56. Гибридті таксондар (нототаксондар)


Төменгі сатыдағы өсімдіктер



бет13/15
Дата17.04.2023
өлшемі68,21 Kb.
#83460
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
гербарий раука 122

73Төменгі сатыдағы өсімдіктер – өте ұсақ дененің құрылысы таллимды (қаттамалы) өсімдіктер. Төменгі сатыдағы өсімдіктерге 12 ғасырдың ортасына дейін жоғары сатыдағы өсімдіктер және олардың жасушалары мен жануарлардан басқа бактерияларды, миксомицеттерді, саңырауқұлақтарды, балдырлар мен қырналарды жатқызып келді. Соңғы қан жүйеленім бойынша сатыдағы сүйектерге тек балдырларды жатқызады. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің гератативті денесі тамырға, сабаққа, жапыраққа бөлінген. Бұлардың арасында клеткасы оқшауланған нағыз ядросы жоқ прокариоттар және клеткаларында нағыз ядросы бар эукариоттар болады. Дене құрылысы жағынан бір не көп клеткалы және ұзындығы 34 – 35 м-ге жететін түрлері де кездеседі. Қоректенуі жағынан автотрофтылар (балдырлар, қыналар, кейбір бактериялар); гетеротрофтлар және автогетеротрофтлар (миксотрофтар) болып бөлінеді. Төменгі сатыдағы өсімдіктердің қазба қалдықтары өте ертеден белгілі. Бактериялар мен балдырлар кембрийге дейінгі криптозойлық шөгінділерден табылған. Төменгі сатыдағы өсімдіктер табиғатта зат алмасу процесінде (қ. ПродуценттерКонсуметтерРедуценттер) үлкен рөл атқарады. Кейбір түрлері атмосферлік азотты фиксациялауға қабілетті. Көпшілік түрі тағам ретінде (саңырауқұлақтар, балдырлар), тыңайтқыш ретінде (балдырлар), кондитерлік өндірісте (агар), антибиотиктер алуда (сәулелі саңырауқұлақтар), қоршаған ортаның ластану деңгейін анықтауда (қына) пайдаланылады. Араларында зиян келтіретін түрлері де аз емес. Мысалы, ауру тарататын паразитті саңырауқұлақтар, судың “гүлдеуін” туындататын кейбір балдырлар.Төменгі сатыдағы өсімдіктер жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің арғы тегі .
Жоғары сатыдағы өсімдіктер – өсімдіктер әлемінің негізгі екі тобының бірі. Екінші тобы – төменгі сатыдағы өсімдіктер. Жоғары сатыдағы өсімдіктерді ұрықты өсімдіктер (EmbryobіontaEmlryophyta), өркенді, жапырақ сабақты өсімдіктер (CormophytaCormobіonta), түтікті (теломды) өсімдіктер (TelomophytaTelomobіonta) деп те атайды. Жер шарында Жоғары сатыдағы өсімдіктердің 300 мыңдай түрі белгілі Жоғары сатыдағы өсімдіктерге: риниофиттермүктәрізділерплаунтәрізділерқырықбуынтәрізділерқырықжапырақтәрізділерашық және жабық тұқымды (гүлді) өсімдіктер жатады.
Жоғары сатыдағы өсімдіктердің төменгі сатыдағы өсімдіктерден айырмашылығы – құрылысы күрделі, көп клеткалы, қоршаған орта жағдайына бейімделген организмдер. Жынысты (гаметофит) да, жыныссыз (спорофит) да көбейе алады. Спорофиттерінде қозғалмайтын спора түзілетін көп клеткалы спорангийлер дамиды, гаметофиттерінде көп клеткалы жыныс мүшелері дамиды, бірақ кейбір ашық тұқымдыларда (гнетумвельвичия туыстары) және барлық гүлді өсімдіктерде эволюциялық даму жолында гаметангийлері жойылып кеткен. Аналық гамета (жұмыртқа) біреу және ол қозғалмайды, зиготадан көп клеткалы ұрық дамиды. Оның алғашқы даму кезеңі гаметофит ішінде өтеді. Жоғары сатыдағы өсімдіктер дің спорофиті негізінен жапырақсабақ, тамырға бөлінеді. Кейбір түрлерінде арнайы ксилема (әр түрлі клеткалардан құралған өткізгіш ұлпа) және флоэма (органик. заттарды өткізетін түтікше-талшықты күрделі ұлпа) дамиды, бірақ бұлар өсімдіктердің кейбір тобында жойылып кеткен. Кутикулалы (сірқабық) эпидермисі (жабын ұлпасы), лептесіктері болады, көбінің стелалары (өткізгіш жүйесіндегі арқау цилиндр) бар. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің арғы тегі теңіз балдырлары деп есептелінеді. Олардың құрлыққа бейімделуінің нәтижесінде, өздерін сумен қамтамасыз ететін, гаметангийларын кебуден сақтайтын, жынысты жолмен көбейе алатын бейімді мүшелері пайда болған. Сондықтан құрлықта өсіп-өнетін тұқымды өсімдіктердің жынысты көбеюінің сумен байланысы болмайды. Ал Жоғары сатыдағы өсімдіктердің қарапайым тобы қырықбуынмүк және қырықжапырақтәрізділердің даму кезеңдері тек суда өтетін болғандықтан, олардың сперматозоидтерігаметофиттері сусыз қозғала алмайды. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің ең ертедегі қазба қалдықтары силур кезеңінен сақталған. Бұлардың көптеген түрлерінің медицинада, өндірісте маңызы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет