Байланыс. Байланыс құралдары қазіргі таңдағы адам баласына ең қажетті құралдардың бірі болып табылады. Ғылым мен техниканың дамуына байланысты ақпарат тарату жолдары үнемі ауысып отырдв. XVII ғасырдың ортасынан бастап Францияда пошта қызметі тұрақты жұмыс істеп тұрды. 1840 жылы Ұлыбританияда алғашқы пошта маркасы пайда болды. XIX ғасырда ақпарат таратудың жаңа түрлері шыға бастады: телеграф (1832), телефон (1876) және радио (1895). 1914 жылы дүние жүзіндегі ең алғашқы радиостанциясы "Локрен" (Бельгия) өз жұмысын бастады. ХХ ғасырдың 30-жылдары телефон сымдары Атлант мұхитының астына төселе бастады. Телеграф алғашқы тиімді электрлік байланыс құралы болды. Телефон арқылы екіжақты байланыс пайда болды. Радио байланысты сымсыз, жүріп бара жатқан көліктерде пайдалануға мүмкіндік тудырды.
Қазіргі уақытта бұқаралық ақпарат құралдары үлкен үш топқа бөлінеді: кабельді, радио және спутникті (ғарыштағы Жер серіктеріне байланысты). Ақпаратты тарату құралдары радиохабарлар (радио, теледидар) және жалпы қолданыстағылар (телефон, факс, электронды пошта).
11.3 Халықаралық экономикалық қатынастардың негізгі түрлері. Халықаралық туризм Сыртқы экономикалық байланыстар. Бұл елдер арасында тауар айырбасын, өндірістің мамандануы мен кооперациялануын, ғылыми-техникалық ынтымақстастық орнатуды, экономикалық және техникалық қолдауды, бірлескен кәсіпорындарды құруды, қаржы-несие, валюта операцияларын жүргізуді көздейтін халықаралық шаруашылық пен сауда және саяси қарым-қатынастарының жүйесі.
Сыртқы сауда - бұл ұлттық шаруашылықтар арасындағы тауар мен қызымет көрсету экспорты мен импортынан тұратын сауда. Ол көбінесе коммерциялық келісімдер арқылы жүзегеа сырылып сыртқы сауда келісім шарттарымен рәсімделеді. Елдің сыртқы саудасын кеден тарифі, лицензиялау, тарифтік емес шектеу, экспорт пен импортты жанама субсидиялау тағыда басқа тетіктерді қолдана отырып мемлекет реттейді.
Сыртқы сауда халықаралық экономикалық қатынастың тарихи тұрғыдан бірінші және ең маңызды нышаны болып табылады. Ол мемлекеттер тарапынан рәсімделген ұлттық шаруашылықтар арасындағы тауар айырбасы болып табылады. Қазіргі жағдайда халықаралық еңбек бөлісі негіз болатын халықаралық саудаға дүние жүзілік шаруашылықтың барлық субъектілері қатысады.