Дамушы елдер шаруашылығының аумақтық құрылымы.Дамушы елдердің шаруашылығы мен қоныстанудың географиялық көрінісі отарлық және жартылай отарлық кезеңде қалыптасты және қазіргі кездері көптеген елдерге тән. (4-сызба) Осы типке өнеркәсіппен ауыл шаруашылығының, көлік магистралдарының даму денгейінің төмен болуы, жекеленген бөліктерінің шашыранқы орналасуы, аумақтың кейбір бөліктерінің игерілумен ерекшелінеді. Өнеркәсіп орындары мен халықтың аумақтық шоғырлануы осы елдерде экономикалық дамыған елдерге қарағанда жоғары болады.
4-сызба. Дамушы елдердің шаруашылық салаларының аумақтық құрылымы.
Елдің астаналары шаруашылық салалары дамуының басты орталықтары болып келеді. Теңіз жағалауы елдерінде ол басты теңіз тасымал айлағы болып табылады. Мысалы: Аргентина астанасы Буэнос-Айрес, Уругвай астанасы Монтевидео. Кейбір елдердің басты экономикалық орталықтары астаналарында орналаспаған. Мысалы: Үндістандағы Мумбай және Колката (Калькутта), Бразилиядағы Сан-Паулу, Мароккодағы Касабланка.
Экспорттық мамандырылған аудандарға ─ дүниежүзілік нарыққа тау-кен орталықтары мен плантациялық шаруашылық аудандары өнімдерін шығаратын жағалауда орналасқан астаналар мен арнайы порттар жатады.Мемлекеттің шаруашылық салаларының аумақтық құрылымын жақсарту үшін, өндіргіш күштерін біршама тимді орналастырып, адамдардың өмір сүру деңгейін жақсарту мақсатында заңнамлық, әкімшілік, экономикалық шараларды іске асыруды көздейтін дүние жүзінде аймақтық саясат жүргізіледі.
Ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар (ҒЗТКЖ) ─бұл жаңа білім алу және оларды іс-жүзінде пайдалану барысында жаңа заттар мен технологияларды алуға бағытталған жұмыстардың жиынтығы. ҒЗТКЖ құрамына:
1. техникалық мүмкіндікті ескере отырып, белгілі-бір мерзімде жаңа техниканы жасау мақсатын көздейтін ізденіс, теориялық және эксперименттік сипаттағы ғылыми-зерттеу жұмыстары. Ғылыми-зерттеу жұмыстары іргелі (жаңа білім алу) және қолданбалы (жаңа білімді белгілі бір нақты міндетті шешу үшін қолдану) зертеулерден тұрады;
2.Тәжирбелі-конструкторлық жұмыстар (ТКЖ) және заттардың тәжірибелік үлгісін шығару, сынау үшін конструкторлық, технологиялық құжаттарды дайындау.