Ағынды жүйедегі реакциялар кинетикасы.Стационарлы жағдай туралы түсінік. Қосарланған реакциялар. (Н.А. Шилов бойынша)
Есептер: А және В заттары арасындағы реакция 2А+В=С теңдеуі бойынша жүреді, А затының концентрациясы 6 моль/л, ал В затының – 5 моль/л тең. Реакцияның жылдамдық константасы 0,5л2. Моль-2. С-1. Реакциялық қоспада 45% В заты қалған кездегі және бастапқы кездегі химиялық реакцияның жылдамдығын есепте.
Катализатор қатысында сутегі пероксидінің реакция ретінің орналасуын анықта, егер Н2О2 концентрациясы келесі түрде өзгерсе
а) А.А. Баландиннің мультиплетті теориясы.
б) активті ансамблей теориясы (Н.И.Кобозев)
в) электрондық теория
г) С.З. Рогинскийдің қанығу ториясы
Есептер: 25о С екі реакция бірдей жылдамдықпен жүреді. Бірінші реакцияның температуралық коэффициенті 2,0 тең; екінші 2,5.95оС кезіндегі екі реакцияның жылдамдық қатынастарын табыңдар. (υ2/υ1=77)
Егер температураны 30оС –ға көтергесе жылдамдық 15,6 есе жоғарылайды, температуралық коэффициент нешеге тең.
Реакцияның температуралық коэффициенті 2,3 тең. Егер температураны 25оС –қа көтерсе, жылдамдық неше есе жоғарылайды?
150оС –да кейбірреакциялар 16 минутта аяқталады. Температуралық коэффициент 2,5 –қа тең. Егер реакцияны а) 200оС, б) 80оС жүргізсек, бұл реакция қандай уақытта аяқталады?
k өзгере ме:
а) бір катализаторды басқамен алмастырса
б) әрекеттесетін заттардың концентрациясын өзгертсе
ΔΗ активациялану энергиясына тәуелді ме?
Активациялану энергиясы қай реакция үшін көп – тура немесе кері, егер тура реакция жылу бөле жүрсе?
299К кезінде жылдамдық неше есе жөғарылайды, егер активациялану энергиясы 4 кДж/моль төмендесе?