50 жылдығына арналған аймақТЫҚ Ғылыми практикалық конференция материалдары «педагогические чтения»



Pdf көрінісі
бет11/25
Дата12.03.2017
өлшемі3,31 Mb.
#8895
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25

Итоговое занятие 

16  Защита проектных работ 

 
Разработанный спецкурс был апробирован в одной из школ Иртышского 
района (направление профиля – естественно-математическое). 

112 
 
Обучающий  педагогический  эксперимент  позволил  сделать  некоторые 
выводы: 
– Реализация  прикладной  направленности  химического  спецкурса  поз-
волила  улучшить  не  только  качество  специально-предметных  знаний  уча-
щихся, но и формировать химико-экологические знания, умения, навыки. 
– Разработка  техники  и  методики  межпредметного  химического  экспе-
римента, с одной стороны, микромасштабного, с другой стороны, адаптиро-
ванного  к  школьному  уровню,  значительно  повысило  интерес  к  предмету 
«Химия». 
 
Литература 
1. Ачкинадзе О.С., Эшчанова З.Р. Обучение химии в рамках регионального спецкур-
са в профильной средней школе. – Павлодар, 2009. 
2. Ачкинадзе  О.С.,  Василенко  Н.Г.  Школьный  химический  эксперимент  в  малом 
формате: Методическое пособие. – Павлодар, 2011. 
 
 
12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУГЕ КӨШУ КЕЗЕҢІНДЕ ТЕХНОЛОГИЯ 
МҰҒАЛІМІНІҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІН АРТТЫРУ 
 
А.Б. Адылханова 
Кенжекөл ЖОМ, Павлодар қаласы  
 
Бүгінгі күні білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасы – Қазақстан 
Республикасының  2020  жылға  дейінгі  даму  стратегиялық  жоспарын  жүзеге 
асырудың  өзекті  бағыттарының  бірі.  «Елді  жаңғырту  стратегиясын  іске 
асырудың  табыстылығы,  ең  алдымен,  қазақстандықтардың  біліміне, 
әлеуметтік  және  дене  болмысы,  көңіл-күйлеріне  байланысты»  деп  атап 
көрсетті  ел  Президенті  «Жаңа  онжылдық-жаңа  экономикалық  өрлеу  – 
Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында [1].  
Ал  ҚР  білім  және  ғылым  министрі  Мемлекеттік  бағдарлама  жобасын 
ұсына  отырып,  оның  Білім  беру  жүйесінің  негізгі  мақсаты  –  бәсекеге 
қабілеттілігін  арттыру,  экономиканың  орнықты  өсімі  мен  азаматтардың  әл-
ауқатының  артуын  қамтамасыз  ететін  адамдық  капиталды  дамыту  үшін 
түбегейлі  жаңарту  екендігін  айтты.  Білім  беру  саласын  реформалау  және 
жаңартудың негізгі бағыттарының бірі ретінде орта мектептердің 12 жылдық 
моделіне  көшуі  болып  табылады.  Бұл  жерде  «Назарбаевтың  Зияткерлік 
мектептері»  және  «Бейіндік  мектеп»  аға  мектептерінің  желілерін  дамыту 
болып отыр. 
12  жылдық  білім  беру  жүйесіне  көшудің  мақсаты  –  шығармашылық, 
бәсекеге  қабілетті  және  құзыретті  тұлғалары  дайындау.  Бұған  қол  жеткізу 
үшін  жаңа  оқулықтарды,  әрбір  пәнге  арналған  жаңа  технологияларды 
қолданып,  әдістемелік  құралдарды  дайындау,  болашақ  мамандар  мен 
оқытушылардың  дайындық  деңгейін  көтеру,  басқа  сөзбен  айтқанда,  орта 
білім берудің моделін жетілдіру.  

113 
 
Бүгінде  ғылым  –  білімге  қояр  талап  артып,  оқу  жүйесі  де  күрделенген 
шақта  жаңа  қоғам  мұғаліміне  жүктелер  жүк  еселене  түсуде.  Ұстаз  қауымы 
алдында  жай  білім  беру  ғана  емес,  сонымен  қатар  өркениет  көшіне  жол 
бастайтын,  әрі  ұлттық  рухта  сусындаған  білімді,  дарынды  азаматтар 
тәрбиелеп шығару міндеті тұр. 
Бұл  жолда  мұғалімнің  кәсіби  шеберлігін  дамыту,  біліктілігін  арттыру 
сынды мәселелер мектеп алдында тұрған жауапты іс болмақ. 
Тәуелсіз  ел  тірегі  білімді  ұрпақ  десек,  жаңа  дәуірдің  күн  тәртібінде 
тұрған  негізгі  мәселенің  бірі  білім  беру,  ғылымды  дамыту  екендігіне 
ешкімнің таласы жоқ. 
Ұстаз  қолында  адам  тағдыры,  болашақ  ел  тағдыры  тұр.  «Маған  жақсы 
мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі» деп Ыбырай 
Алтынсарин айтқандай, қазіргі оқу орындары алдындағы міндеттерді шешуде 
мұғалімнің кәсіптік шеберлігі басты шарт екендігі аян. 
Мұғалім  үшін  кәсіби  шеберлікке  жету,  өз  мамандығының  данышпаны 
болу бір күнде пайда болатын дүние еместігін бәріміз жақсы түсінеміз және 
өмір  бойы  ізденушілікті,  зерттеушілікті  талап  ететін  мамандық  екенін  анық 
аңғарғанда  ғана  толық  нәтижеге  жетуге  болады.  Мұғалімнің  әрбір  сөзі  мен 
ісі, қимылы, киімі, аяқ алысы, жүрісі, көзқарасы психологиялық және ізгілік 
тұрғысынан  шәкірт  жүрегінен  үлкен  орын  алады.  Әрбір  ұстаз  үшін  оқу-
тәрбие  процесін  ұйымдастыруда  мол  білімділікті,  ақылдылықты,  дұрыс 
іскерліктер мен дағдыларды қолдануды қажет етеді.  
Мұғалімнің кәсіби шеберлігі, зерттеушілік қызметі мұғалімдік жұмысқа 
дайындық барысында, іс-тәжірибеде және қайта даярлау кезінде қалыптасып 
тәрбиеленеді [2]. 
Осылай  кез  келген  пән  мұғалімдері  сияқты  жаңа  заманның  оқыту 
талаптарына сай оқушылардың білімділік деңгейі мен білім сапасын көтеруді 
қамтамасыз  ететін,  технология  мұғалімінің  кәсіби  шеберлігін  арттыру  да 
үлкен мәселеге айналды. 
Бүгінгі күнге дейін мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыру бес жылда бір 
рет  өткізілетін  біліктілікті  көтеру  жүйесі  негізінде  ғана  қарастырылған. 
Әрине, бұл оқыту формасы мұғалімдердің кәсіби дамуын толық қамтамасыз 
ете алмайды. Сондықтан шеберлікті арттырудың басқа фомаларын бірімен  – 
бірін байланыстыра қолдану қажеттілігі туындап отыр. 
Технология  мұғалімінің  кәсіби  шеберлігін  арттыру  мынадай  жұмыс 
формалары арқылы жүзеге асырылады. 
1. Ұстаздың  өз  бетінше  білімін  жетілдіруі.  Кәсіптік  оқыту  саласындағы 
үздіксіз  ізденісті,  озат  тәжірибені  қолдануы,  оны  өзгелерге  насихаттауы, 
жаңашылдық  танытуы,  іскерлік  негіздері  педагогикалық  шеберлікке 
жеткізудің бір жолы болып саналады. 
2. Шығармашылық топтардағы жұмыс. Шығармашылық топтарда техно- 
логия  мұғалімдері  бірігіп,  жаңа  психологиялық-педагогикалық,  тәрбиелік 
және 
шығармашылық 
мәселелері 
бойынша 
ғылыми-зерттеушілік, 
тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарды атқарады.  

114 
 
3. Әдістемелік 
мәдениетті  қалыптастыру.  Теорияны  практикамен 
байланыстырып, тәжірибелік іскерліктерін пайдалана білу, шыңдау. 
4. Жаңа  оқыту  технологияларын  қолдану.  Ол  үшін  мұғалімге  оқыту 
мазмұнын  өзгертіп,  оқушылармен  жұмыс  істеу  әдістері  мен  формаларын 
арттыру  қажет.  Оқытудың  дәстүрлі  емес  технологияларын  қолдану  арқылы 
жете алады. 
5. Ақпараттық-компьютерлік  технологияларды  қолдану.  Мұғалім  түрлі 
ақпараттық  технологияларды  пайдаланып  өз  білімін  жетілдіреді:  желі 
ресурстарын  пайдаланады,  қашықтықта  оқыту  жүргізіледі,  компьютер 
арқылы кәсіби конкурстарға қатысады, өз сайттарын құра алады.  
6. Кәсіби  біліктілігін  арттырудың  дәстүрлі  формаларының  бірі  ашық 
сабақтар болып табылады.  
7. Технология пәні бойынша шеберлік сағаттарын, оқыту семинарларын, 
пәндің апталықтарды өткізу. 
8. Сала бойынша біліктілікті арттыру кустарынан өту. 
9. Мұғалімнің  кәсіби  шеберлігін  арттыратын  тиімді  және  ең  маңызды 
бағыттарының  бірі  оқытушылардың  аттестаттауы  болып  келеді.  Бұл  үрдіс 
мұғалімнің шығармашылықпен толықтай айналысуға жағдай жасайды [3].  
Осындай барлық жұмыс формаларын бір жүйеге біріктіретін, оқытушы- 
ның  кәсіби  қызметінің  әртүрлі  салаларын  байланыстырып  отыратын 
мұғалімнің  жеке  портфолиосының  орны  ерекше.  Портфолио  мұғалімге 
тәжірибелік іс-әрекет нәтижелерін көрсетуге, өзінің кәсіби құзырлығын баға- 
лауға және өз жұмысына салыстырмалы талдау жасауға мүмкіндік береді [4]. 
Қорыта  келгенде,  12  жылдық  мектептің  педагогі  жоғары  деңгейде 
қалыптастасқан  болу  қажет.  Қоғамда  ақпараттандыру,  есептеу  техникасы 
құралдары  кеңінен  таралуымен  байланысты  оқу  процесін  ұйымдастыруға, 
сол  сияқты  білім  берудің  мазмұнын  өзгертуге  де  елеулі  ықпал  етеді.  Қазіргі 
мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық тех-
нологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалімдер 
қажет  деп  айтқан  болатынбыз.  Сондықтан  ол  бір  уақытта  педагог-психолог 
және  оқу  үрдісін  ұйымдастырушы  технолог  бола  білуі  керек.  Мұғалiмнiң 
бiлiмi  бiлiктiлiктi  көтеру  курстарымен  шектелiп  қалмауы  керек.  Олар  үшiн 
оқыту мен тәрбиелеудiң тұлғалық-бағдарлық мәселелерi, оқушы деңгейiндегi 
ғылыми  жобаларды  жасақтап,  оны  жүзеге  асыру  әдiстерi,  оқушының  жеке 
тұлғасын  дамытуға  бағытталған  жаңа  педагогикалық  технологияларды 
таңдау  тәсiлдерi,  мұғалiмнiң  кәсiби  шеберлiгiн  дамытуға  бағытталған 
теориялық-әдіснамалық  және  әдiстемелiк  мәселелер,  психологиялық-
педагогикалық  мәселелер  курстың  негiзгi  бөлiмдерi  ретiнде  қарастырылуы 
керек.  Үздiксiз  педагогикалық  бiлiм  беру  жүйесi  –  бұл  көп  деңгейлiлiгiмен, 
iзгiлiктiлiгiмен,  көпсатылығымен  және  ашықтығымен  ерекшеленетiн 
динамикалық  даму  жүйесiне  байланысты.  Осыған  қарай  мұғалім  заман 
талабына  сай  жан-жақты  дамыған,  жеке  тұлғамен  жұмыс  істей  алатын, 
шығармашылықпен айналысатын болу қажет.  
 

115 
 
Әдебиет 
1. Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә. Назарбаевтың  Қазақстан  халқына 
Жолдауы. 
2. Педагогика: Учеб. пособие для студ. высш. пед. учеб. заведений / В.А. Сластенин, 
И.Ф. Исаев, Е.Н. Шиянов; Под ред. В.А. Сластенина. – М.: Академия, 2002. – 576 с. 
3. Глуховой  Е.А.  Повышение  уровня  профессионального  мастерства  учителей  в  пе-
риод перехода на 12-летнее образование [Электронный ресурс] http://rudoo.gov.kz 
4. Богославская И.Ю. Профессиональное мастерство и творческий потенциал препо-
давателя [Электронный ресурс] http://kollegi.kz  
 
 
МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНА ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІНДЕГІ 
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУ 
 
Ж.К. Ахметжанова 
Ақсу қаласы, №2 жалпы орта білім беру мектебі 
 
Қазақстан Республикасындағы басты мәселелердің бірі- жастарға сапалы 
білім  беру.  Қазіргі  күн  тәртібіндегі  өзекті  болып  табылатын  мәселе-
оқушылардың әрқайсысының өзіндік қабілетін,мінезін танып, жетілдіріп, сол 
бағытта  жеке  тұлғаларды  тәрбиелеу.  Қазақстан  Республикасы  жалпы  білім 
беру  жүйесінің  нәтижеге  бағдарланған  білім  беру  үлесіне  көшуінің  негізгі 
ұстанымы сабақтастық, яғни қазіргі бар білім беру үлесін жаңа үлгіге дамыта 
өзгерту  болып  табылады.  Жаңа білім  жүйесі  –  заман  талабы  десек,  тәуелсіз 
еліміздің жарқын болашағы – жастар. Еліміздің гүлдеп, өркендеп, өркениетті 
елу елдің қатарынан табылуына жастарымыздың қосар үлесі зор.  
Орта  мектеп  бағдарламасындағы  негізгі  пәндердін  бірі-математика. 
Математика  сабағында  оқушылардың  осы  пәнге  деген  қызығушылығын, 
құштарлығын  арттыру,  алдына  қойылған  есеп  шешімін  өз  бетінше  табуын 
жетілдіру,  ойлау  деңгейін,  қабілетін  жоғарылату  –  ұстаздың  басты  міндеті. 
Математика  сабағын  жүргізгенде  әртүрлі  тәсілдерді  тиімді  пайдалана  білу 
керек.  Білім  беруді  ізгілендіру,  оқыту  әдістерін  жетілдіруді,  дамыта  оқыту 
әдістері  мен  тәсілдерінің  тиімді  пайдалануын  талап  етеді.  Егер  берілетін 
білім  мен  оны  меңгертудің  арасында  үйлесім  болмаса,  тиісті  нәтижеге  қол 
жету  мүмкін  емес.  Жүйелі  түрдегі  әрекет  мақсат  еткен  нәтижеге  жеткізеді 
және  одан  шәкірт  рухани  қуат  алып,  ақыл-ой  еңбегінің  дағдысын 
қалыптастырады.  Берілетін  білімнің  беріктігі  шәкірттің  шамасына 
лайықтылығы  мен  жүйелілігіне  байланысты,  оқушының  көңілін  әр  нәрсеге 
алаңдата  бермей,  олардың  зейінін  нақты  бір  мәселеге  тиянақты  бағдарласа, 
математиканы  игерту  нәтижелі  болады.  Математикалық  білімі  мол  адамды 
тәрбиелеу  ізгілікті  әдістермен,  ізгілікті  түрде  тәрбиелеу  –  әрбір  өркениетті 
математика ұстазы қол жеткізуге ұмтылатын асқақ мұрат. Осы мақсатқа жету 
үшін  оқушыларды  әр  деңгейлі  саралау  жағдайында  дамытып,  оқыту  қажет. 
Педагогикалық  технология  –  қазіргі  талапқа  сай  анықталып,  іріктеліп, 
реттелген  оқытудың  жаңа  мазмұн,  әдіс-амалдарының  дидактикалық 

116 
 
талаптарының  психологиялық-педогогикалық  жиынтығы.  Ал  өзімнің 
ұстаздық іс-тәжірибемде педагогика ғылымының докторы, профессор Қараев 
Жауынбай  Амантұрұлының  «Үш  өлшемді  оқыту  технологиясын»  жас 
ұрпақты оқыту және тәрбиелеу барысында үнемі қолданып келемін. 
Саралау мен даралау (саралаудың ең шеткі және мінсіз формасы ретінде) 
оқушының  қалаған  мөлшеріндей  қолы  жететіндей  болған  жағдайда  ғана,  ол 
математикамен  шұғылданудан  рахат  табады.  Әйтпесе,  бір  оқушы  оңай, 
қиналмай оқыса, екіншісі шамасы жетпейтін нәрсеге тырысып, әуре болады. 
Олардың  алғашқысы  бойында  бар  қабілетін  пайдаланар  жер  таппайды, 
әлеуетін дамыта алмайды, екіншісі үнемі өзін төмен сезініп, әр қадамынан өз 
кемшілігін,  ақылының  кемдігін  көргендей  болады  да,  математиканы  жек 
көріп  кетеді.  Бұлай  болмауы  үшін  оқу  материалын  теру  қарқынындағы, 
сондай-ақ меңгерілген білім мен білікті өз бетінше қолдана алу қабілетіндегі 
объективті  айырмашылықтарды  ескеру  қажет.  Оқыту  барысында  шәкірттің 
білім  деңгейін,  ойлау  қарқынын,  есте  сақтау  мүмкіндігін  және  дербестігін 
ескеру  керек.  Осы  орайда  көрініс  беретін  айырмашылықтарына  қарай, 
оқушыларды шартты түрде төрт топқа бөлемін. 
1-топ  –  оқуда  алға  басу  қарқыны  жоғары  оқушылар:  типтік  есептерді 
шығарудың  жалпы  үлгілерін  бір  рет  түсіндіргеннен  меңгеріп  алады,  көп 
жағдайда  есепті  шығарудың  бірнеше  белгілі  әдістерін  қолдануды  қажет 
ететін,  өзгерген  типтік  немесе  күрделендірілген  есптердің  шешімін  таба 
біледі. 
2-топ  –  оқуда  алға  басу  қарқыны  орташа  оқушылар:  жаңа  білім  мен 
білікті  игеруге  аса  қиналмайды,  типтік  есептерді  шығару  әдістерін  
2-3 мысалда қарастырғаннан кейін меңгереді, өзгерген және күрделендірілген 
есептердің шешімін мұғалімнің нұсқауына сүйеніп табады. 
3-топ  –  алға  басу  қарқыны төмен  оқушылар:  жаңа  материалды  игеруде 
қиындықтарға  тап  болады,  көп  жағдайда  қосымша  түсіндіруге  мұқтаж 
болады, оқудың міндетті нәтижелеріне ұзақ уақыт жаттығу арқылы ғана қол 
жеткізеді, өзгертілген және күрделендірілген есептердің шешімін өз бетінше 
табу қабілеті байқалмайды.  
4-топ  –  ақыл-ой  дамуында  құрбыларынан  көп  кейін  қалған,  білімінде 
олқы  тұстары  өте  көп,  үлгермеуші  оқушылар.  Бұл  топтағы  оқушылардың 
міндетті нәтижеге жетуінің өзі күрделі педагогикалық міндетке жатады. Осы 
4  түрлі  топқа  жатқызуға  болатын  оқушылар  әрбір  сыныптан  дерлік 
табылатындықтан, деңгейлеп оқыту тәсілінсіз математиканы меңгеру мүмкін 
емес  деуге  болады.  Математиканы  деңгейлеп  оқыту  тәсілін  төмендегідей 
жүзеге  асыруға  болады.  Әрбір  тақырып  бойынша  теориялық  материал  ірі 
блоктармен  өтіледі,  ол  теорияны  оқытуға  жұмсалатын  уақытты  біршама 
қысқартады.  Теориялық  материалды  қарастырғанда,  оны  қарапайым 
жағдайларда  қолдану  мысалдары  да  қоса  жүреді.  Теориялық  ұғым  тиісті 
деректер арқылы дәлелденіп, шәкірттің сенімімен қабысса,оның нәтижесі де 
зор  болады.  Қандай  жағдайда  да  білімділік,  мейірімділік  қасиеттерді  ойға 
қондырып,  бойға  дарыту  тиісті  әрекет  арқылы  қалыптасады.  Оның  өзі 

117 
 
пайымдауымен байланысты, «адамның бойында ойлану, толғану, еске түсіру, 
ой  тұжырымдауға  талпыну,  аңсау  сияқты  табиғи  қасиеттер  пайда  болады». 
Теориалық  материалды  өткеннен  кейін  1-2  сабақ  оқушылардың  ең  төменгі 
міндетті  деңгей  (1-деңгей  –  А)  есептерін  шығара  білуін  пысықтауға 
арналады.  Есепті  шығару-практикалық  өнер,  оны  үйрену  үшін  тұрақты 
машықтану  керек.  Есеп  оқушының  ойын  оятады,  оның  ойлау  қабілетін 
белсендіреді. Есеп шығару ақылдың гимнастикасы болып саналады 
Ең  басты  мақсат  –  оқушыларды  сабаққа  ынталандыру.  Оқушылар 
сабаққа қызықты дегенше, іс оңға басты дей беріңіз. Шәкірттерді пәнге, қала 
берді  өтілетін  тақырыпқа  қалай  қызықтыруға  болады?  Әрине,  сабақты 
қызықты  етіп  өткізу  айтуға  ғана  жеңіл.  Оқушыларды  еліктірерлік,  еріксіз 
баурап аларлық сабақ өткізу қай уақытта да оңай шаруа емес. Бұл мұғалімнің 
белсенділігін,  еңбекқорлығын,  қабілеттілігін,  қажет  десеңіз,  дарындылығын 
қажет  етеді.  Әр  мұғалім  әр  сабақты  ерекше  құштарлықпен,  шабытпен 
өткізгенде  ғана  нәтиже  беретіні  сөзсіз.  Оқушыларды  математканы  оқуға 
қызықтырып  тарту  үшін  қолайлы  жағдайлар  туғызу  қажет.  Оқуға 
қызықтырудың басты шараларының бірі-нәтижеге жетуге ынталандыру.  
Жаңа  тақырып  игергенде  жұмыс  парағымен  (жұмыс  дәптері), 
оқулықпен,  анықтамалармен  жұмыс  жасайды.  Жаңа  сабақ  өткенде  сабақты 
бекіту  үшін  оқушыларға  ауызша  жаттығулар  орындатамын.  Сабақ  соңында 
шығармашылық  тапсырма  беремін.  Деңгейлік  тапсырмалар,  тест,  өздік 
жұмысын  орындағанда  оқулық,  жеке  карточкалармен,  дидактикалық 
материал,  қосымша  әдебиеттер,  тест  жинақтарын  қолданады.  «Анықтама» 
құралын,  оқулықты  өздігінен  емін  –  еркін  қолданса,  есепті  шығарғанда 
алгоритмін  дұрыс  орындай  білсе,  оқушы  білімі  нығая  түседі.  Ережелерді 
өздігінен  қорытып,  тұжырым  жасау  оқушының  ойлау  қабілетін  дамытады + 
+ жұмыс  парағы + жұмыс  дәптері + сабақ  үлгілері.  Бірінші  сабақта  теория 
оқытылады. Екінші және жетінші сабақтарда есептер шығарылады. Сегізінші 
сабақта  сынақ  алынады.  Бұл  сабақтың  басты  мақсаты  есеп  шығару 
дағдыларын  қалыптастыруды  жалғастыру  деп  санаймын.  Екінші  мақсаты 
I және  II  деңгей  материалдарының  меңгерілгендігін  бақылау.  Сынақ  екі 
бөлімнен  тұрады:  теориялық  және  практикалық.  Әрбір  оқушыны  тыңдап 
шығу  үшін  көмекке  кеңесшілер  –  білімді  оқушылар  келеді.  Тоғызыншы 
сабақ –  деңгейлік  тестілік  бақылау  жұмысы.  Оныншы  сабақ  –  жүргізілген 
деңгейлік  бақылау  жұмысын  талдау,  тексеру.  Білімді  меңгерту,  білікті 
қалыптастыру  үрдісінде  бақылаудың  алатын  орны  ерекше.  Бақылау-білім, 
біліктерін  айқындау,  есепке  алу,  бағалау,  тексеру.  Ауызша  есептеуге  көп 
көңіл бөлген дұрыс. Мәселе есептерді шығару; суретпен берілген есептерді; 
слайд  бойынша:  тиісті  мәнді  орнына  қой;  ауызша  есепте;  қатесін  тап,  т.б. 
Ауызша  есептеу  оқушылардың  жадын,  шапшаңдығын,  ой  шоғырландыру 
қабілетін  дамытады.  Тәжірибелі  мұғалімдер  есептеу  дағдыларын  шыңдауға 
бағытталған  арнайы  жаттығуларды  өздері  құрастырады.  Мысалы:  Жол, 
жылдамдық,  уақыт  арасындағы  тәуелділікке  байланысты  мәтіндік  есептерді 
кесте  түрінде  беруге  болады.  Ондық,  жай  бөлшектерге  амалдар  қолдану, 

118 
 
пайыз,  ондық  бөлшекті  жай  бөлшек  түрінде  жазу  дағды  қалыптастыру. 
Таңбалары  әртүрлі  сандарды,  теріс  сандарды  қосу,  көбейту,  бөлу 
амалдарында  бірінші  бүтін,  сосын  ондық  бөлшек,  жай  бөлшек  түрінде 
берілген  тапсырмаларды  эстафета  түрінде,  дұрыс  жауабын  жазу 
(интерактивті  тақта),  жауабы  жасырылған.  ҚКФ,  дәреже  тақырыптарына 
тапсырмалар,  квадрат  түбір,  функция,  үшбұрыш,  төртбұрыштар,  аудан 
тақырыптарына  тапсырмалар  дайындалады,  вектор,  арифметикалық  және 
геометриялық  прогрессия;  туынды,  тригонометриялық  өрнектер  мен 
теңдеулер,  мәндер  мен  анықталу  аймақтарын  табуға;  алғашқы  функция, 
геометриялық  есептер.  «Оқушының  математикалық  қызметін  толық  деп 
айтуға  болмайды.  Егер  ол  өзі  құрастырған  есепті  шығармаса»  Д.Пойа. 
Тақырыпқа байланысты, қайталау кездерінде шығарған есепке ұқсас есептер 
құрастыруға  тапсырмалар  беремін.  Мысалы:  төртбұрыштар,  вектор,  квадрат 
түбірлер,  сөйлеу  мәдениетін  дамыту  барысында  өздері  слайдтар  дайындап, 
тақырыпқа  байланысты,  тест,  ауызша  есептер  құрастырып,  басқа  топтармен 
жұмыс  жасауға  көп  көңіл  бөлінеді.  Деңгейлік  тапсырмалар  тиімділігі: 
тапсырмаларды  өздері  таңдайды;  деңгейі  жоғары  оқушылар  басқаларына 
тапсырма  дайындайды;  әр  оқушы  тапсырмамен  қамтамасыз  етіледі;  көшіру 
әдеті жоғалады; ойлау қабілеті дамиды; өз бетімен білім алуға дағдыланады; 
бағалау  жеңіл.  Тестік  тапсырмалар  тиімділігі:  оқу  процесіне  барлық 
оқушылар  тартылады;  барлық  оқушылардың  білімін  анықтауға  мүмкіндік 
бар; есте сақтау қабілетін дамытады, жылдамдыққа, шапшаңдыққа баулиды; 
жауапты  салыстыра  отырып,  өз  бетінше  қорытынды  жасауға  дағдыланады. 
Әр сабақта оқушылар өздігінен жұмыс жасайды, оның берері көп.  
«Оқу – инемен құдық қазғандай» деген мақалдың бекер айтылмағанына 
көз  жеткізеді.  Оқушы  өздігінен  жұмыс  жасау  арқылы  өз  еңбегінің  жемісін 
көріп, өзін-өзі бағалайды. Оқушыларды тиянақтылыққа, бастаған ісін жемісті 
аяқтауға,  төзімділікке,  ұстамдылыққа  тәрбиелейді.  Сонымен  қатар  өздік 
жұмысы оқушы бойындағы жауапкершілікті оятады. Жауапкершілікті  сезіне 
отырып,  оқушының  ізденімпаздығы,  шығармашылығы  дамиды.  Өздік 
жұмысы  кезінде  оқушылар  оқулықпен  және  дидактикалық  материалдармен, 
түрлі  анықтамалық  кітаптармен,  газет-журналдармен  жұмыс  істеуге  үйрене 
бастайды. Өздігінен білім алуға талпынады. Сабағымда өздік жұмысына көп 
көңіл  бөлемін.  Жеке,  жұппен,  топпен,  қатармен,  барлық  оқушымен  жұмыс 
жасау  формаларын  пайдаланамын.  Оқушыны  өздік  жұмыс  жасауға  үйрету 
негізінде  әрбір  жеке  тұлғаның  өзіндік  табиғатын  қалыптастыру,  білімдік 
деңгейін көтеру болып табылады. Тапсырмаларды орындағанда және тексеру 
кездерінде  әртүрлі  әдіс-тәсілдерді  тиімді  қолданған  жөн.  Әр  деңгей 
тапсырмаларын  белгілі бір  уақытта  орындап,  тексеріп  отыру  қажет.  Тексеру 
жолдарын түрлендіріп отырса, сабақ қызықты болады. Мысалы: дайын жауап 
бойынша;  бір  немесе  бірнеше  оқушы  тақтаға  жазып,  түсіндірсе;  ауызша, 
алгоритм бойынша айту; бір нұсқа оқушысы қалғандарын тексеру, т.с.с. Енді 
сабақтың негізгі түрлеріне тоқталсақ:  

119 
 
Қайталау сабағы: 
1. Әр  топ  мүшелері  өз  тақырыптары  бойынша  схемалық  түрде  ауызша 
мағлұмат  береді  (егер  негізгі  формулалар  болса,  онда  оны  жазбаша  түрде 
ұсынады). 
2. Осы тақырып бойынша тапсырмалар ұсынылып, орындалады. 
1-деңгейлік, ауызша да болуы мүмкін. 
3. 1-3 деңгейлік тапсырмалар орындайды, тағыда әр топ өз тапсырмасын 
ұсынады. 
4. 1-3  деңгейлік  тапсырмалар  тексеріледі  (тәсілін  топ  мүшелері  өздері 
таңдайды). 
5. Мұғалімнің берген тапсырмалары орындалады. 
6. Рефлексия + бағалау. 
1-3 деңгейлік тапсырмалар орындағанда алдыңғыдан өзгешелігі, әр есеп 
әртүрлі  тәсілмен  тексеріледі.  Мысалы:  1-деңгей  ауызша  талдау  арқылы, 
2-деңгей  тақтаға  қысқа  түрде  жазып  немесе  ауызша  алгоритм  бойынша, 
3-деңгей тақтаға жазылады. Сабақты қайталауға арналған есептер шығаруды, 
практикалық сабақтар кезінде ойын арқылы өткізу тиімді. Жаңа тақырыпты 
меңгеру  саралап-деңгейлеп  оқыту  технологиясы  бойынша  жүргізіледі. 
Осылай  әртүрлі  тәсілдерді  қолдана  отырып,  ерінбей  еңбек  етіп,  тереңдетіл- 
ген сыныптар ашып, оқушыларға терең де толық білім берейік. Математика 
бойынша  факультативтер,  үйірмелер  әртүрлі  деңгейдегі  олимпиадалардың 
жүргізілуі  оқушылардың  осы  пәнге  деген  қызығушылығын  арттырады,  өз 
беттерінше үйренуге, ойлауға жетелейді. Математика сабағында, үйірмелерде 
оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, ынтасын, қызығушылығын, өз бетінше 
жұмыс  істеуін  арттыру  мақсатында  оқулықтағы  әртүрлі  деңгейдегі  есеп- 
термен қатар логикалық, стандартты емес есептерді шығартудың маңызы зор. 
Оқушының  математикалық  ойлауы  дамуы  үшін  түрлі  тапсырмаларды 
орындауы тиіс: 
1) Өз бетінше есеп шығарудың сан қилы жолын іздестіру.  
2) Пәнге қызығып, оған көңіл қойып тереңдете оқып үйрену. 
3) Сабақ 
барысында 
қолданылатын 
ойындарға, 
математикалық 
сайыстарға, жарыстарға, олимпиадаларға қатысу. 
Оқушылардың  математикалық  ойлау  жүйесін  дамытуда  олардан: 
білімдерін  игеру  арқылы  мүмкіндігін  шындап,  өз  биігіне  көтеретін;  табиғи 
қабілеттері  мен  дарындылық  қасиеттері  ашылған;  өздігімен  танып,  ізденіп, 
іс-әрекет  жасайтын;  өз  бетімен  білім  алып,  дами  алатын  жеке  тұлғаны 
қалыптастыруымызға болады.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет