Бағалау критерийі
|
№
тапсырма
|
Дескриптор
|
Балл
|
Білім алушы
|
Мазмұнға бағытталған
сұрақтарға жауап
береді
|
1
|
сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша
1- сөйлеммен жауап береді;
2- сөйлеммен жауап береді;
|
1
1
1
|
Мәтіннің негізгі тақырыбын анықтайды
|
Болымды етістіктерді болымсыз етістікке айналдырады
|
2
|
болымды етістіктерді болымсыз етістікке айналдырады
|
2
|
Синквейн құрастырады
|
3
|
Тақырып бойынша синквейн құрастырады
|
5
|
Орфографиялық норманы сақтайды, тыныс белгілерін орынды қолданады
|
Барлығы
|
10
|
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау
4-тоқсандағы жиынтық бағалаудың матрицасы
Бөлім
|
Тақырып
|
Оқу мақсаттары
|
* Тапсырма
түрлері
|
Балл
|
Тыңдалым
|
Қазақстандағы
ұлттар
достастығы
Ұлы Дала
Табиғаты
Ер есімі – ел
есінде!
|
5.Т6.Тыңдалым
материалдарының мазмұны
негізінде сұрақтарға жауап беру
|
Көп таңдауы бар және қысқа
жауапты қажет ететін сұрақтар
|
5
|
Оқылым
|
5.О3.Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби
шығармаларды түсіну,
тақырыбын анықтау
|
Көп таңдауы бар және қысқа
жауапты қажет ететін сұрақтар
|
5
|
Жазылым
және тілдік
бағдар
|
5.Ж1. Ресми стильдің тілдік
ерекшеліктері мен талаптарын
дұрыс қолдана отырып,
хабарлама, хабарландыру, хат
жазу
5.ТБ1.5.Болымды, болымсыз
етістіктерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды
қолдану
|
Толықжауапты
қажет ететін
сұрақтар
|
10
|
Айтылым
|
5.А6. Тірек сөздерді дұрыс
қолданып иллюстрацияларды
сипаттау
|
Толық
жауапты
қажет ететін
сұрақтар
|
10
|
Ұзақтығы: 40 минут
Тыңдалым- 8 минут
Оқылым – 12 минут
Жазылым – 20 минут
Айтылым сабақтан тыс тексеріледі (әр білім алушыға 2 минут беріледі)
Балл саны: 30
Тапсырмалар түрлері
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 4 тапсырмадан тұрады. Бірінші тапсырма -тыңдалым, екінші тапсырма - оқылым, үшіншісі - жазылым және тілдік бағдар, төртінші тапсырма - айтылым дағдыларын тексеруге арналған
Оқушының аты жөні________________________________________
Сыныбы___________________________________________
1-тапсырма
Тыңдалым
Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
1942 жылы Әлия өз еркімен майданға аттанып, мергендер мектебін үздік бітірді. Бірақ біраз уақытқа дейін оның алғы шептегі атыс-шабыс алаңында білім-білігін іс жүзінде көрсетуіне рұқсат етпеді. Бірақ жас қазақ қызы алға ұмтылды, жауға қарсы оқ жаудыруға асықты. Бір хатында ол өз құрбылары мен достары үшін фашистерден кек алуды қалайтынын жазады. Өзі оқыған қаласының құрсауда қалғаны оны қатты алаңдататын eді.
1943 жылы Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 жылдан бастап, 54-арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған. Жау әскерінің 30-дан аса сарбазы мен офицерінің көзін жойған. 1944 жылы 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты. 19 жасар Әлияны майдандас жолдастары "Шығыс жұлдызы" деп атаған екен. Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұловаға 1944 жылы 4 маусымда Кеңес Одағы Батыры атағы беріліп, Ленин орденімен марапатталды.
Қаһарман қыз Новосокольники ауданының Монакова ауылында жерленген. (129 сөз)
1. Әлия қай жылы мергендер мектебін үздік бітірді?
А. 1943 жылы
В. 1945 жылы
С. 1942 жылы
Д. 1944 жылы 1 балл
2. Мәтін мазмұнына сай берілген дұрыс ақпараттарды ажыратыңыз.
р/с
|
Ақпараттар
|
дұрыс
|
бұрыс
|
А
|
1942 жылы Әлия мергендер мектебін үздік бітірді.
|
|
|
В
|
Жауға қарсы оқ жаудыруға асықпады
|
|
|
С
|
19 жасар Әлияны майдандас жолдастары "Шығыс жұлдызы" деп атады
|
|
|
1 балл
3. 1943 жылы кімдерді дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды?
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________1 балл
4. Қай жылы Кеңес Одағы Батыры атағы беріліп, Ленин орденімен марапатталды?
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________1 балл
5. Қай жылы 14 қаңтарында Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты?
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________1 балл
2-тапсырма
Оқылым
Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Кең байтақ қазақ жерінің бір бөлігі - Сарыарқа. Сарыарқа Қазақстанның ұлан-ғайыр жерін алып жатыр. Арқадай кең көсіліп жатқан сары дала қайталанбас тамылжыған табиғатымен тамсандырады. Сарыарқаның төсінде соғатын самал жел есіп қоя бергенде, өзіңді тамаша күйде сезінесің. Сары даланың самал желі ғана емес, табиғатының өзі керемет. Мұнда тұңғиық көлдерді, асау өзендерді, аласа тауларды, сарғайған сары шөптерді, жазық даланы көруге болады. Табиғат адам жанына жылулық, сұлулық өміріне мән сыйлайды.Таңғажайып табиғаты көңіліне бір реніш түсірмейді. Сонау Сарыарқадай сары даладан елін жаудан қорғаған, жұртына қорған болған батырларымыз да шыққан. Сарыарқаның асыл тумалары, сонау Абылай заманындағы Бұқар жырау, Қаз дауысты Қазыбек, ақындар Шөже, Шашубай, Доскей, жазушы С.Сейфуллин және ақын Қ.Аманжолов, композиторлар Тәттімбет, Мәди, Ұлы Отан соғысының қаһарманы Н.Әбдіров, ғалымдар А.Чижевский және Е.Бөкетов, қазақтың тұңғыш ғарышкері Т.Әубәкіров сияқты атақты адамдар Сарыарқаның атын шығарған. (127 сөз)
Достарыңызбен бөлісу: |