5В060900 – «География», 3-курс Оқу нышаны: күндізгі, 2015-2016 оқу жылы. Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы 5В060900 «География»


Экономикасы жоғары және орташа дамыған елдер



бет10/117
Дата26.12.2023
өлшемі6,5 Mb.
#143908
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   117
Байланысты:
Лекция Уалиев (копия) (копия)

3.2. Экономикасы жоғары және орташа дамыған елдер
1.1. Экономикасы жоғары дамыған елдер. Экономикасы жоғары дамыған елдердің барлығы дерлік постиндустриялық даму кезеңдерінен өткен. Жалпы ішкі өнімдегі ауыл шаруашылығының үлесі 2-5% аспайды.
Машина жасаудың үлесі жоғары болуы сақталып, жалпы ішкі өнімдегі өнеркәсіптің үлесі кеміп қызмет көрсетудің үлесі артуда. Оның мөлшері жалпы ішкі өнімнің 60-70% қызмет көрсету салалары құрайды. Дүниежүзі халқының 1/6 бөлігін құрайтын 20 жуық экономикасы жоғары дамыған елдер бүкіл өнеркәсіп өнімінің 4/5 бөлігін оның ішінде машинамен көлік құралдары экспорты мен тура инвестицияның барлығын дерлік осы елдердің үлесіне т
1.1. Басты капиталистік елдер өзінің экономикалық дамуы, ғылыми-техникалық қуаты жөнінен жоғары дамуымен ерекшеленеді. Олардың барлығын экономикасының жоғары дамуы мен дүниежүзілік экономикадағы ролі біріктіреді. 1990 жылдардың соңында бұл елдер дүниежүзінде өндірілген өнеркәсіп өнімінің 2/3 бөлігін өндірді. Аталған елдер тобына қаржының шоғырлануының жоғарылығы болуы, әрбір елдегі транұлттық корпорациялардың дүниежүзілік шаруашылыққа ықпалының күшті болуы мен манополистік капитализм күшті дамығандықтан экономикадағы сыртқы экспансия айқын байқалуы тән.
Үлкен алтылық елдерінің ішінде экономикалық қуаты жағынан бірінші орынды АҚШ алады. Қазіргі кезеңдегі дүниежүзіндегі 500 түк 153 АҚШ-тың үлесіне тиеді.Егер осы елде 1948 жылы дүниежүзіндегі өнеркәсіп өнімінің 50% өндірілсе 1998 жылы ол көрсеткіш 20% дейін төмендеді. Есесіне басты қарсыласы Жапония оны қуып жетті.
1.2. Батыс Европаның экономикасы жоғары дамыған шағын капиталистік елдері. Бұл топқа Швейцария, Австрия, Белгия, Нидерландия, Швеция, Норвегия, Финляндия, Люксенбург кіреді. Бұл елдер өндіргіш күштер мен капитализмнің өнеркәсіппен ауылшаруашылығында жоғары дамуы мен ерекшеленеді. Халқының санының аздығына байланысты жалпы ішкі өнімнің жан басына шаққандағы көрсеткіші үлкен жетілік елдерінен асып түседі
. 1.3. Қоныс аударушы капитализм елдері. Бұл топқа Канада, Австария, Жаңа Зеландия, ОАР және Израиль жатады. Олардың алғашқы көртеуі Ұлыбританияның бұрынғы отарлары. Аталған елдердегі капиталистік қатынастар Европадан қоныс аударған имигранттардың іс-әрекетінің нәтижесінде пайда болды. Бір кездері қоныс аударушы капитализм елі болған АҚШ-тан дамуы жағынан бірқатар ерекшеліктері бар. Экономикасының даму деңгейі жоғары болуына қарамастан бұл елдер шикізаттың-аграрлы мамандануы отарлау кезеңнен қалыптасқан. Бірақ халықаралық еңбек бөлінісіндегі мұндай мамандануының дамушы елдерден бірқатар айырмашылығы бар.
Қоныс аударушы капитализм елдерінің екі топ тармағы бар. Бірінші топқа байырғы халықтардың экономикалық ролі жоқ Канада, Австралия, Жаңа Зеландия жатады. Екіншісіне жергілікті халықтар өз құқығы үшін күресіп жатқан ОАР, Израиль жатады. Бұл топқа жататын елдердің Изральден басқаларының барлығы отарлық кезеңде қалыптасқан белгілі дәрежеде шикізаттық-аграрлық мамандануы сақталуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет