510 млн км² Құрлықтың ауданы – 149,1 млн км² (29%)


солтүстік полярлық, оңтүстік полярлық



Pdf көрінісі
бет14/145
Дата07.03.2023
өлшемі1,52 Mb.
#72350
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   145
солтүстік полярлық, оңтүстік полярлық 
Қалыпты атмосфералық қысым мөлшері – 1013 мб (760 мм сынап бағанасы) 
Әрбір 100 м көтерілген сайын атмосфералық қысым 10 мм сынап бағанасына кемиді 
Физикалық қасиеті түрліше ауа массаларының түйісу аймағындағы өтпелі зона – 
атмосфералық фронт 
Арктикалық және қоңыржай ауа массаларының арасындағы фронт – арктикалық
Қоңыржай мен тропиктік ауа массаларының арасындағы фронт полярлық немесе 
қоңыржай фронт 
Тропиктік және экваторлық ауа массаларының арасындағы фронт – тропиктік
Аумақтың мұхитқа алыс-жақындығы, жер бедері, басым жел әсерінен таралуы жауын – 
шашын деп атайды. 
Ауаның ортасында төменгі қысым орналасқан құйынды қозғалыс – циклон 
Ауаның ортасында жоғары қысым орналасқан құйынды қозғалыс – антициклон 
Атмосфера циркуляциясының негізгі қозғаушы күші, оның қозғалысы негізінде құрлық пен 
мұхит арасында жылу мен ылғал алмасуы жүреді – желдер
 
Солтүстік және оңтүстік жартышарда тропиктен экваторға соғатын тұрақты жел – пассат 
Қоңыржай ендіктерде (екі жартышардың 40-60
0
ендіктері) басым соғатын жел – батыс желі 
Тұрақты желдер – пассат, батыс 
Бағытын тәулігіне екі рет өзгертетін, теңіз жағалауындағы соғатын жел – бриз
Жел теңізден құрлыққа карай соқса – күндізгі бриз
Жел құрлықтан теңізге қарай соқса – түнгі бриз 
Бағытын жыл ішінде ауыстыратын жел – муссон (арабша маусым) 
Құрлықтан теңізге қарай соқса – қысқы муссон 
Теңізден құрлыққа қарай соқса – жазғы муссон 
Тау
жотасының бір жағында қысым төмен болып, ал екінші жағында жоғары болған кезде 
пайда болатын құрғақ жел – фен
Теңіз жағалауына жақын орналасқан аласа таулардан теңізге қарай соғатын суық жел – бора
Мұхитта болатын апаттардың ішіндегі ең жойқыны – тропиктік циклондар 
Торпиктік циклондар солтүстік жартышарда соғу бағыты – сағат тіліне қарсы 
Торпиктік циклондар оңтүстік жартышарда соғу бағыты – сағат тілінің бағытымен
Тропиктік циклондар жергілікті атауларды иеленеді. Солтүстік Атлант, Солтүстік 
Американың маңында және Тынық мұхитының оңтүстігінде – дауыл 
Қытай, Жапония, Вьетнам аймақтарында – тайфун 
Үнді мұхитында Аустралия маңында – вилли-вилли 
Үнді мұхитының солтүстігінде – аракандар
Арабия теңізі және Бенгал шығанағының солтүстігінде – циклондар немесе дауылдар 


Тынық мұхиттың Оңтүстік-Шығыс Азияға жақын бөлігінде пайда болып, сұрапыл дауыл 
түрінде әрекет ететін тропиктік циклонның бірі – тайфун (қытай тілінде – үлкен жел)  
Солтүстік Американың орталық бөлігінде қысым төмен болып, циклондардың өтуі өте 
күшті желдерді қалыптастырады, жылдамдығы 200-300 км/сағ – торнадо
Жаздың аяғы мен күзде Солтүстік Америка материгінің оңтүстік, оңтүстік-шығысында 
тропиктік циклон күшейіп Кариб теңізі, Мексика шығанағы жағалауын қамтып 40
0
с.е. дейін 
жетеді – ураган  
Адамдардың жаңа климаттық-географиялық жағдайға бейімделуі – акклиматизация 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   145




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет