ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ АЙМАҚТЫҚ
ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕ ЕҚЫҰ
РӨЛІ ЖƏНЕ ТƏЖІРИБЕЛІК СИПАТЫ
Нұрлан Сейдін
Соңғы кездері халықаралық қатынас тар дың, əсіресе аймақтық
қатынастардың шие ле нісіп кетуі орын алуда. Мəселен, Ресейдің
Кав каздағы саясатына, Абхазия мен Оң түс тік Осетияның
тəуелсіздігін біржақты жа рия лап жіберуіне байланысты
Еуропалық Одақ пен Ресейдің, Ресей мен АҚШ-тың ара сындағы
қатынастар шиеленісіп барады. Ал Қазақстан ЕҚЫҰ-ға мүше ел
ретінде, əрі 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық ететін құ қы ғынан
кейін бұл мəселелерді айналып өте алмайды. Қазіргі кезде
Қазақстанның бола шақ төраға ретінде саясаттағы бастамалары
əлемдік қауымдастық тарапынан, əсіресе, Еу ропадағы қауіпсіздік
жəне ынтымақ тас тық ұйымы жағынан болсын, басқа да мүд делі
топтар жағынан болсын қызығушылық туғызып отыр. Бүгінгі
таңдағы аймақтағы күрделі геосаяси жағдай барысында, яғни
Орталық Азиядағы аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде
Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымының ролі
нақты əрі тəжірибелік сипатта болуға тиіс.
Қазақстан мен Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық
ұйымы (ЕҚЫҰ) арасындағы қарым-қатынастары 1992 ж.
қаңтарында Қазақстанның ұйымға мүшелікке өткен кезден бастап
қарқынды дамуда. Қазақстан ұйымның белсенді мүшесі бола оты-
рып, 1975 жылғы Хельсинки қорытынды актісінде көрсетілген
ұстанымдарды іс жүзінде кеңінен қолдануға жəне дамытуға,
сондай-ақ жалпыеуропалық үрдістерге кеңінен араласуға тал-
пыныс жасауда.
Қазақстан мен ЕҚЫҰ қатынастарының алғашқы даму ба-
рысы өтпелі кезеңде нарықтық экономикаға көшу, аймақтық
қауіпсіздікті нығайту жəне ашық азаматтық қоғамды дамы-
ту сияқты қажетті реформаларды жүргізуге ықпал ететін,
ақпараттық-тəжірибелік алмасуларға негізделді.
Қ а з а қ с т а н Ре с п убл и ка с ы м е н Е Қ Ы Ұ а р а с ы н д а ғ ы
ынтымақтастықтың одан əрі тереңдеуіне бірқатар маңызды
құжаттардың қабылдануы ықпал етті. Олардың арасына
106
107
Қазақстан қоғамы
дамуының өзекті мəселелері
Тарау ІІІ
Қазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалығы
Қазақстан Үкіметі мен ЕҚЫҰ арасындағы өзара түсіністік мемо-
рандумы, 1999 жылдың қаңтарында Алматыда ЕҚЫҰ Орталығын
ашу жөніндегі келісімдерді жатқызуға болады. 2003 жылдың
ақпанынан ЕҚЫҰ/ДИАҚБ (Демократиялық институттар мен
адам құқықтары бюросы) пен өзара түсіністік меморандумына
сай Қазақстанда Адам құқықтары бойынша өкілеттілік инсти-
тутын жетілдіру, сайлау заңнамасы мен сот жүйесін реформалау
жөнінде жобалар іс жүзіне асырыла бастады.
Қазақстан мен ЕҚЫҰ қатынастарының жаңа кезеңі 2003 жыл-
дан жаңа белеске шықты. Ол Қазақстанның ЕҚЫҰ-да 2009 жылы
төрағалық ету жөніндегі ұсынған идеясынан бастау алады. Одан
кейінгі төрт жылдай мерзім ішінде Қазақстан өз ұсынысын бір-
тіндеп іс жүзіне асырып келді. Елде саяси жаңару мен азаматтық
қоғамды нығайтуға қатысты белсенді үрдістер басталды.
2004 жылдан бастап, Қазақстан ЕҚЫҰ реформалау мəселелері
бойынша мүше елдер тобына қосылды. ҚР өкілдерінің жұмыс
тобына қатысуы, елдің имиджін нығайтуда үлкен үлес қосты. Ал
бұл өз кезегінде ЕҚЫҰ тиімділігін арттыруда маңызды шешім-
дер қабылдау барысында оған пікір айтуға, ұсыныс беруге мол
мүмкіндіктер береді. 2005 жылдың желтоқсанында ҚР Сыртқы
істер министрі Қ. Тоқаев Люблян қаласында ЕҚЫҰ Сыртқы
істер министрлерінің саммитіне қатысып, сөз сөйлеп, мəжіліс
барысында Ұйымды реформалауға қатысты Қазақстанның
ұсыныстары мен президенттік сайлаудың қорытындысымен
таныстырып жəне 2009 жылы Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалық
ету идеясын нақтылай түсіндірді [1].
2 0 0 6 ж ы л д ы ң м ау с ы м ы н д а Ас т а н а д а Е Қ Ы Ұ - н ы ң
толеранттылық жөніндегі «Мəденитаралық, дінаралық жəне
ұлтаралық келісім» мəжілісі өтті. Оның жұмысына ЕҚЫҰ Бас
хатшысы М.П. де Бришамбо, ЕҚЫҰ сол мерзімдегі төрағасының
арнайы өкілі П. Шевалье, ЕҚЫҰ/ДИАҚБ директоры К. Штро-
халь жəне аз ұлттар істері жөніндегі ЕҚЫҰ Жоғарғы комиссары
Р. Экеустер қатысты. Мəжіліс барысында сөз сөйлеген Елбасы
Н. Назарбаев өз сөзінде Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалық етудегі
негізгі мақсаттарымен таныстырды:
– Орталық Азиядағы жалпы саяси жағдайды ескере отырып,
Қазақстан нақты жəне ұзақ мерзімді қауіпсіздікті қамтамасыз
етуге аймақтық кепіл ретінде шығуға дайын;
– Қазақстан Республикасы өзінің тарихи қоржынында
ұлтаралық жəне конфессияаралық келісімге қатысты бай
тəжірибесін ескере отырып, Батыс пен Шығыстың арасында
көпір ретінде өркениеттер сұхбатын одан əрі дамытуға тыры-
сады;
– Қазақстан Республикасы өзінің саяси жүйесін демократиялық
жаңару жолымен жүргізуде жəне ЕҚЫҰ белсенді мүшесі
ретінде Ұйымның əлеуетін арттыруға, сондай-ақ қатысушы
мемлекеттердің барлығының мүддесін мүмкіндігінше ескереді
делінген [2].
2007 жыл Қазақстан мен ЕҚЫҰ қатынастары тарихында
ерекше айшықты жыл болды. Елдің Ата заңына, сайлау туралы
заңдарға өзгерістер енгізіліп, жаңа заңдар негізінде талаптарға
сай парламент сайлауы өтті. 2007 жылдың қаңтарынан бас-
тап қазақстандық делегация ЕҚЫҰ-ның Тұрақты кеңесінің
жұмысына, қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі
форумға, Экономикалық форумның мəжілістеріне, ЕҚЫҰ Пар-
ламенттік Ассамблеясына, ДИАҚБ семинарларына белсенді
қатысуда.
2007 жылдың сəуірінде Қазақстанға ЕҚЫҰ-ның сол кез-
дегі төрағасы – Испания Корольдігінің Сыртқы істер жəне
ынтымақтастық министрі М.А. Моратинос келіп қайтты. Сапар
барысында ҚР Президенті Н. Назарбаевпен, Парламент Сена-
ты жəне Мəжілісі төрағаларымен кездесулер өтті. Келіссөздер
барысында Қазақстанның ЕҚЫҰ-мен жəне Испаниямен
ынтымақтастығы мəселелері, сондай-ақ Қазақстанның ЕҚЫҰ-да
2009 жылы төрағалыққа сұранысы, Орталық Азия аймағы мен
елдегі қоғамдық-саяси жағдай талқыланып, тараптар аталған
мəселелер бойынша пікір алмасты.
2007 жылдың мамырында Қазақстан Республикасының ресми
делегациясының өкілдері азаматтық қоғам мен демократиялық
институттарды дамыту, заңның ұлықтылығын қамтамасыз ету,
бұқаралық ақпарат құралдары мен сөз бостандығы, сенім ер-
кіндігі, аз ұлттардың құқықтарын қорғау, əйелдердің тең құқын
қамтамасыз ету мəселелері бойынша үш жұмыс мəжілістеріне
қатысты.
Экономикалық жəне экологиялық мəселелер бойынша өткен
форум жұмысы барысында қазақстандық делигация өкілдері
108
109
Қазақстан қоғамы
дамуының өзекті мəселелері
Тарау ІІІ
Қазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалығы
еуропалық жəне азиялық тұрақты даму үрдістерін ортақ
еуразиялық үрдіске біріктіру жөнінде жəне 2012 жылы Тұрақты
даму бойынша 3-ші бүкілəлемдік саммитті Қазақстанда өткізу
туралы ұсыныспен шықты.
2007 жылдың шілдесінде ЕҚЫҰ Тұрақты Кеңесінің
мəжілісінде ҚР Мəдениет жəне ақпарат министрі Е. Ертісба-
ев өз баяндамасында ақпаратпен қамтамасыз етуге жəне БАҚ
саласындағы заңдарды жетілдіруге қатысты жасалып жатқан
жұмыс барысымен таныстырып өтті.
2007 жылдың қарашасында ҚР Сыртқы істер министрі
М. Тəжиннің бастауымен қазақстандық делегация Мадрид
қаласында ЕҚЫҰ-ның сыртқы істер министрлерінің Кеңесінің
кезекті 15 мəжілісінің жұмысына қатысты. Бұл отырыстың
күн тəртібіндегі маңызды мəселелердің бірі, ол Қазақстан
Республикасының Ұйымда төрағалық етуге қатысты ұсынысына
байланысты мəмлеге қол жеткізу еді. Келіссөздердің нəтижесінде
Қазақстан 2010 жылы ЕҚЫҰ төрағалық етеді деген уағдаластыққа
қол жеткізілді жəне СІМК-тің қорытынды шешімінен қандайда
бір саяси өлшемдерге сай келетіндігін көрсететін шарттар
толығымен алынып тасталынды [3].
Ұйымға мүше елдердің төрағалық етуге қатысты шешімдері
көбіне-көп Қазақстанның саяси жүйені реформалауы мен либе-
ралды нарықтық экономиканы дамытуына жəне осы бағыттарда
жеткен жетістіктерінің жемісі болып табылады. ЕҚЫҰ-ға
қатысушы – мемлекеттердің ымырашылдық келісімдері елде жəне
аймақта саяси тұрақтылыққа бағытталған елдің ішкі жəне сыртқы
саясатының жетістіктерін мойындауларымен негізделеді.
Ұйымға қатысушы – мемлекеттердің Қазақстанның кандида-
турасын қолдаулары ЕҚЫҰ тарихында бұрын соңды болмаған
жағдай. Тұңғыш рет тұтастай Азияда орналасқан мемлекет төраға
болмақ. Жалпы ЕҚЫҰ тарихын талдайтын болсақ, онда көбіне
Батыс Еуропа мемлекеттерінің төрағалық етудегі басымдықтарын
байқаймыз, яғни олар Еуроодақ мүшелері немесе мүшелікке
дайындалып жүрген кандидаттар. Бұрын соңды ТМД-ның бірде-
бір мемлекеті мұндай ұсыныс жасамаған.
Қазақстанның төрағалық етуі жөніндегі қабылданған оң
шешім – Ұйымға қатысушы-елдердің барлығының іс жүзіндегі
теңдігін дəлелдеп берді.
Жалпы, ЕҚЫҰ төрағасы дəрежесі Қазақстанның халықаралық
қауымдастықтың субъектісі ретіндегі тұғырының нығаюына
ықпал етпек. Бүгінгі таңда Қазақстанның ТМД, ШЫҰ, ЕурАзЭҚ,
АӨСШЖК сияқты аймақтық ұйымдарда төрағалық ету тəжірибесі
жинақталған. ЕҚЫҰ-ға мүше-мемлекеттердің көңілін қауіпсіздік
пен ынтымақтастықты қамтамасыз ету шеңберінде Орталық
Азия аймағының көп қырлы мəселелеріне аудару, оның дамуына
айтарлықтай əсер ететіні сөзсіз.
2008 жылдың 1 қаңтарынан төрағалықты Финляндия өкілдері
атқаруда. Қазақстан үстіміздегі жылдан бастап ЕҚЫҰ-ның
ұзақ мерзімді бағдарламаларын бірлесіп анықтау үшін – Үштік
төрағалар жұмысына араласуда [4]. Финляндияның бастама-
сымен Қазақстанға ЕҚЫҰ-ның экономикалық-экологиялық
комитетін басқару ұсынылған, ол ұйымға мүше-мемлекеттердің
шұғыл экономикалық мəселелерін шешуге жəне елдің табиғатты
қорғауының дамуына бағытталған. Қазақстан мен Орталық
Азия елдері үшін аталған комитетте жұмыс жасау аса маңызды,
өйткені оның жұмысы ашық теңізге шығуға мүмкіндігі жоқ
мемлекеттердің экономикасын нығайту мен транзитті-көлік
əлеуетін дамытуға бағытталған.
Ұйымды басқару өте ауыр мін дет екені айтпаса да түсінікті.
Фин ляндия ЕҚЫҰ-ға төрағалығы ба рысында Ұйымның негізгі
мақсаты болып табылатын кешенді қауіп сіз дікті қамтамасыз
ету мəселелерімен тұрақты айналысып келеді. ЕҚЫҰ-ның 56
қатысушы-елдерінің барлы ғының консенсустық келісіміне жету,
ымыраға келу қабілеттілікті жəне көптеген күш жұмсауды талап
етеді, оның өзі ақырында барлық елдерге пайда келтіреді. Бұл
мін деттер, сондай-ақ үлкен дайындық жұмыстарын жүргізуді
қажетсінеді.
Финляндияның төраға лығы, сондай-ақ дəйектілік,
үйлесімділік жəне ынтымақтастық мəселелеріне үлкен назар
аударады. Осыған бай ланысты, ЕҚЫҰ елдері квинтетінің
кездесуі, оған Испания, Финлян дия, Грекия, Қазақстан жəне
Литва кіреді, ұзақ мерзімдік болашақта осы мақсаттарға же-
туде маңызды рөл атқаратындары анық. Квинтет тің бірінші
кездесуі ағымдағы жылдың маусым айында Хельсин киде өтті,
келесі кездесуді де жел тоқсан айында Хельсинкиде ЕҚЫҰ
Сыртқы істер министрлерінің мə жілісі уақытында өткізу жоспар-
110
111
Қазақстан қоғамы
дамуының өзекті мəселелері
Тарау ІІІ
Қазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалығы
лану да. Қазақстан осы кез десулердің жұмысына өте белсенді
қатысуда.
Сөйтіп, Қазақстан ЕҚЫҰ құрылымына ұйым дамуының
күрделі бір кезеңінде оған толығымен енуде. 2003 жылдан бас-
тап жыл сайын ауысып отыратын төрағалар өз қызметтерінде
негізгі басымдықтар ретінде: ЕҚЫҰ реформалауға, аймақтық
қақтығыстарды алдын алуға, ланкестікпен, есірткі жəне адам
саудасымен күресуге, демократиялық үрдістердің дамуына
ықпал етуге, наным-сенім бостандығын насихаттауға үлкен
еңбек сіңірді.
Қазақстан əрі қарай демо кратиялық реформалар жүргізу
жо лымен 2010 жылы өзінің төрағалық етуі қарсаңында
көшбасшылық қыз метін жалғастырады. Осыған байланысты, Қа-
зақстанның басшылығы БАҚ ту ралы заңды реформалау, сайлау
жəне саяси партиялар туралы заң дарға қатысты ЕҚЫҰ/ДИАҚБ
нұсқау ларын орындау, этносаралық жəне конфессияаралық
келісімді ны ғай ту, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі бас қару жүйесін
жетілдіру сияқты бірқатар артықшылықтарды белгі леді. Осы
мəселелер бойынша заң намалық тұрғыдан прогреске жəне таны-
мал халықаралық стандарттар сəйкестігіне жету жалпы алғанда
тек Қазақстан жəне ЕҚЫҰ ғана емес, сондай-ақ өз елдерінде ре-
фор малар жүргізу үшін үлгі ре тін де Қазақстанның тəжірибесін
пай далана алатын ұйымның бір қа тар басқа мүшелеріне де маңыз-
ды қадам саналады.
Қазақстан өзінің ЕҚЫҰ-на төрағалық ету мерзімінде осы
бағытта аталған мəселелер бойынша жұмысты жалғастырады деп
жоспарлануда жəне Ұйым қызметін Орталық Азия аймағындағы
тұрақтылықты сақтауға бағыттамақ, бұл өз кезегінде ЕҚЫҰ-ның
тұтастай кеңістігінде қауіпсіздікті нығайтуға ықпал етері сөзсіз.
Ауғанстандағы əлеуметтік-экономикалық бағдарламалардың
нəтижелі болуына, Орталық Азия елдері арасындағы шаруашылық
байланыстарды нығайтуға, аймақтағы көлік-транзиттік
қатынастарды дамытуға жəне су мен энергетикалық қуат көздерін
тиімді пайдалануды енгізуге бағытталған шұғыл шаралардың
іс жүзіне асуына ЕҚЫҰ-ның тəжірибесі мен əлеуеті жететіні
белгілі.
Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі ұйымның басты
қағидасын дəлелдеуде, яғни мүшелердің теңдігі мен оған
қатысушы елдердің тұрақты дамуға деген қызығушылықтары
толығымен сақталуда.
ЕҚЫҰ дүниеге басқаша көз қа распен қарауға көмектесетін
аза мат тық қоғаммен тығыз ынты мақ тастықта жұмыс істейді.
Ықтимал жəне қатаң сынға алынғанына қарамастан, үкіметтік
емес ұйым дардың пікірі мəселелерді оңтайлы шешуге жол
табуға көмектесетін не гіз болып табылады. Сондай-ақ,
Қазақстанда да азаматтық қоғам ел ішінде шешім қабылдау
жəне заң намалық реформалар жүргізу үде рісіне баға жетпес
үлес қоса алады. ЕҚЫҰ, сондай-ақ тексерулер мен басымдық
жүйелерінің негізгі бө лігін құрайтын жəне халықтың еркін біл-
діретін қатысушы-елдердің парламенттерімен бірлесе отырып
жұмыс істейді.
Астананың 10 жылдық мерейтойы қарсаңында елорда-
мызда Ұйымның Парламенттік Ас самблеясының 17-ші жыл
сай ын ғы сес сиясы өтті. Сессияның жұмы сы на ЕҚЫҰ-ның
56 қатысушы-елдерінің көпшілігінен 270 пар ла ментарийлер
қатысып жəне «ЕҚЫҰ транспаренттігі» та қы ры бында бір қа тар
маңызды пікір та лас тар өткі зілді. ЕҚЫҰ-ның Пар ламенттік
Ассамблеясының жыл сайынғы сессиясы парла мент аралық
үнқаты суды нығайту бойынша оның жұ мы сының маңызды
құрамдасы бо лып табылады. Астанада болған сессия ал-
ғаш рет Орталық Азияда өткізілуде, осының өзі аймақтың
маңызды лы ғын танудың өсіп отырғандығының дəлелі десек,
қателеспейтініміз анық.
Жас тəуелсіз мемлекет Ұйымға кіру сəтінен бастап ЕҚЫҰ-
мен ты ғыз жəне жемісті ықпалдасуда. Ас танаға өткен маңызды
мəжілістің мақсаты – ЕҚЫҰ аймағында қауіпсіздікті қамтамасыз
ету жəне гүлденуге қол жеткізу үшін осы ынтымақтастықты
нығай та ды деген сенімдеміз.
Сан қырлы қауіпсіздік мəселелерін шешу арқылы жəне осын-
дай бағыттарға басымдық бере жұмыс істеу нəтижесінде ЕҚЫҰ
жалпы Еуропалық кеңістіктегі қауіпсіздік өлшемдерінің аясын
кеңейте алады. Соның арқасында Орталық Азия Еуропадағы
қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымының əртүрлі қауіп-
қатермен күресте арқа сүйейтін маңызды аймақтарының бірі
бола алар еді деген сенімдеміз.
112
113
Қазақстан қоғамы
дамуының өзекті мəселелері
Тарау ІІІ
Қазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалығы
Əдебиеттер:
1. По материалам Министерства иностранных дел РК // www.mfa.kz
2. Выступление на Совещании ОБСЕ по межкультурной, межрели-
гиозной и межэтнической терпимости Президента РК Н. Назарбаева //
www.akorda.kz
3. Выступление Министра иностранных дел РК М. Тажина на 15-м
cовещании Министров иностранных дел государств – участников ОБСЕ
// http: // portal.mfa.kz
4. Выступление Действующего председателя ОБСЕ, министра
иностранных дел Финляндии Илкка Канерва, перед Постоянным советом
ОБСЕ в Вене 10 января 2007 г. // www.osce.org.
ЕҚЫҰ жəне аймақтық қауіпсіздік шеңберіндегі демократия-
ландыру үрдістері: халықаралық ғылыми-тəжірибелік конфе-
ренцияның материалдары (Алматы қ, 28 мамыр 2009 ж.). – Алматы:
ҚР Президентінің жанындағы ҚСЗИ, 2009.
АЙМАҚТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МƏСЕЛЕСІНДЕГІ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰЙЫМАРАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ:
ЕҚЫҰ ЖƏНЕ БАСҚАЛАР
Алмас Арзықұлов
Өткен ғасырдың 90-шы жылдары мен XXI ғасырдың алғашқы
онжылдығындағы əлемдік тəртіптің өзгеруі халықаралық
қатынастар жүйесінде біршама қиыншылықтар туғызғандығы
жəне оның өз кезегінде мемлекеттер арасындағы қатынастарды
қалыптастырудың аймақтық деңгейін қажет еткендігі белгілі.
Еуразия құрлығының басым бөлігінде орналасқан Кеңес одағы
мен оның басшылығындағы социалистік блогтың толығымен
ыдырауы əлемдік үлкен геосаяси ойыншылар арасындағы қарым-
қатынастарды реттестірумен қатар, көлеңкеде қала отырып,
қоғамға біршама қауіп-қатер тудыратын басқа да күштердің
жандануына алып келді. Сондықтан да, жаңа қауіп-қатерлерді
аймақтық өлшем арқылы негіздеу бігінгі таңдағы жаһандану
жағдайында көптеген мемлекеттерді бірсарынды үдерістерге
итермелеп отыр. Мемлекеттердің белгілі бір мəселеге (қатерге)
байланысты өзара тəуелділікке бой алдыруы олардың арасындағы
аймақтық бірігу үрдісінің қалыптасуына алып келеді.
Соңғы онжақты жылдарда аймақтық кеңістік ауқымды
əлемнің күрделі, көпқабатты құрылымы ретінде таныдып отыр.
Осындай құрылымның бірі ретінде 1980 жж. – XXI ғасырдың
басындағы өзгерістер кезінде қалыптасып, өз орбитасына
батыстық құндылықтарды негізге алған еуропа-атлантика
аймағын кіргізген Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық
ұйымын қарастыруға болады. Соңғы кездердегі əлемдік тəртіптің
өзгеруіне қатысты Ұйым соңғы кездерде өз ықпал ету аймағына
бұрынғы кеңестік республикалармен қатар Орталық Азия
аймағын да кіргізіп отыр.
ЕҚЫҰ-ның жаһандық ықпал ету мүмкіндігі болмағымен
де, ол өзінің мүшелері əлемдік державалар арқылы өзінің
құндылықтары мен нақты əрекеттерін əлемнің ауқымды бөлігіне
таратып отыр. Жалпы алғанда ЕҚЫҰ басқа да аймақтық
ұйымдармен салыстырғанда өзінің ықпал ету аймағымен өзгеше,
өйткені оның əрекет ету аймағы Солтүстік Америка жəне Еура-
114
115
Қазақстан қоғамы
дамуының өзекті мəселелері
Тарау ІІІ
Қазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалығы
зиямен қатар, Орталық Азия секілді жеке аймақтарды да өзіне
қосып отыр. Сондықтан да, қазіргі таңдағы аймақтық принципі
бұл жаһандану үдерісіне қарсылық немесе мемлекеттердің өз
кеңістігі мен мүдделі аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету
мен тұрақтылықты сақтауға қатысты топтасқан əрекеті болып
табылады.
Орталық Азия мемлекеттері (Қазақстан, Қырғызстан,
Тəжікстан, Түрікменстан жəне Өзбекстан) жер көлемі – 3882
мың шақырым, халқы 53 млн. адам болатын еуразия құрлығының
орталық аймағына орналсқан. Аймақтың оңтүстікте Ауғанстан
мен Иран, шығыста – Қытай, батыс-солтүстікте – Ресей секілді
мемлекеттермен шекараласуы белгілі-бір қауіп-қатерлердің
ықпалында болуына себепті болды [1].
Адамзат өмірінің əрекеттеріндегі қауіп-қатерлер оның барлық
салаларында кездеседі, мысалы олардың мағынасына қарай
саяси, əскери, экономикалық, əлеуметтік немесе экологиялық
болуы адамдар қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін. Бұл
аталынған қатерлердің өзара тəуелді болуы олардың біреуіндегі
жайсыздықтар басқа салаларға да ықпалын тигізуі мүмкін.
Қазіргі таңда ЕҚЫҰ кеңістігінде орын алып отырған қауіп-
қатерлердің барлығы жалпылық немесе əлемдік мазмұнды
құбылыстар қатарына жатады. Бұл жағынан алғанда ЕҚЫҰ
ерекше ұйым, өйткені ұйымның негізгі мақсаты бұл қауіптердің
алдын алу немесе кең ауқымда таралмауын қадағалау болып
табылады.
ЕҚЫҰ кеңістігіндегі қауіпсіздіктің кешендік мəселесі ұйым
мүше-мемлекеттерінің заманауи əлемнің қауіпсіздігі моделі-
не қатысты талқылау барысында қарастырылып, бекітіледі.
Ұйым аясындағы аймақтық қатынастар деңгейі қауіпсіздіктің
Ауғанстанға қатысты мəселелер кешені, заңсыз көші-қон, есір-
ткі саудасы, экология, су мəселесі секілді дəстүрлі жəне жаңа
түрлерін де қамтиды. Бұл мəселе əсіресе Орталық Азия аймағына
қатысты анық байқалады. Өйткені, бұл аймақтағы елдер өздерінің
ұстанымдарында ұлттық мүддені жоғары қойып, аймақтық
мүддені кейінге қалдырып отыр.
Орталық Азия аймағынындағы қақтығыстық жағдай күрделі
үрдіс, өйткені аймақтағы режимдердің ішкі мəселелерімен
қатар оларға сырттан қысымның жасалуы да бар. Бұл жағдайда
ОА мемлекеттерінің ортақ мүддесі ретінде мемлекет ішіндегі
жəне аймақтағы тұрақтылықты сақтау болып табылады. Қазіргі
таңдағы Орталық Азияны саяси жəне экономикалық тұрақсыз
мемлекеттер – Ауғанстан, Иран, Кавказ елдерінің ықпалы өте
жоғары.
Сондықтан да, аймақтық қауіпсіздігін қамтамасыз ету
мəселесі көп жағдайда ЕҚЫҰ, ШЫҰ, ҰҚКҰ секілді аймақтық
ұйымдардың мəселесіне айналған. Осыған байланысты Орталық
Азия елдері өз аймақтарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету
мəселесін осы ұйымдар аясында жүзеге асырады.
Орт а лық Азия Еуропаның жолындағы бақылаусыз
миграциялық лек, ауқымды есірткі саудасы, діни экстремизм мен
халықаралық ланкестіктің жолындағы тосқауыл қызметін атқарып
отыр. Осыған мəселеге қатысты Қазақстан XX ғасырдың 90-шы
жылдарының басында ЕҚЫҰ үлгісіндегі Азиядағы аймақтық
қауіпсіздікті қамтамасыз ететін Азиядағы Өзара əрекеттестік
пен Сенімділік Шаралары туралы Келісім идеясын ұсынған бо-
латын. Бұл ұйымға 18 мемлекет мүше жəне ол өзінің ұйымдасуы
жағынан ЕҚЫҰ үлгісіне ұқсас болып табылады [3]. АӨСШК
мүшелері мен бақылаушылары арасында орталықазия аймағында
орналаспағанына қарасмастан, осы аймақ мəселелеріне қатысты
мемлекеттердің болуы ұйым жұмысының аймақтық деңгейден
ауқымды екендігін көрсетеді.
Сондықтан да, ОА мемлекеттері ЕҚЫҰ-ның аймақтық
қауіпсіздікті қамтамасыз теуі мəселесінде саяси тұрақсыз мемле-
кеттерге қатасты қатынасында делдал болуы негізінен аймақтық
ұйымдар арқылы жүргізілуі қажет.
Қазақстан 2010 жылы ЕҚЫҰ-на төрағалық етуі барысында
Ұйым мүше-мемлекеттері арасында аймақтық қауіпсіздікке
қатасты талас туындауына жол бермеуі керек. Бірақ Қазақстанның
бұл ұйымнан өзге аймақтық ҰҚКҰ, ШЫҰ, АӨСШК, ТМД секілді
ұйымдарға мүше болуы оның көзқарастары мен ұстанымдарына
өзгерістер енгізуі мүмкін. Мысалы, Қазақстанның Ұжымдық
қауіпсіздік келісімі ұйымына мүше болуы, оның ҰҚКҰ-ның соңғы
кезеңде ұйымның əскери құрамын күшейту туралы шешімінен
тысқары қалуына жол бермейді. Бұл шешім бойынша орталық
Азия аймағында ұйымға қарасты шұғыл қимыл-əрекет тобы
құрылып, ол ортақ ƏҚҚ жүйесі арқылы қорғалады [4]. Ал бұл
116
117
Қазақстан қоғамы
дамуының өзекті мəселелері
Тарау ІІІ
Қазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалығы
ОА мемлекеттерінің НАТО ұйымымен жəне өз территорияларын
оның əскери-əуе күштері пайдалануына беруі туралы келісімге
қайшы келеді. Сонымен қатар, ҰҚКҰ-ның мүше-мемлекеттері
Оңтүстік Осетиядағы қақтығысқа қатысты ортақ пікірге келе
отырып, бұл қақтығысқа Грузия елінің «кінəлі» екендігін жəне
бұл оқиғаға қатысты Батыс елдерінің «екі жүзділік танытып»
отырғандығын мəлімдеді.
Қазақстанның келесі бір аймақтық ұйым ШЫҰ мүшелігінде
болуы жəне сол арқылы Ресей мен Қытай мемлекеттерімен
тығыз байланыс орнатуы АҚШ бастаған НАТО жəне ЕО (ЕҚЫҰ)
елдерінің геосаяси мүдделеріне кедергі келтіреді. Қазіргі таңда
Орталық Азиядағы ықпал үшін геосаяси күш орталықтары
арасында «үлкен ойынның» басталғаны белгілі. Негізгі геосая-
си «ойыншылар» – Ресей, АҚШ, Қытайдың аймаққа қатысты
ұстанымдары қатаң түрде байқалуда, өйткені олардың аймаққа
жəне осы территория мен оның сыртында орналасқан мемлекет-
терге қатысты ұстанымдарының əр түрлілігі бұл өзара тартыстың
аймақтағы энергоресурстармен қатар, саяси ықпалға да қол
жеткізу шарасы екендігін көрсетті. Негізгі үштік – АҚШ – Ресей
– Қытай арасындағы текетірестің соңғы кездердегі шиеленістігі
жəне олардың арасындағы консенсустың жоқтығы орталықазия
аймағындағы геосаяси ойыншы ретіндегі қатынастарында
қиындықтар туғызады. АҚШ-тың Ауғанстан мен Ирак жеріндегі
ланкестікке қарсы операцияларды негізге ала отырып Орталық
Азия аймағына аяқ тіреуі мен кейінгі кездерде аталынған мем-
лекеттерде тұрақтылықты орната алмауына қатысты беделінің
төмендеуі оның ОА аймағындағы қауіпсіздіктің кепілі бола
алмайтындығын танытты. Ал ШЫҰ-ның негізін қалаушылар –
Ресей мен Қытайдың Ұйым жұмысы мен идеологиясына қатысты
көзқарастарының алшақтығы оның тиімділігін төмендетіп
отыр. Қытай үшін ШЫҰ өзі басшы болған бірден-бір аймақтық
ұйым. Солдықтан да, Пекин оны жаһандану үрдісі мен əлемдік
экономиканың аймақтану мəселесіне қолдауды мақсат етеді. Ол
ШЫҰ-ның екінші «Шығыстық НАТО» кейпіне кіргенін қаламай,
оның аймақтық жəне жаһандық экономиканың жандануының
құралы болуын көздейді. Ал Ресей тарапы болса ШЫҰ-ның
басым бағыты ретінде қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық
танылып, ұйымның ланкестік, экстремизм, сепаратизм мен есір-
ткі саудасына қарсы күрес жолындағы белсенділігін арттыруды
мақсат етеді.
Міне, Орталық Азиядағы геосаяси тартыстың негізгі
акторларының осындай қайшылықтарына қатысты аймақтағы
қауіпсіздікті қамтамасыз ету мəселесі бүгінгі таңда өзекті
сұрақтардың бірі болып отыр. Ал осы Орталық Азия аймағындағы
қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуде ШЫҰ маңызды меха-
низм болуы мүмкін, өйткені, аймақтағы қауіпсіздік негізінен осы
ұйымға мүше-мемлекеттердің экономикалық жəне əлеуметтік
дамуы мен қоршаған ортаның жағдайына тікелей байланысты.
Осы мəселеге байланысты ШЫҰ-ның мүше-мемлекеттерінің
бірі – Қазақстанның қауіпсіздік жөніндегі келесі бір ұйым
– ЕҚЫҰ-на төрағалық етуі мен осы қызметі арқылы ОА
аймағының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты талпынысы
мен əрекеттері маңызды болып табылады. Өйткені, мемлекет
пен оның аумағындағы (аймағындағы) күш қолданылатын саяси
қатерлер ретінде төмендегілерді қпарастыруға болады: сепара-
тистік қозғалыстар; территориялық мəселелер мен қайшылықтар;
ұлттың өзін-өзі басқаруға қатысты егемендікке қауіп төндіретін
күштік əрекеттер; ланкестік шаралар, кейбір тараптардың ықпал
ету жəне билік жүргізу аймағын қалыптастыруға талпынысы;
аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларына қатыспау;
сенімсіздік пен ұстанымдардың қайшылығы, дағдарыстық
жағдайларда өзара сенімділіктің болмауы; жаңа демократиялық
күштердің конституциялық тəртіпті жəне азаматтардың
құқығын əскери жəне қылмыстық күштер тарапынан қорғалуын
қамтамасыз ете алмау; құқықтық мемлекет негіздерінің жəне
азаматтық қоғам құрылымдарының əлсіздігі.
Жоғарыда келтірілген факторлардың біреуінің ықпалының
басқа салаларға əсерін Украина, Қырғызстандағы төңкерістер,
Əндіжан, Шыңжаң оқиғасы немесе Оңтүстік Осетия жерін-
дегі қақтығыстан байқауға болады. Сондықтан да, кез-келген
аймақтағы қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуі ең алдымен де-
мократия құндылықтарының, құқықтық мемлекеттің, адам
құқықтарының, азаматтық қоғамның сақталуымен тікелей
байланысты.
Осыған байланысты Қазақстан 2010 жылы ЕҚЫҰ-на
төрағалық етуі барысында өзінің Еуразия құрлығының Азиялық
118
119
Қазақстан қоғамы
дамуының өзекті мəселелері
Тарау ІІІ
Қазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалығы
бөлігінде орналасқан мемлекет екендігін, ЕҚЫҰ-нан басқа
аймақтық ШЫҰ, ҰҚКҰ секілді басқа да ұйымдардың мүшесі
екендігін, ол ұйымдар мен ЕҚЫҰ-ның құндылықтары мен
ұстанымдарының сəйкес келе бермейтіндігін ескере отырып,
өзінің төрағалығы тек ЕҚЫҰ-ның 56 мемлекеті үшін ғана емес,
сонымен қатар ОА аймағы мен оның көршілері үшін де тиімді
болуын назарға алуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |