5-тарау. Педагогикалық зерттеулердің Әдіснамасы мен әдістемесі


Тарихи және қисындылық ұстанымы



бет7/33
Дата27.12.2022
өлшемі0,53 Mb.
#59869
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   33
Байланысты:
Глава 5 новый

Тарихи және қисындылық ұстанымы зерттеу жұмыстарында объектінің тарихын (генетикалық қыры), теориясын (құрылымы, қызметі, объектісінің қазіргі жағдайы) және оның даму болашағын бірлікте зерттейді. Тарихи талдау объектінің құрылымы мен қызметін талдау, белгілі бір ғылыми тұжырымдама жасау үшін керек. Ал теориялық талдаудың қажеттігі объектінің генезисін (пайда болуын, қалыптасуын) қарастырмай ақиқатқа жету мүмкін еместігін ескереді. Сондықтан да, тарихи-педагогикалық және теориялық-педагогикалық зерттеулердің бір-бірінен айырмашылығы зерттеушінің ғылыми болжамына байланысты болады. Бұл ұстанымнан шығатын талап зерттеудің сабақтастығы, жинақталған тәжірибе, дәстүр, ғылыми жетістіктер, бұрынғы зерттеу объектілерінің генезисін тарихи-педагогикалық тұрғыдан талдау болып табылады. Жалпы ғылыми ұстанымның бірі – тұжырымдамалық бірлік ұстанымы. Зерттеуші ғылыми тұжырымдама жасау үшін басқа зерттеушілердің тұжырымдамалық пікірлерін талдап, негіздеп, ізденіс жүргізу барысында зерттеудің алдына қойған мақсат-міндеттерін, ғылыми болжамын анықтап, жүргізетін болса, нақты ғылыми жетістіктерге жетуіне болады. Ол үшін алғашқы ғылыми болжамын тексеріп, дамытып, қажет болса, іздену барысында түзетулер енгізіп, тұжырымдамасын жетілдіреді. Сонда, ғана ғылыми ізденіс өз нәтижесін береді. Тарихи-жүйелілік ұстанымы – жалпы ғылыми әдіснамалық зерттеудің бір ұстанымы ретінде педагогикалық үдерістің және бір-бірімен байланысты құбылыстарды жүйелі зерттейтін өзіндік сапасымен сипатталатын ғылыми әдістердің бірі. Тарихи-жүйелік әдісі төменде ұсынылған қағидаларға негізделіп, объектілердің сапасын және оны жетілдірудің жолдарын анықтауға көмектеседі. Білім беру жүйесін біртұтастық ұстаным тұрғысынан зерттегенде педагогикалық үдерістің кей қырларын, элементтерін, қарым-қатынастарын бөлшектеп қарастырғанда өте мұқият қарастыру керек.
Тарихи және психологиялық-педагогикалық үдерістегі өзара байланысты синергетика - қазіргі бірлескен іс-әрекет теориясын зерттейді. Бұл теория тұтас жүйенің тұрақты болмай, өзгеріске түсетіндігін ескеріп, тұтастықтың жоспарланған басты бір нұсқасын алып, болжамданған үрдістің мағынасын ашады. Педагогикалық жүйенің бір-бірімен байланысы: білім мен тәрбие мақсаты, оның тарихи аспектісі, педагогикалық үдерістің субъектісі, педагогикалық идеялар мен ой-пікірлер, білім мазмұндары (жалпы, базалық және кәсіби мәдениет), материалдық базасы, т. б. бірлігі және құрылымдық-функциялық қызметтері тұтастық арқылы зерделенеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет