Дүние жүзінің тамақ өнеркәсәбі. Қазіргі тамақ өнеркәсібі өндірісі мен өнімді тасмалдау үрдісі жеделдету үшін механикаландыруымен, автоматтандырылуымен, жасанды суықты пайдалануымен, вакумдық техникаларды, жаңа физикалық әдістерді (ультра дыбысты, жоғары жиілікте қыздыруды), химиялық және биологиялық препараттарды кеңінен қолдануымен ерекшеленеді. Көптеген кәсіпорындар заманауи техникалармен жабдықталған. Ғылыми-техникалық прогресстің барлық бағыттары дүние жүзінің тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарын орналастыруға, тамақ өнімдерінің физикалық және экономикалық тасмалдауға жарамдылығын арттырды.
Тамақ өнімдерінің бұзылмай ұзақ сақталуына ауа кіргізбейтін қораптарда сақтаудың жаңа әдістерінің енгізілуінің де маңызы зор. Қазіргі кезеңде нан басқа да тамақ өнімдерін бірнеше күн немесе апта бойы бастапқы қалпында сақтауға мүмкіндік беретін жаңа әдістері де кеңінен қолдангылады. Қазіргі кезеңде жаңа қауіпсіз әрі тиімді химиялық және биологиялық қоспалар (консерванттар) табылған. .
Тамақ өнеркәсібі ауыл шаруашылығымен тығыз байланысы бар сала болғандықтан аграрлық өнеркәсіптік кешеннің құрамдас бөлігі болып табылады. Тамақ өнімдерін өндіру адамзаттың азық-түлік мәселелерін шешуге тікелей бағытталған.
Тамақ өнеркәсібі дүние жүзінің барлық елдерінде болғанымен өзінің даму деңгейінен ғана емес, халықаралық мамандануы жағынан да айырмашылығы болуымен ерекшеленеді. Қазіргі кезеңде тамақ өнеркәсібінің даму деңгейі жағынан экономикасы дамыған елдер жетекші орын алады. Алуан түрлі болуымен ерекшеленетін дүние жүзінің тамақ өнеркәсібі ет, сүт, нан-тоқаш, кондиттер өнімдері, қант өнеркәсіптерінен тұрады.
Тамақ өнімдерінің алысқа тасмалдауға оларды сақтайтын қораптардың ірілігі тежеді. Пластмассадан және қаңылтырдан жасалған ыдыстар кеңінен қолданылуда. Тез тоңазытатын тоңазытқыш қондырғылары бар көліктерді кеңінен қолдану тез бұзылатын тамақ өнімдерін ұзақ сақтап біршама алысқа тасмалдауға мүмкіндік берді.
Жартылай фабриканттарды өндіру (соның ішінде мал мен құс еттері, тоңазытылған балық филесі, қатырылған және кептірілген каптоп т.б.) өндірісі де өсіп келеді. Сондықтан оны өндірретін аудандарында бұл аулдандарға пайдалануға дайын өнім өндіруді көшіру тамақ өнеркәсібінің өндіріс қуатын орналастыруды жылжытуды қамтамасыз ететін біршама тиімді бағыты болып табылады.