5В060900 – «География», 3-курс Оқу нышаны: күндізгі, 2015-2016 оқу жылы. Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы 5В060900 «География»


Этникалық және діни құрамы. Кенттенуі



бет89/117
Дата26.12.2023
өлшемі6,5 Mb.
#143908
түріЛекция
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   117
Этникалық және діни құрамы. Кенттенуі. Азия халқының этникалық құрамын тек Африкамен ғана салыстыруға болады. Мұнда өте көп ұлттар мен ұлыстар тұрады. Олар 9 тілдік топты құрайды. Бұл топтағылар 600-ден аса тілге бөлінеді. Саны жөнінен ең көп ұлттарға кытайлар, хиндилер, бенгалдар, бихарлар, т.б. жатады.
Азияда кенттену үрдісі дүние жүзінің басқа құрлықтарымен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Сондықтан Азияны кейде "Дүниежүзілік ауыл" деп те атайды. Соған қарамастан дүние жүзіндегі қала халқының 50%-ға жуығы Азияда орналасқан. Құрлықтағы қала тұрғындарының үлес салмағы бар жоғы 30% ғана. Қала тұрғындарының ең төменгі мөлшері Бутан (15%) мен Непалда (9%) тіркелген. Кенттену төмен болса да, XXI ғасырдың басында дүние жүзіндегі ең ірі 23 қаланың 12-сі Азияда орналасты. Азиялық алып қалалардың ерекшелігі, оларда халық мөлшерден тыс көп тұрады. Қоныстану тығыздығының абсолютті рекордшысы болып Сянган (Гонконг) қаласы саналады. Мұнда 1 км2-ге 90 мың адамнан келеді.
Шет елдік Азияда қала тұрғындардың өсу қарқыны біршамиа жоғары (3,3%) болғандықтан бұл құбылыс «қалалық жарылыс» деп аталады. Соған қарамастан Шет елдік Азияның кенттену деңгейі (35%) дүниежүзінің басқа аймақтарынан төмен мира.
Ауылдық қоныстануда деревнялық қоныстану нышаны басым. .Азия қалаларына тән тағы бір ерекшелік — олардың жасының ұзақтығында. Олардың ішіндегі ең әйгілісі Вавилон (Бабилон б. з. б. VII ғасыр).Азиядағы ауылды елді мекендердегі халықтың үлесі 70%-ға жуық. Көшіп-қонып жүретін араб-бәдәуиндер мен ауғандардың осы уақытқа дейін тұрғын үйлері болып, киіз үйлер мен қостар саналады.


13.2 Шетелдік Азияның шаруашылығының даму деңгейі және мамандануы
Азияның экономикалық кеңістігі оның табиғи жағдайларының ерекшелігімен, саяси және әкономикалык кеңістігінің тұтас болмауымен, яғни әр түрлі (мозаикалық) бытыраңқы болуымен анықталады. Еуропада мұндай экономикалық кеңістік бір-бірімен тығыз байланыстылығы және біртұтастығымен ерекшеленеді. Азияда дамуы жағынан артта қалған 8 ел бар (Ауғанстан, Бангладеш, Мальдив, Бутан, Непал, т.б.). Бұл елдерде ЖІӨ өте төмен. Ал материалдық өндірістің жетекші саласы болып саналатын ауыл шаруашылығында өте ескірген технология қолданылады. Сыртқы экономикалық байланыстар сипаты соғыстан кейінгі кезеңдерде біршама өзгерістерге ұшырады. Олар АҚШ, Аустралия, Жапония және Батыс Еуропа елдерімен тығыз ынтымақтастық орната бастады. Тарихи себептер мен күрделі табиғи шекаралардың нәтижесінде (таулар, шөлдер) қазірге дейін біртұтас көліктік инфроқұрылым жоқ.
Осындай кемшіліктерге қарамастан Азияның дамушы елдері аймағында дүние жүзіне белгілі 10 экономикалық орталықтың төртеуі орналасқан. Олар: Қытай, Үндістан, Жаңа индустриялы елдер және мұнайды экспорттаушы елдер. Мұндағы елдердің барлығы дерлік теңізге шыға алатын елдер саналады. Азияның Шығысы мен Оңтүстік-Шығысында экономикалық даму моделінің (шығыс-азиялық модель) үлгісі болған Жапония орналасқан. Қазіргі кезде "азия жолбарыстары" саналатын елдер "шығысазиялық модельге" түзетулер енгізіп, өзіндік экономикалық даму моделін көрсетіп отыр.
Ұзақ жылдар бойы орталықтан қатаң басқарылып келген, қазір егемен елдерден тұратын Орталық Азия елдері арасында жаңаша экономикалық байланыстар қалыптасуда.
Өзінің мұнай өнеркәсібімен дүниежүзілік экономикада көзге түсіп отырған Оңтүстік-Батыс Азия елдерінің шаруашылық ареалы ерекше.
Шет елдік Азияның дүниежүзілік шаруашылықтағы рөлі соңғы он жылдықта біршама артты. Бірақ жекелеген елдердің даму деңгейі мен мамандануы шет елдік Еуропаға қарағанда айқын байқалады.Сондықтан 6 елдер тобына бөлуге болады:

  1. Көптеген маңызды көрсеткіштері бойынша Батыстың экономикасы дамыған елдердің ішінде көшбасшы болып табылатын «Үлкен жетілікке» енетін 2 держава ретінде Жпония ерекше орын алады;

  2. Қысқа мерзім ішінде Қытай мен Үндістан экономикалық және әлеуметтік дамудан үлкен жетістіктерге жетті. Бірақ жан басына шаққанда онша жоғары емес;

  3. Корея Республиксы, Тайвань, Гонконг,Сингапур, сонымен қатар АСЕАН құрамына енетін Таиланд пен Малайзия Азияның жаңа индустриялы елдері. Қолайлы экономикалық-географиялық жағдайы, арзан жүмыс күшінің болуының үйлесімділігі ХХ ғасырдың 70-80 жылдары батыстың трансұлттық қорпорацияларының индустриялы елдер экономикасын жапон үлгісі бойынша қайта құруға мүмкіндік берді. Бірақ олардың экономикасы экспортқа бағытталған;

  4. Иран, Ирак, Сауд Аравиясы және Парсы шығанағының мұнай өндіретін басқа елдері «мұнай доларының» арқасында қысқа мерзімде б«мұнай доларының» арқасында қысқа мерзім ішінде бірнеше жүз жылды қажет ететін даму жолынан өтті. Қазір бұл елдерде мұнай өндіту ғана емес, мұнай химиясы, металлургия және басқа өнеркәсіп салалары дамуда;

  5. өнеркәсіп құрылымында тау кен немесе жеңіл өнеркәсіп басым - Моңғолия, Вьетнам, Бангладеш, Шри-Ланка, Ауғанистан, Иордания;

  6. іс жүзінде заманауи өнеркәсіп жоқ дауы жағынан артта қалған - Лаос, Камбоджа, Непал, Бутан, Йемен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет