Этикет – адами қатынастардың сыртқы көрінісі
Адамгершіліктік тәрбие – тұлғаның әлеуметтенуі үдерісінің басты
құрамдас бөліктерінің бірі. Адамның тәрбиелілігінің өлшемдері. Этикет –
қоғамдағы адамгершіліктік принциптер мазмұнының көрінісі.
Мінез-құлық мәдениеті. Адамның мінез-құлық нормалары, ішкі
мәдениеті, сыпайылығы. Мінез-құлық пен басқаға қатынастың сыртқы
формалары. «Әдептілік», «жаман қылық» ұғымдары. Әрт
үрлі әлеуметтік
топтардың мінез-құлық ережелері. Моральдық және құқықтық мінез-
құлықтың қозғаушы күштері.
Студенттің күнделікті мәдениетіндегі этикет. Білім алушының
этикетінің негізгі құрамдас бөліктері: оқытушы мен өзінің курстастарына
құрмет, өзара көмек, бірін-бірі қолдау, жинақылық, тазалық, сөйлеу
мәдениетінің биік деңгейі, ортақ тіл табысуға ұмтылу.
Эстетиканың пәні
Эстетика ғылым ретінде, оның құрылымы. Эстетика зерттейтін негізгі
мәселелер шеңбері: эстетикалық сана (эстетикалық сезімдер, көзқарастар,
талғам, идеал); эстетиканың категорияларын қалыптастыру; эстетикалық
72
сананың объективті шындықпен өзара байланысы. Сұлулықтың, әсемдіктің
анықтамасы. Эстетикалық сезімдердің
амбиваленттілігі.
Эстетикалық категориялар: әсемдік пен сұрықсыздық, асқақтық пен
төмендік; трагикалық пен комедиялық.
Эстетика – өнердің мәні және заңдары туралы ғылым. Өнердің адам
мен қоғам өміріндегі рөлі. Өнертану – ғылым жүйесі ретінде: өнердің тарихы
және теориясы, көркемдік сын, өнертану, әдебиеттану, музыкатану,
театртану, кинотану және т.б. Эстетиканың басқа әлеуметтік-гуманитарлық
ғылымдармен өзара байланысы.
Эстетикалық теориялардың даму тарихы
Ежелгі Үнді және Қытай. Дүниені тану және дүниені қабылдау
ерекшеліктері; тұйықтық, жаһандық эстетикалық ойдан оқшаулық.
Антикалық
эстетика. Ежелгі Грекия және Ежелгі Римдегі
(б.з.д.VII –VI
ғ.ғ.)
мәдениет дамуының ерте кезеңіндегі эстетикалық идеяларға тән
мифологизм және космологизм
.
Агональдылық – антикалық
мәдениетке тән
белгі. Адам дамуының ішкі және сыртқы гармониясы (
калокагатия). Сократ,
Платон, Аристотель, Цицерон, Гораций, Лукреций Кар, Плотиннің және
пифогорейліктердің э
стетикалық көзқарастары. Әсемдік, мөлшер, симметрия,
пропорция, гармония ұғымдары.
Антикалық
өнер: театр, музыка, поэзия,
пластика, сәулет, мүсін, кескіндеме.
Мимесис
теориясы, катарсис ұғымы.
Батыс Еуропадағы ортағасырлық эстетика. Оны басты даму кезеңдері
және бағыттары.
Теоцентризм
– ортағасырлық мәдениеттің іргелі қағидасы.
Аврелий Августин, Боэций, Дионис Ареопагит, Фома Аквинскийлердің
эстетикалық
концепциялары
. Ортағасырлық өнердің даму ерекшеліктері:
символизм, руханилық, аскетизм, жоғары сезімділік. Қолданбалы өрнектік
қолөнер. Қалалық мәдениет.
Романдық стиль.
Готика стилі.
Араб-мұсылмандық Шығыс эстетикасы. Араб-мұсылмандық Шығыс
мәдениетінің және эстетикалық идеяларының даму ерекшелігі. Әл-Фараби,
Ибн Сина, Ибн әл-Хайсам, Ибн әл-Араби, Омар Хайямның
эстетикалық
теориялары. Көркем шығармашылық және еліктеу теориясы. Музыка,
әдебиет, поэзия, каллиграфия өнері.
Қайта Өркендеу эстетикасы. Ренессанс мәдениетіне – алыптар мен
данышпандар кезеңіне – тән сипаттық ерекшеліктер. Дәуірдің әйгілі өкілдері:
Петрарка,
Данте, Бокаччо, Шекспир, Сервантес, Микеланджело, Леонардо,
Рафаэль
және т.б. Ренессанстың эстетикалық көзқарастары мен теориялары.
Еліктеу теориясы, «алтын қима» ережесі, перспективаның ашылуы.
Классицизм кезеңінің эстетикасы. Классикалық өнердің айырықша
белгілері: жоғары моральдық пафос, батырлық істерді мадақтау, сөз
құдіретін бағалау, ақсүйектік, рационализм, сезім мен пайымның, ақыл мен
табиғаттың дуализмі. Әсемдіктің негізгі өлшемдері: қатаң симметрия,
гармония, бірлік. Эстетика теориясының негізгі өкілдері: Р.Декарт,
Ф.Малерба, Н.Буало. Барокко өнері. Өткір тіл шеберлігі – әмбебап
эстетикалық принцип ретінде.
Рококо көркем стилі. Классицизм өнері.
73
Ағарту дәуірінің эстетикасы. Дәуірдің іргелі ерекшеліктері: адамның
ақыл-ойының басымдығы, діни көзқарастарға сын, білім беру, ағарту арқылы
қоғамды үйлестіру, еркіндік, бауырластық, теңдік идеалдары. Философиялық
және эстетикалық бағыттардың әртүрлілігі. Көркемдік талғам теориясы.
А.Шефтсбери, Дж.Локк, Д.Юм, Д.Дидро, Ж.-Ж.Руссо, Ф.-М.Вольтер және
тағы басқалардың өнер теориялары.
Неміс классикалық идеализміндегі эстетика. И.Канттың эстетикалық
көзқарастары. «Эстетикалық елестеу» және «еркін ойын» ұғымдары. Әсемдік
болмысының а
мбиваленттілігі
. Эстетикалық категориялар: мақсаттылық,
әсемдік және асқақтық. Өнердің жіктелуі. Данышпандық теориясы. Гегельдің
эстетикалық идеялары. Эстетика – өнер философиясы ретінде. Сұлулық және
әсемдік ұғымдары. Өнердің жіктелуі: пластикалық, музыкалық, сөздік.
Романтизм өнері.
Достарыңызбен бөлісу: |