Жетекшісі Ә.Бөкейханов, мүшелері М.Тынышбаев, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, Ғ.Қарашев, С.Торайғыров, Х.Ғаббасов, Ә.Ермеков, Ж.Досмұхамедов, М.Дулатов т.б. Толық емес деректер бойынша «Алаш» партиясының құрамына 5 мыңға жуық адам тіркелген.
1918 жылы қаңтарда Ж.Аймауытов «Абай» журналында Алаштың әнұранын жариялады.
- Партияның мақсаты - Қазақ халқын отарлық езгіден азат ету. Автономикалық ұлттық мемлекет құру.
- «Алаш» партиясы өкімет билігі жолындағы күресте большевиктерге оппозиция болды.
АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ
- «Алаш» партиясы қазақ қоғамының өзекті мәселелерін шешуге бағытталған бағдарлама әзірлеген тұңғыш саяси ұйым болды. 1917 ж. 21 қарашада 1917. "Қазақ" газетінде №251 санында Алаш партиясы бағдарламасының 10 бөлімдік жобасы жарияланды.
АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ
Бағдарламада: 1. Мемлекет қалпы; 2. Жергілікті бостандық; 3. Негізгі құқық; 4. Дін ісі; 5. Билік һәм сот; 6. Ел қорғау; 7. Салық; 8. Жұмысшылар; 9. Ғылым-білім үйрету; 10. Жер мәселесі. «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасында дала тұрғындарын шұғыл жерге орналастыру мәселесі көтерілді: «Жер үлесі алдымен жергілікті халыққа бөлінетін болады; қырғыздар (қазақтар) тұрғылықты орнынан жер үлесін алып, жайғаспайынша, қоныс аударушы шаруалар көшіп келмеуі тиіс». Жерді сатып алу сату шарасының жүргізілуі барысында қазақтардың өз жерінен айырылып қалу қаупі туындағандықтан, «Алаш» партиясының бағдарламасында жердің сатылуына қатаң түрде тыйым салу мәселесі көтерілді.
Бағдарламада социал-демократтық идеялар нақты көрініс тапты. Тегін білім беру және медициналық қызмет көрсету; демократиялық сайлау, соның ішінде әйелдердің тең құқығын жариялау, халықтық милиция және әкімшілік мекемелер құру мәселелері қарастырылды. «Алаш» идеяларының маңыздылығы мен өміршеңдігін 1995 жылғы Тәуелсіз Қазақстан Конституциясы растады.
Пішпекте «Алаш» партиясының бөлімшесі құрылды. Оның жұмысына Ы.Жайнақов, А.Садықов, И.Арабаев, Н.Айдарбеков, В. Сооромбаев т.б. белсене қатысты.