5 Тәжірибелік сабақ. Жүрек-өкпе реанимация іс-шарасын орындау реттілігін робот-тренажермен машықтау


Омыртқаның сынығы, жамбас сынығы, алғашқы көмек



бет5/9
Дата25.11.2023
өлшемі210,05 Kb.
#127024
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Омыртқаның сынығы, жамбас сынығы, алғашқы көмек. Омыртқа сүйектерінің сынуы ауыр жарақаттар қатарына жатады. Омыртқалар зақымданғанда жұлынның зақымдануы да, зақымданбауы да мүмкін.
Егер жұлын омыртқамен бірге зақымданса, анда аурудың аяғы мен қолы толық жансызданып сал (паралич) болып қалады, кіші дәретін ұстай алмайды. Омыртқа зақымданғанда өте абай болу керек, өйткені дұрыс жәрдем бере алмағандықтан омыртқа орнынан тайып, жұлынның зақымдануы да мүмкін.
Егер соншалықты қажетті болмаса оны орнынан қозғауға не бір жағынан қарай бұрауға болмайды. Жарақаттанған адамды қатты тегіс қалқанға шалқасынан жатқызып зембілдермен тасымалдау керек, ал қатты қалқан болмағанда оны етбетінен жатқызады. Егер сынған омыртқа жотасының төңірегіндегі жараның бар екені байқалса, оны треилді таңғыш пен жабады, киімнен немесе басқа бір затты кеуде астына қойып, омыртқаның қозғалмауына көмектеседі.
Жамбас сүйегі сынған кезде зақымданған адамды бақа тәрізді ( 22 - сурет) тегіс тақтайға жатқызып дәрігерге жеткізеді.


22 – сурет. Жамбас сүйегі сынғанда бақа тәрізді жатқызу

Аяқ-қол сүйектерінің сынуы. Сынған сүйектерді таңып байлаудың да өзіне тән ерекше әдістері бар.
Басқаларынан да аяқ-қолдың сынуы мирек ұшырасады. Саусақ сүйектері мен қол басы сүйектері ашық сынғанда саусақтардың иіліңкіреп тұруы үшін жарақатты стерилді таңғышпен байлаған соң алақанға жұмырланған мақтаның дәке оралған үздігін салады. Білекке, қол басы сүйектеріне, саусақтарға фанерден, қатырма қағаздан жасалған немесе баспалдақ ақтау салып байлайды. Білек сүйегінің сынуы жасы ұлғайған адамдарда жиі кездеседі. Әсіресе, қолдың білезік салар басы қирағыш келеді. Көбіне тайқанақ жер тірей құрағанда, не оқыс тиген қатты соққыда білектің қос сүйегі оңай үзіліп кетеді.
Білек сүйектері сынған кезде абайлап шынтақ буыннан тік бұрыш жасай бүгіп, алақанды кеудеге қаратып, ақтаумен немесе қолда бар құралдармен орнықтырып байлау керек ( 23 - сурет). Жақтауларды саусақтардың түбінен иыққа дейін салып таңады. Сонда садақ сүйек – білезік буындары мен шынтақ буындары қимылдамайтындай болады. Қолды үшкіл орамалға асып қояды.

23-сурет. Білек сүйектерінің сынуы

Тоқпан жілік сынғанда баспалдақты ақтаумен немесе қолда бар құралдармен иммобилизациялайды. Жақтауды мертіккен қолға шынтақ буыннан бүгіп алатындай етіп, өзіне шақтап алып, сау жауырыннан, зақымданған қолдың иығынан, иініне қарай және білектен саусақтар түбіне дейін жеткізіп, таңып байлайды. Қолды үшкіл орамалға асып қояды. Зақымданған қолды басқа жақтаулар болмай қалса үшкіл орамалға асып бинтпен кеудеге таңып байлауғада болады.


Аяқ басындағы сүйектер сынып толарсақ буыны зақымданған кезде иммобилизациялауға баспалдақты жақтау немесе қолда бар құралдарды пайдаланады. Алдымен жақтауды табанға және балтырдың артқы жағының үстіңгі бөлігіне жететіндей етіп бүгіп алады. Жақтаудың өкшеге арнап шұңқыр жасайды да өкше сүйегіне батпау үшін оған мақта салады. Жақтауды аяққа тақап салып бекітеді де балтыр мен аяқ басы арқылы бинтпен сегіздік тәрізді етіп орнықтыра байлап оның ұшын балтырдың үстіңгі бөлігіне айналдыра орап аяқтайды. Аяқтың басы балтырға тік бұрыш жасап орнықтырылуы керек.
Фанера тікелей және ағаш рейкалармен иммобилизацияланған кезде балтырдың үстіңгі бөлігінен табанға дейін олардың аяқтың екі жақ қырына біреуін сырт жағына, екіншісін ішкі жағына тақап ұстап басын мықтап орнықтыра аяққа орап таңады. Фанераның сүйекпен жанасатын жеріне мақта төсейді.
Балтырдағы сүйектер сынған кезде екі буынды: толарсақ буыны мен тізе буынын қимылдатпайтындай етіп толарсақ буыны зақымданғандай иммобилизациялайды. Жақтауды немесе қолда бар құралдарды аяқ басынан сонның үстіңгі бөлігіне дейін келтіріп байлайды. Керекті жақтаулар бола қоймаса, зақымданған аяқ-қолды сау аяқ қолдарға қосып таңу керек.
Санды иммобилизацияланған кезде қолда бар құралды санның екі жақ қырына біреуін ішкі жағына, екіншісін сыртқы жағына тақап ұстап байлайды. Толарсақ пен тізе буындарының айналасындағы сүйек қырына, қолтық шұңқыры мен шап аймағына мақта салады.
Балалар сүйектері сынғанда, олардың сынықтары өте күрделі болып келеді. Балалардың сүйек сынықтарының болмауы себебі, сүйектердің жұмсақтығы, ұмсақ тканьдердің өте жақсы дамығанынан және де минералды тұздардың аздығынан, балаларда сүйек құрылымы сүйек асты, яғни тығыз құрылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет