5В060900 – «География», 3-курс Оқу нышаны: күндізгі, 2015-2016 оқу жылы. Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы 5В060900 «География»


Дүние жүзілік шаруашылық салаларының құрылымы



бет29/117
Дата26.12.2023
өлшемі6,5 Mb.
#143908
түріЛекция
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   117
Байланысты:
Лекция Уалиев (копия) (копия)

8.3 Дүние жүзілік шаруашылық салаларының құрылымы


Дүниежүзілік шаруашылықтың дамуының көрсеткіштері қандай? Соңғы жүз жылда Дүниежүзілік шаруашылықтың аумақтық және салалық құрылымы біршама өзгерістерге ұшырады. - ХIХ ғасырда бір ғана экономикалық орталық болып Еуропада орналасты. ХIХ ғасырдың соңында екінші орталық ─ АҚШ-та қалыптасты.Екі дүниежүзілік соғыстың аралығында жаңа орталықтар ─ Жапония мен КСРО пайда болды.
- Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін жаңа орталықтар: Қытай, Үндістан, Оңтүстік- Батыс Азия елдері, Канада, Аустралия, Бразилия қалыптасты.
- ХХ ғасырдың 80–90-шы жылдарында жаңа индустриалды елдер: Корея Республикасы, Гонконг, Сингапур, Тайванды қамтыған тағы бір орталық түзілді.
Дүниежүзілік жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) құрылымында үш орталық Еуропа, АҚШ, Жапония жетекші орын алады.Дүниежүзілік шаруашылықтың заманауи үлгісін жетілдірудің басты бағыттарының бірі ─ дамушы және дамыған елдер арасындағы әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіндегі алшақтықтарды қысқарту болып табылады.
Дүние жүзілік шаруашылықтың географиялық үлгісінің негізін ірі мемлекеттер тобы құрайды:«Үлкен жетілік елдері» (АҚШ, Жапония, Германия, Франция, Ұлыбритания, Италия, Канада) үлесіне дүние жүзінің ЖІӨ мен өнеркәсіп өнімінің 50%-ы және ауыл шаруашылық өнімінің 25%-ы тиеслі. Азия ─ Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы елдері (АҚШ, Канада, Жапония, Қытай, Ресей, Оңтүстік-Шығыс Азия, Латын Америкасы және Аустралия). Олардың үлесіне автомобильдер, кеме жасаудың, теледидар шығарудың, 70% пластмасса өнімдерінің, 60% алюминий және болат балқытудың 50%-ы тиеді.Дүние жүзілік шаруашылықтың салалық құрылымында да өзгерістер болды.
Шаруашылықтың салалық құрылымы ─ бұл қоғамдық еңбек бөлінісі жүйесіндегі өндіру жағдайы ерекше ұқсас, ұдайы өндіріс үрдісінде өзіндік рөлі бар біртекті шаруашылық бірліктері тобының үйлесімділігі.
Шаруашылықтың салалық құрылымының типтері. Шаруашылық дамуының үш сатысы бар. Олар: индустриалдыққа дейінгі, индустриалдық және индустриалдықтан кейінгі. Олардың әр қайсысының өзіне тән шаруашылық құрылымының типтері бар. Салалық құрылым ел экономикасындағы жеке салалар арақатынасы мен олардың ұлттық шаруашылықтағы сыбағалы салмағымен сипатталады. Шаруашылықтың салалық құрамы бірнеше секторлардан тұрады.Сомали, Танзания, Ауғаныстан, Лаос, Камбоджа, Непал сияқты даму жағынан артта қалған мешеу елдерінің ЖІӨ құрылымында ауыл шаруашылық үлесі 50%-дан асады. Жоғарыда аталған елдерде халықтың экономикалық белсенді бөлігінің көбі ауыл шаруашылық саласында еңбек етеді. Африканың бірқатар тропиктік елдерінде оның үлесі 80–90%-ға жетеді.
XX ғасырдың ортасында экономиканың индустриалды құрылымы барлық экономикасы дамыған елдерде басым болды. Кейінірек өнеркәсіп үлесі біртіндеп төмендеді.
Индустриалды құрылымы айқын байқалатын елдер тобына өтпелі экономикалық жағдайдағы Шығыс Еуропаның, ТМД-ның бірқатар елдері, сонымен қатар Қытай мемлекеті кіреді. Бұлардың қатарына Азия, Африка және Латын Америкасының индустрияландыру жүріп жатқан кейбір мұнай өндіруші елдері де кіреді.
Экономикасы дамыған елдерде индустриалды дамудан кейінгі кезеңде бастапқы және екінші сектордың үлесі қызмет көрсету саласына қарағанда біршама төмен болады. Оларда бір мезгілде ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптің, сауданың құрамдасуы жүріп, агроөнеркәсіптік кешендер құрылып, өндірістік қатынастардың жаңа сапалық типі қалыптасуда.
2000 жылдары Жапонияда еңбек қорларының 63%-ы қызмет көрсету саласында еңбек етті. ХХ ғасырдың соңында АҚШ-та ел экономикасында еңбек еткен алты жұмысшының біреуі ғана өнеркәсіпте, ал 70%-дан астамы қызмет көрсету саласында жұмыс істеді. 2008 жылы АҚШ еңбек қорларының ауыл шаруашылығындағы үлесі 1,2%, өнеркәсіпте 19,6%, ал қызмет көрсету саласында 79,2%-ды құрады. ЖІӨ-гі қызмет көрсету саласының үлесі өте жоғары кейбір экономикасы дамыған шағын мемлекеттер туризм, қаржы және қызмет көрсетудің басқа түрлерінің есебінен өркендеуде.
Қызмет көрсету саласының ең қарқынды дамып келе жатқан тармағы қаржы-несие қызметі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет