5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет92/274
Дата12.09.2023
өлшемі3,03 Mb.
#106912
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Сабаққа қатысты ескертпелер
Бұл сабақ "маңыздылық" концептілерінің негізін-
де құрастырылған. Оқушылар сабақ барысында киіз 
үйдің құрылысын, түрлерін біледі және даму үдерісін 
анықтайды. Өзіндік ой-пікірлерін айтып, қорытынды 
жасауға дағдыланады. Жеке, жұптық, топтық жұмыс 
жасау арқылы, ортақ шешім қабылдап, өзгелердің 
ойын құрметтеуді үйренеді. Оқушылар дереккөздер 
мен ресурстарды пайдалану арқылы тапсырмаларды 
орындауға қалыптасады. Мұндай жұмыстар оқушы-
лардың алғашқы коммуникативті дағдыларын қалып-
тастыруға жақсы мүмкіндік береді. Дереккөздердің 
көмегімен тапсырмаларды орындау үшін, критерий-
лер құрастырып, өз белсенділіктерін барынша таны-
тады.
Тапсырма
Оқушыларды топтарға бөліңіз. Әр топ алдыңғы 
сабақты еске түсіру үшін парақтарға сұрақтар жаза-
ды. Дайын болған парақты топтар бір-біріне береді. 
Қарсылас топ берген парақты ашып, ішіндегі сұраққа 
жауап жазып, кері қайтаруы керек. Жауап жазылған 
парақты алған топ, берілген жауаптан сұрақ құрасты-
рып, қайта береді. Осылай, өткен сабаққа біршама 
шолу жасалады.
Жауаптары. 
Қазақстанның солтүстік, орталық, 
шығыс және оңтүстік өңірлерінде алғашқы тұрақты 
тұрғын үйлер кездескен. Мұндай тұрғын үйлер 
көшпелілерде отырықшы шаруашылықтың болғанын 


2-тарау. 
Ежелгі көшпелілер өмірі
59
дәлелдейді. Сонымен қатар көшпелілер қыс мезгіл-
дерінде осындай баспаналарда тұрақтаған. Алғашқы 
аңшылар күркені баспана ретінде пайдаланған. 
Бертін келе ол қосқа айналып, одан кейін абылайша 
(бастапқы аты белгісіз), сосын қазіргідей киіз үй пай-
да болған.
Анықтаңдар 
Бұл сабақта «Көшпелілер баспанасының ерекшелі-
гі неде?» деген зерттеу сұрағымен жұмыс өз жалға-
сын табады. Осы мақсатта оқушыларды топтарға 
біріктіріңіз. Сосын алдын ала дайындалған мәтін-
нің қиындыларын араластырып, әр топқа бір-бір-
ден таратыңыз. Оқушылардан осы қиындыларды 
тізбектей отырып, әңгіменің желісін құрастырып
көшпелілердің киіз үйдің қандай түрлерін пайда-
ланғанын анықтауды тапсырыңыз. Барлық топтарға 
берілетін мәтін қиындылары бірдей болады. Жас 
ерекшеліктеріне байланысты барлық топ тапсыр-
маны дұрыс орындай алмауы мүмкін. Сондықтан 
барлық топ сағат тілі бойынша алмасып, бір-бірінің 
құрастырған әңгіме желісін тексереді. Қажет болған 
жағдайда толықтырып, өзгерте алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет