын осы мәселеге байланысты мынадай бір
өлең шумақтары бар емес пе?
Біз қазақпыз, ғашық болған Баянға,
Ей, жастарым елің үшін аянба
Ғашық болсаң Валентин күнін емес
Қалқаман мен Мамыр жайын баянда.
Біз қазақпыз ғашық болған Жібекке,
Еңлікті айт, ынтық болған Кебекке
Қазағымның өз тарихы тұрғанда
Өзге ұлттың «Валентині» керек пе?
Сонымен, ұзын сөздің қысқасы, қазақтар
өзге ұлттың мейрамын былай сырып тастап,
өзіміздің сәуір айының 15-ші жұлдызына
енгізілген «Ғашықтар күні» мерекесіне баса
назар аударып, өз дәрежесінде атап өтсе екен
деген тілектемін.
Ақсұңқ ар Жұмабаева, филология
факультетінің 2 курс студенті:
14-ақпан Әулие Валентин күні — қазаққа
жат мереке. Жастарымыздың санасын жаулап,
кейбір кәсіпкер аға-әпкелеріміздің қалтасының
қалыңдауына септігін тигізуде. Мереке тойлауға
шыққан әрбір жас жүрекше, гүл және мейрамха-
на мәселесіне көп ақша бөледі. Кәсіпкерлерге
ұлттық мүддеден ақша жақын, осылай жалғаса
берсе халқымыз дүбәрә болмасына кім
кепіл. Бұл күнді тойламас бұрын, мереке деп
жүрген жастар осы күннің тарихын оқыса екен
деймін. Сонан соң көре жатар... Менің пікірім:
халқымыздың өзіне ғана тән төл мерекелері
бар, ол болмаса 2006 жылы 15-сәуір күні
жарияланған Қозы Көрпеш-Баян Сұлу мерекесі
бар, ол Валентин күнінен артық болмаса кем
емес, сондықтан менің жастарға айтарым,
қайдағы бір католиктің мерекесін тойлап
төбемізге шығармайық!
Төрехан Дүйсенбиев, информатика
мамандығының 2 курс студенті:
Қазір бұл мереке жастардың санасына
әбден сіңіп бітті деп айтуға болады. Негізі
тәрбиелік мәні жоқ, дәстүрлік сананы бұзушы,
әдептің әлеуетін артқа тартушы бұл мерекені
бізге дендеп енуі ойландыратын нәрсе. Жер-
жерде осы мерекені тойламау мақсатында
«Қозы Көрпеш-Баян Сұлу», Қыз Жібек пен
Төлеген» сынды махабат күндерін атап өту
бастау алғанымен, нәтижесі кемшін бір кездік
шаралармен шектеліп келеді. Жүйелілік жоқ.
Бір-екі облыста өткізілген мерекенің берері
аз. Мұндай мерекелерді бүкіл республика
көлемінде тұрақты өткізгенде ғана біз осы
бір бас ауруға айналған жаттың жарымсақ
мерекесіне қарсы тұра аламыз. Жаттың
мерекесін жарылқағанша, өз дәстүрімізді
дәріптейік.
Ш ы р а й л ы м Тұ м а н б а е в а , қ а р ж ы
мамандығының 2 курс студенті:
Мен бұл мейрамның тойлануына түбегейлі
қарсымын. Қала дүкендері мен базарлар-
да қасиетті Валентин күні үшін сатылып
жатқан түрлі-түсті жүрекшелер, қос ғашықтың
бейнесіндегі бұйымдардан көз сүрінеді.
Қаншалықты көп адам мейрамды атап өтсе,
саудагерлердің табысы соншалықты молая-
ды. Осылай қалтаның қағылғаны аталмыш
мерекесымақтың бізге әкелер зиянының
тек бір ғана қыры, ал бізге көрінбей жатқан
қандай зияны бар екенін кім білсін. Бір сөзбен
айтқанда, қазақ үшін махаббат күні емес,
машақат күніне айналып барады. Бақытының
баянды болып, шаңырағының шайқалмауын
Алладан емес, қайдағы бір Валентиннен
тілеп, адасқан замандастарыма айтатыным,
католиктердің мерекесін дүркіретіп тойлаудан
аулақ болайықшы!
Анар ҚАПАШЕвА,
қазақ тілі мен әдебиетінің 2-курс студенті
Әрбір ұлттың өзіндік болмыс-бітімі, иман-
сенімі, жылдар бойы қалыптасқан берік дәстүрі,
ұлттық ерекшелігі болады. Ал жастар арасында
кеңінен тойланып жүрген мереке кейіпкері -
Валентинді төбемізге көтере мадақтайтындай
оның бойынан қандай мақтаныш, қандай
ұлттық ерекшелік таба қойдық. Ол асық ойнап,
көкпар тартқан, ел басына қауіп төнгенде
қару асынған қазақ па екен немесе Алланың
ақиқатын айтып, пайғамбар жолын нұсқаған
ғұлама мұсылман ба екен, қаймана қазақтың
мұңын жоқтаған би-шешен, сал сері, ақын ба
екен?. Кім ол?. Әлде қазақта махаббат даста-
нына айналған, пәк сезімнің нышаны жоқ па?
Мүмкін «әулие әкей» өмірде болмаған да адам
шығар, болса да керемет ерлігімен ел есінде
қаларлықтай, жүздеген жылдардан соң да
жұрт жабылып тойлайтындай іс атқармаған
да шығар... Себебі, нақ осы күні, ең көп сыйлық
сатып алынады, ең көп гүл сатылатын күн
де - әр жылдың 14-ақпаны. Елірген жастар
ғашықтығын мәрттігімен дәлелдеу үшін еш-
темеден аянып қалмайды. Демек, бұл сауда
саласындағы аға-әпкелеріміздің ірі жобасы
болуы да мүмкін. Алайда осы мерекені барын
беріп тойлап жүрген жастардың өзі бұл қайдан
шыққан мереке екенін, бұның тарихы қандай
екенін біреуі білсе, біреуі білмейді.
Бірақ, амал нешік, Валентин күні «мерекесі»
бүгінде мәдениетімізге берік орнығып алып,
жастардың санасынан шығар емес. Бір
жағынан бұл біздің ұлттық иммунитетіміздің
№ 4 (888) наурыз-сәуір 2013 жыл
18
«Қазақстан-2050»
Физика-математика факультетінің жаршысы
№2(4), наурыз-сәуір 2013 жыл
4 наурыз күні «Информатика» кафедрасының 1-курс студенттерінің арасында «Инфо-Friends» атты интеллектуалдық
сайыс оздырылды.
«инфо-Friends» интеллектуалдық сайысы
Интеллектуалдық сайыс заман талабына сай ақпараттық
коммуникативтік технологиялармен жабдықталған «Махамбет»
ақпараттық технология паркінің 222-ші кабинетінде өткізілді.
Сайыстың мақсаты 1 курс студенттерінің «Информатика»,
«Программалау», пәндерінен алған теориялық білімдерін
шыңдау, олардың шығармашылық ойлауын, интуициясын,
танымдық және коммуникативтік қабілеттерін дамыту,
құзыретті маман болуға дайындау, ұжым болып жұмыс
жасауға және жауапкершілікке тәрбиелеу болатын. Сайыста
«Информатика» (пед.), «Информатика» (тех.), «Есептеуіш
техника және программалық қамтамасыз ету», «Ақпараттық
жүйелер» мамандықтарынан құралған топтар бақтарын сынады.
Байқауға инновациялық технология департаментінің директо-
ры Д.Г.Габдуллаев, БҚМУ тәрбие жұмысы бөлімінің жетекшісі
М.И.Исатаев, информатика кафедрасының оқытушысы
А.А.Хамзина, информатика мамандығының 4 курс студенті
Б.Оразғалиева, физика мамандығының 3 курс студенті
Р.Хайруллина төрелік етті.
Сайыс «Инфо-эрудит», «Инфо-мақал», «Инфо-веер»,
«Инфо-жест», «Инфо-полиглот» атты 5 бөлімнен құралған
болатын. Интеллектуалдық сайыс адамды жылдамдыққа,
уақытты үнемдеуге алған білімді қайталауға үйрете отырып,
білік пен дағдыны қалыптастыруға тәрбиелейді. Аға оқытушы
Мухамбетова Ғайнеш Ғұмарқызының шәкірттері сайыста өз
білімдерін саралады.
Сайыс информатиканың даму тарихы, ғалымдар, ақпараттық
коммуникативтік технология, интернет технология бөлімдері
бойынша дамытушы тапсырмалардан тұрды. Студенттер зама-
науи компьютерлік технологияны жеткілікті деңгейде меңгергенін
көрсетті. Сайыс соңы қазылар тарапынан әділ бағаланып,
қорытындыланып, жеңімпаздар анықталды. Нәтижесінде
Информатика» (пед.) мамандығының студенттері 1-ші орын-
ды, «Информатика» (тех.) мамандығының
студенттері 2-ші орынды, «Есептеуіш тех-
ника және программалық қамтамасыз ету»
мамандығының студенттері 3-ші орынды
иеленді. Сонымен қатар, әрбір команда ойын-
шылары «Үздік ойыншы» деген марапатқа ие
болды. Физика-математика факультетінің
деканы А.Б.Медешова құттықтау сөз сөйлеп,
студенттерге оқуда сәттілік тіледі. Кеште өр
рухты Махамбет бабамыздың ізімен өнер-
білімді жанына серік еткен факультеттің
белсенді де, өнерлі студенттері ән шашуын
сыйлады, Мұқағалидың өлеңдері оқылды.
Өте жо ғары дәрежеде өткізілген
«Инфо-Friends» атты интеллектуалдық
сайысты ұйымдастырған информати-
к а к а ф е д р а с ы н ы ң а ғ а о қ ы т у ш ы с ы
Ғайнеш Ғұмарқызына алғысымыз шексіз.
Студенттерге білім майданында таудай
талап, талмас қанат тілей отырып, алдағы
уақытта осындай сайыстардың қатары
көбейе берсін демекпіз!
Зухра МАКСИМҚЫЗЫ,
информатика кафедрасының оқытушысы
Ғылыми байланыс – заман талабы
19 наурыз күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Физика-математика» факультеті
Қалмақ мемлекеттік университетімен бірге «Жоғарғы оқу орнындағы модульді құзыретті оқытуда қолдану» атты ғылыми-
әдістемелік онлайн-семинар өткізді. Онлайн-семинарға ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі про-
ректор Ә.Қ.Мұқтар, физика-математика факультетінің деканы А.Б.Медешова, факультеттің оқытушылары және ақпараттық
жүйелер мамандығының студенттері, Қалмақ мемлекеттік университетінің ғылыми жұмыстар бойынша проректоры
В.О.Имеев, «Математика, физика және ақпараттық технологиялар» факультетінің деканы Е.В.Сумьянова, «Ақпараттық
технологиялар» кафедрасының меңгерушісі М.В.Горяев., халықаралық байланыстар бөлімінің жетекшісі К.Б.Болаева
және кафедра оқытушысы Е.О.Басангова, Е.Н.Джаханаева қатысты.
Ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі
проректор Ә.Қ.Мұқтар екі университеттің арасындағы
байланыстың әрі қарай жалғаса беруіне және осындай
шаралардың өтуін жалғастыруға тілек білдірді.
В.М.Горяев «Қалмақ мемлекеттік университетінде бәсекеге
қабілетті түлектерді дайындауда «Фундаментальді информатика
және ақпараттық технологиялар» бағытындағы оқу бағдарламасы
аясында ақпараттық құзыреттіліктің қалыптасуы» тақырыбында
баяндама жасады. Баяндамада «Фундаментальді информатика
және ақпараттық технологиялар» бағытында оқытылатын пәндер
бойынша модульдік оқыту туралы айтып өтті.
БҚМУ оқытушысы Ж.С.Иксебаева «М.Өтемісов
атындағы БҚМУ-дағы көптілді білім беру» атты тақырыпта
баяндама жасап, Қалмақ мемлекеттік университетіне
физика-математика факультетіндегі көптілді білім беруді
таныстырып және оны дамыту жолдарын талқылады.
Онлайн-семинарда «Қос диплом мәселелері және
оларды шешу жолдары» мәселесі қарастырылды.
А.Б.Медешова 5В011100 «Информатика» мамандығының
студенттері төрт жыл БҚМУ-да оқып, бесінші жыл Қалмақ
мемлекеттік университетінде «Фундаментальді инфор-
матика және ақпараттық технологиялар» бағытында
оқуын жалғастырып, екі диплом алатындығын айтып өтті.
Осы мәселе бойынша БҚМУ-дағы кредиттик технология
мен Қалмақ мемлекеттік университетіндегі дәстүрлі
оқыту технологиясы арасында қарама-қайшылықтар
болатындығы, сонымен қатар мамандықтар арасында
айырмашылықтарды қосымша оқу семестрі арқылы
ақылы тапсыруға болатындығын айтты. Өз кезегінде
Қалмақ мемлекеттік университетінің ғылыми жұмыстар
бойынша проректоры В.О.Имеев бұл мәселені әлі де тереңірек
қарастырып, оқу жұмыс бағдарламаларын қайта қарастыруды,
БҚМУ-дағы 1 кредит Қалмақ мемлекеттік университетінде 36
сағат екенін ескеру керектігін және қос диплом жөнінде тағы
онлайн-семинар жасап, талқылауды ұсынды. Мұндай онлайн-
семинар факультетте бірінші рет ұйымдастырылып отыр
және алдағы уақытта мұндай шаралар жалғасын табады деп
ойлаймыз.
Динара ЖАРКИНҚЫЗЫ,
информатика кафедрасының оқытушысы
Әйел -
ана,
батыр,
жар
«Біздің халқымыздың өз мәдениеті, өз дәстүрі мен салты бар.
Халқымыз «Қыздың жолы - жіңішке» дегенге ерекше мән беріп
айтады. Бойжеткеннің жолы, қыздың жолы – қылдай, оны үзуге бол-
майды. Бойжеткен, әйел заты әрдайым біздің қоғамның тең құқылы
мүшесі, ал ана – оның ең ардақты тұлғасы болды. Біз әйел затына –
анаға, жарға, қызға деген қапысыз құрметті қайта оралтуға тиіспіз.
Біз ананы қорғап-қолдауымыз керек. Мені отбасында әйелдер мен
балаларға тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсету жайттарының
көбеюі алаңдатады. Әйелді құрметтемеу деген болмау керек.
Бірден айтайын, ондай зорлық-зомбылықтың жолы қатаң түрде
кесілуі тиіс. Мемлекет әбден асқынған жыныстық құлдыққа, әйелге
тауар ретінде қарайтын көзқарасқа айрықша қатаң түрде тыйым
салуға тиіс. Біздің елімізде толық емес отбасылар көп. Мемлекет
баланы жалғыз тәрбиелеп жатқан аналарға көмектесуі керек. Біз
әйелдер үшін икемді еңбек түрлерін қалыптастырып, үйде жұмыс
жасауларына жағдай туғызуымыз керек. Заң, мемлекет және мен
біздің ханымдарымыздың жағындамыз. Біз бұдан әрі де елімізде
әйелдердің рөлі артуы үшін барлық жағдайды жасайтын боламыз.
Қазіргі замандағы қазақстандық әйел қызмет істеуге ұмтылуы ке-
рек. Әйелдерді мемлекеттік және қоғамдық басқару ісіне белсене
тартқан жөн, әсіресе, жергілікті деңгейдегі өңірлерде. Олардың
бизнес ашып, оны жүргізуіне де қолайлы жағдай жасаған абзал.»
- деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында
әйел затына үлкен мән береді.
Қазақтың көшпелі дәуірінде қыздарды, әйелдерді жоғары
бағалаған. «Олар - өмір -өмірдің сәні мен салтанаты, ер
адамдардың ақылшысы, балалардың тәрбиешісі» деп қараған.
Әйел - ибалы қыз, инабатты келін, қарындас, ана, апа, әже. Ата-
бабаларымыз қашанда ұрпақ тәрбиесін әйел-анаға жүктеген,
әйелді құрмет тұтқан. «Алып анадан туады» демекші, біздің қайсар
аналарымыз талай-талай таланттарды дүниеге әкелді.
Қазір тарихи сахнада ғылым, білім, техника, ақпарат,
сауаттылық заманы. Ерлердің ісі болып есептелетін салада
әйелдердің саны артып келе жатқандығын кім де болса мойындай-
саны артып келе жатқандығын кім де болса мойындай-
саны артып келе жатқандығын кім де болса мойындай-
артып келе жатқандығын кім де болса мойындай-
артып келе жатқандығын кім де болса мойындай-
келе жатқандығын кім де болса мойындай-
келе жатқандығын кім де болса мойындай-
жатқандығын кім де болса мойындай-
жатқандығын кім де болса мойындай-
кім де болса мойындай-
кім де болса мойындай-
де болса мойындай-
де болса мойындай-
болса мойындай-
болса мойындай-
мойындай-
мойындай-
ды. Әйел көлікті де жүргізе алады, ұшақты да басқарады. Бүгінгі
әйел билік басында еркекпен иық тірестіріп жұмыс істеп жүр.
Талантты, білімді әйел ешқандай тосқауылға қарамай, отбасын
құрып, билік басында отырып, керек десеңіз министр қызметін де
атқара алады.
Қазақ тарихында, ұлт мәдениетінде, салтында, дәстүрінде әйел
адамның, қыз баланың қоғамдағы орны, ең алдымен, отбасындағы
орнымен қадірлі саналған. Яғни әйел адам - қоғамымыз үшін
болашақ ұрпақты жалғастырушы ана, мемлекет өміріндегі жауапты
қызметкер, отбасындағы аяулы жар. Сондықтан да отбасы мен
қызметін бірге ала жүріп, әлемнің бесігін тербеуге құдіреті жететін
әйел адамды әрқашанда құрмет тұтуымыз керек!
Айгүл МЕДЕШовА,
физика-математика факультетінің деканы
Ғажайып сандар әлемі
Адамзат тарихында ең ерте қалыптасқан ғылымдардың бірі
– математика. Математиканың алғашқы бесіктерінің бірі Мысыр
елі болды. Адамзат даналығының ойлап тапқан жаңалығы ол –
жазу. Қазіргі әлем халықтары жазуды жоғарыдан төмен, солдан
оңға қарай жазып жүр. Неге? Өйткені, олар бұл әдісті соқаның
қозғалысынан алған екен. Осы жазулардың негізінде пайда
болған таңбалардың бірі - цифр. Цифр дегеніміз – сөздерді
қағаз бетіне қондыру үшін қолданылатын әріптер қандай қажет
болса, сандарды жазу үшін керекті таңбалар. Цифр деген сөздің
төркіні арабтың «Әс-сифр» деген сөзінен алынған, ал оның
мағынасы үнді халқының бос орын – «Сунья» деген сөзінің
аудармасы екен.
Қазақ халқында «ғажайып» сандар бар деген пікірді
қолдайсыз ба? Үш, төрт, бес, алты, жеті, қырық, жүз сан-
дары ғажайып сандарға жатады, өйткені бұл сандар
мақалдарда, аңыз-әңгімелерде, Абай өлеңдерінде, т.с.с. әдеби
шығармаларда жиі кездеседі. Адам дүниеге келгенде жеті күнде
кіндігі түседі, қырқынан шығарып, шілдехана тойын жасайды.
Ал, адам өлгенде о дүниелік болғанының үш, жеті, қырық, жүз
күндігі аталып, марқұмды еске алу садақалары өткізіледі.
Ғажайып сандардың бірі - жеті саны жайлы айтар болсақ,
жердің жүзін мекендеген халықтардың көбісі ерте кезден-ақ жеті
санында сиқырлық күш бар деп санаса, оны киелі, қасиетті деп
ұғатын да ұлттар бар. Біздің ата-бабаларымыз да жеті санын
қастерлеп, бірқатар таным-түсінігі мен табиғат құбылыстарын,
аспан денелері мен заң, жүйелерді жеті санымен атайды.
Достарыңызбен бөлісу: