510 млн км² Құрлықтың ауданы – 149,1 млн км² (29%)



Pdf көрінісі
бет25/145
Дата07.03.2023
өлшемі1,52 Mb.
#72350
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   145
Құрлықтағы зоналылық – климат жағдайына, яғни жылу мен ылғалдың арақатынасына 
тәуелді. 
Температурасы, жауын-шашыны, топырағы, өсімдігі, жануары өзара ұқсас ірі табиғат 
кешені – табиғат зонасы.
Табиғат зонасы өзгеру бағыттары – ендік зоналылық, биіктік белдеулік
Табиғат зонасының ендік бағытта экватордан полюстерге қарай алмасып келуі – ендік 
зоналылық  
Табиғат зоналарының тауларда биіктікке байланысты ауысып келуі – биіктік белдеулік 
Биіктік белдеу заңдылығын негіздеген – А. Гумбольдт 
Бейзоналылық дегеніміз – қандайда бір географиялық құбылысының таралуы зоналылық 
заңына бағынбауы.
Бейзоналылықтың негізгі себептері – геологиялық құрылым, тектоникалық ерекшелік, 
жер бедерінің сипаты т.б
Геологиялық негізі, жер бедері, климат жағдайы, гидрологиялық режимі, топырақ 
жамылғысы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінен тұратын биоценоздары бірдей болып 
келетін біртекті территориялық кешен – ландшафт 
Ландшафт ұғымын ерекше жүйе ретінде қарастырған – В.В. Докучаев
1956 жылы географиялық зоналылық заңын жасаған – А.А.Григорьев пен М.И. Будыков 
Жылу мен ылғалдың арақатынасын көрсету үшін құрғақтылықтың радиациялық индексіне 
есептеу формуласын пайдаланылады.  r =R/Lx 
r – құрғақтылықтың радиациялық индексі 
R – төсеніш беттің жылдық радиациялық балансы (ккал/см²) 
L – буланудың жасырын жылуы
– жылдық жауын-шашын мөлшері


Географиялық қабықтың жоғарғы шекарасы ретінде тропопауза алынған (биіктігі 
географиялық ендікке байланысты) 
Биологиялық айналымдағы күрделі үдеріс – хемосинтез. 
Кейбір микроорганизмдер ауадағы көмірқышқыл газы мен оттекті және топырақ 
құрамындағы минералды заттарды қатыстыра отырып, химиялық реакция кезінде бөлінген 
энергияны пайдалану арқылы органикалық зат түзуі – хемосинтез


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   145




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет