Əдебиеттер:
1. http://www.akorda.kz
2. Қазақстан халықтарының Ассамблеясы. –Алматы: «Эдельвейс».
104 б.
3. Козыбаев И.М. Некоторые аспекты гармонизации межэтнических
отношений в Казахстане // Казахстанская модель межэтнического согла-
сия: проблемы и перспективы: Сб. мат. науч.-практ. конф. — Алматы:
Казахстанский институт стратегических исследований при Президенте
РК, 2007.
Казахстан в современном мире: реалии и перспективы. – Алматы:
КИСИ при Президенте РК, 2008.
16
17
Қазақстан қоғамы
дамуының өзекті мəселелері
Тарау І
Ішкі саяси дамудың өзекті мəселелері
ҰЛТАРАЛЫҚ КЕЛІСІМНІҢ
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҮЛГІСІ ЖƏНЕ ОНЫҢ
ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ
Алмас Арзықұлов
Қазақстан үшін үcтіміздегі 2009 жыл сыртқы жəне ішкі саясатта
маңызды рөл атқаратын жыл, өйткені Қазақстан өзінің 2010 жылы
ЕҚЫҰ-на төрағалық ету міндетіне қатысты биылғы жылдан бұл
ұйымды басқарушы «үштіктің» құрамындағы қызметін бастауына
байланысты өзінің саяси принциптерін айқындап, жаңарту шара-
ларына аяқ басты. Қазақстан өзінің 2010 жылғы төрағалығының
өкілеттіліктерін тиімді жəне қажетті салаларда жүзеге асыру үшін
өз алдына төрағалықтың күн тəртібіндегі мəселелерді айқындап,
оны жүзеге асырудың базалық жағдайлары мен шараларын не-
гіздеуі қажет. Осындай шаралардың бірі ретінде Қазақстанның
ЕҚЫҰ-на төрағалық етуі кезеңінде ұйымға мүше-мемлекеттер
арасындағы, посткеңестік мемлекеттер мен еуропалық елдер
жəне де Шығыс пен Батыстық өркениетті ұстанушы халықтар
арасындағы сындарлы пікіралмасуды қалыптастыруды алуға
болады. Бұл жағынан алғанда Қазақстанның ЕҚЫҰ-на мүше-
мемлекеттерге ұсынуға тұрарлықтай ұлтаралық жəне дінаралық
келісімнің қазақстандық үлгісіне ие. Қазақстан Республикасы
өзінің тəуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап-ақ ұлтаралық
жəне дінаралық келісім нығайту шарасын мемлекеттік даму
мен оның территориясындағы ұлттардың өсіп-өнуі, бірін-бірі
сыйлауы мен құрметтеуінің негізгі принциптерінің бірі ретінде
қарастырды.
Тəуелсіздік алған жылдардан бергі қоғамдағы жаңарулар, ре-
формалар мен өзгерістер қазақстандық қоғамындағы əлеуметтік-
саяси мəселелерді тыңғылықты зерттеу қажеттігін көрсетеді.
Қазақстандықтар тəуелсіздіктің өткен 18 жылы ішінде қоғамдық
тұрақтылық, ұлтаралық келісім мен жалпы қазақстандық патрио-
тизм, ұлттық сəйкестілікті қамтамасыз етудің өзіндік үлгісін жасады.
Президент айтып өткендей: « – бұл қазақстандықтардың өзіндік
жаңалығы, біз оны мақтан тұтып, қорғай білуіміз қажет» [1].
Бүгінгі таңда Қазақстан ұлтаралық жəне дінаралық келісім
мен ымырагершілікті негізге алған 140 астам ұлт өкілдері мен
40 астам дінді уағыздайтын үш мыңға жуық діни бірлестіктердің
отаны болып отыр. Қазақстан тəуелсіздік жылдарында бұл
стратегияның өміршеңдігін көрсетіп, оның бүкіл адамзат
қауымының дамуындағы халықтардың өзара қарым-қатынас
мəдениетінің қазақстандық үлгісінің қажеттілігін танытты.
Халықт ардың өзара қарым-қатынасы мəдениетінің
қазақстандық үлгісі – бұл қоғамдағы шиеленістік, қақтығыстық
жағдайды жеңу ғана емес, сонымен қатар, оның болашақта
ұзаққа созылған қарсылық пен мəңгілік жек көрушілікке ұласып
кетпеуінің алдын алу болып табылады. Қазақстан қоғамының
бұндай жетістікке қол жеткізуі оның халқының ұжымдық субъ-
екті ретіндегі жəне оның əрбір мүшесінің өз бойында ұлтаралық
қарым-қатынас мəдениетін жоғары қоюында болып отыр. Бұған
Қазақстан Республикасының алғашқы кезеңнен бастап зайырлы,
құқықтық мемлекет ретінде дамуды қолға алып, өз конститу-
циясында республика территориясында тұратын кез-келген
азаматтың толық құқықтылығына кепіл болуы үлкен ықпал етті.
Қазақстан Республикасының Ата Заңында: «Тегiне, əлеуметтiк,
лауазымдық жəне мүлiктiк жағдайына, жынысына, нəсiлiне,
ұлтына, тiлiне, дiни көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерi-
не байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша
ешкiмдi ешқандай кемсiтуге болмайды» деп азаматтарының өз
құқықтарын толығымен пайдалануына мүмкіндік жасаған [2].
Əлемдегі кез-келген Қазақстан секілді көп ұлтты мемлекеттің
өзінің тұтастығы мен тəуелсіздігін сақтаудың негізгі шарттарының
бірі – ол оның азаматтарының ұлтқа бөлінбей, бір қауымға, тұтас
халық дəрежесіне біріктіру мəселесі алынады. Сондықтан да,
Қазақстан билігі өз азаматтарының ұлттық ерекшелігін сақтай
отырып, жалпы қазақстандық ұлт дəрежесіне біріктіру саясатын
ұстанған. Бұл бағытта негізгі назар əр ұлт өкілдерінің респуб-
лика азаматы ретінде саяси топтасуы қарастырылған жəне ол
ұлттардың мүдделерінің ортақтығына қатысты құрылып, мем-
лекеттік саясаттың жалпыұлттық құрылысында есепке алынуы
қажет.
Қазіргі таңда Қазақстандағы жалпы ұлттық құрылыстың не-
гізгі құрамының бірі ретінде ұлттық плюрализм алынып отыр.
Аталынған бағыттың жүзеге асырылуы барысында біршама
жетістіктерге қол жеткізілген. Мысалы, біріншіден, əлеуметтік
18
19
Қазақстан қоғамы
дамуының өзекті мəселелері
Тарау І
Ішкі саяси дамудың өзекті мəселелері
зерттеу деректеріне сай қазақстандық тұрғындардың басым бөлігі
өздерін Қазақстан Республикасының азаматы деп санайтынын
мəлімдеген. Екіншіден, Қазақстанда тұратын ұлт өкілдеріне
өздерінің ұлттық-мəдени мүдделерін жүзеге асыруға қолайлы
жағдай жасалынған.
Осылайша, Қазақстан өз тəуелсіздігінің алғашқы жылдары-
нан бастап-ақ көп ұлтты жəне түрлі дінді ұстанатын қоғамда
этностардың өзшілігі мен бірігуін сақтауға негізделген ұлтаралық
қатынастарды қамтамасыз ететін өзіндік айрықша үлгіні
қалыптастырған.
Ұлтаралық қатынастардың қазақстандық үлгісі бірнеше
негізгі деңгейде жүзеге асырылады: тұжырымдамалық деңгей;
саяси-құқықтық (конституциялық) деңгей; институционалдық
деңгей жəне ғылыми-əдістемелік деңгей. Тұжырымдамалық
деңгей еліміздің ұлтаралық қатынастарындағы тұрақтылықты
қамтамасыз етеді жəне ол: əлеуметтік-экономикалық, мəдени,
ождандық, тұрмыстық жəне басқа да өзара тəуелді, толықтырушы
факторларды есепке алу, Қазақстан ұлттарының өз мəдени да-
муын еркін қамтамасыз ету жəне олардың мүдделерін қорғау мен
жүзеге асыру принциптеріне сүйенеді.
Саяси-құқықтық немесе конституциялық деңгей мемлекеттің
ұлтаралық қатынастар саласын реттейтін заңнамалық актілер
жəне ұлттық саясатты жүргізуге қатысты басқа да құжаттардың
негізінде жүзеге асырылады. Ұлтаралық келісімнің құқықтық
негізі ретінде Қазақстан Республикасының Ата Заңы танылады.
Тіпті Ата Заңның 39-шы Бабы: «ұлтаралық келісімді бұзатын
кез-келген əрекет конституциялық емес деп танылады» деп
көрсетілген. Сонымен қатар, Негізгі заңның 7 Бап («мемлекет
Қазақстан халқының тілдерін дамыту мен оқуға жағдай жасай-
ды») пен 19 Бап («əр азамат өз тілі мен мəдениетін пайдалануға
құқылы») пен басқа да «Қазақстан Республикасының азаматтығы
туралы», «ҚР тілдері туралы», «Мəдениет туралы», «Тарихи-
мəдени мұралары объектілерін қорғау мен пайдалану туралы»
заңдар Қазақстандық кез-келген азаматтың өз тілінде білім
алу, дамыту мен мəдениетін уағыздауға мүмкіндік береді. Со-
нымен бірге, Қазақстан ұлттары 2007 жылғы конституциялық
реформаның нəтижесінде республиканың жоғарғы заң шығару
органына өкілдер жіберу құқығына ие болды. Қазақстандағы ұлт
өкілдері Қазақстан халқы Ассамблеясы арқылы өздерінің ұлттық
мүдделерін еліміздегі жоғарғы трибуна арқылы шешеді. Осы-
лайша ҚХА Қазақстан ұлттарының мүддесін қорғаушы нақты
механизмге айналды.
Институционалдық деңгейде ұлтаралық келісімді қамтамсыз
етуші негізгі ұйым ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясы та-
нылады. Ассамблеяның қол астында 22 республикалық жəне
аймақтық ұлттық-мəдени орталықтар жұмыс істейді. Олар
өз кезегінде 470 астам облыстық, қалалық жəне аудандық
ұлттық орталықтарды біріктіреді. ҚХА жұмысын жүргізуде
оның аймақтық бөлімшелері – Кіші Ассамблеялар маңызды
рөл атқарады. Қазақстан территориясының ауқымдылығы мен
оның аймақтарында ұлт өкілдерінің топтасып орналасуы ұлт
мəселелерін шешетін арнайы ұйымдардың қажеттілігін тудыр-
ды.
Ұлтаралық келісімнің ғылыми-əдістемелік деңгейде жүзеге
асырылуы төмендегідей шаралар арқылы жүргізіледі: ұлтаралық
қатынастардың дамуының үрдісі мен жағдайының мониторин-
гі; қауіп-қатерлерді айқындау; факторлық талдау мен қажетті
ұсыныстар жасау. Ұлттар арасындағы толеранттылық мəдениетін
дамыту, ұлтаралық жəне дінаралық келісімді қолдау жəне
дін мен ұлт мəселесіне қатысты қақтығыстардың алдын алу
мəселесі ұлттық саясаттың ақпараттық қамсыздандыру жүйесін
қалыптастыру қажеттігін көрсетеді.
Осылайша, ұлтаралық келісімінің қазақстандық үлгісі бір-
неше негізгі принциптерге, яғни мемлекеттік саясаттың негізге
алатын идеялардың, ұстанымдардың өзара тəуелділігіне сүйенеді.
Оның ішінде маңыздылары ретінде: ашықтық пен жариялылық;
заңдылық, қолданыстағы күштер, қаржы мен əдістерді заңды
тіркеу мен құқықтық реттеу, ұлттық құрылыс мəселелерін саясат-
сыздандыру; ождандық бастамаларда гуманизм, əділеттілік жəне
адамгершілікті ұстану; өзара көмек пен қолдау; қайшылықтардың
алдын алу шараларын қарастыру жəне т.б. аламыз.
Көптеген зерттеулер мен өмірлік тəжірибе көрсетіп
отырғанындай ұлттар арасындағы келісім мен татулық этностардың
өзара түсіністігі жағдайында ғана қол жеткізіледі. Бұл бағытта
мəдениеттер арасындағы диалог қоғамның толеранттылығын
артырады. Осыған сай Қазақстанда тəуелсіздіктің өткен жылдары
20
21
Қазақстан қоғамы
дамуының өзекті мəселелері
Тарау І
Ішкі саяси дамудың өзекті мəселелері
ішінде этностардың өз тілі, салт-дəстүрлерін сақтау мен дамытуға
қатысты үлкен жұмыс атқарылған [3]. Ұлтаралық қатынастардың
ордасына айналған ҚХА жыл сайын Қазақстан ұлттарының
өз тілін, дəстүрлері мен салттарын дамытуға қатысты əр түрлі
шаралар өткізіп тұрады. Ел аумағындағы белгілі-бір ұлттың
мəдениетіне немқұрайлы қараушылық қоғамдағы ұлтаралық
қатынастарды шиеленістіруі мүмкін.
Қазақстан үкіметінің, Қазақстан халқы Ассамблеясының жəне
де жалпы басқа да қоғамдық, мемлекеттік ұйымдардың ұлтаралық
келісім мен татулықты одан ары дамытуға күш салуына қарамастан
қазіргі таңдағы мемлекеттің этностар саясатында белгілі бір
кемшіліктердің орын алып отырғандығын көреміз. Мысалы:
- Қазақстандағы этностар саясатының нақты тұжырымдама-
теориялық негізінің жоқтығы. Қазіргі таңда қазақстандық
этно старға қатысты ре сми саясаттың жоқтығы, оның
мағынасының анықталмау мен оны түсінбеушілік бұл саясаттың
толығымен жүзеге асуына кедергі келтіреді. Тіпті ұлтаралық
қатынастарда ресми түсініктердің нақтыланбауы бұл саясаттың
ұлттық (меніңше, ол қазақстан этностары саясаты болуы керек)
деп аталынуына алып келді.
- этностар саясатын реттеудің нормативтік-құқықтық негізінің
болмауы. Қазақстанда ұлтаралық қатынастарды реттейтін ресми
тұжырымдама болмағандықтан оны құқықтық негіздейтін
құжаттың жоқтығына алып келген.
- ал ресми тұжырымдама-теориялық негіздің, оны құқықтық
реттестіру құжатының болмауы салдарынан этностар саясатын
тиімді жүзеге асыру тетіктері де дамымай отыр. Ұлтаралық
татулықты жүзеге асыру саясаты республика деңгейі мен жер-
гілікті жерлерде əр түрлі органдарға жүктелуі жəне олардың
бұл бағытта тек уағыздық-қолдау шараларын ғана жүргізіп,
ұлтаралық қатынастар саласындағы қолайсыз үдерістердің алдын
алу, бұл саладағы жағдайды саралау мен талдап, соған қатысты
нақты ұсыныстар жасаумен айналыспайды.
Осы кемшіліктерді қарастыра келіп, Қазақстан Респуб-
ликасының этностар саясатын жетілдіруге қатысты ұсыныстық
тезистер келтіруге болады:
1. Этностар саясаты өзін-өзі ұйымдастыру мен басқару
механизмдері мүмкіндіктерін зерттеуге негізделуі қажет.
Жалпы бұндай саясат орын алған қақтығыстарды тіркеу жəне
қарастырумен қатар, оларды шешу мен алдын алу шараларын
жүзеге асырып, əлеуметтік өмірге қажетті қақтығыссыз кеңістік
қалыптастыруға тырысуы қажет.
2. Ұлтаралық қатынастар мəселелерін саяси жағынан
қарастыру нақты, шынтайттық ақпарат негізінде прагматикалық,
басқарушылық көзқараспен жүргізілуі қажет. Үкіметтің белгілі бір
бағдарламасындағы аймақтық, өндірістік немесе технологиялық
жаңартуларында этносаяси салдарлар саралануы керек. Яғни,
ұлттық (мемлекеттік) саясатты жүзеге асыру үдерісіндегі негізгі
назар идеология-уағыздық жəне саяси-əкімшілік ресурстармен
қатар, өзіндік немесе шетелдік жобалар секілді ғылыми-зерттеу
жəне ақпараттық-сараптамалық ресурстар мен механизмдерге
де сүйенуі қажет.
3. Мүдделі орталық жəне жергілікті мемлекет органдарының
жұмысына түрлі ғылыми-зерттеу мекемелерімен біріге оты-
рып, республикалық жəне жергілікті деңгейдегі ұлтаралық
қатынастардың нақты жəне жасырын қауіп-қатерлерін анықтау мен
оны саралауды қамтамасыз ететін дағды енгізу дұрыс болады.
4. Қазақстандағы ұлтаралық қатынастарды зерттеу мен
саралауға мен соған қатысты нақты ұсыныстар дайындауды
қолға алатын ресми сарапшылар ұжымын құру қажет. Аталынған
ұжым ішінде мəселені кəсіби талқылау барысында төмендегідей
сұрақтарды айқындау қажет:
- ұлтаралық қатынастардағы жалпыға ортақ терминоло-
гия мəселесі мен оның əлемдік жəне қазақстандық ортаға
сəйкестігі;
- Қазақстан этностары, демографиялық үдерістер, Қазақ-
стандағы миграциялық жағдай мен саясат, аз халықтар құқығын
қорғау саласындағы халықаралық стандарттарды сақтау жəне т.б.
тақырыптардағы анықтамалық басылымдар шығару.
5. Мемлекеттің этностар саясаттың институционалдық
деңгейін көтеру мақсатында республиканың ұлтаралық
қатынаст арға қатысты қызметін реттейтін Қазақст ан
Республикасының этностар саясаты тұжырымдамасын жасап,
қабылдау.
6. Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-на төрағалық етуі ая-
сында аталынған ұйымның ұлтаралық қатынастар саласындағы
22
23
Қазақстан қоғамы
дамуының өзекті мəселелері
Тарау І
Ішкі саяси дамудың өзекті мəселелері
стандарттарын зерттеп, республикада қабылдаумен қатар, осы
саладағы қазақстандық тəжірибені де ұйымның күн тəртібіне
ұсыну негізгі мақсат болуы керек.
Бірақ, ұлтаралық қатынастардың қазақстандық үлгісін
ЕҚЫҰ-на мүше-мемлекеттер үшін бейімдеу үшін тиімді жолын
айқындап, Ұйымның мүшелері қатынасының əлеуметтік-саяси
жүйесіне кірігу мүмкіндігін қарастыру қажет.
Əдебиеттер:
1. Назарбаев Н.А. Повышение благосостояния граждан Казахстана
– главная цель государственной политики. Послание главы государства
народу Казахстана // Казахстанская правда. – 2008, февраль – 7.
2. Конституция Республики Казахстан. – Астана: Елорда, 2008.
– С. 8.
3. Казахстанская модель межэтнического согласия: состояние и
перспективы: сборник материалов научно-практической конференции.
– Алматы: КИСИ при Президенте РК, 2007. – С.15, 88-95.
Ұлтаралық жəне дінаралық келісімнің қазақстандық тəжірибесі:
ЕҚЫҰ үшін ұсыныстар: халықаралық ғылыми-тəжірибелік конфе-
ренцияның материалдары (Алматы қ, 25 ақпан 2009 ж.). – Алматы:
ҚР Президентінің жанындағы ҚСЗИ, 2009.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҰЛТАРАЛЫҚ КЕЛІСІМ
ҮЛГІСІ БАТЫС ЕЛДЕРІНІҢ НАЗАРЫНДА
Əсел Назарбетова
Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіп сіздік жəне
ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі еліміздің əлемдік
қауым дас тық алдындағы беделін өсіріп, сонымен қатар үлкен
жауапкершілік жүктеп отырғаны белгілі. Қазақстан биылғы
жылдың 1 қаңтарынан ЕҚЫҰ төрағаларының «үштi гi»
құрамында өз жұмысын бастады.
*
Бүгінде ҚР Сыртқы істер ми-
нистрлігі еліміздің ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі жолында дайындық
жұмыстарын қызу жүргізуде. Аталған ұйымға ТМД елдері ара-
сынан Қазақстан бірінші болып төрағалық еткелі отырғанын
ескерсек, бұл шараның қаншалықты маңызды, əрі жауапкершілігі
зор екенін түйсінуге болады.
Алғашында Қазақстанның Еуропадағы қауіп сіздік жəне
ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуге деген талпынысы
Еуропада үлкен резенанс туғызғаны, ал ел ішінде жəне басқа
да көршілес мемлекеттерде сенімсіздік пайда болғаны тарих
еншісінде. Алайда Қазақстанның экономикалық жəне саяси
дамуының көрінісі, аймақтық қауіп сіз дік пен тұрақтылықты
қамтамасыз етудегі мүмкіншіліктерінің дəлелі ретінде еліміз
əлемдегі қауіпсіздік саласындағы ең бір ірі ұйымның тізгінін
қолына алғалы отыр. Сол себепті Қазақстан басқаратын 2010
жылдан үлкен жаңалықтар күтілуде.
Сонымен қатар, бұл төрағалықтың халықаралық маңызы
бар, себебі осы қадам ар қы лы посткеңестік елдерге қатысты
көзқарастарға өзге ріс тер еніп, Қазақстан геосаяси шеткері аймақ
болудан кетіп, Еуропаның саяси сахнасына енуіне мүмкіндік
туады. Қазақстанның төрағалық етуі ұйымға мүше елдердің
ықпал дас тық тарын тереңдетуге, гумани тар лық бағыттарға қоса,
басқа да еленбей жатқан мəселелерге зер салуға қол жеткізетін-
дігіне сенім бар.
Қазақстанның беделді ұйым төрағалығына ұмтылысының
мақсаты ретінде өткен жылдың жазын да Ас та на да өткізілген
*
Биылғы «үштiк» құрамында қазiр төр ағалық етiп отырған Грекия, былтыр төрағалық еткен
Финляндия жəне келесi жылы төраға болатын Қазақстан бар.
24
25
Қазақстан қоғамы
дамуының өзекті мəселелері
Тарау І
Ішкі саяси дамудың өзекті мəселелері
ЕҚЫҰ Парла менттік Ассамблеясының 17-ші сессиясын да
Президент Нұрсұлтан На зарбаев Қазақстан өзінің ЕҚЫҰ-
дағы төр ағалығын Ұйымға мүше елдердің арасын дағы өзара
іс-қимылға тың тыныс берудің жақсы мүмкіндігі ретінде
қарасты ратынын айта келе, «...біз тұрақты да толерант ты ел
ретінде жинақта ған тəжі рибемізді Ван куверден Влади вос токқа
дейінгі ауқымды ке ңістікте бейбітшілікті қамтама сыз ету
ісінде пайдалан бақпыз. Бір ге болсақ, та быс қа жетеміз. Сон-
дықтан жаңа əлемдегі ық палдастықты қалай елестететі ні мізді
айта отырып, біз сіздердің қол даулары ңызға үміт артамыз»,
деген болатын [1].
Сөзсіз Қазақстан үшін зор табысқа айналған осы шешімді
қабылдауға ықпал еткен факторлардың бірі ретінде Қазақстанның
ұлттық жəне діни қатынастарды реттейтін өзінің бірегей
тəжірибесі қалыптасқандығын атап айтуға болады. Қазіргі таңда
əлемдегі, оның ішінде Еуропа жəне Азия құрлықтарындағы
маңызды мəселелердің, келеңсіз жайттардың бірі - ұлтаралық,
дінаралық қарама-қайшылықтар мен дау-жанжалдар. Сонымен
бірге Батыс елдері мұсылман елдерінен шыққан мигранттар
кө шінің астында қалғаны да белгілі, өз кезе гінде бұл жағдай
біраз мəселе туындатуда. Сол себепті Еуропа мен АҚШ Ислам
əлемі мен үнқатысуға мəжбүр. Міне, сон да Батыс пен Ислам əле-
мінің арасында Қазақстанның мəмілегер рөлін атқаруы əлемдік
қауіпсіздік пен тұрақтылық үшін де, еліміздің халықаралық
қауымдастықтың толыққанды мүшесі болуы үшін де зор
мүмкіндік туғызады.
Қазақстанның мұндай жауапты рөлді атқара алатындығына зор
сенімді еліміздің тəуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап ұлттар
мен ұлыстар арасындағы татулыққа өз үлесін қосып, əрдайым
бейбітшілік пен татулық принциптерін ұстанатындығымен,
əлемдік қауымдастық алдында бейбітшілік пен ұлтаралық,
дінаралық татулықтың, тұрақтылықтың аралы ретінде беделі
ұлғаюымен байланыстыруға болады. Қазақстанның өркениеттер
диалогын белсенді қолдау ұстанымы ең алдымен көпұлтты, əр
алуан мəдениетті халқымыздың қалыптасқан дүниетанымының
көрінісі.
Қазақстан қоғамы бүгінде əлем сусап отырған татулық
пен келісімді, саяси тұрақтылықты қамтамасыз етіп отыр.
Мұндай ұстаным тəуелсіздік жылдарындағы мемлекеттің бүкіл
ішкі саясатының өзегі болды. Қазақстанда ұлттық-мəдени
саналуандық пен бірлікті жаңғырту, əрі дамытудың мемлекет-
тік саясаты жүзеге асырылды. Қазақстанда шағын ұлттардың
тілі мен мəдениетіне оңтайлы жағдай жасалып отыр. Олардың
мүддесін қорғайтын арнайы «Қазақстан халқы ассамблеясы
туралы» Заңының қабылдануы, парламентте Ассамблея атынан
9 өкілдің депутат болып отыруы осының дəлелі.
Сондай-ақ, этникалық азшылықтар жинақы тұратын жерлерде
ұлттық мектептер жұмыс істейді. Онда ана тілі ретінде 16 тіл
оқытылады, 15 мыңға жуық жас қазақстандықтар өз ана тілдерін
— неміс, түрік, поляк, кəріс, татар, украин, ұйғыр, грек, армян
жəне тағы басқа тілдерді дербес пəн ретінде оқуда. Мемлекет 500-
ге жуық ұлттық-мəдени бірлестіктердің, 20 республикалық жəне
аймақтық ұлттық газеттердің, радио-теле бағдарламалардың,
6 ұлттық театрдың іс-əрекеттеріне қолдау көрсетіп отыр.
Əйтсе де, ұлтаралық қатынастарды реттеу саласындағы
мемлекеттік ішкі саясатқа да оң өзгерістер мен серпілістер
қажет. Күн тəртібіндегі Ұлттық бірлік доктринасын жасауда
бүгінгі қоғамдағы жəне бүкіл əлемде қалыптасқан жағдай мен
объективті факторларды мұқият сараптап, Қазақстан халқының
саналы бірігуінің жəне сапа жағынан дамуының алғышарттары
мен жолдары айқындалуы шарт. Бұл жолда Қазақстанның ЕҚЫҰ
төрағалығына дайындық барысында жасалып жатқан іс-шаралар
өз септігін тигізуі мүмкін.
Қоғамдағы дінаралық келісімге жетудің орнықты саясаты
Қазақстанның төрағалық етуіне тағы бір қомақты дəлел болмақ.
Қазақстан үшін төзімділік ұстанымы – тек қана саяси мəдениет
емес, мемлекеттік ұстаным болып табылады. Бүгінгі жағдайда
əлемді өркениеттік, мəдениеттік жəне діни белгілері бойынша
жіктеуге жол бермеу, əлемнің бірлігін, адамзаттың ортақ қатер
алдында тұтастығын түйсіну айрықша маңызды.
Осы орайда Қазақстан түрлі мəдениеттер мен өркениеттер
арасындағы өзара əрекеттестік тақырыбын алға тартып,
ЕҚЫҰ жəне басқа да халықаралық бірлестіктердің аясында
нақты шешімдердің қабылдануына күш салып келеді. Соның
бірі – ЕҚЫҰ-ның еуро атлан тикалық жəне еуро азия лық бө-
ліктері деп шартты түрде ата латын елдер дің арасын бірік тіріп
26
27
Қазақстан қоғамы
дамуының өзекті мəселелері
Тарау І
Ішкі саяси дамудың өзекті мəселелері
тұратын факторларды бір лесе із деу маңыз дылығы. Бұл тура-
лы Венада Қазақстанның Ұйымға 2010 жылғы төрағалыққа
əзірлігі барысын таныстыруға арналған ЕҚЫҰ Парламенттік
Ассамблеясының арнайы сессиясында Қасым-Жомарт Тоқаев
тағы да еске салып өтті. Сөзін түйіндей келе, ол былай деді:
«Қазақстан ЕҚЫҰ-ның келе шек төрағасы ретінде Батыс пен
Шығыс арасындағы диалогқа алтын көпір болуды мақсат
тұтады. Біз діни төзімсіздіктің жəне нəсілдік кемсітушіліктің
барлық формаларымен күресте ЕҚЫҰ-ның күш-жігерін
нығайтуды көздейміз» [2].
Шындығында, Батыс елдерінің, жалпы халықаралық
қауымдастықтың қызығушылығын тудыратындай Қазақстанның
ұлтаралық жəне конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету
саласындағы маңызды жетістіктері ауыз толтырып айтарлықтай
жəне де еліміз ЕҚЫҰ гуманитарлық өлшемдері мақсаттарына
қол жеткізу үшін осы салада жинақталған тəжірибесімен
бөлісуге дайын. Атап айтар болсақ, Елбасы Н. Назарбаевтың
бастамасымен 2003 жылдан бері Астанада өткізіліп келе жатқан
Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлерінің съездері. Бұл фо-
рум мəдениеттер өркениеті диалогы саласында жұмыс істеп
жатқан негізгі əлемдік конфессиялар мен халықаралық ұйымдар
тарапынан қолдау тауып, Қазақстанның кон фессияаралық
келіс пеушіліктерді болдыр мау, мəдени жəне рухани ынтымақтас-
тықтың тиімді тетікте рін іздеу ісіне қосқан қомақты үлесі. Биыл-
ғы 1-2 шілдеде Астанада үшінші съезд өтеді, енді ол Бірік кен
Ұлт тар Ұйы мының қатысуы мен жəне тех ника лық жағынан
жəрдем беруімен ұйымдас тырыл мақ.
Сондай-ақ, Қазақстан Президентінің ұсы ны сы бойынша
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 2010 жылды
Мəдениеттерді жақындас тырудың халықаралық жылы деп жа-
риялады. Сонымен қатар өткен жылдың қаза нында елордамызда
«Ортақ əлем: сантүрлілік арқылы прогреске» форумы ұйымдасты-
рылып, оған əлемнің 50-ден астам елінің дип ло маттары,
халықара лық ұйымдардың өкілдері қатыс ты. Конференция біздің
еліміздің бастамасымен алғаш рет 2006 жылдан бері əлемдік
қауымдастықтың назарына ұсынылып келе жатқан «Мұсылман
əлемі жəне Батыс» форматындағы үнқатысу идеясының нақты
көрінісі деуге болады. Форум қоры тын дысында осы идеяны
нақтылап, жү зеге асыру үшін ортақ көз қа рас тарды айқындайтын
Астана декла рациясы қабылданды.
2009-2011 жылдарға арналған «Еуропаға жол» мемле-
кеттік бағдарламасында көрсетілгендей, этносаралық жəне
конфе ссияаралық келісімді қамтамасыз ету саласында
тəжірибе алмасу Еуропа елдерімен ынтымақтастықтың бөлек
бір бағыты болып табылады, мұның өзі этносаралық жəне
конфессияаралық келісімді қамтамасыз етудің тиімді тетіктерін
құруда қазақстандық оң тəжірибені насихаттауға, дінге төзімді
жəне толерантты еуразиялық қоғамдастықтың қалыптасуына
үлес қосуға мүмкіндік береді.
Əлемдегі өзара түсіністікті нығайтуда Қазақстанның лайықты
үлесін бағалаудың айғағы ретінде біздің мемлекет 2010 жылы
ЕҚЫҰ-ның, ал 2011 жылы ИКҰ-ның төрағасы болып сайланды.
Қазақстанның төрағалығы ЕҚЫҰ-ның басты бағдарының бірі –
Батыс пен Шығыстың үндесуін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Оған Қазақстанның қолында бар тəжірибелер мен бастамаларды
пайдалануға болады. Сонымен бірге Қазақ стан дип ло матын
ЕҚЫҰ-ның іс ба сындағы төраға сының Мұсыл ман дар ды кемсі-
тушілікке қарсы күрес жөніндегі жеке өкілі етіп та ғайын дауын
қазақстан дық оң тəжі рибені мойындау деп білеміз.
Қазақстанда ұлтаралық саясат өте жемісті жүріп жатқанына,
аз ұлттарға ерекше қолдау жасалып отырғанына батыс сарап-
шылары оң баға беруде. ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттар істері жөніндегі
Жоғарғы комиссары Кнут Воллебектің мəлімдеуінше, Қазақстан
ұлтаралық қатынастарды нығайту саласында ЕҚЫҰ-ға көп
нəрсені ұсына алады. Ол Қазақстанда ұлттық мектептердің
сақталып отырғанына жоғары баға берді, сонымен қатар ЕҚЫҰ
өкілі елімізде мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінің өзге ұлт-
ұлыстар тарапынан ешқандай кедергісіз кеңінен қолдануын
қалайтынын білдірді [3].
Ал, Германияның Орталық Азия бойынша сарапшысы
Михаэль Лаубштың пікірінше, көптеген батыс сарапшылары
Қазақстанның төрағалығынан Батыс пен Шығысты байланысты-
рушы ретіндегі, сондай-ақ, ЕҚЫҰ жауапкершілік аумағындағы
қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуші роліне аса мəн
береді. Кавказда орын алған жағдайды, алдағы уақытта болуы
мүмкін қақтығыстарды шешуде Қазақстанға сенім артылуда,
28
29
Қазақстан қоғамы
дамуының өзекті мəселелері
Тарау І
Ішкі саяси дамудың өзекті мəселелері
басқа Батыс мемлекеттеріне қарағанда біздің посткеңестік ел
ретіндегі мүмкіндігіміз мол екендігіне тоқталады. Бұл өз кезе-
гінде елімізге жүктелген зор жауапкершілік [4].
2006 жылы Астанада өткен мəдениетаралық, дінаралық жəне
ұлтаралық төзімділік бойынша ЕҚЫҰ Кеңесіне қатысушы ЕҚЫҰ
өкілдері де өз сөздерінде шын мəнінде Ұйымға мүше мемлекеттер
үлгі алатындай Қазақстанның өзіндік оң тəжірибесі бар екендігін
бірнеше рет қадап айтқан болатын. Бұған дəлел ретінде еліміздің
тəуелсіздік алғаннан кейінгі ұлтаралық қатынас саласында
туындаған мəселелерді оңтайлы шеше алғандығын келтіреді.
Еліміздің ЕҚЫҰ-на төрағалық етуіне Батыстың да мүдделік
танытқаны белгілі. Оның себебін кейбір сарапшылар талайларды
тамсандырған қазба байлықтарымызбен байланыстырады. Əйтсе
де, Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі «энергетикамен бірге
ұлтаралық келісімге де негізделгенін» батыс сарапшыларының
өзі мойындауда. Себебі, Ұйымға мүше 56 мемлекеттің барлығы
дерлік көпұлтты, əрқайсының ұлттарға қатысты дербес саясаты
бар. Осы тұрғыдан алғанда, қалай дегенмен де Қазақстанға
ЕҚЫҰ-ның тізгінін бір жылға ұстатқаннан Еуропа елдерінің
ұтылмайтыны даусыз.
Əдетте ЕҚЫҰ адами өлшемдер саласында күшті деп есеп-
телінеді, алайда гуманитарлық мəселелерде ұйым қызметі
көп жағдайда демократияландыру жəне адам құқықтарын
қамтамасыз етумен шектеледі. Сол себепті елдің этносаралық
жəне конфессияаралық келісімді қамтамасыз етудегі, төзімділік
қағидаларын ілгерілетудегі жетістіктерін ескере отырып,
кемсітушіліктің барлық формаларымен күресте ЕҚЫҰ-ның
күш-жігерін нығайту Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы
басымдықтарының күн тəртібіндегі негізгі мəселе болмақ.
Батыс елдерінің Қазақстанға қызығушылық танытып
отырғаны көп жағдайда елімізде ұлтаралық келісім жəне саяси
тұрақтылықтың орын алуымен, осы мəселелерге мемлекетіміздің
аса мəн беруімен сипатталады. Осы бағытта Қазақстанның
əлемдік қауымдастыққа ұсынар мол тəжирибесі, зор əлеуеті бар
екендігі күмəнсіз. Алайда, ұлтаралық мəселе – бұл күнделікті
тыңғылықты жұмыс істеуді талап ететін сала, əсіресе бүгінгі
қалыптасқан жаһандану кезеңінде ұлтаралық, дінаралық
татулықты нығайту мен қамтамасыз ету бағытында жаңа тың
идеялар қажет. Осы тұрғыдан қарастырғанда ЕҚЫҰ-ға мүше
мемлекеттердің, жалпы əлемдік қауымдастықтың Қазақстан
төрағалығынан күтері мол.
Достарыңызбен бөлісу: |