«ЕУРОПАҒА ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ ЖƏНЕ
ОНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ҮШІН МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Алмас Арзықұлов
Қазақстанның 2010 жылы Еуропалық қауіпсіздік пен
ынтымақтастық ұйымына төрағалық ететіндігі қазіргі таңда
баршаға мəлім мəселе. Бірақ, бұрынғы кеңестік мемлекеттер
арасында жəне де мемлекетттік территориясының басым бөлігі
Азия құрлығында жатқан мемлекеттің таза «eуропалық» ұйымға
төрағалық етуі мен оның бір жылдық даму бағытын айқындауы
бұрындары орын алмаған жағдай болып табылады. Осы ретте
Қазақстанның аталынған ұйым жұмысын басқару мен оның
ағымдық дамуын қамтамасыз ету жəне өз төрағалық кезеңін
абыроймен атқару үшін «Еуропаға жол» бағдарламасы жаса-
лынды.
Бұл бағдарлама туралы мəселені Президент алғаш рет
2008 жылдың 6 ақпанындағы Қазақстан халқына арналған
Жолдауында көтерген болатын. Артынан осы бағдарламаны
əзірлеуге қатысты құжат Қазақстан Республикасы Президентiнiң
2008 жылдың 29 тамызындағы N653 Жарлығы негізінде бекітіл-
ді. Бұл құжатта «Еуропаға жол» бағдарламасын əзірлеу, оның
мақсаты мен міндеттері, күтілетін нəтижелер жəне тағы да басқа
мəселелері қарастырылған. Бағдарламаны қабылдау қажеттiлiгi
елдiң iшкi дамуының өзектi мiндеттерiн шешудiң, еуропалық
бағыттағы ұлттық басымдықтардыəзiрлеудiң, тарихи қалыптасқан
байланыстарды нығайтудың, еуропалық интеграция жəне
институционалдық-құқықтық реформалар тəжiрибесiне сүйенудiң,
технологиялық, энергетикалық, көлiк, сауда, гуманитарлық жəне
инвестициялық ынтымақтастықты тереңдетудiң маңыздылығынан
туындады. Елбасы өзінің дарынды елшілік қасиетін танытты,
өйткені бұл халықаралық бастама əлемдік елшіліктер тəжі рибесінде
болмаған жағдай жəне оны қазіргі заманғы елшілік қыз метке ен-
гізіліп отырған өзара да муды, мемлекеттер мен қауымдас тықтарды
жақындататын жаңа ша лан дырылған механизмі десе де болады.
Қазақстан Республикасының Сыртқы саясаты тұжырымдамасына
сəйкес Еуропа елдерiмен жан-жақты ынтымақтастықты дамыту
Қазақстанның стратегиялық мүддесiн бiлдiредi.
82
83
Қазақстан қоғамы
дамуының өзекті мəселелері
Тарау ІІ
Сыртқы саясат жəне қауіпсіздік
Қазiргi уақытта Еуропа елдерiмен екiжақты қарым-
қатынастардағы технологиялық, энергетикалық, сауда жəне
көлiктiк ынтымақтастық əлеуетi толық iске асырылмай отыр.
Еуропалық Одақ елдерi тұтас алғанда Орталық Азия мемле-
кеттерiмен, атап айтқанда, Қазақстанмен ынтымақтастыққа
да айрықша назар аударатынын ескеру қажет. Олардың ортақ
ұстанымы 2007 жылғы маусымда Еуроодақтың саммитiнде
қабылданған «ЕО жəне Орталық Азия: əрiптестiктiң жаңа стра-
тегиясы» атты құжатта көрсетiлген. Еуропалық Одақтың iшкi
құжаты болып табылатын Стратегия ЕО-ның Орталық Азиямен
жəне Қазақстанмен өзара iс-қимылының маңызды бағыттарын
қамтиды. Еуропаның бiрқатар елдерiнiң ЕО-ның еуропалық
құрылымдарына интеграциялануға ұмтылысы немесе олардың
еуропалық көршiлiк саясат шеңберiнде ЕО-мен өзара iс-қимылы
бұл елдерге əлеуметтiк-экономикалық жəне саяси дамудың
əртүрлi салаларында белгiлi бiр жетiстiктерге жетуге мүмкiндiк
бередi. Сондықтанда, бағдарлама аталған елдердiң ЕО мемле-
кеттерiмен жəне еуропалық құрылымдармен ынтымақтастығын
дамытудың оң тəжiрибесiн ескере отырып əзiрленген.
Бағдарламаны iске асыру Қазақстан Республикасы сыртқы
саясатының негiзгi принципi – тепе-теңдiк жəне прагматизм
қағидатын дамытуға жəрдемдеседi.
Ал бағдарламаның мақсатына келер болсақ, ол Қазақстан
Республикасының Еуропаның жетекшi елдерiмен стратегиялық
серiктестiк деңгейiне шығуы болып табылады. Бағдарламаның
аталған мақсатына қол жеткiзу үшiн мынадай мiндеттердi шешу
көзделедi:
1) Қазақстан Республикасының Еуропа мемлекеттерiмен
мынадай бағыттар бойынша ынтымақтастыққа ұмтылады:
- технологиялық;
- энергетикалық;
- көлiк саласында;
- техникалық реттеу жəне метрология саласы;
- сауда-экономикалық;
- шағын жəне орта бизнестi дамытуда;
- өмiр сүру сапасы саласында;
- гуманитарлық өлшем тұрғысындағы ынтымақтастықты
дамыту жəне тереңдету.
2) оң сипаттағы еуропалық тəжiрибенi пайдалана отырып,
қазақстандық институционалдық-құқықтық базаны жетiлдiру;
3) Қазақстан Республикасының 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға
төрағалық етуi үшiн жағдай жасау.
Ал енді бұл міндеттердің əр қайсысын орындауға қатысты
мəселені жеке-жеке алып қарастырамыз:
1.1. Технологиялық ынтымақтастықты жолға қою үшiн
жағдай жасау.
Еуропа елдерiмен технологиялық ынтымақтастықты жандан-
дыру жаңа технологияларды тарту мақсатын көздейдi. Еуропалық
серiктестермен өзара ықпалдасу, оның iшiнде нанотехнология-
лар мен биотехнологиялар саласында ықпалдасу Қазақстанда
құрылып жатқан жəне iске қосылған технопарктерге серпiн бередi.
Еуропа елдерiнiң мамандарын шақыра отырып, технопарктердiң
аумағында инновациялық менеджмент саласындағы мамандарды
даярлау жəне инженер кадрларды қайта даярлау жөнiнде бiрқатар
оқу iс-шараларын өткiзу көзделінген.
Еуропа мен Азия құрлықтарының түйісінде орналасып,
екі аймақ арасында «көпір» қызметін артқаруды мақсат еткен
Қазақстан үшін мемлекетте бар көлiк коммуникацияларын ре-
формалау жəне жаңаларын құру жөнiнде прогрессивтi еуропалық
технологияларды пайдалануда ынтымақтастықты дамыту
көзделінген.
Қазақстан өзінің өткен тарихында жəне де əлі күнге дейін ин-
дустриалды-аграрлы ел болғанына қарамастан ауыл шаруашылық
өнімдеріне деген өзінің ішкі сұранысын қанағаттандыра
алмайтындықтан, бұл өнімнің сыртқы нарыққа шығуы тіптен
сөз болмайды. Сондықтан да, Еуропада пайдаланылып жүрген
аграрлық технологиялар ұлттық ауыл шаруашылығын елеулi
түрде дамытуға қызмет етедi. Еуропалық стандарттарға жəне
өнiмдердi сертификаттауға бiрте-бiрте көшу бөлек мiндет болып
табылады, бұл өз кезегiнде қазақстандық ауыл шаруашылығы
өнiмдерiнiң Еуропа елдерiнiң нарықтарына шығуына жол ашады.
Ғылым, жаңа технологиялар, инновациялық əзiрлемелер жəне
технологиялар трансфертiн, оның iшiнде қазақстандық жəне
еуропалық жүйенiң мүмкiндiктерiн тарата отырып, техноло-
гиялар трансфертiн ұйымдастыру саласында өзара ақпараттық
алмасуды дамыту маңызды бағыт болып табылады.
84
85
Қазақстан қоғамы
дамуының өзекті мəселелері
Тарау ІІ
Сыртқы саясат жəне қауіпсіздік
1.2. Энергетикалық ынтымақтастықты дамыту.
Қазақстанның Еуропа нарығында орнығуы жəне ұзақ мерзiмдi
сипатта қатысуы мақсатында Қазақстандық тараптың Еуропа
елдерiнде порттар, терминалдар, мұнай өңдеу зауыттары, автомай
құю станциялары жəне басқа инфрақұрылымдық объектiлердi
сатып алуы жөнiнде жұмысты жалғастыру көзделген.
Еуропа елдерiмен ынтымақтастықтың тағы бiр бағыты энергия
үнемдеу стратегиясы, осы салада инвестицияларды қолдау жəне
қорғау, энергетикалық көлiк инфрақұрылымына қолжетiмдiлiк
құқығы, жүйелiк операторлардың табиғи монополиялардан
тəуелсiздiгi, салалық реттеу, тарифтiк саясатын реформалау
сияқты энергетика саласындағы бiрқатар негiзгi нарықтық прин-
циптердi одан əрi өрiстетуде еуропалық тəжiрибенi пайдалану
болып табылады.
ЕО-ның жаңа энергетикалық стратегиясының негiзгi
бағыттарының бiрi ғаламдық жылыну мəселесi болып табылады.
ЕО қалпына келтiрiлетiн энергия саласындағы технологиялар
бойынша əлемдiк көшбасшы саналатынын, Қазақстанда осы
энергия түрiнiң елеулi əлеуетi бар екенiн ескере отырып, сондай-
ақ энергия үнемдейтiн жəне экологиялық таза технологияларды
енгiзу мен дамыту мəселелерi бойынша ЕО елдерiнде таныстыру
жəне оқу-үйрену семинарларын ұйымдастыру, халықаралық
конференциялар мен көрмелерге қатысу арқылы тəжiрибе алмасу
көзделген.
1.3. Көлiк саласында ынтымақтастықты дамыту.
Ұлттық заңнама базасын үйлестiру, жолаушылардың, жүктiң
жəне көлiк құралдарының еркiн қозғалысы үшiн көлiк қызметiн
көрсетудi қамтамасыз ететiн жағдай жасау, көлiктiң барлық
түрлерiнде пайдалану жəне басқа да қауiпсiздiктi арттыру арқылы
еуразиялық континентаралық көлiк дəлiздерiн одан əрi дамыту
көзделген.
Бағдарлама тиiстi меморандумдарға қол қоя отырып,
ұлттық ұсыныстарды бекiтiп, ұлттық көлiк желiлерiнiң
панеуропалық көлiк желiлерiне түйiсуi жөнiндегi келiссөздер
процесiн жалғастыруды; еуропалық стандарттарды ұлттық ави-
ация саласына енгiзудiң бағдарламасы бойынша практикалық
тағылымдамаларға қатысуды; теңiзде жүзу қауiпсiздiгiн
қамтамасыз ету мəселелерi бойынша порттар инспекцияларымен
тəжiрибе алмасуды; автокөлiк құралдары иелерiнiң азаматтық
жауапкершiлiгiн сақтандырудың халықаралық жүйесiн үйлестiру
мəселелерi бойынша Еуропа елдерiнiң көлiк министрлiктерiнiң
жəне халықаралық ұйымдардың сарапшыларымен келiссөздерге
қатысуды; автокөлiк құралдарының экологиялық тиiмдiлiгiн
арттыру тəжiрибесiн зерделеудi;қолда бар тəжiрибенi өзiнiң
бағдарламалық құжаттарында iс жүзiнде пайдалану мақсатында
көлiк саласының проблемалық мəселелерiнiң кең ауқымын
еуропалық елдермен талқылауға Қазақстанның тең дəрежеде
қатысуын көздейтiн бастамаларды нығайтуға жəрдем көрсетуге
бағытталған.
1.4. Техникалық реттеу жəне метрология саласындағы
ынтымақтастықты дамыту.
Тарифтiк еме с реттеу құралдары болып табылатын
техникалық реттеу мен метрологияның мақсаты жəне миссия-
сы – өнiм қауiпсiздiгiнiң жоғары деңгейiн қамтамасыз ету,
оның бəсекелестiкке қабiлеттiлiгiн арттыру, сауда-саттықтағы
техникалық кедергiлердi жою, бизнеске əкiмшiлiк қысым
көрсетудi азайту жəне өлшемдердiң бұрыс нəтижелерiнiң
салдарынан республика азаматтары мен экономикасының
мүдделерiн қорғау болып табылады. Көлiк коммуникациясы,
агроөнеркəсiп кешенi, энергетика, экологияны қорғау мен
денсаулық сақтау саласында, сондай-ақ шағын жəне орта бизнестi
дамыту мəселелерiнде прогрессивтi еуропалық технологияларды
пайдаланудағы ынтымақтастықты дамыту көзделiп отыр. Жаңа
технологияларды iс жүзiнде енгiзу – Еуропалық Одақ елдерiнiң
талаптарына сəйкес келетiн техникалық заңнаманың, стандарт-
тау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың, өлшем құралдарының,
сынақ, өлшем зертханалары жүйесiнiң тиiстi базасын құрумен
қатар жүруге тиiс. Осыған байланысты техникалық регламент-
тердi əзiрлеу жəне қабылдау; техникалық регламенттер талаптары
орындалуының дəлелдеме базасы тұрғысында қызмет iстейтiн
үйлестiрiлген стандарттарды əзiрлеу; стандарттау жəне аккредит-
теу жөнiндегi халықаралық ұйымдарға, оның iшiнде Стандарттау
жөнiндегi еуропалық комитетке (СЕN), Аккредиттеу жөнiндегi
халықаралық ұйымға (IАF), Зертханаларды аккредиттеу жөнiндегi
халықаралық кооперацияға (ILАС) кiру; жаңа өлшем жəне сынақ
зертханаларын құру жəне жұмыс iстеп тұрғандарын жаңарту;
86
87
Қазақстан қоғамы
дамуының өзекті мəселелері
Тарау ІІ
Сыртқы саясат жəне қауіпсіздік
аккредиттеу ұйымдары (қазақстандық экспортты iлгерiлету үшiн
«жасыл дəлiз» құру), оның iшiнде интеграциялық бiрлестiктер
аясында берiлетiн аккредиттеу жүйелерiнiң, сертификаттар мен
хаттамалардың баламалығы жөнiнде көпжақты жəне екiжақты
келiсiмдердi жасасу жөнiнде шаралар қабылдау; ұлттық эталон
базасын жетiлдiру, оның еуропалық ұқсастарына сəйкестiгiне қол
жеткiзу; зертханалар арасында салыстырулар жүргiзу; республи-
ка кəсiпорындарына менеджмент жүйесiн жеделдетiп енгiзу үшiн
халықаралық сарапшыларды тарту; нарықты қадағалау жөнiнде
халықаралық тəжiрибенi зерделеу көзделiп отыр.
1.5. Сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету.
Соңғы жылдары Қазақстан жəне Еуропа елдерi арасындағы
сауда айналымы қарқынының ұлғаю үрдiсi байқалады, алайда
экспорт құрылымында дəстүрлi түрде шикiзаттық тауарлар басым
түсiп жатады. Бұл орайда қазақстандық экспорттың құрылымын
əртараптандыруға арналған күш-жiгердi шоғырландыру
қажет. Қазақстан мен Еуропа елдерiнiң арасындағы сау-
да-экономикалық байланыстарды тереңдету мақсатында
Қазақстанның Еуропадағы сауда өкiлдiгiн жəне бiрқатар Еуропа
елдерiнде оның бөлiмшелерiн ашу көзделiп отыр. Өкiлдiктiң
негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады: Еуропа нарығында
Қазақстанның экономикалық мүдделерiн iскеасыруға қатысты
Еуропа елдерiнiң экономикалық саясатының ықпалына талдау
жүргiзу; отандық өнiмдердi еуропалық нарықта iлгерiлету үшiн
қазақстандық кəсiпкерлерге ақпарат беру мақсатында Еуропа
елдерiнiң сауда-саттық заңнамасын жəне сыртқы сауда қызметiнiң
талаптарын зерделеу; Еуропа елдерiне арналған қазақстандық
экспорттың құрылымын əртараптандыру, оның iшiнде сауда
артықшылықтарының еуропалық жүйесiн пайдалану.
Бұдан басқа, екiжақты келiссөздер жүргiзу арқылы
қазақстандық тауарларды сыртқы нарықтарда экспорттық iл-
герiлету үшiн жəне Еуропа елдерiнiң нарықтарында қазақстандық
тауар өндiрушiлерiнiң экономикалық мүдделерiн қорғау үшiн
жағдай жасау, Еуропа елдерiндегi жыл сайынғы халықаралық
көрмелерге Қазақстан Республикасының қатысуы қазақстандық
өнiмдердiң экспорттық ауқымын кеңейтуге мүмкiндiк бередi.
1.6. Шағын жəне орта бизне стi дамытудағы ынты-
мақтастық.
Бағдарлама ынтымақтастықты нығайтуға əрi шағын жəне
орта бизнестi дамыту жөнiндегi мемлекеттiк саясатты одан əрi
қалыптастыруға, шағын жəне орта кəсiпкерлiк субъектiлерiн
мемлекеттiк реттеудi оңтайландыруға, салық салу жүйесiн
жетiлдiруге, банк кредиттерiне жəне қаржыландырудың басқа
да көздерiне еркiн қол жеткiзудi қамтамасыз етуге, кадрлар
даярлаудың ортақ жүйесiн құруға, шағын жəне орта бизнес
субъектiлерi қызметiн регламенттеу мəселелерiнде қазақстандық
заңнаманы жетiлдiруге жəне Еуропа елдерiнiң заңнамаларымен
үйлестiруге бағытталған.
Аталған саладағы мақсаттарға қол жеткiзу: кəсiпкерлiктi,
салық салуды, оның iшiнде шағын жəне орта бизнеске қатысты
мемлекеттiк қолдау саласында тəжiрибе алмасуды қоса алғанда, iс
жүзiндегi шараларды iске асыру; кəсiпкерлiктiң инфрақұрылымын
дамытуға жəрдем көрсету; бiрлескен бағдарламалар мен жоба-
ларды əзiрлеу жəне iске асыру; бiрлескен консультацияларды,
семинарларды, конференцияларды, сондай-ақ шағын жəне орта
бизнестi дамыту үшiн жағдай жасау жөнiнде ұсынымдар мен
ұсыныстарды əзiрлеу жөнiнде зерттеулердi ұйымдастыру жолы-
мен жүзеге асырылады.
1.7. Өмiр сүру сапасы саласында ынтымақтастықты
кеңейту.
Өмiр сүру сапасы деп мемлекеттiң экономикалық дамуының,
оның iшiнде қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау, бiлiм
беру жəне халықты əлеуметтiк қорғау саласындағы əлеуметтiк
нəтижелердi көрсететiн негiзгi көрсеткiштердiң жиынтығы
түсiндiрiледi. Ұлттық экологиялық заңнаманы Еуропа елдерiнiң
стандарттары мен үйлестiрудi, трансшекаралық проблема-
ларды шешу саласында бiрлескен бағдарламаларды əзiрлеудi,
биологиялық саналуандықты сақтауды, қоршаған ортаны
тарихи лас-қоқыстан тазартуды қоса алғанда, халықтың өмiр
сүру сапасын арттыру жəне қоршаған ортаның жай-күйiн
жақсарту мəселелерiнде Қазақстанның Еуропа елдерiмен
ынтымақтастығын тереңдету көзделiп отыр. Осы мақсаттарды
iске асыру үшiн Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық жəне
даму ұйымы (ЭЫДҰ) экологиялық директоратының Шығыс
Еуропа, Кавказ жəне Орталық Азия елдерi үшiн қоршаған ортаны
қорғаудың iс-қимыл жоспары бойынша арнайы жұмыс тобының,
88
89
Қазақстан қоғамы
дамуының өзекті мəселелері
Тарау ІІ
Сыртқы саясат жəне қауіпсіздік
табиғат қорғау бейiнiндегi еуропалық ұйымдардың қызметiне
қатысатын болады.
Ел халқын еуропалық стандарттарға сəйкес келетiн сапалы
медициналық көмек қызметiмен қамту, оның iшiнде медицинаға
еуропалық ақпараттық технологияларды енгiзу, денсаулық сақтау
мен басқару инфрақұрылымының тиiмдiлiгiн арттыру, ауруларға
диагностика қоюдың, емдеудiң жəне ол аурулардың алдын алудың
сапасын жақсарту, қан дайындау, дəрi-дəрмекке қол жеткiзу жəне
олардың сапасын арттыру, кенеулi тамақтанудың стандарттарын
енгiзу, кадр ресурстары жүйесiн дамыту жəне денсаулық сақтау
саласындағы ғылыми-зерттеулердiң бəсекеге қабiлеттiлiгiне қол
жеткiзу маңызды бағыт болып табылады.
Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта, техникалық жəне кəсiби
бiлiм беру салаларында, жоғары бiлiм саласындағы өзара iс-
қимылда, студенттердi жəне профессор-оқытушы құрамын
алмасуда, оның iшiнде «Erasmus Mundus» жəне «ТЕМРUS»
бағдарламалары аясында, сондай-ақ Еуропа елдерiнiң бiлiм беру
ұйымдарымен екiжақты шарттар негiзiнде ынтымақтастықты
дамыту көзделiп отыр.
Техникалық жəне кəсiби бiлiм беру саласында Еуропа ел-
дерiмен ынтымақтастықтың жекелеген бағыттары: еуропалық
тəжiрибенi ескере отырып ұлттық бiлiктiлiк жүйесiн құру, сер-
тификаттау саласындағы əлемдiк көшбасшыларды тарта оты-
рып, бiлiктiлiк пен бiлiм беру бағдарламаларын сертификаттау
жүйесiн енгiзу, халықаралық талаптарға сай келетiн бiлiм беру
бағдарламаларын əзiрлеу, инженер-педагог қызметкерлердiң жəне
өндiрiстiк оқыту шеберлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру, техникалық
жəне қызмет көрсетушi кадрларды даярлау жəне қайта даярлау
жөнiндегi өңiраралық орталықтарды басқаруға шетелдiк менед-
жерлердi тарту, оқу орындарында жұмыс iстеу үшiн шетелдiк
оқытушылар мен мамандарды тарту болып табылады.
Əскери бiлiм беру жəне əскери-ғылыми қызмет, төтенше
жағдайлардың алдын алу жəне оларды жою салаларында Еуропа
елдерiмен ынтымақтастықты iске асыру үшiн тиiстi нормативтiк-
құқықтық база қалыптастыру көзделiп отыр.
Бағдарлама жұмыспен қамту, еңбекке қабiлеттi халықтың
көшi-қоны, табысы төмен азаматтар, мүгедектер санаттарын
əлеуметтiк қолдау, əлеуметтiк қызмет көрсетудi дамыту сала-
ларында, сондай-ақ Дүниежүзiлiк сауда ұйымына (ДСҰ) мүше
елдерден коммерциялық тұрғыдан араласпай қызмет жеткiзушi
жеке тұлғалардың орын ауыстыруы бөлiгiнде iс-тəжiрибенi зер-
делеу үшiн Еуропа елдерiмен ынтымақтастықты көздейдi.
1.8. Гуманитарлық өлшем тұрғысындағы ынтымақтастықты
кеңейту.
Қазақстан мен Еуропа елдерiнiң азаматтық қоғам институтта-
ры арасындағы əрiптестiк қарым-қатынасты дамыту көзделуде,
мұның өзi азаматтық қоғамның ұлттық институттарының
халықаралық қоғамдастыққа кiрiгуiне, ұлттық мүдделер
тұрғысында əлеуметтiк, мəдени, бiлiм беру, ақпараттық-
ағартушылық жəне басқа да жобаларды iске асыруға, əлеуметтiк
əрiптестiк институтын дамытуға жəрдемдесетiн болады.
Этносаралық жəне конфессияаралық келiсiмдi қамтамасыз ету
саласында тəжiрибе алмасу Еуропа елдерiмен ынтымақтастықтың
бөлек бiр бағыты болып табылады, мұның өзi этносаралық жəне
конфессияаралық келiсiмдi қамтамасыз етудiң тиiмдi тетiктерiн
құруда қазақстандық оң тəжiрибенi насихаттауға, дiнге төзiмдi
жəне толерантты еуразиялық қоғамдастықтың қалыптасуына
үлес қосуға мүмкiндiк бередi.
Еуропалық дəстүрлер тəжiрибесiн пайдалана отырып,
Қазақстанда теңдестiрiлген гендерлiк саясатты дамыту үшiн одан
əрi жағдайлар жасау көзделуде.
2. Оң сипаттағы еуропалық тəжiрибенi пайдалана отырып,
қазақстандық институционалдық-құқықтық базаны жетiлдiру.
Соңғы жылдары Қазақстанда ұлттық заңнаманы жетiлдi-
ру жөнiнде үлкен жұмыс жүргiзiлуде, оның маңызды кезеңi
2007 жылғы мамырда Конституцияға өзгерiстер енгiзу бол-
ды. Қазiргi уақытта осы жұмыс мүдделi министрлiктер мен
ведомстволардың күш-жiгерiмен жалғасуда, бұл орайда олардың
арасында түрлi деңгейлерде белсендi өзара iс-қимыл жүзеге
асырылуда. Жүргiзiлiп жатқан жұмыстың басты мақсаты саяси
жəне мемлекеттiк құрылыстың қазақстандық үлгiсiн жетiлдiру,
мемлекеттiк қызметтi жəне кадр ресурстарын басқарудың тиiмдi
жүйелерiн зерделеу, елдiң саясиө мiрiн ырықтандыру жəне
Қазақстанды əлемге ортақ озық дəстүрлерге тарту болып табы-
лады. Атап айтқанда, бұл сайлау, саяси партиялар, бұқаралық
ақпарат құралдары (диффамация мəселелерiн қоса алғанда), мем-
90
91
Қазақстан қоғамы
дамуының өзекті мəселелері
Тарау ІІ
Сыртқы саясат жəне қауіпсіздік
лекеттiк қызметтi, сот жүйесiн реформалау туралы заңнаманы
жетiлдiруге жəне қоғамдық өзара қарым-қатынастың басқа да
салаларына қатысты.
Мемлекеттiк қызметшiлердiң Еуропаның жетекшi елдерiнiң
мемлекеттiк органдарында тағылымдамадан етуi, мемлекеттiк
басқару органдары, сот төрелiгi жəне қылмыстық iздестiру ор-
гандары арасында тəжiрибе алмасу, сондай-ақ қылмыстық iстердi
тергеу жəне сотта қарау, азаматтық сот iсiн жүргiзу жəне сот
актiлерiн орындау бөлiгiнде заңнаманы жетiлдiру көзделуде.
3. Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуiнiң
басымдықтары.
Мадридте Сыртқы iстер министрлерi кеңесiнде қабылданған
(2007 жылғы қараша), Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға
төрағалық етуi туралы шешiм тұрғысында, сондай-ақ жалпыға
ортақ қабылданған практиканы ескере отырып, Бағдарлама ая-
сында Қазақстанның төрағалық етуiнiң басымдықтарын егжей-
тегжейлi қарау жұмысы көзделуде.
Олардың қатарына мынадай мəселелер жатады: ЕҚЫҰ
кеңiстiгiнде демократиялық институттарды дамыту үшiн
жағдайлар жас ау жөнiндегi iс-қимылды жа лғастыру;
ЕҚЫҰ мемлекеттерiнiң транзит-көлiк əлеуетiн, еуразиялық
континентаралық көлiк дəлiздерiн дамыту, экологиялық про-
блемаларды шешу; Қазақстанның бейбiтшiлiктi, қауiпсiздiктi
жəне ядролық қарусыздануды қамтамасыз етуге қосқан үлесiн
ескере отырып, сенiм бiлдiру шаралары мен өңiрлiк қауiпсiздiктi
нығайту; ЕҚЫҰ қызметiндегi қауiпсiздiктiң əскери емес ас-
пектiлерiн, атап айтқанда, терроризмге, экстремизмге, есiрткi
құралдарының заңсыз айналымына, ұйымдасқан қылмысқа,
қару-жарақпен жəне адамдармен сауда-саттыққа қарсыкүрес са-
лаларын дамыту, сондай-ақ ЕҚЫҰ-ның əрiптес елi – Ауғанстанды
қалпына келтiру.
Қауiпсiз, тұрақты жəне гүлденген Орталық Азияны құру про-
цесiнде, өңiрдiң тартымдылығын, оның iшiнде экономикалық
тартымдылығын арттыруда ЕҚЫҰ-ның əлеуетi мен құралдарын
пайдалану маңызды мiндет болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев
«Еуропаға жол» баңғдарламасына қатысты өткен конференцияда
бұл бағдарлама Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық ету ке зінде
аталған басымдықтарды бас шылыққа алған «Жол картасы» еке-
нін жеткізген. Оны іске асыру – демократиялық реформаларды
одан əрі жүргізуге жəне халықтың тұрмысын одан əрі көтере
түсуге, сондай-ақ инвестициялар мен жоғары технологияларды
енгізуге, ұлттық заңнамаларымызды жəне мемлекеттік басқару
тетіктерін еуро палық контекске сəйкес жетіл діру жолында
еуропалық елдермен өзара іс-қимылды тереңдетуге мүмкіншілік
береді, – дей келіп, кіріспе сөзінің соңында конференция ЕҚЫҰ-
ның барлық қатысушы елдері ара сындағы ынтымақтастық,
үнқатысу мен өзара түсіністікке лайықты үлес қосар деген
үмітін білдірген. Аталынған халықаралық ғылыми-тəжірибелік
конференция «Қазіргі заманғы Қазақстан жəне «Еуропаңға жол»
атты тақырыпта ҚР Парламенті Мəжілісінің ұйымдастыруымен
өткен болатын. Конфе рен ция «Еуропаға жол» атты мемле кет тік
бағдарламаның мақсаттары мен міндеттерін Еуропа елдері өкіл-
деріне таныстыру, сонымен қа тар, Қазақстанның олармен стра-
тегиялық əріптестік деңгейіне көтерілу жолын жəне еліміздің
2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуге дайындығы барысын
көрсету үшін ұйымдастырылды. Өйткені, ТМД-ның кейбір
елдерінде «Еуропаға жолды» дұрыс түсінбей, оны Еуроодаққа
мүшелік ке өту деп ұғады. Сөйтіп, бұл ЕурАзЭҚ-тың əлеуетін
əлсіретеді дейді. Бірақ Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың
айтқанындай, ТМД елдері үшін еуразиялық интеграцияның бала-
масы жоқ. Оның мағынасы – бұл жалпыеуропалық құндылықтар-
ды қабылдау жəне оны өз жағдай лары мызға бейімдеп, дамыту.
Ол құн ды лықтар – құқықтық мемле кет, биліктердің шектелуі,
адам құқы мен бостандығының сақта луы, тиім ді нарықтық эко-
номика, аза маттық қоғамның дамуы жəне Еур азиялық Одақтың
Еуроодақпен жан-жақты ынтымақтастығы. Сон дықтан не
Еуроодақ, не ТМД деген дилемманың дұрыс еместігін көре міз.
Ғылыми форум жұмысына бірқатар белгілі халық аралық
ұйымдар өкілдері, Еуропа жəне ТМД елдерінің танымал са-
ясаткерлері, сондай-ақ АҚШ, Франция, ГФР мен Ресейдің
де мократиялық дамыту мəселелері мен айналысатын зерттеу
орта лық тары мен институттарының танымал сарапшылары
қатысты. Форум барысында біз алдымен тағы да халықаралық
қауымдастық алдында Қазақстанның халық ара лық саяси жəне
бітімгершілік, қоғамдық-саяси құрылыста жəне демократияны
92
93
Қазақстан қоғамы
дамуының өзекті мəселелері
Тарау ІІ
Сыртқы саясат жəне қауіпсіздік
дамытудағы жетіс тік терін танытуға ұмтылдық. Осы ған орай,
форумның аталуы да «Қазіргі заманғы Қазақ стан жəне «Еуропаға
жол» деп алынған болатын.
Форум жұмысы мағынасына қарай төрт бөлімге бөлінді – «Қа-
зақстан Республикасының Прези денті Н.Ə.Назарбаевтың бейбіт
жəне интеграциялық бастамала ры»; «Еуропаға жол»: Қазақстан-
ның күн тəртібінде»; «Саяси транс формациялау тəжірибесі:
қазақ стан дық үлгі»; «Этносаралық жəне конфессияаралық
үнқатысу дың қазақстандық үлгісі: ЕҚЫҰ-на арналған тə жірибе».
Яғни, мұнда қазіргі за ман ғы Қазақстанға тəн мəселелер дің бəрі
айқындалған.
Бағдарламаның мазмұнын талқылай келе, Қазақстанның
аталынған бағдарламаны жүзеге асыру барысында күтілетін
негізгі нəтижелерге тоқталсақ:
1) Қазақстан Республикасының Еуропаның жетекшi ел-
дерiмен саяси, экономикалық жəне гуманитарлық салаларда
стратегиялық əрiптестiк деңгейiне шығуы;
2) еуропа елдерiмен тауар айналымын жыл сайын 10 %-ке
арттыру үшiн қолайлы жағдай жасау;
3) мемлекеттер жəне үкiметтер басшылары деңгейiнде
жыл сайын 5 сапар алмасу (халықаралық iс-шаралар кестесiне
сəйкес);
4) қазақстандық желiлердi панеуропалық көлiк жүйелерiмен
түйiстiру аясында Көлiк жүйелерiн дамыту жөнiндегi өзара
түсiнiстiк туралы меморандумға ЕО-мен қол қою;
5) ЕО елдерiнiң талаптарына сəйкес келетiн техникалық рег-
ламенттер мен үйлестiрiлген стандарттарды қабылдау;
6) еуропалық нормаларды ескере отырып, ұлттық заңнаманы
жетiлдiру;
7) Еуропа құрлығында Қазақстан Республикасының үдде-
лерiн iлгерiлету.
Өзінің мағыналық негізіне келер болсақ, «Еуро паға жол»
бағдарламасы – бұл тек қана өзара пай да көру əріптестігі емес,
соны мен қатар, саяси жүйенің, мəде ниет тің, моральдік-этикалық
құндылықтарды жаңғыртулардың бастамасы. Бұл – ұзақ мер-
зімді жəне ұтымды жоспарлы стратегия жəне біздің екі маңызды
оқиғаға: ол біріншіден еліміздің 2010 жылы ЕҚЫҰ-на төрағалық
етуі мен ЕО-тың Орталық Азия мемлекеттеріне қатысты стратегия-
сына симметриялық жауабымыз ретінде тек энергоресурстарға
қатысты ғана емес, бұл ынтымақатастықтың барлық салаларын
қамтитын құжат болып табылады.
Ал Қазақстан ЕҚЫҰ-на төрағалық ету барысында Еуропа
елдерінен алатын тəжірибесімен қатар, бұл елдер одағына
ұсынатын ұлтаралық жəне дінаралық келісімнің өзіндік үлгісі
де бар. Өркениеттер, діндер, сауда жолдары мен империялар
күресінің тоғысында тарихи орна ласқан Қазақстан басқа елдерге
қарағанда ғасырлар бойы түрлі бағыттағы ықпал арналарының
саналуандығын өз басынан кешірген. Екі өркениеттің сипатта-
рын то ғыстырған жəне географиялық тұр ғыда екі континентте
орналасқан бүгінгі Қазақстанды шартты түрде Азиядағы Еуропа
жəне Еуропадағы Азия деп атауға болады. Сондықтан да біз
еуропалық жəне азиялық құндылықтар бір-бірін табиғи байытып
жатқан қо ғамды білдіреміз. Республикамыз «Еуропаға жол мен»
ілгерілей отырып, қоғамдық-саяси жəне əлеуметтік-экономи калық
дамуда, этносаралық келісім мен конфессияаралық толерантты-
лықты нығайтуда маңызды нəти желерге қол жеткізді.
Жалпы еуропалық ынты мақ т ас тықты ілгерілетудің
маңыздылығына тоқатала келіп, осы мəселеге қатысты ҚР Пар-
ламенті Сенатының төрағасы Қ.Тоқаев: «Қазақ стан ның Еуропаға
жолы – теңдесі жоқ, əлемдік дипломатия тари хын да бұрын-соңды
болмаған бағдар лама. Əңгіме ірі еуразиялық мем лекеттің жалпы
еуропалық өрке ниет кеңістігіне бірте-бірте кіруі туралы болып
отыр. Бұл страте гия лық бағыт Қазақстанның ұзақ мер зім дік
ұлттық мүдделеріне толық сəйкес келеді» – деген ой-түйінімен
келісуге болады.
«Дала мен Қала» газеті 23 шілде 2009.
94
95
Қазақстан қоғамы
дамуының өзекті мəселелері
Тарау ІІІ
Қазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалығы
Достарыңызбен бөлісу: |