№ 4 (888) наурыз-сәуір 2013 жыл
19
Парасат
Техникалық және кәсіптік білім беру - Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуын
іске асырушы еңбек кадрларын даярлаудағы сапалы ұмтылыс.
№3(8), наурыз-сәуір 2013 жыл
Қалың қалай, түлек?!
Колледж қабырғасында жүріп, болашағынан көп үміт
күттірген белсенді студенттер қазіргі таңда қайда жүр,
өмірде өз орындарын тапты ма? Өз мүдделерін қоғам
мүддесімен қалай үндестіруде?
Осы бағытта сауалнама жүргізіп, түлектермен жүздесудің
сәті түскен еді.
Жүсіпов Бауыржан,
«Еуразиялық банк» АҚ,
кепілдіксіз бөлімнің не-
сие бойынша бас мама-
ны (2010 жылғы түлек):
- «Мектепті аяқтаған
соң, М.Өтемісов атындағы
БҚМУ-ға құжат тапсырып,
өз білімімді сынап көрдім.
Өкінішке орай, қалаған оқу
орныма түсуге мүмкіндік
болмады. Дегенмен, со-
нау Арал теңізі жағасынан
білім іздеп келген соң,
қайта кетуге намысым
жібермей, осы оқу орны
жанындағы колледжге
т үсуді жөн с ана дым.
Колледжді мемлекеттік
тапсырыс негізінде үздік аяқтап, ЖОО-ға қайта бардым.
Қазіргі таңда сол кезден бастап жинаған теориялық білім мен
практиканың арқасында халыққа қызмет көрсетіп келемін. Батыс
өңіріне келгенде құшақ жая қарсы алған ұстаздарыма және кура-
торым Жансая Мұратқызына алғысым шексіз».
Қарекенова Мөлдір,
«Батыс Қазақстан
облысы бойынша
монополияға қарсы ин-
спекциясы» мемлекеттік
мекемесінде «Тергеу және
құқықтық қамтамасыз
ету бөлімінің» бас мама-
ны (2011жылғы түлек):
- «Қазіргі заман тала-
бы - экономика саласы
мен ІТ технологияларды
меңгерген, өзінің кәсіби
д е ң г е й і м е н н а р ы қ т ы ң
жаңа ағымына жауап бере
алатын білікті техникалық
мамандардың қажеттілігі.
Осы қажеттіліктерді мен
бітірген БҚМУ колледжі жүзеге асырып жатыр десем,
қателеспеймін. Өндірістік машықтан өтіп жүріп, әрі қарай осы
жұмысқа орналасуыма мүмкіндік берген оқу орнына және кура-
торыма алғыс жолдаймын».
Жаманкулов Асхат,
Жәңгір хан атындағы
БҚАТУ, «Студенттік
мансап және кәсіби да-
ярлау» департаментінің
аға менеджері (2009
жылғы түлек):
- «Адамға ешқашанда өз
мақсатына жету кеш болмай-
ды. Мен өз басым мектепті
ж а қ с ы а я қ т а ғ а н ы м м е н,
1 жыл ата-анама көмектесіп,
шаруашылықпен айнылыс-
тым. Содан кейін осы білім
ордасына оқуға түсіп, досым
Амангелді Имашевпен бірге
түрлі қоғамдық жұмыстарда
колледж намысын қорғап жүрдік. СҚЖ қатарында болып, үздік
жауынгер де атандым. Болашағыма жол ашқан оқу орныма
шексіз ризамын».
Исказиев Жомарт пен
тасанова Қарлығаш
- 2008, 2009 жылғы
түлектер, Қазіргі таңда
отбасылық жұп Теректі
ауданы, Аңқаты ауылы,
Аңқаты жалпы орта білім
беретін мектепте физи-
ка пәнінен сабақ береді.
- Ұстаздық қызметті
таң даған ж ұп коллед ж
қабырғасында түрлі шара-
ларда өз білімдерін сынап
жүрді. Колледжді аяқтаған
с оң , екеуі де БҚМУ-да
білімдерін жалғастырып,
м ем л е кет тік тап с ыр ыс
негізінде аяқтады. Қазіргі
таңда Қарлығаш 1 курс магистранты. Ауылда алғаш еңбек
жолын бастаған жас мамандар мектептің мерейін арттыру-
да да өз үлестерін қосып келеді. Шәкірттері ҰБТ-дан 100%
көрсеткішпен еңбектерін ақтап келеді. «Дипломмен ауылға!»
бағдарламасына сай мемлекет тарапынан қолдауларға ие
болып, жас шаңырақтың керегесі кеңеюде.
Ананы ұлықтауды әлем бізден үйренсін...
Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана,
Келтірген дүниеге нелер дана.
Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ,
Өмірдің алтын кілті сонда ғана, - дегендей көктем
табиғатымен ұжымдасқан жылылық, шексіз мейірімділік,
дүниеге жаңа келген тіршілік иесіне нұрын шашып, келешекке
ақ жол, адал ниет нұсқап өмір себуші асқақ құдірет иесі, адам
сәулетшісі – ол Ана.
Адам “адам” болғысы келсе, алдымен ананы қастерлей білуі
керек. Өмірде ана алақанының қызуы мен әке-шеше мейірімін
тоя жеген тамақ та, шипасы күшті дәрі де алмастыра алмайды.
Осыдан жарты ғасыр бұрын ғалымдар жүргізген бір қарапайым
тәжірибе осыған дәлел болса керек. Ғалымдар адам аналары-
нан айрылған маймыл балалар үшін екі қуыршақ маймыл ана
жасап, бірінің омырауынан сүт шығатын, денесі қатты да суық
етіп, екіншісінің омырауынан сүт шықпайтын, бірақ денесін
жылы да жұмсақ етіп, жасаған екен. Маймыл балалары сүті бар
денесі қатты қуыршақты емес, сүті жоқ болса да денесі жұмсақ
қуыршақты ана ретінде қабылдап, соның бауырына тығылған.
Міне, сонда кімге болса да бәрінен бұрын керегі мейірім, ана
құшағы ғана.
Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистерінде де ең алдымен
ананы құрметтеу парыз екені айтылады. “Әуелі анаңа, тағы да
анаңа, содан соң әкеңе жақсылық жаса” делінген. Ана – үйдің
берекесі, қыз баланың өнегесі, шаруаның несібесі. Ананың
көзінен нұр төгіліп, жан-жағына шуағын төгеді емес пе? Осы
шуақпен жылынып, асыл ананың құшағында мейір алып жүрген
біз – алтын ананы мәңгі қастерлеп, еңбегін бағалап өтейікші!
Аяулы ұстаздар мен ару қыздар, көктемгі гүлдей құлпырып,
жайнап жүре беріңіздер!
Құрманғазы ӘліПов,
математика мамандығының
2 курс студенті
Батамен ел көгерер...
Бала кезімізден 14 наурыз күні таңмен асыға тұрып, үлкендердің батасын алуға, көрісуге шабатынбыз. Ауылда үй-
үйді аралап, бауырсақтан дәм тиіп, тәтті тағамын, кәмпиттерін қалтамызға сыйғыза алмай бір жасап қалушы едік. Ал
аналарымыз қыстан жинаған бар тәттілерін дастарханға жайып отыратын. Бұл күні бүкіл ауыл бір-біріне туыс жандардай
болып шыға келетін.
Міне, қыстың ызғары кетіп, шуақты көктем басталғанда
келетін бұл айтулы күннің әсері адам үшін ерекше есте
қаларлық. Дәстүр жалғастығы ретінде колледжімізде «Бір
жасыңмен!» атты үлкен шара өтті. Дәстүрге сай кіші үлкенге
барып төс қағысып, қол алысты. Әр топтың үлкені бата беріп,
бір-біріміздің бауырсағымыздан ауыз тидік. Ал, кураторлар мен
ұстаздарымыз тәттілерін дайындап, студенттер мәз-мейрам
болып қалды.
Көрісу күні әр адам өзінің тума-туыс, жақын-жуық
адамдарының, дос-жарандарының бәрімен қол алысып, көрісіп
шығуы тиіс. Тіпті 14 наурызда көрмей қалған жақындарын одан
кейін де, сәуір, мамыр айларында көрсе де, көрісіп амандасу
міндет болып табылады.
мерекенің сәнін келтірді.
Үлкеннен бата алып, бір-бірімізге тілек тілеп, «Келесі
наурызға дейін аман-есен жетейік»,- деп Мейрам Исатайұлы
өз лебізін жеткізді.
Мереке алтыбақан теуіп, ұлттық ойындар ойнаумен
жалғасын тапты.
Бақайдың немересі Әлібек
Шуақты көктемнің келуімен үндесіп жатқан қос
мерекенің тамыры бір жерден шыққан. Салт-дәстүрімізді,
әдет-ғұрыптарымызды дәріптейтін Наурыз мейрамына
арналған 19 наурыз күні «Қош, келдің әз-Наурыз» атты
колледж мұғалімдері мен студенттерінің шағын мерекелік
концерті өтті.
Колледжімізді қазақы түрде безендіріп, киіз үй тігіп, жерімізді
гүлмен көмкердік. Үлкен дастархан жайылып, қазақтың ұлттық
бесбармағы, мейрамның символы Наурыз көже, қазы-қарта,
бауырсақтардан ауыз тидік. Ұстаздарымыз ұмытылып бара
жатқан салт-дәстүрлерді көрсетсе, студенттеріміз ән шырқап
№ 4 (888) наурыз-сәуір 2013 жыл
20
МЕНШіК ИЕСі:
М.Өтемісов атындағы
Батыс Қазақстан мемлекеттік
университеті.
Газет айына бір рет шығады.
ҚОЛЖАЗБАЛАР АВТОРЛАРЫНА КЕРІ ҚАЙТАРЫЛМАЙДЫ. ДЕРЕКТЕРДІҢ ДӘЛДІГІ ҮШІН АВТОР ЖАУАПТЫ. ЖАРИЯЛАНЫМ АВТОРЛАРЫНЫҢ ПІКІРЛЕРІ РЕДАКЦИЯ КӨЗҚАРАСЫН БІЛДІРМЕЙДІ.
Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және
қоғамдық келісім министрлігінде 14.06.1995ж. тіркеліп, тіркеу
туралы нөмірі №11390-Г куәлігі берілген.
ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі Ақпарат және
мұрағат комитетінің келісімімен мерзімді баспасөз басылым-
дарын және (немесе) ақпарат агенттіктерін 10.12.2012ж. қайта
есепке алу туралы №13213-Г куәлігі берілген.
Индексі 090006. Таралымы 2000
РЕДАКтоР:
Марта Орынбасаровна ДЖУМАГАЛИЕВА
тілШілЕР:
Гулфани ЕРСАЙЫНОВА, Данагүл ЕРҒАЛИЕВА,
ЯНА ГУМАРОВА
КоРРЕКтоР:
Светлана БЕККУЖИЕВА
Достық даңғылы, 162, тел.: 50-94-45. Біздің сайт: www. wksu.kz, e-mail: �C_SM�@wksu.kz
БЕт ҚұРуШЫ & ДИЗАйН:
Асель АБДУЛЛИНА
ФотоСуРЕт:
Рафхат ХАЛЕЛОВ, Жанаман ЕРҒАЛИЕВ
Оқу теледидары және
графикалық жобалау зертханасы
Газет Редакциялық баспа орталығында теріліп, беттелді.
«Полиграфсервис» ЖШС баспаханасында басылды.
п
е
р
е
м
е
н
а
Новое повальное увлече-
ние - танец «Harlem Shake»
завоевал сердца миллионов лю-
дей и распространяется среди молодежи со
скоростью взрыва. Интересно, а что думают
наши студенты об этом безумном танце?
Кассандра Рахматуллина, филфак, 2 иностранных языка, 2
курс:
-Я считаю, что эти танцы не соответствуют для наших студентов. Наши хотят подражать
им, а в итоге их отчисляют с университета. Я не считаю, что этот танец танцует молодежь,
потому что им так нравится, скорее всего они лишь подражают, и думают это круто. И в ин-
тернете очень много роликов. это слишком непристойные и грязные танцы.
Жанна Макешова, истфак, регионоведение, 2курс
-Этот танец негативно влияет на молодежь, но, танцуя этот танец, мы все равно остаемся казахами.
И это безумное увлечение так же, как мода, со временем устареет и забудется. Наши родители ещё во
времена студенческой жизни увлекались группой «Битлз» и танцевали под ее музыку, и в этом нет ничего
особенного. У каждого времени есть своя музыка.
Мария Социалова, филфак, 2 иностранных язык, 2 курс:
-По-моему, в этом танце нет ничего такого необычного. Такой же типичный американский танец, как в
свое время были известны брейк-данс и тектоник.
Серикбол Күркембаев, истфак, құқықтану, 3 курс:
-Сегодняшняя молодежь очень отличается от предыдущих поколений. Они увлекаются не тем, что действительно интересно,
а тем, что сегодня модно. И интернет забит бессмысленными роликами, одну из которых мы обсуждаем. Да, этот танец, или
увлечение, приводит сознание молодежи к низам. Просто не нужно обращать на это внимание, и со временем это забудется.
Дамир Хасангалиев, истфак, құқықтану, 4 курс:
-«Гарлем шейк» – новый «гангнам стайл», -на языке молодежи. Конечно же этот танец бесспорно завоевал сердца молодежи.
На мой взгляд, это сумасшедший танец, вырабатывается адреналин, но все-таки увлекаться не стоит. Современную молодежь
должны волновать не эти уличные танцы, а будущее, основанное на образовании.
Асем МуРЗАБАЕвА,
студентка 2-го курса «Регионоведение»
Отбасын құруға дайынсыз ба?
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде студент жастарға болашаққа бағыт-бағдар болар күрделі
мәселелер қозғалып, бастамаларына қолдау көрсетіліп келе жатқанына ешкімнің таласы жоқ.
Студент жастар үшін бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі отбасылық өмірге қадам басуы, отбасын құруы оның жауапкершіліктерін
сезіне білуі болып табылады. Университетіміздің тәрбие жұмысы жөніндегі бөлімның ұйымдастыруымен студент жастарға арналған
«Отбасылық өмір және жастарды отбасылық өмірге дайындаудың маңыздылығы» тақырыбында ашық семинар өткізілді.
үлгісін қазақ әдебиетінен, тарихтан, шынайы
өмірден, заң тұрғысынан, медицина саласынан
қарастырды.
Ос ы с ем и н а р д а н к е йі н с т уд е н т-
жастарымыз өздерінің түйген ойларын
былай деп өрбітеді:
Тұрақова Ақтолқын:
Ата-бабамыз «Үйлену
оңай, үй болу қиын» деп
текке айтпаған. Отбасын
құру - бұл бір сөзбен
айтқанда, жаңа өмірге
а яқ басу, я ғни сүйіп
қосылған жартыңмен
ө м і р д і ң қ ы з ы ғ ы м е н
қиыншылығын бірге көру.
А л қазіргі жастардың
көпшілігі үйленгеннен
кейін қиыншылыққа мойы-
май, ажырасып жатады. Жастарымыз отбасын
құруға ерте шешім қабылдайды, бұл меніңше
дұрыс емес. Жалпы өзім ерте отбасын құруға
қарсымын. Оқу оқып, білім алып, жұмыс
жасап ата-ананың сенімінен шығып, үмітін
ақтап, ақ батасын алып кеткеннен артық не
бар?! Және де өмір бойы жаныңда болатын,
қуанышта да, қайғыда да, қасыңнан табылатын
болашақ жарыңды асықпай таңдаған жөн деп
ойлаймын.
Абзалов Ернар:
Қ а з і р г і қ о ғ а м д а
үйлену оңай дегеннің
ө з і н д е е с е п п е н
үйленем деушілер
көп кездеседі. Көп
жігіттер осыдан зар-
дап шегеді. Қазақ
с а лтын дағ ы қ ұ да
түсу, тәтті шай беру,
қалың мал өтеу, сырға
тағу сияқты әдеттер
материалдық қажеттілікті қажет етеді.
Ең бірінші ер азамат мамандық таңдау мен
жар таңдаудан қателеспеуі керек. Инабатты,
парасатты, ақылды, иманды қыз – болашақ
ана, елдің ұйытқысы. Пайғамбарымыз: «Қыздың
көзіне, тегіне, әлеуметтік жағдайына, иманына
қарап үйленіңдер. Сендер үшін ең абзалы - оның
иманы» деген екен.
Жеңілі мен ауыры, шуағы мен дауылы
қатар жүретін өмірде бір жағынан, жан
жарың, бір жағынан сырлас досың да бола
алатын екінші жартыңды таңдарда жүз рет
өлшеп, бір рет кескен абзал. Тек жар таңдауда
ғана емес, қай қай істе де ойланып, толғанып
шешім қабылдау керек. Сонда ғана әттеген-
айлар аз болады деп ойлаймын.
Гүлфани хАМЗИҚЫЗЫ
М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың
2 курс студенті
Семинарды осы шараны ұйымдастырушы тәрбие жұмысы жөніндегі бөлім жетекшісі М.И.Исатаев ашып,
студенттердің тұлғалық, мәдени, білім алуын жүзеге асыру, ғылыммен айналысуын қамтамасыз етілетінін, ал
жастарды отбасылық өмірге даярлау мәселесі кенже қалып тұрған мәселе екенін ашық айтты. №3 Орал
қалалық емханасының жасөспірімдер дәрігері, гинеколог С.Н.Бисембаева «Жастардың дұрыс
психологиялық, физиологиялық жетілуі – отбасын құруға негізгі әсер етуші факторлардың бірі»,
Орал қалалық әділет басқармасы, азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімінің маманы
Р.С.Даниялова, педагогика және психология кафедрасының магистр-оқытушысы
С.Б.Калаханова «Жастарды отбасылық өмірге даярлау мәселесінің
әлеуметтік-психологиялық аспектілері», қазақ филологиясының
магистр-оқытушысы Г.Г.Тұрғаналиева «Қазақ әдебиетіндегі қазақ
отбасыларының рөлі», құқықтық пәндер кафедрасының
о қ ы т у ш ы с ы Ж .Ә.Б а з а р ғ а л и е в а «Қ а з а қ с т а н
Республикасының жас отбасы және жастардың
құқықтық мәртебесі» тақырыптарында ба-
яндамалар оқыды.
Семинарда күн тәртібіндегі
өзекті мәселе жан-жақты
қарастырылып, мән-
маңызы баяндал-
ды. Отбасы
Ғажап қаладағы ғажайып күндер!
М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының студенттері
аттай жүйрік темір тұлпармен құстай ұшып, Ақтөбе қаласына Наурыз мерекесін тойлау
үшін қыдырып бардық.
Ертегіге айналған әсем де сұлу, көздің
ж ау ы н а л а р л ы қ т а б и ғ а т ы м е н с әул ет і
жарасқан ару Ақтөбені көруге біз де көптен
бері құмартып жүр едік. Сөйтіп, наурыздың
демалыс күндерінде тамаша көктеммен бірге
құлпырған қаланы көруге нәсіп етіпті. Көптің
қуанышына айналған «Мега» деп аталатын
орталық пен «Н.Назарбаев алаңы» бізді
көркемділігімен таңқалдырды.
«Тойдың боларынан боладысы» қызық
демекші, Ұлыстың Ұлы күнін атап өту үшін
ұлттық киімдер киген қазағымыздың қонақжай
халқы «Н.Назарбаев» алаңына жиналып-
ты. Алаңда тігілген аппақ ақмаржандай киіз
үйлер көздің жауын алады. Әр үйде қайнап
жатқан наурыз көжелер мен бауырсақтарға
қарап көзің тояды. Бірге жүрген жастар
үйлердегі дәмдерден ауыз тиіп, көтеріңкі
көңіл-күймен алтыбақан теуіп, Біржан сал,
Ақан серілердің жолын басқан ақын жігітіміз
Азамат суырыпсалмалығымен халықтың на-
зарын өзіне аударып, қошеметке бөленді.
Бір өлеңді бастайын жұртым аздап
Төрт жігіт Оралдан келіп қалдық
Арамызда Данагүлдей бір қызғалдақ
Ағайындар бұл мерекені шын ұғыпты
Осылайша киіз үйді тігіпті ғой
Және де алтыбақан құрылыпты.
Ойлаған мақсаттарға жетеміз бе?
Біздерде бір қимылды етеміз бе?
Ендеше алтыбақан тебейікші,
Әдейі Ақтөбеге келген кезде,
Алтыбақан тебе алмай кетеміз бе?-деген
Азаматтың жыр жолдары жиналған қауымға
шалқар шабыт сыйлады.
Міне, студенттер қауымы да ұлттық
мерекені әсем де әсерлі өткіздік.
Данагүл ЕРҒАлИЕвА,
филология факультетінің 1-курс студенті