Абсолюттік монархия-бұл жоғарғы өкімет билігі бүтіндей, тұтас, формальді түрде де шектелместен бір адамның қолында тұрған және ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын мемлекетті басқару нышаны.
Конституциялық монархия-бұл монархтың билігі белгілі дәрежеде заң шығаратын билік парламентпен шектелетін атқарушы билік халықтың қолына берілген мемлекетті басқару нышаны.
Унитарлық мемлекет –бұл бір ұлттық аумаққа сәйкес келетін бір заң шығарушы, атқарушы органдары бар әкімшілік-аумақтық бөліктері мемлекттік құрылым құра алмайтын біртұтас егемен мемлекет.
Федерациялық мемлекет-бұл бірнеше ұлттық аумақтарға сәйкес келетін, белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекет құруы. мемлекеттік құрылыстың бұл нышаны: 1) аумақтық негізде құрылған федеративті мемлекет (АҚШ, Австралия, Австрия, ГФР , Аргентина, Венессуэлла, Бразилия, Мексика); 2) ұлттық негізде құрылған федеративті мемлекет (Үндістан, Бельгия, Нигерия, Пәкістан);аралас ұлттық-территориялық негізде құрылған федеративті мемлекет (Ресей, Канада, Швейцария).
Конфедера́ция –бұл бірлескен әрекетін үйлестіру үшін бірнеше егемен мемлекеттердің бірігуі. Ол өте сирек кездесетін мемлекеттік құрылыстың нышаны.
Егемен мемлекет-бұл аумағында мемлекеттің заң шығарушы, атқарушы, сот органдарына қандайда бін шет ел билігі қолсұқпайтын тәуелсіз мемлекет. .
Доминион(ағылшынша dominion — иелік, билік)-бұл мемлекет басшысы ретінде ағылшын королін мойындаған Британ достастығының құрамына енетін бұрын англияның отары болған мемлекеттер (Канада, Австралия одағы, Жаңа Зеландия). Британ Достастығы (Common-wealth) құрылғаннан кейін «доминион» термині қолданыстан шықты.
Мандатты аумақтар-бұл бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Ұлттар лигиясының мандат негізінде жеңген елдерге бұрынғы Германия отарлары мен Осман империясы иелігіндегі кейбір аумақты басқаруға беруінің жалпы атауы.
Кондоминиум-бұл бір аумақты екі немесе бірнеше мемлекеттің қатар иемденіп жоғарғы бикті бірлесіп жүзегеасыруы (мысалы, 1899-1956 жылдар аралығында Суданды Египет пен Ұлыбританияныңбірлесіп иемденуі).