55. Ботаникалық номенклатурада қолданылатын қысқартулар. Ғылыми және оқу әдебиеттерінде жиі кездесетін кейбір
арнайы қысқартулар түсініксіз болуы мүмкін. Солардың арасында кӛп
қолданатындарын келтірейік (келесі ұсынған әдебиеттерде толық мәлімет
алуға болады: Федоров Ан. А., Кирпичников М.Э. (1954 : 9-39);Коровина
О.Н. (1986 : 77-89)):
f. (немесе fig.) figura)= сурет немесе иллюстрациялар
ib. (немесе ibid.) (ibidem) =сол сияқты немесе соның қайталауы
ic. (icon) = иллюстрация.
id. (idem) =соның қайталауы
in litt. (in litteris) =қатынасхаттарда
in sched. (in schedule) =гербарий жапсырмақағазында
l.c. (немесе loc. cit.) (loco citato) = дәйексӛз алынған
жерде (сілтеме алдыңғыдай, яғни сол беттің нӛмірі)
MS (MSS) (manuscriptum(a))= қолжазба (қолжазбалар).
op. cit. (opere citato) = дәйексӛз алынған жұмыста
t. (или tab.) (tabula) = иллюстрациялар кестесі.
tom. cit. (tomus citato) = дәйексӛз алынған томда
TS=машинамен басылған мәтін
54.Микротолқынды пештерде зарарсыздандыру әдiсiн түсіндіріп беріңіз. Микротолқынды пештер әртүрлi мақсаттарда қолданылады және зарарсыздандыру олардың бiрi болып табылады. Стерилизация - кез келген затпен немесе затпен байланысты барлык микроорганизмдердi және олардын спораларын жою процесі. Бул колданбаны жай гана микротолқынды пештi пайдаланып орындауға болады. Микротолқынды кептіру жүйелерi - кептірілген жемістер мен жаңғақтар сияқты органикалык және бейорганикалық материалдарды зарарсыздандыратын, кептiретiн, өңдейтiн және дайындайтын өнеркәсiптiк микротолқынды пеш.Микротолқынды пеште. Гулдердi немесе жапырақтарды орналастыру, электр құралын толык куатына қосу аркылы сiз өсiмдiктердi 2-3 минут iшiнде кептiре аласыз.Маңызды! Таңдалған әдiстердiң кез келгенiн пайдалана отырып, кептiрудi бастамас бұрын үлгiнi "көйлекке" орналастыру қажет.
52. Гербарийлерді (кеппешөптерді) пайдалануға арналған кеңестерді топтастырыңыз. Өсiмдiктерден гербарий жасау ушiн жинаған кезде төмендегiдей ережелерді сақтап керек.
Өсiмдiктердi жинау алдында әртурлi есiмдiктердiң көптiгi және қолжетiмдiлiг туралы толық түсiнiк алу ушiн, айналаға қарап, тұрған территорияны мұқият танып алу қажет. Материалды, жиналған өсiмдiктер туралы мейілінше мол ақпарат беретіндей етіп таңдау керек.
1. Өсiмдiктердi құрғақ, жаңбыр жоқ кезде жинау қажет, себебі жабырдан немесе шыктан кептіру қиындап, өсімдіктер қарайып кетуi мүмкiн.
2. Гербарийге зақымдалмаған, барлық жер устi және жерасты мүшелері бар өсімдіктер алынады. 3. Үлкендігі гербарлық папкадан асатын шептесін өсімдіктерді 2-3 рет буктеп салады және де бүктелген жерлерi папкадан шығып тұрмауы керек. Aca ipi өсiмдiктерден бөлек-бөлек гүлі мен жапырағы бар жоғарғы ұш жағын алады,ортасынан сабак жапырақтары бар және теменiнен тамыралды жапырақтары бар белiктерiн кесiп алады. Ағаштар мен бутатектес өсiмдiктерден жапырақты, гүлді және жемісті өркендерiн алады. Үлгiнi бұтақтану типін айқын көрсететiндей етіп кесіп алу керек. Негiзгi сабақтан алыстаған жанама өркендер немесе бұтақтар толық ақпарат бере алмайды. Мүмкiндiгiнше өркеннің ұшын сақтап қалу қажет. Сонымен бiрге, жапырак саптары, колтык бүршіктері және бөбежапырақтары бар буталарды алған дұрыс
4. Iрi күрделi жапырактарды бузылмаган куйiнде сақтаған дұрыс.
5. Бiр «жидеге» тек бір түрге жататын өсiмдiктi жинау керек. Ipipek есiмдiктерден 1-2 данасын салынады, ал майда есiмдiктер «жиде» толғанша салынады.
6.Тамырлар міндетті түрде топырақтан тазаланады. Қалың сабақтар, тамырсабақтар және тамырлар ұзына бойы екіге бөлініп салынады.