5В060900 – «География», 3-курс Оқу нышаны: күндізгі, 2015-2016 оқу жылы. Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы 5В060900 «География»



бет87/117
Дата26.12.2023
өлшемі6,5 Mb.
#143908
түріЛекция
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   117
Байланысты:
Лекция Уалиев (копия) (копия)

Көлік және байланыс географиясы. Аймақ елдеріндсгі ең басты көлік түрі - темір жол. Автомобиль мен су көлігі түрлерінің қаркынды дамуына қарамастан, темір жолдағы жүк айналымының үлесі әлі де болса жоғары. Темір жолмен ең коп тасылатын жүк — көмір мен металл кендері. Негізгі магистральдардың барлығы дерлік ендік бағытта салынған, тек Карпат таулары маңында ғана иілістер жасайды.
Сыртқы сауда байланыстарын жүззеге асыруда теңіз көлігінің маңызы күннен-күнге жоғарылауда. Жүк айналымында қыста катпайтын Бургас, Варна, Констанца, Сплит, Риека, Гданьск, Щецин, Клайпеда, Лиепая, Вентспилс және қыста қысқа мерзімге қататын Рига, Таллин сияқты портты қалаларының транзиттік рөлі де айрықша маңызды. Сонымен қатар бұл порттарда кеме жасау, кеме жөндеу және балық аулау кәсіпшілігі де жолға қойылған. Дунай өзені осы маңдағы елдердің жүктерін транзиттік түрде тасымалдау мен тиеп-түсіру үшін кеңінен пайдаланылады.Аймақ елдері арасындағы өзара байланысты дамытуда автокөліктің маңызы күннен-күнге артуда. Аймак жері арқылы Ресейден шығатын ірі мұнай және газ құбырлары өтеді.


13-дәріс. Шетелдік Азия елдеріне жалпы экономикалық-географиялық шолу
13.1 Шетелдік Азияның экономикалық-географиялық орыны. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы мен еңбек қорлары

    1. Шетелдік Азияның ірі аймақтарына қысқаша шолу

. Адамзат өркениеті қалыптасқан, егіншіліктің, жасанды суарудың, ғылым мен білімнің ежелгі ошағы болып табылатын Шет елдік Азия ауданы мен халқының саны жөнінен дүниежүзіндегі ең ірі аймақ. Ресейді есептемегендегі 40 егемен мемлекетті қамтитын оның ауданы 27 млн. шаршы шақырым.


Экономикалық-географиялық орыны.Аймақтың құрамына кіретін екі ел ауданы жөнінен аса ірі, ал қалғандары біршама ірі елдердің қатарына жатады. Елдердің мемлекеттік шекаралары айқын байқалатын табиғи шептермен өтеді. Азия елдерініуң экономикалық-географиялық орынын көршілік, теңізге шығатын және құрылықтың ішкі аудандарында орналасуы айқындайды.
Бірінші екі ерекшеліктері экономикалық тұрғыдан олардың шаруашылығы мен өзара қарым-қатынасына қолайлы әсер етсе ал үшіншісі байланысты қиындатады.
Саяси құрылысы жағынанаймақтың елдері алуан түрлі: Жпония, Малайзия, Таиланд, Непал, Бутан, - конституциялық монархия, Саудя Аравиясы, БАӘ, Кувейт, Бруней, Оман - абсолют монархия, қалған мемлекеттер – республика (13.1-кесте).
13.1-кесте. Азия елдерінің негізгі көрсеткіштері

Көрсеткіштер

Бүкіл дүниежүзі

Шет елдік Азия

Қытай

Үндістан

Жапония

Ауданы мың км2

132850

27710

9597

3288

372

Халқының саны (2000ж) млн адам

6000

3457,6

1255,1

975,8

125,9

Туу, ‰

24

24

17

29

10

Өлім, ‰

9

8

7

10

7

Табиғи өсу, ‰

15

16

10

19

3

Ерлер мен әйелдердің Күтілетін өмір сүру ұзақтығы

63/68

65/68

68/72

62/63

77/83

Жастық құрылымы 16 жасқа дейін және 65 жоғары

62/6

33/5

27/6

36/4

16/14

Қала халқының үлесі, 2000 ж, %

45

35

30

27

78

Жан басына шаққандағы ЖІӨ, 2000 ж, $

6050

3950

2920

1400

22110





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет