67.Суда жүзіп жүретін немесе суда батып өсетін өсімдіктер Гидрофиттер- жартылай суда, яғни өзен, көл, теңіз жағалауларында, батпақты жерлерде өсетін өсімдіктер. (қамыс, қоға) Гигрофиттер- ылғалды жерлерде өсетін өсімдіктер (тропикалық өсімдіктер).Су және су жағасында кездесетін Қоғалар тұқымдасы Жалпы сипаттамасы және ботаникалық сипаттамасы
Қоға (Турһа) - дара жарнақтылардың қоға тәрізділер тұқымдасына жататын өсімдік.Қазақстанның Тобыл, Есіл, Ертіс, Зайсан, Балқаш, Алакөл, т.б. жағалауларында және өзен-көлдердің Қызылорда,Ақтөбе облыстарында кездесетін 7 түрі бар. Соның ішінде Қызылорда облысының Сырдария өзеніменШиелі ауданынан басталып Қызылорда қаласының батысына қарай қоға және жіңішке жапырақты қоға көп кездеседі. Биіктігі 3 - 4 м, сабағы ұзын және жуан төселмелі, батпақты-сулы жерлерде өседі. Жапырағы жалпақ, таспа пішінді, сабағынан ұзын болып келеді.Бір үйлі, гүлі ұсақ дара жынысты, желмен тозаңданады. Гүл шоғы - собық.
Нимфей тұқымдасы . Кеңінен таралған түрі Тұңғиықтар тұқымдасы (Nymphaeaceae) - көп жылдық, қосжарнақты өсімдіктер.Негізінен суда өседі. Жер шарында кең тараған, 6 туысы, 60 (кейбір деректерде 90) түрі бар. Тұңғиықтар тұқымдасына жататын өсімдіктердің көпшілік түріне гетерофиллия (су бетінде жүзіп жүретін және су түбінде өсетін жапырақтар) тән. Бір ерекшелігі - өсімдік ұлпаларында ауа өтетін қуыстар болады. Бұл қуыстарда газ алмасу процесі жүреді және олар жапырақтарды су бетінде ұстап тұрады. Гүлдері дұрыс, ұзын гүлсағағында орналасқан, күлтелері өте көп.Көбіне қоңыздар арқылы тозаңданады. Жемісі - жидек тәрізді көп жапырақ. Негізінен вегетативті жолмен көбейеді. Қазақстанның барлық су айдындарында (Арал теңізінде ғана болмайды) 2 туысы: тұңғиық және сарытұңғиық бар.
Тұңғиық (Nymphaea) туысының жапырағы дөңгелекше келген, астыңғы беті қызғылт, ұзын сағақты, су бетінде қалқып жүреді. Гүлі дара, ірі (диам. 3 - 30 см), гүл сидамы ұзын, көбіне 4 тостағанша жапырақты, гүл желегі көп, ақ, қызғылт, көгілдір түсті. Туыстың республикада 2 түрі: ақ тұңғиық және кіші тұңғиық бар. Тұңғиықтың тамыры мен дәнін су құстары, кәмшат, ондатр, жұпар тышқан, т.б. су жануарлары қорек етеді, әсемдік үшін қолдан да өсіріледі. Астық, Қияқөлең дер тұқымдастарының су флорасында кездесетін негізгі түрлері. Су және су жағасында кеңінен таралған түрлері
Қамыс (Phragmites) - астық тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік. Қамыстың жер шарында кең таралған (тек Арктика менАнтарктидада кездеспейді) 7 түрі, Қазақстанда грунт сулары жер бетіне жақын жатқан шалғынды, құмды, сортаң жерлерде өсетін 2 түрі бар. Ең жиі кездесетіні кәдімгі Қамыс немесе құрақ (Рһ. communis). Оның биіктігі 0,8 - 6 м. Тамыры жуан, жақсы жетілген, сабағы тік. Көп гүлді масақтары сыпыртқы Қамыс - су өсімдігі, сондықтан өзендердің сағасы мен көлдер, арықтардың жағасында қалың тоғай құрып өседі. Қамыс сиыр, жылқы, кеміргіштер (ондатр, саз құндызы) үшін бағалы азық.
71-72.Жапсырмақағаздарды дайындау және рәсімдеу.
Жапсырмақағаз — гербарийлық үлгінің маңызды бөлігінің бірі,гылыми құжат. Онда үлгі туралы маңызды ақпарат жазылады: осімдіктін атауы, коллектордың аты-жөні, жинақтың мерзімі мен орны. Мұндай ақпараты болмаса дайындалған үлгі жарамсыз болып қалуы мүмкін. Өсімдіктерді коллекциялаудың бастапкы кезендерінде жапсырмақағаздарды дайындауға жеткілікті кеніл бөлінбеген. Олар қолдан жазылып, оқылуы қиындық туғызған. Қазіргі кезде жапсырмақағаздарды дайындауға көп назар аударылған.
Жапсырмақағаздардың типтері:
1. Негізгі жапсырмақағаздар олар барлық үлгілерде болуы тиіс және оларда өсімдік туралы манызды ақпарат жазылады.
- Гербарийдің аталуы кейде латын тілінде жазылады, сіресе ескі европалык гербарийлерде; өсімдік атауын қыскартып жазса болады.
- Ғылыми аталуы (анықталмаған үлгілерде бос орын қалдырылады); Жергілікті аталуы; Жиналган жер, географиялык ендік пен бойлык көрсетілгені жен;
-Мекендейтін жері туралы мәліметтер және экологиялык сипаттамалары;
-Коллектордын аты-жөні, үлгінің нөмірі, егер гербарий нөмірленген болса.
-Жиналған күні;
-Практикалык колданылуы