5В060900 – «География», 3-курс Оқу нышаны: күндізгі, 2015-2016 оқу жылы. Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы 5В060900 «География»


Дүние жүзінің ет және ет өңдеу өнеркәсібі



бет61/117
Дата26.12.2023
өлшемі6,5 Mb.
#143908
түріЛекция
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   117
Байланысты:
Лекция Уалиев (копия) (копия)

Дүние жүзінің ет және ет өңдеу өнеркәсібі. Ет тауарларының (еттің жартылай фабриканттарын қоса есептегенде) нарқын оқып-үйрену құрамында жануар текті ақ уаз бен басқа да маңызды құрамдас бөліктері бар халықтың базалық азық-түлігі ретіндегі алатын орынын анықтауда маңызы зор. Дүние жүзінде ет тағамдарын пайдалану көлемінің артуы халықтың әл-ауқатының артуын айқындайтын маңызды көрсеткіштердің бірі болып табылады. 2006 ж. дүние жүзінде жан басына шаққанда жылына 40 кг (құс еті —12,6 кг; шошқа еті — 16,3 кг; мүйізді ірі-қара мен бұзау еті —9,9 кг; қой еті — 2 кг) құрады. Бірақ дүние жүзінің әр түрлі елдерінде ол көрсеткіш әр түрлі. Атап айтсақ Азияда бұл көрсеткіш 30 кг, ал Африкада-15 кг аспайды.
Дүние жүзіндегі жан басына шаққанда етті ең көп тұтынатын елдердің қатарына АҚШ азаматтары (2010 ж жан басына шаққанда 120 кг құрады.), Аустралия —106, Дания — 95, Канада — 98, Венгрия — 82 кг жатады.
2010 жылғы деректер бойынша дүние жүзінде жылына 260 млн т астам ет өндіріледі. Қазіргі кезеңде дүние жүзіндегі шошқа етін (2010 ж 110 млн т астам), құс етін өндіру 80 млн т асты. Соңғы жылдары қой мен ешкі етін өндіру көлемі де артуда (13 млн т шамасында). Мүйізді ірі-қара мен бұзау етінің көлемі дамушы елдердің есебінен артуда. Оның мөлшері 61 млн т құрайды. Қазіргі кезде ет өндірудегі Батыс Еуропа мен Солтүстік Американың үлесі біршама кеміді ( 20% дейін).
Ет өнеркәсібі әсіресе Еуропаның экономикасы жоғары дамыған елдері Германия, Франция Италия, Испания, Нидерланды, Дания, Белгия, АҚШ, Аустралия, Жаңа Зелландия, сонымен қатар, Қытай, Бразилия, Аргентина, Уругвай сяқты дамушы елдердің маманданған саласы болып табылады. Ет өнімдерін дүние жүзілік нарыққа ірі экспорттаушыларға АҚШ, Аустралия Бразилия жатады. Олар шығарған ет өнімдерін Батыс Еуропа елдері, Ресей мен Жапония импорттайды.
Ет өндіруден Азияның көшбасшыға айналуы бірінші кезекте Қтайда, Үндістан мен Тайландта т.б. елдерде ет өндіру көлемінің артуымен тығыз байланысты. Осыған орай дүние жүзіндегі етпен қамтамасызететін Ұлыбритания, Аустралия мен Аргентинаның үлесі кміп тіпті бірінші ондық елдерінің қатарына да енбей қалды. Ет өндіруден дүние жүзіндегі көшбасшы елдерге Қытай, АҚШ, Бразилия, Франция, Германия, Үндістан, Испания, Мексика, Ресей жатадыү.
Дүние жүзінде шошқа етін өндіруден басты елдер: Қытай (2010 ж дүние жүзінде өндірілетін шошқа етінің 50% жуығын), АҚШ (10% жуығын), ГФР, Франция, Испания, Бразилия, Канада, Вьетнам, Ресей.
Дүние жүзінде мүйізді ірі-қара етін өндіретін басты елдер: АҚШ, Бразилия, Қытай, Аргентина, Аустралия, Ресей, Мексика, Германия, Франция т.б.
Дүние жүзінде қой, ешкі және қозы етін өндіруетін басты елдер:: Қытай, Үндістан, Аустралия, Жаңа Зеландия, Судан, Ұлыбритания, Түркия т.б.. Дүние жүзіндегі тамақ өнеркәсібінің жылдам қарқынмен дамып келе жатқан бағытының бірі құс етін өндіру. Қазіргі кезеңде дүние жүзінде құс етін өндіретін ірі ел АҚШ. Екінші және үшінші орындарда Қытаймен Бразилия, одан кейінгі орынды Мексика, Ресей, Иран т.б. алады.. Қытайда құс етін өндіру көлемі ЕО елдерінікімен теңесті.
Халықаралық ет саудасының басты табысы болып табылатын ет экспортының көлемі жылдан-жылға артуда. Халықаралық ет саудасы 20 млн т дейін артты Дүние жүзілік нарықта жылына 6,5 млн т астам ірі қара, 5 млн т шамасында шошқа, 8 млн т шамасында құс еті сатылады Ет таурларының экспортында әліде Еуропа елдерінің үлесі жоғары. Дүние жүзінде экспротталатын еттің 3/4 бөлігі Осы аймақ пен Солтүстік Американың үлесіне тиеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет