5В060900 – «География», 3-курс Оқу нышаны: күндізгі, 2015-2016 оқу жылы. Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы 5В060900 «География»


Артық қаржы көзі бар мұнай экспорттаушы орташа және шағын елдер



бет13/117
Дата26.12.2023
өлшемі6,5 Mb.
#143908
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   117
Байланысты:
Лекция Уалиев (копия) (копия)

3.2.7 Артық қаржы көзі бар мұнай экспорттаушы орташа және шағын елдер.

  • Бұл топ тармағына ОПЕК-ке мүше БАӘ, Катар, Буруней, Сауд аравиясы, Оман, Ливия жатады. Бұл елдер сыртқы мұнай шығаруымен оның жан басына шаққандағы мөлшер жөнінен Иран мен Венесуэладен кейінгі орынды алады. Жалпы ішкі өнімнің жан басына шаққандағы мөлшерінің жоғарылығы мен көзге түсетін қарыз беруші елдердің қатарына енеді. Бұдан 40-50 жыл бұрын көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан экономикасы нашар дамыған ерте феодалдық патриархалдық кезеңдегі ең кедей артта қалған елдердің қатарына жатқан. 1974 жылы ОПЕК-тің құрылуы дүниежүзілік нарықтағы мұнайдың бағасын көтеріп, монополиялық рента алуға мүмкіндік берді.

3.2.8. Табысы аз ірі елдер. Бұл топ тармағына Пакистан, Бангладеш, Нигерия, Вьетнам, Индонезия кіреді. Халықтың сан жағынан олар бірінші ондық елдердің қатарына енеді. Жалпы ішкі өнімнің жан басына шаққандағы мөлшер жөнінен кедей елдердің қатарына жатады. Бұл елдер товар-ақша қатынас жөнінен есейген деңгейге жетті деп айту қиын. Олардың халқының 70-80% ауылды жерлерде тұрады. Капитализмге дейінгі натуралды тұтынушы ауыл шаруашылығы басым, соған қарамастан біршама жақсы дамыған аймақтарын нарық толық билігіне алып ірі ұлттық қаржы қалыптасты. Арзан жұмысшы күшін көздеген ТҰК ел экономикасына берік әрі терең енуде. Бұл жөнінен Индонезия жоғары жетістікке жетті
3.3. Ұлт ретінде қалыптасып келе жатқан тәуелсіздік алған жас мемлекеттер. Бұл елдер ХХ ғасырдың ІІ жартысында қалыптасты. Олардың саны 50-ге тарта. БҰҰ –ның тізіәмі бойынша халықаралық көмекті қажет ететін елдердің саны 42. Бұл тізімге ену үшін елдің негізгі үш белгісі алынған. Олар:жан басына шаққандағы табыстың төмендігі (100-200 доллар);

  • жалпы ішкі өнімдегі өңдеуші өнеркәсіптің үлесінің өте төмендігі;халқының сауатсыздығының деңгейінің жоғарлығы;

Бұл тізімге 340 млн адамды қамтитын Африканың 32, Азияның 5, Мұхит аралдары 4, Латын Американестарының 1 елі кіреді. Бұл елдерде ұлттық қалыптасуы қарқынды жүруімен қазіргі кезеңдегі экономикалық дамуға тартылуымен ерекшеленеді. Сахараның оңтүстігіндегі әлде тайпалық қатынаспен көсемдіктің басым болуы отарлаушылардың ұлттың қоныстану аймағын ескермеуінен туған аумақтық дез интеграцияның салдарынан бір ұлттың әр түрлі елдің аумағында өмір сүруі байқалады




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет