5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет45/274
Дата12.09.2023
өлшемі3,03 Mb.
#106912
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   274
Себебін табыңдар 
Қоғамда орын алған негізгі өзгерісті анықтап, 
оның себептерін түсіндіріңіз. Алдымен, оқушылар 
қола дәуірінде қоғамда орын алған өзгерістерді 
анықтап алулары тиіс. Содан оның себептерін түсін-
діріп, мысалдар келтіруі қажет. 
Жауаптары. 
Қола дәуірінде орын алған негізгі 
үш өзгеріс: 1) өнім өндіру артты; 2) ер адамдардың 
қоғамдағы рөлі артты; 3) әлеуметтік теңсіздік пайда 
болды. Бұл мынадай себептермен түсіндіріледі: 1) 
металл өндірісі шаруашылықтың тез дамуына әсер 
етті; 2) кенді өндіру және оны қорыту, еңбек құрал-
дарын жасау, малды бағу, егін егу ер адамдардың 
күшін талап етті; 3) мал санының өсуіне байланысты 
тайпа ішіндегі кейбір адамдарда артық өнім көбейіп, 
қор жиналды.
Салыстырыңдар 
Оқушылар Венн диаграммасы арқылы қола 
және тас дәуіріндегі адамдар өмірін салыстырып, 
ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтай-
ды. Тапсырманы топта орындатқызуға болады. Ал-
дымен, оқушылар ұқсастықтарын іздеп, содан ай-
ырмашылықтарын анықтайды. Соңында топтар 
бірлесіп, қорытынды шығарады. 
Жауаптары. 
Қола дәуірінің тас дәуірінен айыр-
машылықтары: 
1. Металл өндіруді білді. 2. Еңбек құралдарын 
қоладан жасады. 3. Теселі егіншілікпен айналысты
мал бағудың әдістерін дамытты (бақташылық, жай-
ылымдарды ауыстыру). 4. Өз өнімдерін тұтынды, яғни 
мал өнімдерінен киім тоқып, аяқ киім тікті. 5. Зергер-
лік кәсіп пен тоқымашылық кәсіпті қалыптастырды.
6. Ағаш пен тасты қолданып, баспаналар салды.
7. Отбасылық меншікті қалыптастырды. 
Бағалау мүмкіндіктері
Сабақ барысында қолданылған барлық тапсыр-
маларды ұйымдастыру кезінде оқушыларды бағалау 
мүмкіндіктері бар. Бағалау барысында оқушының 
білімі мен дағдысын дамытуға бағыт-бағдар беретін 
кері байланыс ұсыныңыз.


32
1-тарау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет