- Ә. Бөкейхан өз заманындағы сот ісін жүргізуден гөрі ежелгі қазақ даласындағы билер сотының әділдігін жоғары бағалай отырып, патша үкіметінің тұсындағы жағдай туралы |былай деп жазды: «Қазақ орысқа қараған соң би жоғалды. Кім орысқа жағымпаз болса, сол жұртты бір қамшымен айдайтын болды. Бұрынғы шешен билерден келе жатқан әділ билік жорасы парақор билермен аяқасты болды. Пара беріп, ақты қара, қараны ақ қылатын күн туды».
- 1905 жылы Ә.Бөкейхан Мәскеуде өткен Ресей земствосы жиналысының мінберінен туған халқының жоғын жоқтап, сөз сөйледі.
- Әлихан Бөкейхан қазақ халқының ежелгі ата-баба қонысынан айырылуына үзілді-кесілді қарсы шықты. Патша үкіметінің отаршылдық қоныс аудару саясатын әшкереледі. Жергілікті тұрғындарды христиан дініне көшіру әрекетін айыптады. Қазақ халқын біріктіру мақсатында ұлт етіп ұйыстыратын Алаш идеясын ту етіп алды. Өз халқының жарқын болашағын алдын ала болжады: «Қазақ табиғатынан ақылды және қабілетті. Қазақ халқы болашақта батыс өркениеті жолында іргелі жетістіктерге жетеді», — деген пікір білдірді. Ол еуропалық даму бағытын қолдайтын алғашқы қазақ демократтарының бірі болды. Оның идеялық-саяси көзқарасының қалыптасуына Ұлы француз революциясы зор әсер етті.
Алаш көсемдерінің қуғындалуы
- Алаш көсемдері билік тарапынан қуғынға ұшырап, түрмеге жабылды. 1913 жылы «Қазақ» газетінде М. Дулатұлы: «1905 жылдан бастап біздің халық басқа халықтар сияқты дербестігі ұлттық тұтастығын ойлай бастады. Бостандыққа ұмтылған сол жылдары Семей облысындағы қозғалыс жетекшілері мен елді даму жолына бастаушы ұлт зиялылары қудаланды, олардың біразы қамауға алынып, түрмеге жабылды, басқалары Сібірге айдалды. Калғаны сенімсіз ретінде танылды», - деп жазды
1917ж көктем
Ақпан төңкерісінен кейін Алаш қозғалысы қайта жанданды. Ұлт зиялыларының саяси белсенділігінің арта түсуіне облыстық съездер үлкен әсер етті. 1917 жылы сәуірде Орынборда қазақ съезі шақырылды. Онда Бүкілқазақ съезін ұйымдастыруға шешім қабылданды.
Семей облыстық съезі Жалпықазақ съезіне Қазақстанның болашақ автономиясын құруды ұсынды.