50 жылдығына арналған аймақТЫҚ Ғылыми практикалық конференция материалдары «педагогические чтения»



Pdf көрінісі
бет26/47
Дата12.03.2017
өлшемі6,59 Mb.
#8987
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   47

Литература 

1. Закон «Об образовании» Республики Казахстан от 27 июня 2007 года. 

2.  Билинкис  Я.С.  Русская  классика  и  изучение  литературы  в  школе:  Книга  для 

учителя. – М: Просвещение, 1996. – 542 с. 

3.  Буняев  М.  Подготовка  учителя  –  решение  проблемы  информатизации  // 

Информатика  и образование, 1991, - № 4. – С. 8 

4.  Гиркин  И.В.  Новые  подходы  к  организации  учебного  процесса  с  использованием 

современных компьютерных технологий // Информационные технологии , 1998,  - № 6. – 

С. 24 

5. Гуковский Г.А. Изучение литературного произведения в школе: Методологические 



очерки о методике. – Тула: Автограф, 2000. – 365 с. 

 

 



239 

 

ҮЛГЕРІМІ ТӨМЕН ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫСТА ЖАҢА 



ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ 

 

Г.Ш. Досмағамбетова 

Байқоныс орта жалпы білім беру мектебі,  

Качир ауданы, Байқоныс ауылы 

 

Мектеп  есігін  ашқан  балалардың  жас  шамасы  қатар  болса  да,  түсінуі, 



құбылысты  қабылдау  қабілеттері  әртүрлі  болып  келеді.  Мысалы  біреуі 

сыпайы,  тәртіпті,  сезімтал,  бір  нәрсені  тез  меңгеріп  кете  алса,  енді  бірі 

айтқанды қиын қабылдайтын, ал енді біреуі жалқау, сабақ оқығысы келмейді. 

Өйткені,  олар  әр  жанұядан,  түрлі  дайындықпен  келеді.  Дайындықсыз 

келгендерде  мектепте  бағдарлама  бойынша  меңгерілуге  тиіс  материалды 

меңгеруіне  керекті  білік  дағды  білім  жоқ,  ақыл  -  ой  дамуы  жағынан  да  бір-

бірінен  айырмашылықтар  болады.  Соның  нәтижесінде  әр  сыныпта  аз  да 

болса  үлгермеушілер  бар.  Бұл  балаларға  тән  ерекшелік  –  зейіні  мен  жұмыс 

қабілеттілігінің төмен болуы. Үлгерімі төмен оқушылар жалпы меңгерілетін 

білімнің,  тәрбиенің,  дамудың  кейбір  элементін  игере  алмауы,  белгілі  бір 

жағдайға  дайындығының  болмауы,  қалып  қоюымен  сипатталады.  Сол 

себептен оның себебін талдап, оны жоюдың жолын іздестіру қажет. Үлгермеу 

себебі әр түрлі болады.  

Педагогтың  алдында  тұрған  мәселені  шешудің  басты  жолы  мектеп 

психологінің  басшылығымен  диагностика  жүргізіледі.  Диагностика 

нәтижесін  негізге  ала  отырып,  олармен  жұмыстың  жоспары  құрылады. 

Дегенмен, мұғалімнің шеберлігі басты рөл атқарады: оқушының пәнге деген 

қызығушылығын  туғызу,  біліктілігі  мен  дағдысын  жаттықтыру,  пәнаралық 

байланысты туғызып, қазіргі үйреніп отырғанының бұрынғымен байланысын 

түсінетіндей жағдай туғызу керек. Үлкендердің, яғни мұғалім мен ата-ананың 

міндеті  –  мүмкіндігінше  ертерек  уақытында  ой  жұмысының  түрлерімен  – 

салыстыру,  анализ,  жинақтау,  т.б.  таныстырып,  ойлау  әрекеттеріне, 

бағдарламаны саналы түрде меңгеруге жаттықтыру.  

Мұндай  балалар  өз  жұмыстарының  нәтижесіне  көп  көңіл  бөледі; 

мұғалімнен  өзінің  дұрыстығын  талап  етеді,  жақсы  бағаны  ұнатады,  бірақ 

жолы болмаушылыққа қатты күйінеді.  

Оқу  әрекетін  қалыптастырудағы  түзету  жұмысы  сабақ  уақытында 

қалаған оқу пәні кезінде жүзеге асырылады. 

Әрбір  берілген  тапсырма  еңбек  етуге,  тынымсыз  ойлануға,  ақыл-ой 

белсенділігін  арттыруға  бағытталуы  тиіс.  Бала  өзі  орындаған  жұмысынан, 

жеңген қиындығынан ләззат алуы керек. 

Ойланатын,  ойландыратын  тапсырмалар  ғана  баланың  ішкі  резервтерін 

ашуға мүмкіндік береді. 

Оқушы  жауап  бергенде  де  «Менің  ойымша»,  «Ал  мен  ойлаймын»  деп 

жауап  беруі  керек,  солай  талап  еткен  дұрыс.  Бұл  балаларды  бірін-бірі 

толықтыруға, сыйлауға, түзетуге үйретеді. 



240 

 

Үлгерімі  төмен  баламен  жұмыста  сын  тұрғысынан  ойлау  техноло-



гиясының  стратегияларын  қолдану  өте  тиімді.  Үнемі  қызығушылығын 

оятады, қандай жауап болса да тыңдалады. Әр сабақта әр топқа бөлінуі әрбір 

оқушымен қарым-қатынас жасауына мүмкіндік береді. 

Мен сабақта сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану мақсатым:  

-

 

Оқушыларды оқу үрдісін басқаруға қатыстыру. 



-

 

Ұжымдық іс-әрекетті ортақ қарым-қатынас құралы ету. 



-

 

Деңгейіне қарап саралап, ерекшелігіне қарап, даралап оқыту. 



Сын  тұрғысынан  ойлау  –  бұл  кез  келген  мазмұнды  сынау  емес,  оны 

зерттеу, бақылау, талдау, әртүрлі стратегиялар арқылы өзінің ойлау негіздерін 

сыни тұрғыдан дамыту. Яғни,  

- Еркін ойлауға мүмкіндік береді; 

- Оқу мен жазуға сауаттылығын арттырады; 

- Ақыл - ойын дамытады. 

Төмендегідей міндеттерді белгілейді: 

- Сабақты белсенді өткізіп, әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау. 

- Қиялын дамыту үшін « Менің ойымша» деген жауапқа дағдыландыру. 

- Әртүрлі жауапқа бірдей қарау, жақсысын мадақтап, нашарын сынамау. 

- Тіл байлығын дамыту үшін қандай да жауапты соңына дейін тыңдау. 

- Жауап беруге тілек білдірмеген баланы өз еркісіз қинап сұрамау. 

-  Баланың  дүниетанымының  кеңіп,  рухани  өсуіне  әр  сабақта  жағдай 

жасау.  


- Жеке тұлға ретінде «мен» деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру. 

- Мұғалім мен оқушы арасындағы тең құқылы қарым – қатынас туғызу. 

Сын  тұрғысынан  ойлау  технологиясында  бірінші  орында  оқушы 

тұрады  және  оның  өз  бетімен  білім  алудағы  белсенділігіне  аса  назар 

аударылады.  Сонымен  қатар,  сынып  оқушыларының  икемділігін  әрі  қарай 

дамытуға  көп  көмегін  тигізеді.  Сабақта  балалар  жаппай  тілдік  әрекетке 

түседі,  ойлау  деңгейі  жоғарылайды.  Сабақ  үстінде  тәртіп  мәселесі  де  өз 

орнын  тауып  кетеді.  Өйткені,  қызығушылықпен  жұмыс  жасап  жатқан 

баланың бұрылуға шамасы келмейді. 

Жиі қолданатын стратегиялардың кейбіреуіне тоқталайын. 

«Араласқан кезең» стратегиясы. 

Қадамдары: 

1. Мәтін бөліктерге бөлініп, конвертке салынған. 

2. Рет-ретімен біріктіру тапсырылады. 

3. Тақырыбын шығарады. 

Құндылығы: 

1. Қызығушылығын оятады 

2. Шығармашылығы дамиды 

3. Жүйелеуге үйренеді 

«Ішіне – сыртына» стратегиясы.  

Тапсырма: артық сөзді сыртына жаз. 

Берілген сөздер: 



241 

 

а) үстел, орындық, шкаф, шәйнек, 



ә) қияр, қарбыз, сәбіз, доп, 

б) қар, аяз, ыстық, мұз. 

Құндылығы: 

Негізгісін таңдауға, жіктеуге үйренеді 



«Венн диаграммасы» стратегиясы

Құндылығы: ұқсастығы мен айырмашылығын табуды үйретуге болады.  

 

«Жұптасып  қорытынды  жазу»  стратегиясы  оқушыларды  белсенді 

қатыстырып, сұрақ қоя білуге, негізгісін таңдай білуге және конспект жазуға 

үйретеді. 

Қадамдары:  

1. Нөмірлерге бөлінеді. 

2. Мәтін таратылады. 

3.  Мәтін  бірнеше  бөлікке  бөлінеді.  Әрбір  бөлік  А  және  Б  деп  екі 

бөлікшеге тағы бөлінеді. 

4. Рөлдер бөлініп, №1-репортер, №2-жауап алушы болады. 

5. Бірінші А бөлікті екеуі де оқиды. №1- ұққанын айтуға және қойылған 

сұраққа жауап беруге дайындалады, №2 сұрақ қоюға дайындалады. 

6.  Репортер  мазмұндап  айтады,  жауап  алушы  құрастырған  сұрағын 

қояды. 

Б  бөлігін  оқығанда  рөлдер  ауысады.  І  бөлімнің  А  және  Б  бөліктері 



оқылып,  сұрақ  жауап  алынғаннан  кейін,  әр  жұп  жеке-жеке  қорытынды 

жасайды. Екі жұп қосылып топтық ортақ пікір шығарады. 

7. Қалған бөліктерді оқығанда осы іс-әрекеттер қайталанады (цикл). 

8. Спикерді дайындап, ол топтық жобаны қорғайды. 

Құндылығы: 

1. Жауапкершілік сезім пайда болады, өйткені репортер түсіндіру керек, 

сұрақтарға жауап беру керек.  

2. Әрбір бөлімге жұппен, кіші топта қорытынды шығарып отырады.  

3.  Шағын  диалог  пайда  болып,  мәтін  (әр  бөлігі)  қолма  –  қол  бекітіліп 

отырады.  

4. Сұрақ қою арқылы түсінбегенін біліп алуға болады. 

«Автор орындығы» стратегиясы. 

Қадамдары: 

1. Тақырып беріледі. 

2. Тақырыпқа байланысты өз ойын (эссе) жазады. 

3.  Топ  ішінде  бір-бірінің  жазғанын  тыңдап,  талқылайды.  Ең  жақсы 

дегенін ортаға шығып, оқып беруге дайындайды. 

Құндылығы:  

Өз-өзіне  сенімділік  туады.  Өйткені,  өзі  оны  жазды  және  оның  жазған 

эссесін жақсы деп таңдады. 

«Дөңгелек үстел» стратегиясы.  

Қадамдары: 

кіші  

тоқсары 


қышқылтым 

242 

 

1. Нөмірлерге бөлінеді (топта қанша бала, сонша нөмір) 



2.  Тақырып  хабарланады.  Мысалы:  Достық  дегеніміз  не?  Тақырып 

жазылған қағаз таратылады. 

3. №1 нөмірлер жазады, қалғандары ойланып отырады 

4. №2 жазарда №1-дің жазғанын оқып, жалғастыруына болады. 

5. №3 және №4 өз ойларын жазады. 

6. Спикер топтың жазғанын оқып береді. 

Құндылығы:  

1. Әркім өз ойын еркін, ашық айта алады.  

2. Тақырып мағынасы ашылады. 

3. Ой-өрісі дамиды. 

4. Белгілі уақытта өз ойын жүйелеуге үйренеді. 

5. Жинақылық қасиеті дамиды.  

6. 100% жұмыс істейді. 

«Түртіп алу» (Insert стратегиясы)  

Тақырыбы: Тұңғыш қазақ ғарышкері 

 

Таныс ақпарат 



Жаңа ақпарат – V 

Түсініксіз, 

зерттеуді 

талап ететін ақпарат 

 

 

 



Қадамдары: 

1. Дәптердің бетін үш бөлікке бөл. Жаз. 

2.  Тұңғыш  қазақ  ғарышкері  кім?  Ол  туралы  не  білесіңдер?  (бірінші 

бағанға жазады) 

3.  Мәтінді  оқып,  ең  керегін  қысқаша  жазып  алады.  (екінші  бағанға 

жазады) 


4. Қай сөз, сөз тіркесі, не сөйлем түсініксіз болды, соны үшінші бағанға 

жазады. 


5. Жұппен пікір алысады. 

6. Кіші топта талқылайды, бірін-бірі толықтырады. 

7.  Спикер  тұрып,  топ  ойын  қорғайды.  Сұрақтар  қойылып,  пікір 

айтылады. 

Құндылығы: 

1. Жұппен, топпен жұмыс істейді. 

2. Өз білімін тексеріп (кесте толтыруда) бағалайды. 

3. Конспект жазуға үйренеді. 

4. Өздігінен меңгереді. 

5. Пікірін ашық айта алады. 

6. Әрқайсысының жауапкершілігі арттырылады. 

7. Белгілер арқылы балалар оқыды ма, жоқ па білуге болады. 



«Болжау» стратегиясы.  

Тақырыбы: Еліктің лағы 

1. Әңгіме не туралы деп ойлайсыңдар? Болжап айтады. 

2. Кесте сызады. 



243 

 

Болжау 



Не болды? 

 

 



1 абзацын оқиды. Не болғанын балалардан сұрап, «Не болды?» бағанына 

қысқаша жазады.  

Әрі  қарай  не  болады?  Әрі  қарай  жалғастырып  болжайды.  «Болжау» 

бағанына жазады.  

2-бағанын  оқытып,  «Не  болды?»  бағанына  жазады.  Болжауларымен 

салыстырады,  ойлары  шықты  ма,  жоқ  па?  Осылайша  барлық  абзацтар 

оқылып, талданады. 

Құндылығы: 

1. Бірігіп меңгереді. 

2. Жоспар құруға үйренеді. 

3.  Шығармашылықтары  дамиды.  Өйткені,  әрі  қарай  не  болатынын 

болжап әңгімені жалғастырады.  



«Сұрақ  қою,  қайта  сұрақ  қою»  стратегиясы  –  тақырыпты  толық 

меңгеріп, біріне-бірі сұрақтар қою арқылы түсінбегенін түсінуге болады. 



«Ассоциация» стратегиясы. Бұрынғы білімді шығарып алуға қолайлы. 

«Семантикалық  карта»  стратегиясы  –  алған  білімдерін  жүйелеу,  тексеру, 

толықтыру мақсатын көздейді. 

Жаңа технологиялармен оқыту барысында күтілетін нәтиже: 

1. Мұғалімнен тәуелділіктен арылып, өзінің білім игеру қызметін өздері 

басқарады. 

2. Оқушылар жеке, жұппен, топпен жұмысты жақсы жүргізеді. 

3. Белсенділіктері жоғарылайды.  

4. Қызығушылықтары істе байқалады. 

5. Бір-біріне көмек, сыйластық қалыптасады. 

6. Өз ойын еркін жеткізеді. 

7. Өз беттерімен жұмыс істеу қабілеттері артады. 

8. Шығармашылық қабілеттері дамиды. 

9. Әр деңгейлі сұрақ қойып, оларға жауап беруді үйренеді. 

10. Аудитория алдында сөйлеуді үйренеді. 

11. Қорытынды жасап, оны дәлелдей біледі. 

 

Әдебиет  

1. «Бастауыш сынып» журналының тігіндісі, 2011. 

2. Педагогика. П.И. Пидкасистый. Москва, 1998. 

3.  В.Н.Қайырбекова.  Үлгерімі  төмен  оқушылармен  жұмыс  бойынша  әдістемелік 

нұсқаулар. Повлодар, 2005. 

 

 


244 

 

ДАМЫТА ОҚЫТУ ИДЕЯСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ 



 

Қ.Б. Досымханова 

Қаратерек жалпы орта білім беретін мектеп,  

Май ауданы, Қаратерек аулы 

 

Егемен  еліміздің  тірегі  -  білімді  ұрпағы.  Ал  білім  бастауы,  негізінен, 



бастауыш  мектепте  берілетіні  айқын.  Өйткені,  бастауыш  мектепте  әртүрлі 

пәндер тоғысып, оқушы білімін дамытып, келбетін сомдауға үлес қосады. 

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2030 жылға жасаған жоспарында 

өскелең ұрпақты сауатты етіп шығару бағыты көзделген. 

Осыған орай дамыта оқыту технологиясына тоқталып, оны қалай жүзеге 

асырып жүргенімді баяндайын. 

Дамыта оқыту-күрделі құрылымды, біртұтас педогогикалық жүйе. Оның 

нәтижесінде  әр  оқушының  өзін-өзі  өзгертуші  субьект  дәрежесіне  көтерілуі 

көзделіп,  оқыту  барысында  соған  лайық  бағдарлар  жасалды.  Дамыта 

оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы: көздеген мақсатында, мәнінде, 

мазмұнында, дамытудың негізгі факторында, мұғалімнің рөлі мен атқаратын 

қызметінде,  әдіс-тәсілдерінде,  оқушының  білім  алу  белсенділігінің 

түрінде,оқу  үрдісі  мүшелерінің  әрекеттестік  ерекшеліктерінде,  олардың 

қарым-қатынас  сипатында,  танып-білу  үрдісін  ұйымдастыру  және  ондағы 

коммуникациялар түрінде, т.б. 

Әлемдік  педагогиканың,  көбінесе  жүгінетіні  –  Л.С.  Выготскийдің 

идеяларына  негізделген  В.В.  Давыдов  пен  Д.  В.Эльконин  және  

Л.В. Занковтың дамыта оқыту жүйелері.  

Бұл бағдарлы идеялар бүгінгі білім беру аясында қолдауын тапты. Біздің 

елде  білім  беру  мекемелері,  мектеп  мұғалімдері  және  көптеген  педогогика 

ғылымының  зерттеушілері  тәлім-тәрбие  беру  үрдісінің  негізгі  мақсатын 

оқушы  тұлғасын  дамыту  деп  таниды.  Бірақ,  тұлға  дамуы  туралы  ізденістегі 

психологтердің айтуы бойынша, әр адамның дамуы өз қолында, оны сырттан 

әсер  етер  күшпен  дамытуға  болмайды,  тек  оңтайлы  ықпал  жасауға  болады. 

Осы  пікірден  туған  білім  беру  мақсатының  басқа  да  тұжырымы  бар.Оқушы 

тұлғасын  дамыту,  ол  оның  толық  өзіндік  өсуінің,  өзіндік  қалыптасуының, 

өзіндік  жетілуінің  амалы  ретінде  қарастырылады.  Сондықтан,  мектеп 

мақсаты  баланың  табиғи  күштері  мен  мүмкіншіліктерінің  өздік  ашылуына 

қолайлы жағдай жасау болып табылады. Ол үшін оқушы тұлғасының дамуын 

көздейтін білім беру үрдісін ұйымдастырудың түрлі әдістері мен амалдарын 

анықтап, жүзеге асыру қажет. 

Бұдан  шығар  түйін:  дамыта  оқыту  –  білім  беру  мекемесінің  әрбір 

сабақта,  күнделікті  қарым-қатынаста,  мектепте  және  мектептен  тыс  істе 

асырылатын  өзекті  мақсаты,  сонымен  қатар,  болашаққа  болжаған  оқушы 

өзіндік  жетілдіруіне,  өзіндік  қалыптасуына  жеткізетін  амал.  Оқушы 

тұлғасының  дамуы  түсінігіне  оның  қалыптасуына,  біртұтастығына  және 



245 

 

бөлек бөліктеріне (сезімділік, зерде, ерік, құндылықтар, білімділік және жеке 



тәжірбие) т.б позитивті өзгерістер енеді. 

Дамыта  оқыту  идеясы  бойынша  оқушыға  оқу  мақсаттарын  қоюда, 

шешуде  ешқандай  дайын  үлгі  берілмейді.  Мақсатты  шешу  іштей  талқылау, 

сосын  жинақтау  арқылы  жүзеге  асады.  Мұғалім  –  сабақ  үрдісін 

ұйымдастырушы,  бағыттаушы  адам  рөлінде.  Шешім  табылған  кезде  әркім 

оның  дұрыстығын  өзінше  дәлелдей  білуге  үйретіледі.  Әр  оқушыға  өз  ойын 

білдіріп,  пікір  айтуға  мүмкіндік  беріледі,  жауаптар  тыңдалады.  Әрине, 

жауаптар  барлық  жағдайда  дұрыс  бола  бермес.  Дегенмен,  әр  бала  жасаған 

еңбегінің нәтижесін бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін 

қорытындылауға үйренеді. 

Осындай негізде құрылған «іс-әрекеттер бір-бірімен тығыз байланысты: 

«Қажеттілікті  анықтау,  оның  мотивін  шығару,  мақсат  қою,  мақсатқа 

жету  жолдарын  ашу,  мақсатқа  жету  үрдісі  (әрекет,  операциялар) 

нәтижесін шығару». 

Сонымен,  жалпылап  айтқанда,  оқушының  тұлғасының  дамуына  ықпал 

жасайтын  сабақтар  үлгісінің  бәріне  жүктелетін  міндеттер  жүйесі 

төмендегідей: 

-оқушылардың базалық білім, ептілік, дағдыларын (білім беру стандарты 

бойынша) игеру жүйесін жетілдіру; 

-оқыту  үрдісінде  оқушының  теориялық  және  өнімділік  ой  құрастыру 

әрекеттерін, танымдық қабілеттерін белсендіру; 

-оқушылардың  танымдық  қызығуларын,  оқуға  деген  мотивациясын 

дамыту; 


-оқу  материалын  игеруде  және  оқу  іс-әрекеттерінде  жете  ұғынуға 

талпындыру; 

-белгілі 

бір  мәселе  шешуде  оқушылардың  ынтымақтастығын, 

серіктестігін ұйымдастыру; 

-көбіне оқу жұмысының топтық түрлерін қолдану; 

-оқушылардың  өзіндік  жұмыстарының  ізденісті-зерттеу  түрлерін 

ұйымдастыру; 

- оқу үрдісінде компютерлік технологияларды қолдану; 

-оқыту  барысында  әртүрлі  шапшаңдықпен  және  әртүрлі  көлемді 

(стандартқа сәйкес) оқу материалын игерудің мүмкіншілігін ашу; 

-дамытушы оқытуға арналған ойындарды қолдану; 

-жаттығу сабақтарын сапалы ұйымдастыру. 

Тіл  дамыту  жұмыстарын  жүргізуде  істеліп  жүрген  жұмыстарға  тоқтала 

кетсем.  Тіл  дамыту  мен  ойды  дамыту  –  тұтас  жүйе.  Екеуі  қосылып  өмірді, 

әлемді,  дүниені  танытады,  тіпті  бұл  екеуі  оқушының  өзіндік  ішкі  менін 

танытады. Адам ойы сөйлеу тілінде көрініс табатындықтан, дұрыс сөз құрау 

өз ойын нақты да, тиянақты жеткізу ақыл – ойдың көрінісі болмақ. Сонымен 

қатар көргенін айтып, талдау арқылы да бала қоршаған ортаны таниды. 

Өз  тәжірибеме  сүйене  отырып,  тіл  ұстарту  жұмыстарының  кейбір 

жолдарына тоқталайын. 


246 

 

1. Әңгімені оқыта отырып, оқушы дәптеріне қысқаша оның тақырыбын, 



сюжетін,  идеясын,  мазмұнын  жаздыру.  Сонда  оқушы  не  туралы,  қандай 

бағытта сөйлеу керектігін түсініп отырады. 

2.  Табиғат  көріністерін,  әртүрлі  өмір  құбылыстарын,  адамдардың 

бейнесін,  іс-әрекеттерін  баяндауда  көркемдеу,  бейнелеу  құралдарын 

пайдаланып, сөйлеуге, жаза білуге дағдыландырамын. 

3. Белгілі бір шығармаға өзіндік пікірін немесе көзқарасын білдіру үшін 

мұғалім өзін оқушымен тең дәрежеде ұстай отырып: «Менің ойым мынадай, 

ал  сен  не  айтасың?  Кейіпкердің  орнында  болсаң,  сен  қандай  әрекет  жасар 

едің?», т.с.с. сұрақтар арқылы жетелеп отырамын. 

4.  Оқушылардың  кез  келген  шығарманы  немесе  мәтінді  түсініп  оқуын 

үнемі қадағалап отырамын. 

Жалпы  тіл  дамыту  жолдарын  дұрыс  ұйымдастыру  оқушылардың  ойлау 

қабілетін,  сауаттылығын  арттырудың  негізгі  жолы.Сабақты  оқушыны  және 

оның ойын осы сабаққа аударуда тиімді әдісті қолана отырып бастаған жөн. 

Ол әдістің бірі – диалог. Бұл әдіс бір жағынан оқушының тілін жаттықтыру 

болса,  екінші  жағынан  диалог  арқылы  оқушымен  тікелей  сөйлесу  болып 

табылады.  Бұл  әдісті  үлгерімі  нашар  оқушыларға  пайдалану  тиімді.  Бұған, 

әрине,  сабақтың  ұйымдастыру  кезеңі  негізгі  арқау  болады.  Сондықтан  әр 

сабақ  сайын  үлгерімі  орташа  оқушымен  диалог  арқылы  тікелей  сөйлесу 

оқушының тілін жаттықтыру болып табылады. Жаттығу орындау барысында 

сөздердің  дұрыс  айтылуы  назардан  тыс  қалмауы  тиіс.  Сабақ  барысында  тіл 

дамыту үшін әртүрлі әдістерді қолдануға болады. 

1. Сөздік арқылы дамыту. Жаңа сөздерді жақсы түсініп, есте сақтаулары 

үшін сөйлем құратамын. 

2. Мәтінге байланысты тіл дамыту. Мысалы: Ы. Алтынсариннің «Жаман 

жолдас» әңгімесіндегі жаман жолдастың іс-әрекеті. Сыныпты үш топқа бөліп, 

осы  мәселені  топ  ішінде  қарастыру  берілді.  Оқушылар  бір-бірімен  ой 

алмасып,  өз  ойларын  ортаға  салды,  пікір  алмасты.  Топ  ішінен  бір  скипер 

шығып  өз  ойларын  жинақтап,  пікірлерін  айтты.  Ситуация  анық,  оқушы 

бұрын жинақтаған білімді пайдаланып, мақсатқа жету үшін өз бетімен жұмыс 

істейді. 

3.  Көрнекі  құралдар  арқылы  тіл  дамыту  (Суреттер  бойынша  сөйлемдер 

құрау, шағын эссе, әңгіме жазу) 

Қазақ  тілінен  оқушылардың  ой  ұшқырлығын,  тапқырлығын,  тілін 

дамыту үшін төмендегідей көрсетілген ойындарды пайдаланамын. 

1. «Сөз ойла, тез ойла!» ойынына байланысты берілген тапсырмалар. 

2.  Берілген  әріптер  мен  нүктелер  санына  байланысты  сөз  құра 

және қай сөз табына жататынын анықта. 

М... н(мекен) 

 

К... к   



 

С... т 


К... п  

 

Т... е   



 

К... к 


3.Көп нүктенің орнына әріп қойып, сөздер ойлап тап: 

... , 

 

 

... , 

 

 

... ,    

 

... 

247 

 

Сонымен  қатар  вариативтік  бөлімнің  мектеп  компаненті  бойынша  



1-сыныпқа  2007  жылы  оқушылардың  математикалық  танымын  дамытуға 

бағыт  беретін  бүгінгі  күн  талабына  сәйкес  «Дамыта  оқыту»  технология 

жүйесіндегі  қағидаларды  басшылыққа  ала  отырып,  математика  пәніне 

тапсырмалар  топтамысын  құрастырдым,  2011жылы  1-сыныпқа  «Ойшыл 

математик»  атты  бағдарлама  және  бағдарламаны  бейімдеуге  байланысты 

дидактикалық  материалдар  құрастырдым,  2011жылы  4-сыныпқа  «Қызықты 

математика»  бағдарлама  және  бағдарламаны  бейімдеуге  байланысты 

дидактикалық  материалдар  жаздым.  Ол  бағдарламаларда  оқушылардың 

математика  пәні  бойынша  білімдерін  жетілдіру,  логикалық  ойлау 

қабілеттерін,  өздігінен  жұмыс  жасау  дағдыларын  қалыптастыру  және  пәнге 

деген қызығушылықтарын дамытуды көздедім. 

Бұл  бағдарламаны  меңгеру  барысында  оқушылар  алгебралық, 

геометриялық,  арифметикалық  түсініктерді  меңгере  отырып,  тез  есептеу 

әдістерін,  жұпта,  топта  жұмыс  жасауды  үйренеді  және  зерттеу,  ізденіс 

жұмыстарын  жүргізеді.  Сонымен  қатар  іздендіру  арқылы  тапқырлыққа, 

шығармашылық  шабыттың  пайда  болуына,  өздігінен  әрекетті  жұмыс 

жүргізуге баулиды. 

Шәкірттерге  терең  де  тиянақты  білім  беруде  жаңа  технологияларды 

меңгеріп,  құзыреттілігін  дамытып,  өз  тәжірибемізде  шеберлікпен  қолдану  – 

біздің міндетіміз. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «XXI ғасыр білімді 

халықтың  ғасыры  болады»  деп  сенім  артады.  Сол  сенімнің  кілті  біздің 

бастауыш сынып мұғалімдерінің қолында екенін бір сәте естен шығармайық. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет