5-тарау. Педагогикалық зерттеулердің Әдіснамасы мен әдістемесі


Педагогика тарихының әдіснамалық негізі



бет6/33
Дата27.12.2022
өлшемі0,53 Mb.
#59869
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Педагогика тарихының әдіснамалық негізі философиялық диалектика, ол ғылыми әдіснама ретінде педагогикалық таным теорияларының қалыптасып дамуына іргетас қалайды, шындықты бейнелеудің басты жолдарын анықтайды. Яғни, жеке тұлғаның үйлесімді қалыптасуын, оған сан-саналы әлеуметтік байланыстар жиынтығының ықпалды әсер етуін, бір жағынан, әрбір адам қоғамдық қоғамдық қарым-қатынастардың жемісі болса, екінші жағынан, қоғамды дамытуда өзіндік үлес қосатын жеке тұлға болып қалыптасатынын көрсетеді. Сонымен, ғылымның әдіснамасы – бұл қағидалар, қорытындылар, ұстанымдар, танымдық әдістер арқылы әр жақты жағдайлар тоғысында шындықты бейнелеу ақиқатын зерделеп түсіндіретін ілім.
Педагогика тарихының әдіснамасы – әр тарихи дәуірдегі педагогикалық білім мен тәрбиені, ойлар мен идеяларды талдап жүйелеу, оларды ұғындыру, тұжырымдар жасау арқылы педагогикалық үдеріске өзгерістер енгізу немесе жетілдіру мақсатын іске асыратын педагогика ғылымының бір саласы. Педагогика тарихының әдіснамасы төмендегідей жүйелі құрылымнан тұрады: тарихи-педагогикалық білімнің құрылымы мен қызметтері; педагогикалық идеялар, ой-пікірлер, іс-тәжірибелер, үлгілер, негізгі педагогикалық қағидалар (идея, болжам, тұжырымдама, теория); тарихи-педагогикалық білімдерді өңдеп жетілдіріп, педагогикалық үдеріске ендіру. Осындай, үлгідегі тарихи-педагогикалық, психологикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары жалпы ғылыми ұстанымдарға негізделе жүгізіледі. Ғылыми-зерттеу ұстанымдары мен оларға қойылатын талаптар әдіснамалық білімде ерекше орын алады. Өйткені, олар тарихи-педагогикалық білімді, теория мен практиканы біріктіріп, білім беру ұйымдарына ғылыми негізделген бағдар береді. Қандай бір ғылыми жұмыстар болсын, олардың тірек ұстанымдар қатарына жататын ең негізгі әдіснамалық ұстанымы – жүйелілік. Тарихи-педагогикалық зерттеуге қойылатын маңызды әдіснамалық талаптарының бірі – деректердің барлық түрін кешенді пайдалану, сол арқылы бірін-бірі тексеру, толықтыру, барлық деректерді салыстыра отырып жинақтау, оларды зерттеуде шектес ғылымдардың зерттеу әдістері жиынтығын кешенді түрде пайдалану, сөйтіп педагогикалық тұғырда түсіндіру қажет. Педагогика тарихының ғылыми-зерттеу ұстанымдары тарихи білім, педагогикалық теория мен тәжірибені біріктіріп, білім беру ұйымдарына ғылыми негізделген бағдар береді. Педагогика тарихының негізгі әдіснамалық ұстанымы ақиқаттылық, ол зерттеу объектісі жайлы білім алу үшін, зерттеу барысында оның әрбір құбылысына ықпал ететін, дамытатын жағдайларды, шарттарды ескеріп, зерттеу құралдары мен тәсілдерін дұрыс қолданып, жинаған дәйектерді бағалап, қорытындысын шығаруда ақиқатты ұғымдар мен түсінікер жасауға мүмкіндік береді. Ғылыми ізденістердің объектісін баламалық ұстаным тұрғысынан қарастырғанда және оған дәлелді талдап қойғанда, тарихи-педагогикалық материалды немесе көзқарастарды талдағанда, күрделі педагогикалық үдерістердің шешімін табу үшін әр түрлі көзқарастар айтылады. Ондай көзқарастардың шынайы болуы немесе оған қарсы пікірлер айтылуы мүмкін. Баламалық ұстанымның мәні – мәселенің шешімін іздестіргенде және объектінің жұмысын ұғымды ұйымдастырғанда алға қоятын мақсаттың нәтижелі орындалып, соның негізінде қол жеткізілетін нақты жетістіктердің ауқымы анықталады. Баламалық ұстанымға жақын әдіснамалық ұстанымның бірі – мәндік талдау ұстанымы. Әрбір қарастырылатын құбылыстардың жалпылығы, ерекшелігі және бірегейлігі анықталып, объектінің ішкі құрылымына, атқаратын қызметі мен даму заңдылықтарына, шарттары мен даму үрдістеріне талдау жүргізіліп, олардың мақсатты түрде өзгерістерге ұшырау мүмкіндіктері талданады. Бұл ұстаным зерттеу қисынын нақты жазудан бастап, жан-жақты түсіндіруге, одан педагогикалық құбылыс пен үдерістің, болжамның дәлелденуіне дейінгі кезеңді қарастырады. Тәжірибе тарихи-педагогикалық және психологиялық-педагогикалық генетикалық ұстанымды қолдану керектігін көрсетуде. Тарихи-педагогикалық ұстанымның мәні педагогикалық дәйектерді немесе құбылыстарды зерттегенде олардың пайда болуын, онан кейінгі дамуын түрлі саяси-экономикалық жағдайлардағы білім беру үрдісінің бір сапалық деңгейден екінші сапалық деңгейге ауысуы жан-жақты қарастырылатындығында жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет