5 I тарау ішкі саяси дамудың Өзекті мəселелері


«ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК» ТҮСІНІГІ



Pdf көрінісі
бет5/12
Дата31.03.2017
өлшемі479,82 Kb.
#10673
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

«ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК» ТҮСІНІГІ 

ЖƏНЕ ЖАПОНИЯНЫҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ 

ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫ

Алмас Арзықұлов

Халықаралық жəне мемлекеттік іс жүргізу тəжиірбесі ай-

налымына «энергетикалық қауіпсіздік» термині XX ғасырдың 

70-ші жылдары Таяу Шығыстағы халықаралық қатынастардың 

шиеленісуі мен əлемдік энергетика нарығы конъюнктурасының 

дамуының тұғырнамасы аясында мемлекеттердің, оның ішінде 

негізінен Батыс елдерінің ұлттық мүдделерінің қауіпсіздігіне 

қатысты қауіп-қатерлерді айқындау барысында қолданысқа 

енгізілді. «Энергетикалық қауіпсіздік» түсінігі ғылыми 

айналымдағы жаңа категория болғандықтан жəне бұл түсініктің 

əлі де қалыптасу үстінде екенін ескеруіміз керек. Бастапқыда 

тек мұнай өнімдеріне қатысты енгізілген бұл термин қазіргі 

таңда мемлекеттің дамуына қатысты кез-келген энергия көзіне 

қатысты қолданылуда. XX ғасырдың 70-ші жылдарындағы 

əлемдік экономикалық дағдарыс кезінде пайда болған бұл 

түсініктің негізгі мəні: əділ бағаға негізделген тұрақты сұраныс 

– «экспортер-мемлекеттердің қауіпсіздігі» мен «импортер-

мемлекеттер қауіпсіздігі» – барынша төмен бағадағы тұрақты 

ұсыныстың болуы, яғни бұл түсінік толығымен мұнай жəне газ 

саудасына байланысты болып отыр. Энергетикалық қауіпсіздік 

мəселесін қарастыру барысында «тұтынушы-мемлекеттерді» 

шартты түрде «əлемдік экономиканың көне орталықтары» (АҚШ, 

ЕО, Жапония) жəне «əлемдік экономиканың дамуының жаңа 

орталықтары» (Қытай, Үндістан) [1,8] деп бөлсек, «импортер-

мемлекеттерді» де дамыған мемлекеттер өнеркəсібін қамтамасыз 

етудің «көне орталықтары» (Парсы шығанағы, Ресей, Иран) 

жəне Еуразияның дамыған елдері өнеркəсібін қамтамасыз етудің 

«жаңа қалыптасқан орталықтары» (Каспий жағалауы елдері) 

деп бөлеміз. Сонымен қатар, осы үрдіске (мұнай-газ тасымалы-

на) қатысатын мемлекеттер қатарына ұлттық жəне жеке мұнай 

компаниялары мен транзиттік елдерді қосу қажет. Нəтижесінде 

энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үрдісіне қатысатын 

бұл аталынған тараптардың барлығының мүдделерін есепке 


56

57

Қазақстан қоғамы 



дамуының өзекті мəселелері 

Тарау ІІ

Сыртқы саясат жəне қауіпсіздік 

алар болсақ (кей жағдайларда бір-біріне қарама қайшы келетін) 

«энергетикалық қауіпсіздік» атты əмбебап түсінікті айқындаудың 

өзі қиындық туғызады.

Отандық саясаттануда: «энергетикалық қауіпсіздік – энер-

гетика нарығының субьектілері – мемлекеттердің саясаты мен 

ұлттық экономикалардың өзара тəуелділігінің жалпы жүйесі жəне 

субьектілердің мүдделерінің негізінде əлімдік энергетика нарығы 

мен коммуникациялардың жетістікті жұмысындағы трансұлттық 

компаниялардың мүддесінің сəйкестігін білдіреді» жəне де 

бұл түсінік ауқымды халықаралық деңгейде «халықаралық 

энергетикалық қауіпсіздік – халықаралық қауіпсіздікке қатер 

төндіретін жəне дағдарыстық құбылыстарды болдырмаудың 

алдын алу мақсатында энергетика нарығына қатысушылардың 

мүдделерін ескере отырып, халықаралық энергоресурстар 

нарығы мен оларды тасымалдауды реттеудің жалпы жүйесі» 

ретінде танылады.

Ал америкалық ғалымдар болса, «энергетикалық қауіпсіздік 

деп – ұлттық күш-қуатты (national power) арттыруға қажетті 

энергоресурстарға еркін қол жеткізу» деп түсінеді [2,9]. 

Сондықтан да Даниэл Ергин («Олжа» кітабының авторы) 

энергетикалық қауіпсіздіктің шарттары ретінде тұрақты 

тұтынушылар мен үздіксіз ұсыныстармен қатар, жаһандық энер-

гетика нарығындағы тұрақтылық, АҚШ-тың мұнай өндіруші-

мемлекеттермен қоса сол мұнайды тұтынушы ірі мемлекеттермен 

де жақсы қарым қатынаста болуы, негізгі мұнай кендері мен 

оларды тасымалдау жолдарын қорғаудың көпжақты шараларын 

қалыптастыру, əлемдік энергетика мен энергияны пайдалану 

болашағына қатысты халықаралық зерттеу жобаларын жасау 

секілді негізгі принциптерін көрсетеді [3,55-58].

Осы аталынған мəселелерге қатысты америка сарапшы-

ларын Қытайдың энeргетика саласындағы диверсификация 

үрдісіне араласуы мазасыздандырып отыр. Батыс елдерінің 

ығыстыруымен Парсы шығанағындағы мұнай экспортерлері-

нен шеттетіліп қалған Қытай елі саяси тұрғыдан тұрақсыз 

мұнай өндіруші елдермен қатынас орната бастады. Пекиннің 

аталынған елдерге жоғарғы технологиялар тартуы бұл елдерде 

жаппай қырып-жою қаруын жасауға мүмкіндік беруі мүмкін. 

Сондықтан да АҚШ əлемдегі екінші импортер ел – Қытаймен 

мұнай тасымалына байланысты өзара түсіністікке қол жеткізуге 

тырысады.

Қазіргі таңдағы халықаралық жағдайдағы шиеленістік, 

яғни Ауғаныстандағы ланкестікке қарсы күрес пен Ирактағы 

авторитарлық билікті ауыстыру, АҚШ пен Иран арасындағы 

атомдық бағдарламаға қатысты талас, КХДР мəселесі, Ре-

сей-Гүржістан қақтығыстары т.б., əскери-саяси оқиғалар 

«энергетикалық қауіпсіздікті» қамтамасыз ететін «энергетикалық 

дипломатияның» жаңа дəуірінің басталғанын көрсетеді. 

Қалыптасқан жағдайға байланысты «энергетикалық қауіпсіздік» 

үрдісіне қатысушылардың барлығы да қиындықтан шығудың 

жаңа жолдарын іздестіруі заңды құбылыс. Əлемдік энергетикалық 

саясатқа қатысушылардың əр қайсысының өз мүддесін қорғауы 

жəне олардың көзқарастарындағы субьективтілік өзара 

қарама-қайшылықты туғызып, энергетикалық саясаттағы 

дипломатиялық, саяси жəне экономикалық үрдістердің 

тұрақсыздығына алып келді. Соған қарамастан, аталынған та-

раптар арасындағы қайшылықтар олардың ұлттық қауіпсіздігі 

мен жеке мүдделерін қорғау барысында туындап отырғандығын 

мойындап, бұл мəселені шешуде (энергетикалық саясат аясында) 

конструктивті пікіралмасуды қалыптастыру қажеттілігі өзекті 

мəселе болып отыр. 

Осындай халықаралық қатынастардың ортақ мəселесі болып 

отырған «энергетикалық қауіпсіздіктің» маңыздылығы туралы 

Вудро Вилсон атындағы Халықаралық ғылыми орталығының 

президенті Ли Гамильтон: «энергетикалық қауіпсіздік – мемле-

кеттік қауіпсіздік саясатында ұлттық қорғаныстан кейінгі екінші 

орын алатындығын жəне де кез-келген мемлекет өз саясатында 

энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етумен айналысу керек» 

– деп көрсетеді [2,21].

«Қырғи қабақ соғыс» аяқталып, Батыс əлемінің ортақ жауы 

Кеңес үкіметі құлаған соң əлемде жаңа геосаяси қатынастар 

орнағаны белгілі. Жарты ғасырдай уақыт Батыс əлемінің, оның 

ішінде АҚШ-тың негізгі одақтас-інісі болған Жапония бұл 

өзгерістерді өз пайдасына асырып, өзінің «азиялық» келбеті-

не қатысты жаңаша саясат ұстануды бастады. Өзінің əлемдік 

сахнадағы беделін көтеру үшін белсене саясат жүргізе бастаған 

Жапонияның негізгі ұстанған бағыттарының бірі – жаһандық 


58

59

Қазақстан қоғамы 



дамуының өзекті мəселелері 

Тарау ІІ

Сыртқы саясат жəне қауіпсіздік 

жəне аймақтық тұрақтылықты қамтамасыз ететін экономикалық 

тұрақты даму мəселесі болып отыр. Жапония секілді экономика-

сы қажетті ресурстар импорты мен əлемдік шикізат бағасының 

өзгерісіне тəуелді ел үшін энергетикалық қауіпсіздік негізгі 

мəселелердің бірі болып отыр. Қазіргі кезде Жапония халықаралық 

қатынастарда өз беделін көтерумен қатар, елдің энергетикалық 

қауіпсіздігін қамтамасыз ететін прагматикалық стратегияны 

қатар алып жүруге талпыныс жасайды. Елдің мұндай тығырыққа 

тірелуіне халықаралық майдандағы геосаяси жағдай əсерін 

тигізуде. Бүгінгі таңдағы жаңа геосаяси бəсекелестіктің негізгі 

белгілерінің бірі – ол энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз 

етуге талпынған мемлекеттердің жаһандану үрдісі. Импортер-

елдер арасындағы бəсекелестік аймақтық шеңберден шығып, 

күшті мемлекеттердің қызығушылықтары əлемнің кез-келген 

нүктесінде қақтығысып қалуы мүмкін (мысалы, АҚШ-тың Кас-

пий өңірін өз ұлттық қызығушылығы бар аймақ деп жариялауы). 

Ал энергоресурстардың қоры қазіргі таңда күшті сыртқы саяси 

ойын жүргізу құралға айналып отырғандығын ұмытпаған жөн. 

Жапония мемлекетінің сыртқы саясатындағы импорт 

мəселесінің ел экономикасы үшін қаншалықты өткір мəселе екені 

1973 жылғы энергетикалық дағдарыс кезінде айқын байқалды. 

Осы дағдарыстан соң Токио энергетика қауіпсіздігін ұлттық 

қауіпсіздіктің негізгі элементтерінің бірі ретінде қабылдап, 

сыртқы саясаттағы энергетика дипломатиясын қалыптастыруға 

ден қойды. Осы мəселеге байланысты Жапонияның АҚШ-тағы 

елшісі Ф.Того: «Біздің Таяу Шығыс жөніндегі нақты саясатымыз 

болмады, ал мұнайды 1973 жылға дейін ақшаң болса сатып алу 

мəселе емес еді» – деп еске түсіреді [4,84]. 

Осылайша 70-ші жылдардың аяғында басталған энергетика 

мəселесі Жапон үкіметінің əлемдік нарықтағы энергоресурстар 

жағдайын тұрақтандыру саясатын бастауына мұрындық болды. 

Қазіргі таңда Жапония энергоресурстарды тұтынушы ірі мемлекет 

болғанына қарамастан, халықаралық энергетика майданындағы 

негізгі «ойыншылардың» бірі болып отыр. Жапонияның импортқа 

тəуелділігіне келер болсақ: мұнай – 99,7%, табиғи газ – 96%, 

ядролық отын – 15% жəне гидроресурстар – 4% қамти отырып, 

əлемдік мұнай-газ импортына негізделген елдер арасында АҚШ-

тан кейінгі екінші орынды иеленіп келді.

Жапония қазіргі кезде өзінің энергетикалық қауіпсіздігін 

нығайту мақсатында бірнеше маңызды ресми құжаттар қабылдады. 

Мысалы, 2002 жылдың 14 маусымында Жапон парламенті «энерге-

тика саласындағы саясат туралы негізгі заң (Энеруги сэйсаку кихон 

хо)» атты заң қабылдады. Бұл құжат бойынша мемлекеттің жəне 

жеке компаниялардың энергетика саласындағы негізгі ұстанатын 

бағыттары мен міндеттері, елдің энергетика саясатына сəйкес келе 

отырып, ресурстарды пайдалануда үнемділік пен экологиялық 

қауіпсіздікке негізделуі керек болды [5,85].

Аталған заң жүйесі Халықаралық энергетика агенттігі (ХЭА) 

жариялаған «үш Е принципі» – энергетикалық қауіпсіздік 

«energy security», экономикалық даму «economic growth» жəне 

экологиялық қоршаған ортаны қорғау «environmental protection» 

принциптері негізінде жұмыс істейді. Жапон заңгерлерінің 

пайымдауынша, елдің энергетикалық қауіпсіздік саласындағы 

негізгі шаралары: мұнай импортына тəуелділікті азайту, шет 

мемлекеттердегі кен орындарын өндіру жұмыстарына белсенді 

қатысу, қорлар жасау, басқару құрылымын қалыптастыру. Осы 

аталынған шаралар ішінде маңызды орынды халықаралық 

ынтымақтастықтарды нығайту шаралары алып отыр. Өйткені, 

осы шара негізінде жаңа технологиялар мен ақпараттар тарату 

жəне əлемдік энергетика саласындағы жағдайды тұрақтандыруға 

мүмкіндік туатын еді.

Сонымен қатар, Токио осы уақыт аралығында сыртқы 

саясаттағы энергетика мəселесіне байланысты тағы да бірне-

ше құжат қабылдады. Сондай құжаттың бірі – Жапон сыртқы 

істер министрлігі қабылдаған «Жапонияның энергетикалық 

дипломатиясының стратегиясы мен əдістері» атты нормативтік 

акт. Бұл құжаттағы негізгі мəселе – экспортер жəне тасымал-

даушы елдермен достық қатынаста болу жəне энергетикалық 

қауіпсіздікті сақтау болып отыр. Бірақ Жапонияның «ағасы» жəне 

негізгі одақтасы АҚШ-тың соңғы кездердегі жүргізген саясаты 

Токионың бұл дипломатиясына өз зиянын тигізуде. Сондықтан 

да, Жапония өзінің бұрынғы тұрақты экспортерлерімен қатар 

жаңа, саяси тыныш аймақта орналасқан көмірсутек ресурстарына 

бай елдермен қатынас орнатуға тырысты. 

Орталық Еуразияның геосаяси кеңістігі КСРО құлағанан кейін-

гі он бес жыл ішінде жаһандық жəне аймақтық державалардың 


60

61

Қазақстан қоғамы 



дамуының өзекті мəселелері 

Тарау ІІ

Сыртқы саясат жəне қауіпсіздік 

қызығушылықтары тоғысып, əр қайсысы өз мақсаттары мен 

мүдделерін білдіріп, белсенді экономикалық жəне əлеуметтік 

саясат жүргізудің ережелерін ұсынып отырған бəсекелестік май-

данына айналды. Жапон елі бұл үрдістің бастауы болған 90-шы 

жылдары аймақта геосаяси күрес жүргізіп отырған саяси күштер 

қатарына кірмегендіктен, жаңа құрылған тəуелсіз мемлекеттер-

мен байланыс деңгейі төмен болатын. Соған қарамастан соңғы 

кездердегі экономикалық жəне саяси факторлар Жапонияның 

Орталық Азия аймағындағы сыртқы саясатының жандануы-

на себеп болды. Əлемдегі дамуы жағынан екінші орынды 

иемденетін Жапония экономикасын мұнай, газ жəне де басқа 

да энергоресурстармен қамтамасыз етуді жоспарлаған өзінің 

энергетикалық стратегиясын жүзеге асыру үшін, əлемдік энерго-

ресурстар саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 

Орталық Азия мемлекеттерімен ара-қатынасын дипломатиялық 

жолмен реттей бастады. Өзінің геосаясаттағы негізгі одақтасы 

АҚШ-тың соңғы кездердегі жүргізіп отырған саясаты: Ауғанстан 

мен Иракқа соғыс ашуы, Иран мен Солтүстік Корей мемлекет-

терімен ядролық қаруға байланысты жанжал, мемлекеттердің 

ішкі ісіне араласуы Жапон елінің энергетикалық қауіпсіздігіне 

нұқсан келтірген еді. Жапон елінің негізгі экспортер елдері – Таяу 

Шығыс аймағы мен Парсы шығанағы мемлекеттеріндегі саяси 

тұрақсыздық Күншығыс елін жаңа энергоресурс экспортер-

лерін іздеуге итермеледі. Жапонияның сұранысына жауап бере 

алатын бірден-бір аймақ – Орталық Азия елдері болғандықтан, 

аталынған елдер арасындағы экономикалық ынтымақтастықтар 

мен саяси байланыстардың барысы мен дамуына сараптама жасау 

қажеттілігі туындап отыр.

Жапония секілді өнеркəсібі дамыған, қаржы саласының алпа-

уыты мен жаңадан тəуелсіздік алып, өз даму жолын айқындап келе 

жатқан Орталық Азия елдері арасындағы саяси-экономикалық 

қарым-қатынастарды талдап, оның өткені мен бүгінін саралау 

жəне болашақтағы екіжақты қатынастардың даму жолдары мен 

мүмкіндіктерін айқындау саясаткерлер мен сарапшылардың 

зерттеуін талап етеді. Сондықтан да осы мəселені жүзеге асыруда 

негізінен көңіл бөлетін мəселелерге тоқталар болсақ:

•  Біріншіден, қазіргі таңдағы геосаяси геоэкономикалық 

жағдайға баға бере келіп, Жапония мемлекетінің Орталық Азия-

мен, оның ішінде Қазақстанмен тығыз қарым-қатынасқа түсуінің 

себептерін анықтау, осы қатынастардың дамуына қолайлы жағдай 

туғызатын шаралар мен Токионың осы аймақтағы саясатына ке-

дергі болатын мемлекеттер мен олардың саясатын танып білу;

•  екіншіден, Жапон елінің Орталық Азия елдерімен жасасып 

отырған экономикалық ынтымақтастығының негізгі салаларына 

тоқталу, бұл қатынастарда жетіп отырған жетістіктер мен жі-

беріліп отырған кемшіліктерді көрсету; 

•  үшіншіден, осы кезге дейін Жапония мен Орталық 

Азия аймағы елдері арасындағы байланыстың жетістіктеріне 

тоқтала келіп, осы елдер арасындағы болашақта атқарылатын 

жұмыстардың жоспарларын талдау мен бұл қатынастардың одан 

да жақсы даму мүмкіндіктеріне болжау жасау. 

Жапон елінің Орталық Азия аймағына қатысты саясатының 

нақты бағыты мен мақсатының айқындалмауына негізгі себеп 

болып отырған мəселе Токионың екі жақты геосаяси жағдайы. 

Жапония «қырғи қабақ соғыс» дəуірінен бастап Батыстық бағыт 

ұстанып, АҚШ жəне Батыс Еуропа елдерімен қосылып, осы 

блоктың бір тағанына айналған болатын. XX ғасырдың 90-шы 

жылдары «қырғи қабақ соғыстың» аяқталуынан соң, Жапония 

Батыс саясатын қолдаушы мемлекет ретінде Орталық Азия 

аймағына қатысты америка жəне еуропалық жобаларға белсене 

қатысты. Соған қарамастан соңғы он бес жыл ішінде Солтүстік-

Шығыс Азия елдерінің, оның ішінде Жапонияның геосаяси, 

экономикалық жəне саяси өмірінде көп өзгерістер орын алған 

еді. «Қырғи қабақ соғыстың» аяқталуы жəне КСРО секілді ұлы 

державаның жойылуы Солтүстік-Шығыс Азия аймағындағы 

жағдайдың бірден өзгеруіне əсер етті [6,34]. 

Қытай елінің экономикалық жағынан қарқынды дамып, 

саяси беделінің өсуі, екі Корей мемлекеттерінің арақатынасы 

жапон елінің геосаяси жағдайына, əсіресе АҚШ-пен байланы-

сына үлкен ықпалын тигізді. Екі ел арасындағы қырық жылдан 

астам уақытқа созылған «аға-іні» қатынастарына өзгеріс еніп, 

Ақ үй Токионы өзінің тең құқылы одақтасы ретінде таныды. 

Бұл жағдай əсіресе əскери-стратегиялық одақтастықта ерекше 

байқалды. Айтып өткеніміздей бұған XX ғасырдың соңындағы 

Қытай елінің күшейуі, Солтүстік Корей еліндегі «жаппай қырып 

жою қаруының бар болуы» мəселесімен қатар, Америка Құрама 


62

63

Қазақстан қоғамы 



дамуының өзекті мəселелері 

Тарау ІІ

Сыртқы саясат жəне қауіпсіздік 

Штаттарының Ауғаныстан мен Ирак жеріндегі «лаңкестікке 

қарсы» əскери қимылдары да себеп болып отыр. АҚШ-тың 

бұл əскери саясатын «бейбіт» Жапон елінің қолдауы екі ел 

арасындағы стратегиялық одақтастықты күшейтті. Сонымен 

қатар Қытайдағы жапон кəсіпкерлігіне деген қарсылық Токио-

Пекин қатынастарын шиеленістіруі, жапон елінің «атом қаруын» 

жасау мүмкіндігінің күн тəртібіне қойылуы жəне Азия елдерінің 

мəселелеріне араласуы, Күншығыс елінің өз геосаясатына 

өзгеріс енгізгендігін көрсетеді. Соңғы кездерде Жапония өзінің 

«батыстық» рөлінен бас тартып, Азиялық держава болғанын 

жəне болып қалатындығын мойындады.

Жапон елінің Еуразияның Азиялық бөлігіне қатысты 

экономикалық-саяси əрекеті Қытай мен Ресей секілді алпа-

уыттармен арақатынасына байланысты болып отыр. Аталған 

елдердің əрқайсысымен жеке-жеке тікелей байланыстан қашқан 

Жапония бұл бағытта Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы жəне 

Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығы секілді саяси ұйымдарды 

пайдалануды көздеді. Бірақ Жапонияның бұл мақсатына соңғы 

кездердегі ШЫҰ-ның атқарып отырған əрекеттеріне байланысты 

туындаған пікірлер кедергі болуда. Осы пікірлердің бірнешеуіне 

тоқталар болсақ: 

1.  Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы Ресей мен Қытайдың 

Америкаға қарсы альянсы.

2.  Ресей мен Қытай Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы арқылы 

Орталық Азияға өз ықпалдарын орнатқалы отыр.

3.  Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы өзіне жаңа мүше-мемле-

кеттер тарту арқылы күшейеді [5,11].

Бұл жердегі бірінші мəселеге келсек, Ресей мен Қытай АҚШ-

қа қарсы тұрарлықтай бір-біріне сенімді емес. Екеуі бірігіп альянс 

құрғанның өзінде, одан ешқандай саяси немесе экономикалық 

пайда таппайды. Сонымен қатар, Қытай АҚШ-тың ракеталық 

қорғаныс жобасына қарсы Ресейдің «қолшатырын» пайдаланып, 

XX ғасырдың 50-жылдарындағы «кіші бауыр» ноқтасын қайта 

кигісі келмейтіні айдан анық. 

Ал екінші мəселе бойынша: Орталық Азияны өзінің ықпал 

ету аймағы деп санайтын Ресей үшін Қытай ең бірінші қарсылас 

болып табылады. Шындығында да Кеңес Одағы ыдыраған 

соң пайда болған тəуелсіз Орталық Азия республикаларын-

да Қытай беделінің өсіп келе жатқаны белгілі жағдай. Бірақ 

Қытай мен Ресейдің Орталық Азия аймағында белсенді саясат 

жүргізуіне саяси жағдайлар кедергі болып отыр. Өйткені, бірінің 

оңтүстігінде, ал екіншісінің батысында түркі тектес халықтар 

орналасқандықтан, өз іштеріндегі сепаратизмнің өрлеуінен 

қорқады. 

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына қатысты үшінші пікірге ке-

лер болсақ, ұйым өз беделін көтеру үшін оның мүшелерінің ықпал 

ету аймағын кеңейтуді көздеп отыр. ШЫҰ-ның Хартиясының 

14-ші бабы бойынша, оның тұрақты мүшелері, бақылаушылары 

барлық мəселелер бойынша əріптестер болады. Аймақтың дамуы 

мен халықаралық қатынастардағы орнын белгілеу үшін беделді 

мемлекеттер – АҚШ, Еуропалық Одақ елдері мен Жапонияны 

шақыру көзделген. Осы айтылған мақсаттарға мүдделі Орталық 

Азия мемлекеттері үшін ең тиімдісі Жапония елі болып отыр 

[5,15]. Бұл орайда Жапон елінің таңдалып алынуының бірнеше 

себептері бар:

•  Жапония демократиялық ел болғанына қарамастан, оның 

американ-еуропалық демократиялық идеялардан бас тартуымен 

қатар, екінші бір елге демократиялық талаптар қоймайтындығы 

белгілі. Демократияны елді басқарудың түрі ғана болып есеп-

тейтін Жапон саясаткерлері басқа елдің ішкі істеріне араласуды 

дұрыс деп есептемейді. 

•  Жапонияның таңдалып алынуының екінші себебі – бұл 

оның Орталық Азиямен байланысының толық қалыптасқанын 

айтуға болады. Орталық Азия мемлекеттері мен Жапония саяси 

жағынан бір-біріне деген жақсы көзқараста. 

•  Келесі фактор ретінде Жапония мен Орталық Азия 

мемлекеттері арасындағы көңілге қаяу түсіретін мəселелердің 

(даулы шекара мəселесі, мемлекеттің ішкі ісіне араласу т.б.) 

жоқтығы. Сондықтан да, аталынған мемлекеттер үшін ешқандай 

мəселелерге алаңдамай тиімді қарым-қатынас жасауға мүмкіндік 

туады.


Жапонияның ШЫҰ қосылу мүмкіндігінің тағы бір факторына 

келер болсақ, ол соңғы кездердегі Күншығыс елінің Орталық 

Азия аймағындағы сыртқы саясатының жандануына байланысты. 

Орталық Азия аймағына қатысты сыртқы саясат мəселесі пре-

мьер-министр Р.Хашимото кезінде қолға алынғанына қарамастан, 


64

65

Қазақстан қоғамы 



дамуының өзекті мəселелері 

Тарау ІІ

Сыртқы саясат жəне қауіпсіздік 

бұл елдің ешбір үкімет басшысы бұл аймаққа іс-сапармен кел-

меген болатын. Жапон елінің бұл аймаққа қызығушылығының 

артуына 2004 жылы ашылған «Орталық Азия+Жапония» 

дипломатиялық форумы мұрындық болып, 2006 жылы тамызда 

премьер-министр Д.Коидзуми Қазақстан мен Өзбекстанға іс-

сапармен келіп қайтты [7,48]. Жапон елі өз кезегінде Орталық 

Азияның оңтүстігі, яғни Үндістан жəне Пəкістанмен байланыс 

орнатуды көздеп отыр. Бірақ қазіргі таңда Жапонияның Орталық 

Азия аймағында еркін саясат жүргізуіне үш кедергі болып тұр. 

Оның біріншісі Жапонияның осы аймақта белсенді саясат 

жүргізуде таңдап алынатын əріптесі мəселесі, екіншіден, Қытай 

мен Ресейдің осы мəселеге байланысты көзқарастармен санасу, 

ал үшінші мəселе – бұл Жапон сыртқы істер министрлігінің 

қандай бағытты ұстануына байланысты. Өйткені, негізгі əріптесі 

АҚШ-тың беделінің (бұл жеңілісі) əлсіреуі оған жаңа əріптес 

іздеуге итермелейді. 

Жапонияның Орталық Азияда белсенді саясат жүргізудегі 

негізгі мақсаттарының бірі – экономикалық, дəлірек айтсақ 

энергетикалық мақсат болып отыр. Күншығыс елінің Еуразиядағы 

ең негізгі энергетикалық əріптесі Ресеймен қарым-қатынасы əр 

түрлі деңгейде болғаны белгілі. Екі ел арасындағы негізгі жобалар 

«Сахалин-1, Сахалин-2», Шығыс Сібірдегі мұнай кен орындарын 

игеру жəне «Ангарск-Находка» мұнай желісін салу болып отыр. 

Жапондық зерттеу институттарының мəліметтерінше, егер мұнай 

бағасы көтеріле беретін болса, онда елде 1970 жылдардағыдай 

энергетикалық дағдарыс болады деп есептейді. Сондықтан да тез 

арада Жапонияға сырттан əкелінетін энергетикалық ресурстар 

көзін реттеу қажет болды. Осы мақсатта 2003 жылы Жапон үкімет 

басшысы Қытаймен қатынастың шиеленіскеніне қарамастан Ресей-

Қытай мұнай желісіне араласа бастады. Жапон үкіметі аталынған 

желі үшін 6 млрд. доллар жəне Находка қаласы аймағында мұнай 

құрылымдарын салуға 1 млрд. доллар беруге келісімін берді [6,40]. 

Жапонияның Шығыс-Сібір жеріндегі кен орындары үшін таласы 

Пекиннің бұл ресурстарды өзіне алып, болашақта Азия-Тынық 

мұхит аймағына шикізат шығарушы ретінде саяси-экономикалық 

беделге ие болады деген қауіптен туындаған еді. 

Орталық Азиядағы саясат барысында ресей-американ 

қатынастарымен қатар осы аймақтағы дамып келе жатқан Қытай 

мемлекетінің де саясатына көңіл бөліп отыр. Жапонияның 

бұл бағыттағы көзқарасы, яғни Орталық Азия аймағындағы 

қауіпсіздік мəселесі АҚШ-тың ұстанған саясатына сəйкес келу-

де. Соған қарамастан жапон елін АҚШ-тың ізін қуушы «інісі» 

ғана деп түсінсек қате пікір болар еді. Өйткені соңғы кездерде 

Жапония Орталық Азия аймағында нақты қызығушылықтары 

мен мақсаттарын танытатын ашық, белсенді саясат жүргізуде. 

Ол өзінің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жаңа 

бағыт – ядролық құрамды отынды пайдалануды көздеп отыр. 

Осы мақсатта 2006–2007 жылдары Қазақстан жəне Өзбекстан 

елдерімен азаматтық сала бойынша ядролық зертеулер мен 

уран қорын Жапонияға жеткізу туралы келісім-шартқа қол 

қойды [8,58]. Əлемдегі уран өндіруден Канада мен Австрали-

ядан кейінгі үшінші орында тұрған Қазақстанның бұл саладағы 

мүмкіндіктерін арттыруға қатысты жапон-қазақстан келісімдері 

орын алды.

Хоккайдо университетінің профессоры Т.Уяма Жапон 

мемлекетінің Қазақстан мен Орталық Азия аймағына қатысты 

нақты стратегиялық жоспарының болғандығын айтады. 

Орталық Азияның потенциалдық мүмкіндіктерін бағалай келіп, 

Жапонияның осы аймақпен қарым-қатынасының екі бағыты бар 

екенін айтады: біріншіден – Жапонияның жалпы Орталық Азия 

аймағымен тұтас, ал екіншіден Жапонияның Орталық Азиядағы 

əр мемлекетпен жеке-жеке қарым-қатынасы болуы мүмкін.

Орталық Азия аймағындағы сирек кездесетін металдар, 

мұнай-газ, қымбат тастар секілді табиғи кен орындарының 

бай қорлары Жапония мемлекетін қызықтырып отыр. Ал осы 

аймақ елдеріндегі мамандар мен арзан жұмыс күші бұл қазба 

байлықтарды өндіруді жеңілдетеді. Соған қарамастан аймақтың 

географиялық орналасуы, яғни тасымалдың қиындығы, ең 

жақын ҚХР немесе Оңтүстік Корей порттарына құбыр тартуға 

қосымша қаражат қажеттілігі инвестициялық мүмкіндіктерін 

кемітеді.

Сондықтан да Жапония Орталық Азия мемлекеттерімен 

жеке-жеке қарым-қатынас жасауды қолға алған. Қазіргі кездегі 

Орталық Азия аймағының саяси-экономикалық жағдайына тал-

дау жасай ортырып, Жапонияның бұл елдердің экономикасының 

қандай салаларына назар аударғанын білуге болады.


66

67

Қазақстан қоғамы 



дамуының өзекті мəселелері 

Тарау ІІ

Сыртқы саясат жəне қауіпсіздік 

1993 жылы Орталық Азияның бес мемлекеті: Қазақстан, 

Өзбекстан, Түркменстан, Қырғызстан, Тəжікстан елдері дамуға 

көмек комитетінің шешімімен экономикалық ынтымақтастық 

пен даму ұйымына мүше болып бекітілді. Бұл ұйымның мүше-

елдері дамуға ресми көмек (ДРК) алуға мүмкіндіктері болды. 

Комитеттің бұл шешімі «Азияның көшбасшысы» болғалы 

отырған Жапония үшін Орталық Азия мемлекеттерін өз ықпал ету 

аймағына тартуға мүмкіндік тудырды. Орталық Азия елдерімен 

экономикалық ынтымақтастық Жапонияның ТМД аймағындағы 

экономикалық реформаларды жүзеге асыру бағдарламасы аясын-

да жүзеге асады. Жапония үкіметінің көмегі оның халықаралық 

ұйымдармен ынтымақтастығы негізінде – Жапон халықаралық 

ынтымақтастық агенттігі (JICA) мен Шетелдік экономикалық 

ынтымақтастық қоры (OECF) арқылы атқарылуда [9,117].

Жапонияның Орталық Азия елдерінің əр қайсысымен қарым-

қатынасының дəрежесі мен жиілігі нақты анықталып, белгі-

ленген. Токионың сыртқы саясатының бағыты болып отырған 

Орталық Азия елдерін шартты түрде екі топқа бөлуге болады. 

Бірінші топқа Жапониямен байланысын белсенді дамытып 

отырған мемлекеттер: Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан кірсе, 

екінші топта өздерінің саяси жүйесіне байланысты Жапониямен 

қарым-қатынасы мешеулеп дамыған: Түркменстан мен Тəжікстан 

бар. 


АҚШ əскери əуе колледжі мен Жапон энергетика жəне эко-

номика институтының өкілі М. Хиккок: «1997 жылы Хашимото 

негізінен энергетика саласын қамтитын, Жапонияның жаңа 

«Еуразиялық дипломатиясын» жариялады» деп көрсетеді. Бұл 

дипломатия бойынша негізгі екі мақсат көзделді. Ол Қытай мен 

Ресейге қатысты жобалар негізінде энергетикалық тұрақтылықты 

сақтау жəне халықаралық аренада Жапонияның беделін көтеру 

көзделген. 

Қазақстандағы өндірілген мұнайды өңдеу мақсатында 

жапондық екі компания – «Марубэни» сауда-инвестициялық 

корпорациясы мен «Никки инджиниринг» компаниялары 2001 

жылы Атырау қаласындағы мұнай өңдеу зауытын қалпына кел-

тіріп, жаңалау туралы «Қазақойл» компаниясымен келісім-шарт 

жасасты. Жобаға қажетті 250 млн.доллардың 208 млн. долларын 

Жапон халықаралық ынтымақтастық банкі жеңілдік түрінде 

берген. Жобаның негізгі мақсаты Атырау мұнай өңдеу зауытын 

жаңалау арқылы жоғарғы октанды бензин мен керосин жəне таза 

дизель жанармайын алу болды [10,142].

Жапон компаниясының бұл жобаға қатысу барысында өнімді 

бөлісу туралы келісімге келгеніне қарамастан, өндірілген мұнай 

екі ел арасының қашықтығына байланысты тікелей   жеткізіл-

мейді. Бұған екі ел арасындағы территорияның алшақтығы мен 

мұнай құбырын салған жағдайда оның бірнеше мемлекет терри-

ториясынан өтуі жобаға салынатын қаржы көлемін көбейтуді та-

лап етеді. Жапония өзіне тиесілі мұнай мөлшерін Индонезияның 

мұнай терминалдарынан алады. 

Каспийдің Түркменстандық аймағы түгелімен «батыс» елдері 

меншігінде болғанымен, соңғы кезде «Итотю сэкию кайхацу» 

жəне «Инпекс» компаниялары «Орталық Азия газ құбыры» 

халықаралық консорциумына кіру арқылы Яшлар, Кеймир 

газ-кен орындарынан Ауғанстан мен Пəкістанға құбыр тарту 

мүмкіндігін алды. Ал бұл құбыр Үндістанға жетіп, ұзындығы 

1492 шақырымды құрап, 20 млрд м\куб газ өткізсе, бұл жобадағы 

Жапонияның үлесі 13 пайызға жетеді.

Жапонияның қатысып отырған келесі бір жобасы «Түркмения-

Қытай- Жапония» газ құбыры. Бұл жобаға қажетті 1 млрд. 

доллар мен құрылысты жапондық Мицубиси (Жапония), Эк-

сон (АҚШ) жəне Қытай ұлттық мұнай компаниялары жүзеге 

асыруы керек [6,46]. Бұл жобалар түркмен газын тұтынушыға 

жеткізуге арналған бірнеше жобалардың бірі ғана жəне ең 

қауіптісі. Алғашында Ауғанстандағы «азамат соғысы» себебімен 

тоқтатылған жоба кейіннен Америка мен халықаралық санкция 

негізінде тоқтатылды. 

Т.Уяма: «Жапонияның Орталық Азияға қатысты нақты 

стратегиялық жобасының болмауы экономикалық факторға 

байланысты. Жапонияның негізгі экономикалық қызығушылық 

бағыты – бұл АҚШ, АТР, Оңтүстік-Шығыс Азия. Ал Орталық 

Азия Токио үшін экономикалық жағынан ешқашан маңызды 

болмаған. Жапонияның Қазақстанмен ара-қатынасы осының 

айқын дəлелі»,– деп атап көрсетті.

Сонымен қатар Жапонияның Орталық Азиядағы саясатының 

мешеулігі оның «Үлкен ойындағы» өзінің геосаяси ықпалына 

байланысты. Батыстық блоктың құрамы ретінде Жапония 


68

69

Қазақстан қоғамы 



дамуының өзекті мəселелері 

Тарау ІІ

Сыртқы саясат жəне қауіпсіздік 

Орталық Азияда тұрақтылықты сақтау, экономикалық донор 

болу, ядролық қаруды шектеу мен Азияның гүлденуі секілді 

стратегиялық жобаларға қатысады. Хашимотоның «Еуразиялық 

доктринасына» сүйене отырып, Т.Уяма оның негізгі екі бағытын 

көрсетеді. Олар, біріншіден – Ресеймен жақсы қарым-қатынасты 

сақтау, екіншіден – «Азиядан жаңа достар іздеу» саясаты. 

Қазақстан мен Жапония қарым-қатынастарынан екі елдің сыртқы 

саясаттарындағы өзгешелікті бірден байқауға болады. Ақорда 

өз саясатында еуразиялық вектор деп ТМД құрамына бірігу 

арқылы, Еуропа мен батыс елдерінің ықпалындағы Түркия жəне 

Иран мемлекеттерімен байланысын күшейтуді мақсат етіп отыр. 

Ал Токио болса еуразия доктринасын азиялық держава ретінде 

түсінеді [5,24]. Сондықтан да Жапония өзін таза «азиялық» деп 

танитын Өзбекстан секілді бұрынғы одақтас республикалармен 

тез байланыс орнатып, өзінің «жапондық экономикалық даму 

моделін» ұсынды. 

Токионың ТМД елдеріндегі саясатына баға бере отырып, оның 

Азия республикаларымен тез байланыс орнатуына азиялық мен-

талитет пен ортақ дəстүр мүмкіндік береді деп айтуға болады. 

Жапония батыс елдері – АҚШ пен еуропалықтар секілді демок-

ратия мен адам құқықтарына принципшілдікпен мəн бермейді. 

Сонымен қатар экономикалық байланыс пен географиялық ор-

наласуы бойынша азиялық держава болғандықтан, Жапонияның 

стратегиясына əлемдік экономикалық орталықтардағы жағдаймен 

қатар, өз аймағындағы Қытай экономикасы, Оңтүстік-Шығыс 

Азиядағы энергоресурстар қоры да əсер етеді.

Жапония Азиядағы экономикалық ықпалын пайдалана 

отырып, Қазақстан, Орталық Азия, Шығыс Сібір жəне батыс 

Қытай жерлеріндегі ірі транскорпорациялық, коммуникациялық 

жəне инфрақұрылымдық жобаларға өзгерістер енгізіп, қатысуға 

мүмкіндігі бар. Ол үшін Жапония өзінің «батыстық» бетпер-

десін тастап таза азиялық мемлекет ретінде саясат жүргізуі 

керек. Бірақ мұндай жағдайда Жапонияның Орталық Азиядағы 

белсенді саясатына негізгі кедергі келтіруші Ресей жəне Қытай 

мемлекеттерімен санасуына тура келеді.

Жапон елінің Орталық Азиядағы жүргізіп отырған саясатының 

жандануы, оның осы аймақтағы энергоресурстарға деген 

мүддесі мен саяси беделін көтеру қажеттілігінен туындап отыр. 

Токионың Орталық Азияға қатысты жобаларға қолдау көрсетуі, 

оның осы аймақта болып жатқан үрдістердегі өз рөлін өзгертуді 

көздеуінде. Жапонияның бұл жағдайда көздеп отырған мақсаты 

осы аймақтағы Қытай мен Ресей ықпалына қарсы тұру. Өз кезе-

гінде Жапониямен қарым-қатынас аймақ елдері үшін де тиімді: 

біріншіден – экономикалық дамудың үлгісі; екіншіден – екі аймақ 

арасындағы алшақтық шекара қауіпсіздігін қамтамасыз етеді (Ре-

сей жəне Қытаймен салыстырғанда); үшіншіден – Жапонияның 

экономикасы жəне АҚШ-тың əскери күші аймаққа жақсы кепіл 

бола алады. 

Жапонияның Орталық Азияда жүргізіп отырған дамуға ре-

сми көмек (ДРК) бағдарламасы ұзақ мерзімге арналған жоба 

болып табылады. Қазіргі кезде бұл жобаның бірінші кезеңі 

– Жапонияның БҰҰ мен əлем мемлекеттері алдындағы саяси бе-

дел жинау кезеңі. Жапонияның бұл жобасының негізгі мақсатын 

америка саясаткері З.Бжезинский түсіндіріп өткен еді. Оның 

ойынша: «Əлемді билеу Еуразия құрлығымен тығыз байланысты. 

Еуразия əлемнің орталығы болса, Орталық Азия осы құрлықтың 

жүрегі іспетті. Сондықтан да осы аймақ пен құрлықты билеген 

ел əлемді де басқарары даусыз». Əрине, ол мемлекеттің Жапо-

ния болмасы да анық жағдай. Бірақ, негізгі мəселе «ұлы шахмат 

тақтасындағы» əр елдің алар орнында болып тұр. 

Жапонияның Орталық Азиядағы қолдап отырған жобаларының 

көбі оған ешқандай тікелей пайда əкелмейді. Бұл саясаттың 

мақсаты болашақта Жапонияның Орталық Азияның бай ресур-

старына иелік етуге талпынысы деп қарау керек. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет