5-тарау. Педагогикалық зерттеулердің Әдіснамасы мен әдістемесі



бет8/33
Дата27.12.2022
өлшемі0,53 Mb.
#59869
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33
Іс-әрекеттік тұғыр тарихи-педагогикалық және психологиялық-педагогикалық зерттеулерде нақты ғылыми-әдіснамалық ұстаным ретінде танылады. Педагогикалық үдерісті қайта құру немесе өзгерістер енгізудің алғашқы формасы еңбек. Адамның материалдық және рухани байлықтарды жасаудағы іс-әрекеттері еңбек барысында атқарылып, айналасын қоршаған дүниені шығармашылықпен өзгеріске түсіреді. Сондықтан, оқушыларды өмірге және жан-жақты іс-әрекеттерге дайындауда олардың мүмкіндіктерін ескеріп, өмір тіршіліктеріне қажетті істерге тартып, олардың өмірін әлеуметтік және адамгершілік тұрғыдан ұйымдастыру қажет.
Ал мәдениеттану тұғыры – оқушының жеке тұлғасын зерттеп, құндылық бағдарын қалыптастыруда аксиологиялық құндылық іліміне сүйеніп, нақты ғылыми әдіснама ретінде таным мен педагогикалық іс-әрекеттерді қайта құруға немесе өзгерістер енгізуге бағыт-бағдар береді. Мәдениеттану тұғыры арқылы жеке тұлғаның мәдениетпен объективтік байланысы негізінде оның мінез-құлқындағы құндылықтар жүйесін зерттейді. Өйткені адам мәдениет арқылы дамығандықтан сол мәдениетке жаңа элементтер енгізуге үлес қосады. Сол себептен, адам мәдениет құндылықтарының жүйесін игеріп өзін-өзі дамытса, екінші жағынан, оның шығармашылықты жеке тұлға болып дамуына жағдай туады. Этнопедагогикалық тұғыр мәні – оқушы этностың біріне жататын әлеуметтік-мәдени ортада өмір сүреді, білім мен тәрбие алады. Халықтың ұлттық салт-дәстүріне, оның мәдениетіне, діліне, ұлттық-этникалық психологиясына, әдет-дағдыларына сүйеніп, педагогикалық үдерістің жобасын жасап, жоспарлап ұйымдастырады. Әртүрлі білім мекемелерінің ортақ мақсаты-оқушы жастардың ұлттық мәдениетке ынта-ықыласын арттырып, оларға өзін- өзі тәрбиелеуге жағдай туғызу болып табылады, педагог бұл ортаны жан-жақты зерттепуі керек.
Тарихи-педагогикалық зерттеу әдісі мұрағат құжаттарын, тарихи-педагогикалық құбылыстарды зерттеу арқылы педагогикалық ой-пікірлерді, идеяларды, теориялар мен тәжірибелерді жүйелеу негізінде ғылыми-тарихи ақпараттар жинастыруды, олардың өзара байланыстарындағы заңдылықтарын айқындауды қамтамасыз етеді. Тарихи-теориялық зерттеу әдістері тарихи-педагогикалық құбылыстардың кейбір жақтарын, белгілері мен ерекшеліктерін тарихи-педагогикалық тұғырдан талдайды. Кейбір деректерді талдағанда оларды мазмұндық жақтарына қарай топтастырып және жүйелеп, зерттеушілер педагогикалық құбылыстың жалпы белгілері және ерекшелігін айқындайды. Тарихи-теориялық зерттеулерде индуктивті және дедуктивті әдістер қолданылады. Индуктивті әдістер ізденушінің ойлау қабілетін жеке пікірден жалпы қорытынды жасауға итермелесе, дедуктивті әдіс, керсінше, жалпы пікірден жеке қорытындыға келуге бағыттайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет