3. Студенттерге қойылатын талаптар:
Сабаққа қатысу.
Студент сабаққа қатысуға міндетті. Әрбір қатыспаған сабақ оқу-әдістемелік кешенде көрсетілгендей көлемде тапсырылады. Курстың үштен бір бөлігіндей көлемінде себепсіз сабақ қалдырған студент курстан шығарылады.
Дәрісханадағы тәртіп
Студент сабаққа кешікпей келуі, сабаққа белсенді қатысуы тиіс. Сабақты қабылдауға бөгет болатын нәрселерді ұстамауы (телефон, газет, журнал, фотосуреттер) керек.
Жеке тапсырмалар Семестрде жеке тапсырмаларды орындау міндетті болып есептеледі. Ол реферат түрінде орындалып немесе электрондық нұсқада құрылып, студенттер алдында қорғалады. Әрбір жеке тапсырма бағаланады және ол қорытынды бағалауға әсер етеді. Өзіндік жұмыс
СОБӨЖ сабақ кестесінде бөлінген уақытта орындалады және сабақ соңында тапсырылады. Сабақтан кейін қабылданбайды, бағаланбайды.
Қосымша материалдарды іздеу, берілген тақырыптың мазмұнын тереңдету, практикалық мәнділігін анықтау, т.с.с. тапсырмалар студентке жүктеледі. СӨЖ тапсырмаларды орындау мен тапсыру графигіне сәйкес қабылданады.
Білімді бақылау..
Оқу материалын меңгергендігін практикалық тапсырмаларды орындау, тестілеуден өту, тақырып бойынша жазбаша жауап арқылы тексеріледі.
Бақылау сабақта жүргізіледі, сабақ соңында тапсырылады, сабақ соңынан қабылданбайды және бағаланбайды.
Әңгімелесу.
Әңгімелесу әр топ үшін кесте бойынша жүргізіледі.
4. Пәнді оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар
Пәнді оқыту негізінен дәріс, СОБӨЖ және өзіндік жұмыстар түрінде жүргізіледі. Оқу материалының мазмұны дәрісте беріліп, теориялық білім түсініледі.
Курсты оқу нәтижесінде студенттер С тілінің негізімен танысады. Пәнді оқытуда студенттердің алгоритмдеу білімін жетілдіре отырып, төменгі курс та оқылған С тілімен салыстыра отырып түсіндіріледі. Дәрісханалық сабақта негізгі ұғымдар беріліп, қалған білім студенттің өз бетімен меңгеуіне беріледі. Пәнді оқыту барысында аталған бағдарламалау тілінің негізгі операторларын қолдана отырып, күрделі математикалық есептердің программасын құру дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру, бағдарламалау технологиясының құрылымдық, модульдік, объектілі-бағдарлы түрлерінің ерекшеліктерін білуге үйрету жүзеге асырылады. Бағдарлама құру методологиясы, қолданылатын жобалау және бағдарламалау технологиясы туралы түсінік қалыптастыру және машықтандыру іскерлігі қалыптастыру жүзеге асырылады.
Негізгі қолданылатын әдістер: программалап оқыту, салыстыра оқыту.
Өздік жұмыста С тілінде студенттер тақырып бойынша берілген есепке байланысты жоба құрастырып, оның программа кодын жаза білу, оны орындату, түзету, нәтижесін талдауды жүзеге асырады. Оқытушы басшылығымен өткізілетін өзіндік жұмыста оқу материалының теориялық қосымша сұрақтары талданады, қосымша берілген есеп жобалары жасалып, тексеріледі және талқыланады. Бақылау сұрақтарының жауаптары тексеріледі. Студенттің үй жұмысында бұрын алған білімдерін бекітуге арналған тапсырмалар беріледі.
Студенттердің білімін тексеру өзіндік жұмыс тапсырмаларын орындауы, шығармашылық жұмыс, коллоквиум, тестілеу түрінде ұйымдастырылады. Шығармашылық жұмыста студенттер паскаль тілінің құралдарын қолданып түрлі тестілеу, бақылау, оқыту, жаттығу программаларын өздігімен жасап, оларды презентациялайды. Шығармашылық жұмыс студенттің алған білімін қорытындылау, шығармашылық белсенділігін арттыру, өз бетімен жұмысын жоспарлай алу, пән бойынша алған білімін өз бетінше қолдана алу сияқты қасиеттерін дамытады. Пәнді оқытуда «Бағдарламалау» оқулығы қолданылады. Ол арқылы студент әр тақырып бойынша өз білімін толықтырады.
Достарыңызбен бөлісу: |