5 Тәжірибелік сабақ. Жүрек-өкпе реанимация іс-шарасын орындау реттілігін робот-тренажермен машықтау



бет8/9
Дата25.11.2023
өлшемі210,05 Kb.
#127024
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Құлақтандыру
Халықты құлақтандырудың негізгі тәсілі – радио мен теледидар арқылы ауызша хабарлау.
Халықтың назарын бұру үшін әуелі ауызша берілетін хабардан бұрын «Баршаңздың назарыңызға!» дабылын білдіретін дабылдамалар, өндірістік гудоктар және басқа дабыл тарату құралдары іске қосылады.
«Баршаңыздың назарыңызға!» АҚ ескерту дабылын естіген соң, төтенше хабарды тыңдау үшін радио мен теледидар қабылдағыштарын іске қосады.
Сосын – ТЖ жөніндегі басқарманың (бөлімнің)шұғыл хабарын тыңдаған соң, берілген ақпаратқа сәйкес іс-әрекет ету керек.
Төтенше хабар халықтың қауіпсіздігіне қатер төнгізетін химиялық қауіпті аварияларда, темір жол қатынасындағы, табиғат зілзалалары, әуе қауіптерінде, химиялық және радиоактивтік улануларда, басқа да төтенше жағдайлар кезінде беріледі. «Баршаңыздың назарыңызға!» дабылы берілгеннен соң артынша халықтың алдағы іс-әрекеті мен панаханалардың орналасқан жері туралы ақпарат беріледі.
Ауызша берілетін ақпарат мәтіні қазақ және орыс тілінде 5 минут көлемінде беріледі. Авариялар мен табиғат зілзалаларының жағдайын дәл анықтап, оларды бағалағаннан кейін авариялардың, табиғат зілзалаларының зардаптары туралы, халықтың алдағы іс-әрекетінің орындалу тәртібі туралы ақпарат екінші қайтара беріледі.
Барлық жағдайларда төтенше жағдайлар жөніндегі органдардың (әкімшіліктердің) өкімдеріне құлақ салып және оларды бұлжытпай орындау керек.
Тез және іскерлікпен қимылдаңыз! Дүрбелеңге түспеңіз!


Халықты қорғаныс құрылыстарына паналату
Халықты қорғаныс құрылыстарына жасыру осы заманғы зақымдау құралдарын қолданғанда, сондай-ақ радиоактивтік және химиялық заттар бөліп шығаратын ТЖ-дан қорғанудың ең сенімді әдісі.
Халықты қорғаныс құрылыстарына жасыру тұрған жерлерінде, яғни жұмыс немесе оқу орындарында және тұрақты мекен жайларында жүзеге асырылады.
Қорғаныс құрылыстары - физикалық, химиялық және биологиялық қауіпті және зиянды факторлардың әсерінен халықты қорғауға арнайы жасалған инженерлік құрылыстар. Бұл құрылыстар қорғау қасиеттеріне орай панахана және радиациядан қорғанатын баспана болып бөлінеді. Бұлардан басқа, қарапайым жасырынатын жерлер - қуыстар қолданылуы мүмкін.
Панахана - бұл физикалық, химиялық және биологиялық қауіпті және зиянды факторлардың әсерінен онда жасырынған адамдарды сенімді қорғауды қамтамсыз ететін құрылыс.
Панахана қорғау қасиеттері, сыйымдылығы, орналасқан жері, сүзгілі-­желдеткішті құрал-жабдықпен қамтамасыз етілуі және соғылған уақыты бойынша жіктеледі.
Қорғаныс қасиеттері бойынша (соққы толқынының әсерінен ) панахана сыныптарға бөлінеді.
Сыйымдылығы бойынша (жасырынушылардың санына байланысты) панаханалар шағын (300 адамға дейін), орта (600-ден 2000 адамға дейін), үлкен (2000-нан астам адам) деп бөлінеді.
Орналасқан жері бойынша панаханалар ғимараттардың өзімен бірге немесе бөліктеніп тұрғызылған болып бөлінеді. Ғимараттың өзімен бірге тұрғызылғанға –үй асты төлелерін жатқызамыз, ал бөлектеніп тұрғызылғанға – ғимараттан тыс панаханаларды жатқызамыз.
Бірге тұрғызылған панаханалар кеңінен таралған. Бөлек тұрғызылған тереңдетілген панаханалар бірге тұрғызылған панаханаларды соғу мүмкіндігі болмаған жағдайда ғана тұрғызылады.
Бұндай панахана толығымен немесе жарым-жартылай тереңдетілген және төбесі мен қапталдары топырақпен үйілген. Панаханалар адамдар көп шоғырланған жерлерге орналастырылады. Олардың ғимараттардан ара қашықтығы ғимараттардың биіктігіне тең етіп алынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет