режиме в конференции приняли уча-
стие ученые и специалисты России,
Казахстана, Украины и Азербайджана.
Казахстанскую сторону представили
главный специалист отдела по правам
интеллектуальной собственности
Департамента юстиции Западно-
Казахстанской области Н.Б.Хамбетов,
преподаватели, студенты ЗКГУ, дирек-
тор Центра стратегического развития
и качества О.В.Юров, Департамент
науки и коммерциализации ЗКГУ.
Собравшиеся говорили об острой
необходимости возрождения обычая честно вести дела на
основе честной конкуренции, создания для этого юридического
сопровождения как об огромной социальной задаче работы
конференции.
От ЗКГУ на конференции выступили
кандидат юридических
наук, доцент кафедры правовых дисциплин ЗКГУ Клара
Мухамедьяровна Онгарбаева («Охрана прав интеллектуальной
собственности в Республике Казахстан») и
кандидат экономиче-
ских наук, доцент кафедры экономической теории и бизнеса
ЗКГУ Нафиса Гумаровна Шамакова.
-Проблемы конкуренции на рынке финансовых услуг и анти-
монопольного регулирования являются весьма актуальными в
настоящее время, а добросовестная конкуренция только спо-
собствует развитию рынка этих услуг. В связи с этим необходимо
регулирование деятельности элементов финансовой системы с
точки зрения их правомерной деятельности, которое возможно
при их совместной деятельности и антимонопольной службы
РК, - было сказано в докладе Н.Г.Шамаковой.
Как сказал, подводя итог конференции, О.В.Юров, прошедшее
мероприятие является показателем активного участия вуза в
решении актуальных научных и практических задач на пост-
советском пространстве. Наши ученые пользуются заслужен-
ным авторитетом и постоянно принимают участие в подобных
конференциях, которые стали традиционными. Для молодых
преподавателей ЗКГУ такие конференции являются школой, где
можно получить новые знания, освоить методику научного ис-
следования с тем, чтобы в дальнейшем сотрудничать с нашими
зарубежными коллегами.
Тематика международных конференций, актуальные про-
блемы, которые рассматриваются, являются основой для со-
вершенствования содержания образовательного процесса,
разработки элективных дисциплин, спецкурсов, студенческих
научных работ.
-Используя современные интернет-технологии, мы получили
прекрасную возможность делиться опытом с нашими партне-
рами, обучать наших студентов и в целом активно присутство-
вать в мировом образовательном пространстве, - заключил
О.В.Юров.
Еділ үшін егестік,
Тептер үшін тебістік,
Жайық үшін жандастық.
Қиғаш үшін қырылдық...
Махамбет Өтемісұлы
М. Өтемісов атындағы БҚМУ-дың акт залында Қазақстан Республикасы та-
рихы кафедрасының ұйымдастыруымен «Ұлт-азаттық қозғалыс және Махамбет
Өтемісұлы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Ұлт-азаттық
қозғалыс және
Махамбет Өтемісұлы
Жас ғалымдарға мемлекеттік жоба аясында гранттарды
ұтып алуға тілектеспіз.
Әсем МЫРЗАБАЕвА,
аймақтану мамандығының студенті
Бұл шараға Батыс Қазақстан облыстық ішкі саясат
басқармасының бастығы М.Л.Тоғжанов, облыстық мәслихат
депутаттары Г.М.Жаңбыршиев, А.Зейнуллаұлы, еңбек ардагері
Тихон Әліпқали, «Исатай-Махамбет» қорының директоры
Т.Д.Елубаев және БАҚ өкілдері, жас ғалымдар мен студенттер
қатынасты.
Жиынды ашқан университет ректоры Асхат Сәлімұлы
Иманғалиев бұл шараның мән-маңызына тоқталып, баяндама
жұмыстарына сәттілік тіледі.
Дөңгелек үстел жұмысында «Ұлт-азаттық қозғалыс және
Махамбет Өтемісұлы», Отандық тарихтағы махамбеттану
саласының зерттелу мәселелері, Жастарға патриоттық
тәрбие берудегі Махамбет тағылымы бойынша мәселелер
талқыланды.
Шара барысында т.ғ.д. Ұ.Т. Ахметова «ХІХ ғ. бас кезеңіндегі Кіші
жүздегі ұлт-азаттық қозғалыстар және олардың сабақтастығы»
атты баяндамасын оқыса, ф.ғ.д. Ғ.Қ.Хасанов «Махамбет
толғауларының тілдік ерекшелігі» атты жұмысында Махамбет
өлеңдерінің тілдік ерекшеліктеріне тоқталып, кейбір сөздерге
түсініктеме беріп өтті.
Тарих және құқық факультетінің деканы, т.ғ.к. С.М.Ғиззатовтың
«Исатай мен Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтеріліс және оның
отандық тарихындағы маңызы», т.ғ.к. М.Ғ. Дюсенғалиеваның
«Исатай - басшы, мен - қосшы» және магистрант С.Н.Сақауованың
«Батырлар институты және оның дәстүрлі қазақ қоғамындағы
орны» атты баяндамаларында көптеген түйткілді мәселелер
қозғалып, ұсыныстар қабылданды.
Шара барысында түрлі ұсыныс-пікірлер қаралып, күн
тәртібіне қойылды және ректор А.С.Иманғалиев мұрағат
деректерімен жұмыс жасаймын, ғылыми зерттеулер жүргіземін
деушілерге қолдау білдіретінін баса айтты.
Махамбет Өтемісұлына - 210 жыл
№ 4 (888) наурыз-сәуір 2013 жыл
4
біліМ
Оқушылардың білімі сараланды
5-я республиканская в ЗКГУ -
хорошие результаты!
Западно-Казахстанский государственный университет им. М.Утемисова стал хозяином пятой республи-
канской студенческой олимпиады по географии, которая проходила 26-27 марта в стенах нашего вуза.
Все хлопоты по организации мероприятия республикан-
ского масштаба легли на плечи сотрудников Департамента
науки и коммерциализации и преподавателей естественно-
географического факультета, в частности – кафедры географии,
который возглавляет Валентин Иванович Амельченко, кандидат
географических наук, доцент.
Для участия в олимпиаде к нам из 17 университетов, пред-
ставляющих все уголки нашей Родины, приехали 54 студента со
своими руководителями – известными географами Республики
Казахстан. Задания для теоретического тура олимпиады соста-
вили учёные и ведущие преподаватели Оренбургского педаго-
гического университета, задания практического тура разрабо-
таны учёными Оренбургского университета под руководством
доктора географических наук, профессора Герасименко Татьяны
Ильиничны. Это повысило объективность в проведении и оценке
результатов выполненных заданий на олимпиаде.
Олимпиада – прекрасная возможность и оптимальная фор-
ма для стимулирования познавательной и исследовательской
деятельности студентов, раскрытия творческого потенциала
и формирования активного отношения к совершенствованию
системы образования. Кроме этого, происходит общение
студентов университетов страны, обмен опытом преподава-
телей, расширяется общекультурный кругозор студентов и
преподавателей.
Олимпиада по географии проводилась в форме очного со-
ревнования студентов, которое предусматривало выполнение
заданий, имеющих теоретическую и практическую направлен-
ность.
В олимпиаде по географии приняли участие студенты
2-го, 3-го курсов очного отделения из ВУЗов Республики
Казахстан, обучающиеся по специальностям: 5В011600 –
«География», 5В060900 - «География».
В первый день олимпиады состоялся первый тур, на кото-
ром были предложены теоретические задания по физической
географии материков и океанов, экономической, социальной и
политической географии зарубежных стран, геоморфологии и
гидрологии. Второй тур состоялся во второй день олимпиады, на
нем были предложены задания практической направленности
физической и экономической географии Казахстана. Рабочими
языками олимпиады – являлись казахский и русский.
Жюри определило критерии оценки и порядок подсчета
баллов, самостоятельно осуществило проверку и оценку вы-
полненных заданий и приняло решение по награждению участ-
ников на основе результатов олимпиады, которые выглядят
следующим образом:
Специальность 5В011600 «География образовательного
направления» – командные места:
1 место – ЗКГУ им. М. Утемисова (Филонов Владимир,
Мурзатаева Мария);
2 место -– Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институы
(Бижанов Дидар Шамильулы, Елеуов Нұрсұлтан);
3 место – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық
университеті (Хорғасбай Еңлік Тохполатқызы, Жұмабаева
Назерке Сәдуахасқызы)
Специальность 5В011600 «География образовательного
направления» - личные места:
1. Шадский Евгений - Е.А Букетов атындағы Қарағанды
мемлекеттік универсиеті;
2. Жұмабаева Назерке - Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті;
3. Круч Татьяна - Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау
мемлекеттік университеті.
Специальность 5В060900 –«География естественно-
научного направления» командные места:
1. М.Козыбаев Атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік
университеті (Еньшина Лилия Камилевна, Шугулова Дина);
2. Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті
(Букенова Саида Бекбулатовна, Кабдуш Ержан Байсарыұлы );
3. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
(Оспанбаева Айдана Амангельдыкызы, Максимова Ақбота
Максимқызы)
Специальность 5В060900 –«География естественно-
научного направления» – личные места:
1. Еньшина Лилия Камилевна - М.Козыбаев Атындағы
Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті;
2. Шугулова Дина - М.Козыбаев Атындағы Солтүстік
Қазақстан мемлекеттік университеті;
3. Букенова Саида Бекбулатовна – Л.Н. Гумилев атындағы
Евразия ұлттық университеті.
Владимир Филонов, Мария Мурзатаева, победители олим-
пиады в командном зачете по географии образовательного на-
правления, считают, что нынешние задания были значительно
сложнее, больше вопросов. «Но зато мы лучше узнаем своих
будущих коллег, закрепляется дружба между студентами раз-
личных университетов», - уверены студенты.
Своей радостью поделился с читателями газеты «Оркен»
победитель в личном зачете студент Карагандинского государ-
ственного университета им. Е.А.Букетова Евгений Шадский.
-Я посвящаяю свою победу своей любимой кафедре гео-
графии КарГУ! – заявил Евгений.
Марта ДЖуМАГАлИЕвА
Қазақстан Республикасы Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың қазақстандықтарға Жолдауында
Отанымыздың 2050 жылға дейінгі дамуының
стратегиялық ерекшеліктері анықталған. Жолдауда
айтылғандай, бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу
үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек.
Алға қойылған мақсатты орындау үшін республиканың
ақыл-ойы, шығармашыл потенциалын өсіру қажет, да-
рынды балаларды анықтау мен дамыту үшін өркениетті
жағдайлар жасау керек. Дарындылықты анықтаудың
бір жолы - олимпиадалар, жарыстар, конкурстар
өткізу. Осы бағытта 28 наурызда М.Өтемісов атындағы
Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті Тарих
және құқық факультетінің ҚР тарихы кафедрасының
профессор-оқытушылар құрамы Батыс Қазақстан
облысының жалпы орта білім беретін мектептерінің,
мектеп-гимназияларының 10-11 сынып оқушыларына
арналған тарих пәнінен олимпиада ұйымдастырды.
Оқушыларға арналған тарих пәнінен олимпиаданың негізгі
мақсаты - оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын дамы-
ту, пәндік білімін тереңдету, дарынды балаларды анықтау, ең
бастысы, өскелең ұрпақтарды мамандыққа кәсіби шыңдау үшін
қажетті жағдай жасау.
Олимпиада жазбаша жұмыс – эссе жазу, «Қазақстандық
патриотизмді қалыптастырудың өзекті мәселелері» тақырыбында
жобаны қорғау, Қазақстан Республикасының мемлекеттік орта
міндетті білім беру стандартына сәйкес Қазақстан тарихы,
Дүние жүзі тарихы пәндерінен тестілеуден тұрған 3 тур бой-
ынша өткізілді.
Әзілқазылар алқасы Қазақстан Республикасы тарихы,
Дүниежүзі тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер, Құқықтық
пәндер кафедраларының жоғары кәсіби білікті мамандар,
тарихшы-ғалымдарынан құралды.
Олимпиада тарих және құқық факультетінің акт залында
басталып, оны ОӘ жұмыс жөніндегі проректор Ғ.Қ. Жүсіпқалиева,
факультет деканы С.М. Ғиззатов құттықтау сөзімен ашты.
Концерттік нөмірлерден соң орта мектептердің 10-11 сыныпта-
рынан 49 оқушының білімі сараланды.
Алдын-ала жасақталған әділқазылар алқасы оқушылардың
жұмыстарын бағалап, марапаттауға ұсынды. Әділқазылар
алқасының шешімімен 11-сынып қазақ бөлімінен І орынды
ОДБАММИ оқушысы Орынбасаров Мирас, ІІ орынды Асан
мектебінің оқушысы Галиева Дина, ІІІ орынды Ақсуат ЖОББМ
оқушысы Сундеткалиев Шындаулет, 11-сынып орыс бөлімінен
І орынды Орал қалалық № 9 ЖОББМ оқушысы Боранбаева
Айгерим, ІІ орынды Орал қалалық № 20 ЖОББМ оқушысы
Азат Анель, ІІІ орынды Орал қалалық № 21 ЖОББМ оқушысы
Темеш Айгерим, 10-сынып қазақ бөлімінен І орынды А.Тайманов
атындағы № 34 мектеп-гимназиясының оқушысы Шуйнов Азамат,
ІІ орынды Орал қалалық № 41 жаратылыстану-математика
бағытындағы мектеп-лицейдің оқушысы Қадрболатов Ершат,
ІІІ орынды Орал қалалық № 22 ЖОББМ оқушысы Айтуов Асет,
10-сынып орыс бөлімінен І орынды Орал қалалық № 45 ЖОББМ
оқушысы Есеев Ердан, ІІ орынды Орал қалалық № 16 ЖОББМ
оқушысы Шагатаев Данильхан, ІІІ орынды Орал қалалық № 13
ЖОББМ оқушысы Маркова Светлана иеленді. Батыс Қазақстан
облысының жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары
арасындағы пәндік олимпиадада мазмұнды әрі өзінің ұшқыр
ойымын танылған жазбаша жұмыс – эссе ұсынғаны үшін
Орал қалалық № 13 ЖОББМ оқушысы Сабырханов Қуандық,
мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандарты-
на сәйкес Қазақстан тарихы, Дүние жүзі тарихы пәндерінен
тестілеуден үздік нәтиже көрсеткені үшін Орал қалалық № 12
ЖОББМ оқушысы Жумагалиева Ақторғын, өзекті де маңызды
жоба ұсынғаны үшін Орал қалалық А.Тайманов атындағы №34
мектеп-гимназия оқушылары Масғұт Ерсұлтан, Базарбаева
Алтын, олимпиадаға оқушыларды дайындаған, қатыстырған
мектеп немесе мектеп-гимназия әкімшіліктері, пән мұғалімдері
ректордың атынан алғыс хаттармен марапатталды.
Факультет әкімшілігі Орал қалалық білім басқармасына,
Батыс Қазақстан облысы білім басқармасына осы пәндік олим-
пиаданы ұйымдастыруға атсалысқаны үшін шексіз алғысын
білдіреді. Сондай-ақ, 80-жылдық тарихы бар, тұлға, қоғам мен
мемлекет талаптарына сай, білім, өнер мен мәдениеттің дамуы-
на оң әсер ете алатын, технологияның озық тәжірибелерін пайда-
лана отырып, жоғары білім беретін М.Өтемісов атындағы Батыс
Қазақстан мемлекеттік университетіне оқуға шақырамыз!
Жанар МұхАМБЕтҚАлИЕвА,
«Қазақстан Республикасы тарихы»
кафедрасының оқытушысы
4 апреля в ходе рабочей командировки директор
департамента стратегического развития и качества
ЗКГУ им. М.Утемисова к.п.н., доцент Олег Винальевич
Юров встретился с представителями Поволжского
государственного университета сервиса в г. Тольятти.
В рамках встречи были обсуждены планы дальней-
шего сотрудничества вузов. В повестку дня вошли
вопросы двустороннего академического обмена
студентами и магистрантами.
Знак приЗнания и
уважения
Договор о сотрудничестве в области высшего, по-
слевузовского образования и науки между Поволжским
государственным университетом сервиса и Западно-
Казахстанским государственным университетом им. М.
Утемисова действует с 2007 года. В 2012 году студенты
ЗКГУ прошли обучение по трем дисциплинам в период с
19 по 24 марта. По итогам обучения ФГБОУ ВПО «ПВГУС»
выдало подтверждающие документы об освоении учеб-
ных программ.
Решением ученого совета Поволжского государ-
ственного университета сервиса (РФ, г.Тольятти) рек-
тору ЗКГУ им. М.Утемисова доктору педагогических
наук, академику А.С.Имангалиеву присвоено звание
почетного профессора ПВГУС с вручением мантии
почетного профессора.
№ 4 (888) наурыз-сәуір 2013 жыл
5
Жақсының Жақсылығын айт...
Жайықта бар ақын қыз,
Жыр додада топ жарған!
көзайымына айналып, өзі қызмет атқарып жатқан білім ордасы
мен Жайық жұртын қуанышқа бөледі.
«Айтысқа тәуекел деп келетін ек,
Шашамыз жеткен жерге желетін ек.
Жансая, мына сенің атыңды естіп,
Жаны нәзік қыз ғой деп сенетін ек.
Қыз Жібек елінен келгеннен соң,
Үзіліп тұратындай көретін ек.
Кешегі айтысыңнан байқап қалдым,
Бар сөзді қойдың маған неге тіреп?
«Бекарыстан басқаң шақ келмейсің» деп,
Айтқан сөзің емес пе дөрекірек?
Келе сала Бекарысты іздейтіндей
Сені алып бара жатқан не көкірек?» деп айтқан Бекарыс
ақынның сұрағына Жансая да қарымтасын қайтарды:
Батыста төрт батыр қыз бар емес пе?
Тарихтың тағылымынан ол да мәлім.
Батыр қыз Әлияны білесіңдер,
Тайсалмай елді жаудан қорғағаны.
Мәншүкті білесіңдер Мәметова,
Ерке өскен елігіндей ен даланың.
Хиуаз Доспанова ұшқыш болып,
Жұмысын атқарып ед ер баланың.
Үшеуінің кеп тұрмын ауылынан,
Мен қалай өзгелерге жем боламын?
Қысқасы қарсыласым сақ боп отыр,
Солардың төртіншісі мен боламын.
Міне, біздің Жансая батыр қыздардың ерлігі мен өрлігін, на-
мысын биікке қойған ақын қыз екенін танытты. Ол айтыста осы
ұстанымын әркез жоғары қойып келеді.
М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың орталық мұражайында
8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесіне орай уни-
верситет түлегі, филология ғылымдарының кандидаты,
доцент Ниязғалиева Ағилаш Әділқызымен «Сыйынар ем,
Ана деген Тәңірге!» атты кездесу кеші өткізілді.
Әсерлі кездесу
Ниязғалиева Ағилаш Әділқызы
1958 жылы 12 мамырда Орал
облысы, Қаратөбе ауданы Қаракөл ауылында дүниеге келген.
1984 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық инсти-
тутын бітіріп, алғашқы еңбек жолын ауданындағы Қаракөл орта
мектебінде ұстаздық етуден бастаған.
1987 жылдан бері 80 жылдық тарихы бар қара шаңырақта тап-
жылмай еңбек етіп келе жатқан ұлағатты ұстаздың еңбегі ерен.
Бүгінгі таңда Ақзия Әділқызы - «Қазақ филологиясы»
кафедрасының аға оқытушысы және қоғамдық жұмыстарға
белсене араласады: кафедраның сарапшылар комиссиясының
мүшесі, кафедраның оқу-әдістемелік семинарын басқарады,
куратор-эдвайзер қызметін де қоса атқарады.
А.Ә.Ниязғалиева жетекшілік ететін топ студенттері оқуда да,
қоғамдық жұмыста да белсенділік танытып келеді.
Байсалды, жауапкершілігі және ұйымдастырушылық қабілеті
жоғары, әріптестері және студенттерінің арасында сыйлы ұстаз,
отбасында адал жар және аяулы ана – Ағилаш Әділқызы өзі
туралы мәліметтермен толықтыра отырып, студенттерге тәлім-
тәрбие боларлық ақыл-кеңесін де аямады.
Тағылымға толы шараға қатысқан кеш кейіпкерінің әріптесі филология ғылымдарының кандидаты, доцент, қазақ филологиясы
кафедрасының меңгерушісі Азамат Ыбырайұлы Мамыров сөз сөйлеп, жылы лебізін жолдады.
Ұлтының қамын ойлаған асыл ұстаз, абзал анаға қандай тілек тілесең де артық болмас. Осы орайда студенттер де жақұтты
жырдан шашу шашып, әсем әндерін тарту етті.
Мұндай тәлім-тәрбиеге толы шаралардың студенттерге берері мол, сондықтан келешекте де жақсы істердің жалғасын табарына
сеніміміз мол.
Айтыс өнері - атадан балаға мирас
болып келген, халқымыздың рухани
төл мәдениетінің бір бөлшегі. Айтыстың
өміршеңдігін бүгінгі күнге жетіп, жаңа
заманға сай, дамып, жетіліп отыруынан
көреміз. Дала еркіндігінің ерекше үлгісі
болған айтыс қай кезде болса да халықтың
талап-тілегін, мақсат-мүддесін орындап, ел
үмітінің үдесінен шығып отырған.
Дана халқымыз әркез дархан даламыз-
ды домбыраның үнімен, ақындардың мәйекті
сөздерімен тербеп отырған. Фолькорлық
дәстүрдің жаңашылдықпен жалғастық табуы
бүгінгі айтыстан да көрінеді.
Қазіргі айтыстың тәуелсіздік алғаннан
кейінгі мезгілде ерекше дамуы, халықтың
ыстық ықыласына бөленуі сол айтыстың тек
қана әлеуметтік өмір шындығын айтуында
болды.
Айтыста сан алуан тақырып қозғалады.
Әсіресе, егемендік алған жылдардан кейінгі
айтыста тәуелсіздік тақырыбын жырлау,
азаттықты ұлықтау, еркіндікті емірене жыр-
лап, бабалар арманы мен боздақтарымыздың қанымен келген
қасиетті ұғымды жырлауда айтыс өнері жауынгерлік танытты
десек артық айтқандық болмас.
Әдебиеттану ғылымында қазіргі кезең әдебиетіндегі ұлттық
идеялар, ұлттық сипаттағы мәселелер төңірегінде біршама сөз
айтылып келеді. Айтыс та қазақ рухани мәдениетінің бір бөлшегі
ретінде ұлттық мәселелерді осы тәуелсіздік кезеңімен байла-
нысты қозғап келе жатырғаны шындық. Елдік, еркіндік туралы
айтқанда, осы жолда күрескен, ел басқаруда ерен еңбек танытқан
ұлы тұлғаларымызды дәріптеуде бүгінгі айтыс өнерінің рөлі зор
деп айта аламыз.
Ұлы тұлғаларды дәріптеу – ұлттық құндылықтарды
ұлағаттаумен теңесетіні айқын. Осы тұста Шымкент қаласында
өткен Төле бидің 350 жылдық, Абылай ханның 300 жылдық ме-
рейтойы қарсаңында республикалық ақындар айтысы өткенін
білеміз. Біржан мен Сара, Шөже, Шашубай, Жамбыл, Құлмамбет,
Айкүмістердің жолын жалғастырып, суырыпсалмалықтың игі
дәстүрін танытып жүрген майталман айтыс ақындары бас
қосты. Төбе би – Төле биіміз бен үш жүздің басын біріктірген хан
Абылайды жырлады. Ақындық – бұл тек шығармашылық емес,
шын шеберлік пен тума талантты қажет етеді. Бабалар мұрасын
жырлауда шынайы шеберліктерін танытқан ақындар тыңдарман
қауымды бір қуантқаны рас. Осы айтыста университетіміздің
мақтанышы, бүгінде ұлы өнердің көркемдік ерекшелігін ғылыми
негізде талдауда магистрлік жұмысын жазып жатқан М. Өтемісов
атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің магис-
транты, Жайықтың Жансаясына айналған ақын қызымыз жыр
додасында дара шықты. Белгілі айтыскер ақындар Бекарыс
Шойбеков, Біржан Байтуов, Нұрлан Есенқұловтармен сөз
қағыстырған Жансая ақын шымқала тыңдармандарының
Айтыс сахнасында:
«Бұл қазақ тумысынан өрелі еді,
Тарихты ақтармасақ көнереді.
Абылай ханымыздың үш жүз жылы
Бүгінгі үлкен тойдың себебі еді.
Батырдың ішіндегі шебері еді,
Көсемнің ішіндегі көрегені.
Алашты ақ туына біріктірген,
Бәрінен биік тұрған беделі еді,
Алпауыт көршілерден алып қалған
Саяси сауаты оның өнері еді.
Тек қана сіздер тойлап жатырсыздар
Халыққа айтыс қылып өнегелі.
Ерлерге ұлтым деген әуел бастан
Құрметі оңтүстіктің бөлек еді.
Әйтпесе Абылай хан ортақ тұлға,
Бұл жағдай ойлантпасын неге мені?
Үш жүздің басын қосқан бабам тойын,
Үш жүзім түгел тойлау керек еді!» деп баба рухына жыр
арнаған Жансая бұл жыр додасында оза шауып, Абылай хан
атына тігілген бас жүлдені иеленіп, темір тұлпарды тақымына
қыстырса, шымкенттік ақын Біржан Байтуов Төле би атындағы
екінші бас жүлдеге қол жеткізді.
Ұлы тұлғаларымызды ұлықтауда темір тұлпармен
шектелмейтіні белгілі, бұл – ұлы өнерге деген, осы өнерде
сөз жарыстырып, тер төгіп жүрген ақындардың еңбегіне деген
айтыс жанашырларының қолдауы мен қошеметі деп ұғамыз.
Жансая әріптесімізге айтыс өнерінің ең биік шыңын бағындыруға
тілектестік білдіріп, Жайықтың Жансаясы, халықтың ақын қызы
боп жүре бер демекпіз.
Рита СұлтАНҒАлИЕвА,
М. Өтемісов атындағы БҚМУ қауымдастырылған
профессоры, филология ғылымдарының кандидаты
еңБек адамын
құрметтейміЗ!
Өмірге келген әр пенденің
маңдайына әрқилы нәрселер
жазылады. Адамның өмірге
деген көзқарасы оның ортасына
да байланысты секілді. Қоғам
жоқ жерде адамның өмір сүруі
де қиын. Бұл екеуі бір-бірімен
тығыз байланысты десек еш
қателескендігіміз емес. Еліміздің
дамып, өркендеуі үшін еңбекке
қабілетті жандардың барлығы
дерлік күш жұмылдырып, барын-
ша тер төгу үстінде. Сол көптің
ішінде, университетіміздің аула
сыпырушысы – Аққалиев Роман
ағамыз да бар. Ол кісі де университетіміздің тазалығы үшін,
қаламыздың, қала берді еліміздің гүлденуі үшін қолынан
келгенше еңбек етуде.
Оқу күндерінің бірінде, сабақ уақытынан кейін Роман
ағамызды іздеп, арнайы бардым. Күзетшілер ол кісініің кетіп
қалғандығын айтты. Арада 2-3 күн өткеннен кейін қайтадан
бардым. Бұл жолы ағамызды жолықтырдым. Келген шаруам-
ды айтып, «Сізге қоятын сұрақтарым бар еді, тыныш жерге
барып әңгімелессек» деген өтінішімді білдірдім. Басында
таңырқаған кейіп танытқан ағамыз, сәл ойланып, келісімін
берді. Университет ішінен бос аудитория таба алмағандықтан,
жақын жерде орналасқан шайханаға бас сұқтық. Алдымызға
шай алдырып, шағын сұхбатымызға кірісіп те кеттік. Басында
қойған сұрақтарыма қысқа ғана жауап қайтарып отырған
ағамыз, әңгімеміздің ортасына қарай ашыла түсті. Өзінің
ойын ашық білдіріп, қазіргі дипломы бар, бірақ жұмыс істеуге
құлықсыз жастарға таң қалатынын да жеткізді. Сөз етіп
отырған Роман ағамыз Қаратөбе жерінде туып-өскен екен.
Тағдырдың жазуымен ата-анасынан ерте айырылыпты.
Отбасы туралы сұрағанымда ағамыз күрсініп алды.
Бұл жұмыс орнына 2008 жылдың соңғы айларының
бірінде кіріпті. Содан бері өзіне артылған міндеттерді жақсы
етіп орындап келеді. Шағын сұхбатымыздың барысында ол
кісі жұмысына алаңдаулы күйде отырды. Сонысына қарап, өз
ісіне адал берілген қызметкер екендігін де аңғардық. Кейде
ағамыз өз міндетіне кірмейтін істерді де жасай береді екен.
Жұмысқа деген әрбір адамның жауапкершілігі қандай болуы
керек деген сауалыма: «Әрбір қызметкер, ол мейлі бастық
болсын, мейлі кіші қызметкер болсын өз ісін адал атқаруы
керек, бей-жай қарамауы тиіс» деп жауап берді. «Қазіргі жас-
тар жағы іске икемсіз, әрі жұмыс таңдағыш келеді. Оларға
салсаңыз жалақысы жоғары, жұмысы жеңіл болуы керек.
Қазіргі кезде жұмыс істеймін деген жанға екі қолға бір күрек
табылады» дейді Роман ағамыз әңгіме арасында.
Бірде өзімізге сабақ беретін ұстазымыз Роза апай
университетке келе жатып, аула сыпырып жүрген Роман
ағамызды көріпті. Роза апай: «Балам, жапырақ дегенің
ағаштан түсе береді ғой, оны сыпырып қайтесің» депті. Сонда
Роман ағамыз: «Апа-ау, мен өз Отанымның жерін сыпырып
жатырмын ғой» деп жауап беріпті. Біз бұл оқиғаны Роза
апайдың өзінен естідік.
Бүгінгі таңда баспасөз бетіне ылғи жоғары жақта
отырғандар туралы жазылады. Ал қоғамның дамуы үшін өз
үлесін қосып жүрген Роман секілді ағаларымыз назардан
тыс қалып жатады. Бұл мақаланы жазудағы мақсат - Роман
сынды қоңыр тіршілік кешіп, ісіне жауапкершілікпен қарайтын
қарапайым еңбек адамын көпшілікке таныстыру және ол кісіні
үлгі-өнеге тұтқызу еді. Біз сол сенімнің үдесінен шықтық деп
ойлаймыз.
Жанайдар БолАтБЕКұлЫ,
қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 1-курс студенті
№ 4 (888) наурыз-сәуір 2013 жыл
6
медаль
для библиотекаря
Достарыңызбен бөлісу: |