5В060900 – «География», 3-курс Оқу нышаны: күндізгі, 2015-2016 оқу жылы. Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы 5В060900 «География»



бет9/117
Дата26.12.2023
өлшемі6,5 Mb.
#143908
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   117
Байланысты:
Лекция Уалиев (копия) (копия)

3-дәріс. Дүниежүзі елдерін жіктеу
3.1 Дүниежүзі елдерінің жіктеудың түрлері мен маңызы
3.2 Экономикасы жоғары және орташа дамыған елдер
3.3 Экономикасы нашар дамыған дамушы елдер.
3.1 Дүниежүзі елдерінің жіктеудың түрлері мен маңызы
Дүниежүзі елдерін жіктеу даму көрсеткіштері ұқсас елдерге тән белгілер мен даму деңгейлерін, халықаралық қатынастағы алатын орындарын анықтап, оларды бір-бірінен ажыратуға мүмкіндік береді. Қазіргі кезеңдегі капиталистік қатынастар жалпы ұлттық товар, еңбек нарқында ғана емес, білім беру, дүниежүзінің басқа елдерімен сыртқы экономикалық қатынастар жүйесінеде еніп, халықаралық еңбек бөлінісінде тұрақты орнығуына мүмкіндік береді.Елдердің тобының өзгеруі дүниежүзінің даму кезеңдерінің ауысуының немесе ел ішіндегі меншік иелігінің өзгеруі мен өндіріс әдістеріне күрделі өзгерістер әкелетін революциялардың әсерінен жүреді. Қазіргі кездегі елдерді жіктеудың төрт түрі бар. Олардыі ішіндегі ең көп тараған түрі елдерді әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіне қарай жіктеу.
Елдерді экономикалық даму деңгейіне қарай жіктеу жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім мен халықтың экономикалық қарқынды бөлігінің құрылымы негізге алынады.
Кез келген жіктеудың ғылыми ғана емес, практикалықта маңызы зор. Атап айтсақ біріккен ұлттар ұйымы дүние жүзі елдерінің болашақтағы даму стратегиясын құрып, рухани-ізгілік және қаржылай көмек көрсету үшін дамуы жағынан артта қалған мемлекеттерді таңдайды. Кедейлердің қатарына жатқызуға үш түрлі қағиданы негізге алады.

  1. Шаруашылықтың құрылымындағы өңдеуші өнеркәсіптің үлесі 10% аспауы;

  2. Ересек тұрғындардың ішіндегі сауатсыздардың үлес салмағының 80% болуы;

  3. Жан басына шаққандағы табыстың өте төмен болуы.

1990 жылдары дамуы жағынан артта қалған кедей елдердің саны 40 (42) болды. Олардың 32-Африкада, 5-Азияда, 1-латын Америкасында орналасқан.
Оларға Ауғаныстан, Гаити, Гвинея, Банладеш, Лауос, Непол, Бутан, Мали, Мазаибик, Сомани, Брунди Чад, Эфиопия т.б. ұлт ретінде қалыптасып келе жатқан елдер жатады.
Қазіргі кезеңде елдердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің сипаты мен саяси дамуына қарай дүние жүзі елдері үш топқа бөлінеді.
1Экономикасы жоғары дамыған елдер;

  1. Дамушы елдер;

  2. Өтпелі экономикалы елдер (постсоциалистік) және социалистік елдер

Соңғы елдер тобына бұрынғы КСРО, Орталық және Шығыс Европа, Америкадағы Куба, Азиядағы –Қытай, Монғолия және Корей халық – демократиялық республикасы кіреді. 1990 жылдардағы КСРО-ның ыдырауына байланысты бұл топтағы елдердің көпшілігінің саясатымен экономикасында түбегейлі өзгерістерге ұшырап, дүниежүзіндегі нарықтық қатынастар жүйесіне енді. Бұл мемлекеттердегі түбегейлі өзгерістер стандартты реформалардың шегінен шығып тереңдеп жүйелі сипат алуда.
Югославия, Вьетнам сияқты табысы аз кейбір постсоциалистік елдер дамушы ел мәртебесін алуды көздейді. Бұл мәртебе халықаралық банктермен қорлардан жеңілдетілген несиелермен әртүрлі көмек алуға мүмкіндік береді. Ломоносов атындағы ММУ ғалымдарының (В.Вольскийдің) жіктеуы бойынша дүниежүзінің барлық елдері дүниежүзілік экономикалық жүйесі мен халықаралық еңбек бөлінісіндегі орнына сай үш негізгі топқа бөлінеді:

  1. Экономикасы жоғары дамыған елдер;

  2. Экономикасы орташа дамыған елдер;

  3. Экономикалық тұрғыдан нашар дамыған немесе дамушы елдер.

Әрбір топтар топ тармақтары мен топшаларға бөліп еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет